Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 04:44, реферат
Кез келген адам жаңа бір бағдарламалау тілімен кездескенде қоятын бірінші сұрағы: «Бұл тіл не істей алады?» – жауабы өте қарапайым, барлық бағдарламалау тілдері есептеулер жасай алады.Егер олардың бәрі тек есептеулер жасаса, онда жаңа бағдарламалау тілдері пайда болуына не себеп? Анықтама берейік: Бағдарлама–бұл есептеулерді анықтайтын таңбалар тізбегі.Бағдарламалау тілдері – бұл бағдарламаны қандай таңбалар тізбегі құрайды және бағдарлама қандай есептеуді сипаттайтынын анықтайтын ережелер жиыны. Бұл анықтамада «компьютер» - деген сөз еске алынбайды. Бағдарламалар және тілдер формальды математикалық объектілер түрінде берілуі мүмкін.
Ішкі бағдарламаларды
қолдау құралдарының пайда
Модульдер. Қазіргі бағдарламалау тілдері деректер мен ішкі бағдарламаларды үлкенірек объектілерге инкапсуляциялау үшін, модуль деп аталатын тағы бір құрылымдау әдісін ұсынады.
Бағдарламалау ортасы
Тіл –бұл таңбалар тізбегінен құрылатын бағдарламаны жазуға қажет ережелер жиыны.
Бағдарламалау ортасы- бұл таңбаларды орындалатын есептеулерге түрлендіруге қажет саймандар жинағы.
Редактор- бұл бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламадан құрылған таңбалық файл болатын алғашқы файлды құру және өзгерту үшін қажет саймандық құрал.
Компилятор- алғашқы файлдағы таңбаларды нақты компьютер үшін машиналық кодтағы командалардан құрылған объектілік модульге аударады.
Кітапханашы - кітапхана деп аталатын объектілік файлдар жиынтығын қолдайды.
Құрастырушы (компоновщик) немесе байланыс редакторы - бағдарлама компоненттерінің объектілік файлдарын жинақтайды, және орындалатын файлды құрастыра отырып, бір компьютерден екіншіге сыртқы сілтемелерді рұхсаттайды.
Жүктеуші - бағдарлама орындалар алдында дискіден орындалатын файлды жадқа көшіреді де, компьютерді инициализациялайды.
Өңдеуші(Отладчик) – бұл саймандық құрал, ол бағдарламалаушыға жеке операторлар деңгейінде қателерді диагностикалау үшін бағдарлама орындалуын басқаруға мүмкіндік береді.
Тестілеу құралдары бағдарламаны тестілеу үрдісінде тестілеу нәтижесін құруды және орындауды автоматтандырады.
Конфигурациялау құралдары бағдарлама жасауды және файлдың бастапқы деңгейіне дейінгі өзгерістерді қадағалауды автоматтандырады.
Интерпретатор бастапқы файлды объектілікке аударатын компиляторға қарағанда, ол бағдарламаның бастапқы кодын тікелей орындайды. Бағдарламалау ортасын жекеленген саймандар құралдарынан құрастыруға болады. Бұдан басқа көптеген жабдықтаушылар интегралданған бағдарламалау орталарын сатады.
Процедуралық бағдарламалау. Тілдерде ішкі бағдарламалармен жұмыс істеуді мүмкіндейтін құралдардың пайда болуы нәтижесінде көптеген есептегіш және қызметші ішкі бағдарламалардың үлкен кітапханалары пайда болды. Оларды қажет уақытта негізгі бас бағдарламадан шақыруға болады.
Сол кездегі бағдарлама бас бағдарламадан, глобальды деректер аймағынан және барлық деректерді немесе олардың бөліктерін өңдей алатын ішкі бағдарламалар жиынынан тұрды. Мұндай архитектураның әлсіз жері, ішкі бағдарламалар саны өскен сайын кейбір ішкі бағдарламалардағы глобальды деректер бөліктерінің бұрмалану ықтималдылығы өсіп отырды. Осындай қателерді азайту үшін ішкі бағдарламаларда локальды деректерді орналастыру ұсынылды. Ішкі бағдарламаларды қолдау құралдарының пайда болуы бірнеше бағдаламалаушыларға паральлельді түрде БҚАМ құрастыруға мүмкіндік берді.Бағдарламаны жобалауға арналған әр түрлі амалдар мен тәсілдер бар. Қазіргі кездегі амал абстракцияны қолданып декомпозициялауға негізделген. Архитектурасын жобалау әдістері екі топқа бөлінеді: өңдеуге бағытталған және деректерге бағытталған. Өңдеуге бағытталған әдістер келесі идеялардан тұрады: модульдік бағдарламалаудан, функционалдық декомпозициядан, деректер ағымын қолдана отырып жобалаудан, жобаны құрылымдық талдау технологиясынан. Деректер құрылысын қолдануға бағытталған жобалау әдісін, Джексон әдістемесіне, Уорнер әдістемесіне, иерархиялық диаграмма әдістемесіне, жобалаудың объектіге-бағытталған әдістемесіне бөледі. Модельдерді құру барысында екі принціпті қолданады: дедуктивті (жалпыдан жекеге) және индуктивті (жекеден жалпыға). Есептегіш емес алгоритмге сұрыптау және іздеу жатады. Сызықтық іздеу процедурасы сілемнің барлық элементтерін қарапайым тізбектеп қарап шығудан және оларды эталонмен салыстырудан тұрады. Тең бөліп іздеу реттелген деректерге қолданылады. Келесі сұрыптаулар аса кеңінен қолданылады: қосу, таңдау және алмастыру көмегімен. Екілік қосу әдісі. Қосумен жақсартылған сұрыптау. Ағаш көмегімен сұрыптаудың жақсартылған әдісі. «Шейкерлі» сұрыптау. Қабыршақ әдісі. Файлдарды сұрыптау.Құрылымдық бағдарламалау негізінде күрделі жүйелерді декомпозициялау (бөлшектерге бөлу) әдісі, яғни соңынан орындалу мақсатында бөлек кішігірім (40-50- операторлардан тұратын) ішкі бағдарламаларға бөлу жатыр.Құрылымдық әдіс есептерді қарапайым құрылымдағы ішкі есептер иерархиясы түрінде ұсынуды талап етті. Сонымен жобалау "жоғарыдан – төмен" жасалды және ішкі бағдарламалар интерфейсін қамти отыра, жалпы идеяны орындауды тұспалдады. Бірмезгілде алгоритмдер конструкцияларына шектеулер және алгоритмдерді арнайы жобалау әдісі – қадаммен детальдау енгізілді. Тілдер PL/1, ALGOL-68, Pascal, C.
Ішкі бағдарламалар. Ішкі бағдарламалар – бұл бағдарламаның әр жерінде шақыруға болатын деректері және орындалатын операторлары жарияланған бағдарлама сегменті. Ішкі бағдарламаларды процедура, функция, ішкі бағдарлама немесе әдістер деп те атайды. Ішкі бағдарламаны шақырғанда оған параметр деп аталатын мәндер тізбегі беріледі. Параметрлер, ішкі бағдарламалар орындалуының әртүрлі варианттарын өткізу үшін, оған деректерді беру және есептеу нәтижесін алу үшін қолданылады. Ішкі бағдарламаларды қолдау құралдарының пайда болуы бағдарламалық қамсыздануды бірнеше бағдарламалаушыларға параллельді жасауға мүмкіндік берді.Модульдік бағдарламалау. Қазіргі бағдарламалау тілдері деректер мен ішкі бағдарламаларды үлкенірек объектілерге инкапсуляциялау үшін, модуль деп аталатын тағы бір құрылымдау әдісін ұсынады. Модульдер арасындағы байланыс арнайы интерфейс арқылы жасалады.
Объектіге бағытталған тілдер.
Обьектіге бағытталған бағдарламалау (ОББ) тілдерінің негізін обьект құрайды. Обьект ретінде абстрактілі деректер(сандар, символдар, файлдар және т.б.) болуы мүмкін немесе мәселе аймағында модельденетін мәндер және олардың өзара байланысы хабарларды жіберу арқылы жүргізіледі. Қазіргі замандағы тілдердің және бағдарламалау жүйелерінің көпшілігі бағдарлама құруда көбінесе обьектілік әдісті қолдану бағытында дамуда. Бұл тілдер: Паскаль, C++, Смолток, Дельфи, Modula, Java, керек десе Бейсик.Объектілік әдіс бағдарламалар ұйымдастырудың мұрағайлық, полиморфизм, композиция, толтыру механизмдеріне негізделген жаңа түрлерін ұсынады. ОББ-ға негізделген бағдарламалау технологисының дамуына байланысты, визуалды бағдарламалауды қолдайтын бағдарламалау орталарын жасауға мүмкіндік берді. Мысалы: Delphi, C++Builder, Visual C++.Компоненттік әдіс және CASE - технологиялар(XXғ. 90-ж. ортасынан қазіргі уақытқа дейін). Бұл әдіс жеке компоненттерден - бір-бірімен стандартталған екілік интерфейстермен байланысқан, нақты бар бөлек БҚАМ бөлшектерінен - БҚАМ құруды шамалайды. Компоненттік әдіс COM(Component Object Model - объектілердің компоненттік моделі) негізінде құрастырылған және CORBA(Common Object Request Broker Architecture - объектілер сұраныстарын өңдеу келістірушісі бар жалпы архитектура) негізінде жасалған технологиялар және таратылған қосымшаларды құру технологиясы негізіне жатады.
Microsoft фирмасының COM
технологиясы OLE 1 (Object Linking and Embedding обьектілерді
байланыстыру және ендіру) технологиясының
дамуы болып табылады. COM технологиясы
кезкелген типтегі
ActiveX - технология, OLE-automation
негізінде құрылған технология,
CORBA технологиясы, CORBA
обьектілері және