BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 16:02, курсовая работа

Описание

Қашан да болмасын кез келген дербес компьютер қолданушы алдында BIOS Setup күйге келтірулерін ықшамдау мақсаты туады. Бұл жүктегіш дискіні алмыстыру, сондай-ақ компьютердің өнімділігін арттыру үшін жедел-жад, шина, чипсеттің жұмыс жасау тәртібін жаңарту. Айталық жаңа жүтегіш дискіні көрсету оңай болса, ал BIOS Setup параметрлерін құру оңай жұмыс емес. Егер компьютер компаненттерінің ара қатынасын ескемесек, онда параметрлердің ретсіз өзгерісі жылдамдықтың артуын ғана емес, копьютердің уақытша істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ ТӘРТІБІ. . . . . . . . . . . . 6
1.1 Орталық процессор, кэш-жады және жүйелік шина. . . . . . . 7
1.2 Чипсет. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
1.3Жедел жад. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
1.4 Бейнекарта . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.5 Қатқыл диск . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.6 Дискжетек . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.7 CD және DVD дискілерін оқу құрылғысы . . . . . . . . . . . . . . . 11
1.8 Егнізу-шығару порттары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
ІІ ТАРАУ. BIOS-ТЫҢ ӘР ТҮРЛІ НҰСҚАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
2.1. BIOS-тың соңғы нұсқалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
2.2. BIOS Features Setup . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.3 Chipset Feature Setup . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29

Работа состоит из  1 файл

BIOSказ.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

Мысалы, егер бірінші жүктелу құрылғысы ретінде дескжетекті белгілеп, одан дискіні алып тастасаңыз, онда BIOS, екінші жүктелу құрылғысы ретінде белгіленген, С қатты дискісінде орналасқан Win2k операциялық жүйесін жүктейді.

Баспқы нұсқау бойынша HDD-0 белгіленген. Бұл әдетте Primary Master IDE каналына қосылған қатты диск болып саналады. HDD-0 бұған үйлесімді таңдау болар еді, бірақ бұған балама ретінде басқа құрылғыны таңдауыңызға болады.

Third Boot Device (үшінші жүктеу құрылғысы)

Опциялары: Floppy, LS/ZIP, HDD-0, SCSI, CDROM, HDD-1, HDD-2, HDD-3, LAN, Disabled

Бұл функция BIOS-қа жүйені жүктейтін үшінші жүктеу құрылғысын таңдауға мүмкіндік береді. Егер BIOS жүйені бірінші немесе екінші жүктеу құрылғыларынан жүктесе, бұл функцияның күші жоқ екендігіне назар аударыңыз. Егер BIOS бірінші немесе екінші жүктеу құрылғыларынан жүйені таба алмаса ғана үшінші жүйеден жүктеуге жұмыстанады (Third Boot Device)

Бастапқы нұсқау бойынша LS/ZIP дискжетегі белгіленген. LS/ZIP ең лайық таңдау, бірақ сіз өз қалауыңыз бойынша басқа да құрылғыларды таңдауыңызға болады.

Boot Other Device (басқа құрылғыны жүктеу)

Опциялары: Enable, Disabled

Бұл функция егер BIOS бірінші ұүрылғыдан жүйені жүктей алмаса екінші немесе үшінші құрылғыдан жүйені жүктеу немесе жүктемеу қызыметіне жауап береді.

Бастапқы нүсқау бойынша Enabled (қосулы) белгіленген және оны өзгертпеген жөн. Олай болмаған жағдайда, егер BIOS бірінші құрылғыдан жүйені таба алмаса, екінші немесе үшінші жүктеу құрылғыларында операциялық жүйенің болғанына қарамастан, ол жүктеу процесін тоқтатып, экранға "No Operating System Found" (операциялық жүйе табылмады) хабарламасын шығарады.

Boot up NumLock Status (NUMLOCK батырмасының күйі)

Опциялары: Вкл, Выкл (қосылған, ажыратылған)

Бұл функция жүктелу кезіндегі функционалды батырмалардың күйін тексереді. Егер ол қосулы тұрса, функционалды батырмалар сандық тәртіпте (сан теру үшін) жұмыс жасайды, ал егер функция ажыратылған болса, батырмалар меңзерді басқаратын болады. Бұл функция тек қана қолданушының қалауына бағынады.

Gate A20 Option (Gate A20 басқару функциясы)

Опциялары: Normal, Fast

Бұл функция 1Мб жоғары жадқа жүгінгенде Gate A20-ны қалай қолдану керектігін анықтайды. Fast жағдайы таңдалған кезде, аналық плата чипсеті Gate A20 жұмысын басқарады. Normal жағдайы таңдалған кезде Gate A20 пернетақта контролеріндегі пинді басқарады. Gate A20 басқару функциясын Fast жағдайына қойған кезде жүйенің жұмыс жасау жылдамдығы артады, әсіресе OS/2 пен Windows.

Жадтың жылдам жұмыс жасауы үшін Fast жағдайын таңдау ұсынылады.

IDE HDD Block Mode (мәліметтерді IDE HDD-дан блоктап жіберу тәртібі)

Опциялары: Enabled, Disabled

Бұл функция (IDE HDD Block Mode), мәліметтерді бір сектордан жіберудің орнына бірнеше сектордан жіберіп, қатқыл дискіге қатынау жылдамдығын арттырады. Бұл функцияны іске қосқанда, BIOS автоматты түрде қатқыл диск мәліметтерді блоктап жібере алатындығын анықтап, мәліметтерді блоктап жіберудің қажетті күйге келтірулерін орнатады. Мәліметтерді блоктап жіберу режимі қосылған кезде бір кезеңде 64Кб мәлімет жібере алады. Осылайша қазіргі кезде барлық қатқыл диск мәліметтерді блоктап жібере алады. Бұл режимді қоспаудың ешқандай себебі жоқ.

Бірақ, егер сіз WinNT қолданатын болсаңыз сақ болыңыз. IDE HDD Block Mode режимі (және 32-bit Disk Access функциясы) кейбір кездері мәліметтердің бүлінуіне әкеп соқтырған. Microsoft WinNT 4.0 қолданушыларына бұл режимді ажыратуды ұсынады.

Егер сіз IDE HDD Block Mode режимін ажыратсаңыз, бір кезеңде 512 бит мәлімет жібере алады. Бұл жұмысты елеулі төмендетеді деудің қажеті жоқ. Сондықтан да, WinNT қолдансаңыз IDE HDD Block Mode режимін ажыратқан жөн. Басқа сәттерде тиімді жұмыс үшін бұл режимді қосып қойыңыз.

32-bit Disk Access (қатқыл дискіге 32-биттік қатынас)

Опциялары: Enabled, Disabled

Шындығында 32-bit Disk Access бұл функцияның дұрыс атауы емес, себебі қатқыл дискімен 32 биттік қатынас жасай алмайды. Бұл бір кезеңде қатқыл дискіні оқуға 16 биттік екі IDE контроллердің бірігуін қамтамасыз етеді. Бұл РСІ шинасын қолдануды оңтайландырады.

Егер функция ажыратылған болса, IDE контроллерден процессорға мәлімет жіберу 16 битте жүреді. Әрине, бұл, жұмысты төмендетеді, сондықтан, мүмкіндік болса, бұл функцияны қосып қойған жөн. Мәліметтердің бүліну қаупі туған кезде ғана ажыртқан жөн.

Typematic Rate Setting (қайталау периодын күйге келтіру)

Опциялары: Enabled, Disabled

Бұл функция пернені үнемі басу кезінде қайталауды күйге келтіреді. Егер ол қосулы тұрса, сіз оны, қайталау периодының екі түрін таңдап күйге келтіре аласыз. Егер ажыратылған болса, BIOS бастапқы күйге келтіруді қолданады.

Typematic Rate (Chars/Sec) (қайталау периоды (белгі/мин))

Опциялары: 6, 8, 10, 12, 15, 20, 24, 30

Бұл пернетақтаның пернені үнемі басу кезіндегі қайталау жылдамдығы. Бұл тек жоғарыдағы Typematic Rate Setting функциясы қосылған кезде ғана жұмыс жасайды.

Typematic Rate Delay (Msec) (қайталау периодындағы кідіріс (мсек))

Опциялары: 250, 500, 750, 1000

Бұл пернетақта сіз басып тұрған пернені қайталаудан бұрынғы миллисекундтық кідіріс. Бұл тек жоғарыдағы Typematic Rate Setting функциясы қосылған кезде ғана жұмыс жасайды.

Security Setup (қорғалған күйге келтіру функциясы)

Опциялары: System, Setup

Бұл функция егер сіз BIOS-тың бас терезесі арқылы PASSWORD SETTING-те пароль орнатсаңыз ғана жұмыс жасайды.

System опциясын таңдасақ BIOS-тың күйге келтіруін, жүйенің әр жүктелуінде пароль сұрауға, орнатады.

Егер Setup опциясы таңдалса, пароль, тек BIOS күге келтіруіне енгенде ғана, сұралады. Бұл опция жүйе басшылары мен компьютер алыпсатарларына, BIOS күйге келтірулерін компьютер қолданушылардан қорғау үшін қолайлы.

 

2.3.           Chipset Features Setup

 

SDRAM CAS Latency Time (SDRAM CAS-тың іркіліс уақыты[Column Address Strobe])

Опциялары: 2,3

Ол SDRAM оқу командасын алу мен орындау арлығында болған уақыт іркілісін басқарады. Сонымен қатар жүктеудің бірінші бөлімінің аяқталуын анықтаяқтайды. Осылайша, неғұрлым іркіліс уақыты қысқарса, соғұрлым алмасу жылдам жүреді. Бірақ кейбір SDRAM іркіліс уақытын қысқартуға мүмкіндік бермей, тұрақсыз болып, мәліметтерді жоғалтады. Сол себепті, мүмкіндік болса қалыпты өнімділік үшін жылдамдықты 2-ге қойган жөн, бірақ егер жүйе тұрақсыз болса жылдамдықты 3-ке қойған жөн.

SDRAM Cycle Time Tras/Trc (SDRAM цикілдік жадының уақыты)

Опциялары: 5/6, 6/8

Бұл функция SDRAM-дағы Tras және Trc қажет ететін циклдік жадының ең кіші мәнін өзгертуге мүмкіндік береді. Tras дегеніміз SDRAM`s Row Active Time (SDRAM қатарындағы белсенділік уақыты), яғни бүтін циклдік қатардың ашылып, жаңаруына (row-open, row-refresh cycle) кеткен уақыт периоды.

Бастапқыда 5/6-ке қарағанда баяу және тұрақты 6/8 таңдалған. Бірақ, 5/6 SDRAM-да циклді тезірек ауыстырады, бірақ мәлімет алмасудың толық аяқталуына қажетті уақыт периодында қатарды ашық қалдырмауы мүмкін. Бұл әсіресе 100MHz тактылық жиіліктегі SDRAM-да кездеседі. Сондықтан, SDRAM өнімділігін арттыру мақсатында 5\6 таңдаған жөн, бірақ егер жүйе тұрақсыз бола бастаса 6/8-ге арттыру қажет.

SDRAM RAS-to-CAS Delay (SDRAM RAS-to-CAS іркілісі)

Опциялары: 2, 3

Бұл функция сізге RAS (Row Address Strobe) және CAS (Column Address Strobe) сигналдары арасына іркіліс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл SDRAM-да бір нәрсе жазылып, жаңарытылып немесе оқылу кезінде болады. Әрине іркілісті төмендетсе SDRAM өнімділігі артады, ал жоғарлатса, керсінше, SDRAM өнімділігі төмендейді. Сол себепті іркілістің бастапқы 3 мәнін SDRAM өнімділігін арттыру үшін 2 мәніне төмендеткен жөн. Бірақ, егер іркілісті төмендеткенде тұрақсыздық пайда болса, онда мәнді керісінше 3-ке жоғарлатқан жөн.

SDRAM RAS Precharge Time (RAS SDRAM-ның алдын ала қуаттану уақыты)

Опциялары: 2, 3

Бұл опция SDRAM жаңартылар алдында RAS-қа, қуат алу үшін қажетті цикл санын анықтайды. Алдын ала қуаттану уақытын 2-ге төмендету SDRAM өнімділігін арттырады, бірақ бұл уақыт орнатылған SDRAM үшін жеткіліксіз болса, SDRAM дұрыс жаңартылмай және мәліметтерді сақтай алмауы мүмкін. Осылайша, SDRAM өнімділігін арттыру үшін 2 мәнін таңдаңыз, бірақ егер төмендетілген алдын ала қуаттану уақыты тұрақтылыққа байланысты ақау тудыра бастаса, онда 3 мәніне дейін көтерген жөн.

SDRAM Cycle Length (SDRAM циклінің ұзындығы)

Опциялары: 2, 3

Бұл мінездеме SDRAM CAS Latency Time-мен сәйкес. Ол SDRAM оқу командасын алу мен орындау арлығында болған уақыт іркілісін басқарады. Сонымен қатар жүктеудің бірінші бөлімінің аяқталуын анықтайды. Осылайша цикл ұзындығы неғұрлым кіші болса, алмасу соғұрлым жылдам жүреді. Бірақ кейбір SDRAM цикл ұзындығын қысқартуға мүмкіндік бермей, тұрақсыз бола бастайды. Сол себепті, мүмкіндік болса қалыпты өнімділік үшін 2-ге қойган жөн, бірақ егер жүйе тұрақсыз бола бастаса 3-ке арттыру қажет.

SDRAM Leadoff Command (мәліметтер бумасының бірінші элементіне ену уақыты)

Опциялары: 3, 4

Бұл опция сізге leadoff time мәнін реттеуге мүмкіндік береді. Ол SDRAM-да сақталған мәліметтерді алғанға дейінгі кеткен уақыт периоды. Көп жағдайда ол мәліметтер бумасының бірінші элементіне енуге кеткен уақыт. Қалыпты өнімділік үшін, SDRAM-ға енуді жылдамдату үшін 3 мәнін орнатыңыз, бірақ егер жүйе тұрақсыз бола бастаса 4 мәніне арттырыңыз.

SDRAM Bank Interleave (SDRAM-да мәліметтердің алмасу реті)

Опциялары: 2-Bank, 4-Bank, Disabled

Бұл мінездеме сізге SDRAM интерфейсінің алмасу реті режимін орнатуға мүмкіндік береді. Алмасу реті SDRAM банкіне жаңару және ену циклдерін алмастыру ретін орнатуға мүмкіндік береді. Бір банк оған жүгінген кезде, бір банк жаңарту циклін өтеді. Бұл әрбір банктің жаңару уақытын көлегейлеу арқылы, SDRAM өнімділігін арттырады.

SDRAM Precharge Control (SDRAM алдын ала қуатталуын басқару)

Опциялары: Enabled (қосулы), Disabled (ажыратулы)

Бұл  мінездеме SDRAM алдын ала қуаттануын не басқаратындығын анықтайды – процессор ма әлде SDRAM өзі ме. Егер аталған функция ажыратылған болса, онда CPU-дың SDRAM-ға бағытталған барлық циклдері SDRAM интерфейсіндегі All Banks Precharge бұйрығы арқылы аяқталады. Бұл тұрақтылықты жақсартады, бірақ өнімділік төмендейді. Ал егер де бұл функция қосылған болса, онда алдын ала қуат алуды SDRAM өзіне жүктейді. Бұл SDRAM-ның алдын ала қуат алу санын төмендетеді, өйткені SDRAM жаңартылғанға дейін көптеген CPU-SDRAM циклі орындалады. Сондықтан да бұл функцияны қолайлы өнімділік үшін қосқан жөн, егер әрине жүйенің тұрақтылығына әсер етпесе.

DRAM Data Integrity Mode (DRAM мәліметтерінің бүтінділік режимі)

Опциялары: ECC, Non-ECC

BIOS-тың бұл қондырғысы RAM мәліметтерінің бүтінділік режимін күйге келтіруде қолданылады. ECC дегеніміз Error Checking and Correction (қателіктерді іздеу және түзету), және егер сіз 72-bit ECC RAM қолданатын болсаңыз ғана пайдаланғаныңыз жөн. Бұл жүйеге бір разрядтан қателіктерді тауып, түзетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар екі разрядтан қателіктер таба алады, бірақ түзете алмайды. Осының барлығы, жылдамдықтың аз ғана төмендеуі нәтижесінде, мәліметтердің бүтіндігін жоғарлатып, жүйенің тұрақтылығын көтереді. Егер сізде ECC RAM болса, мәліметтердің бүтіндігін қамтамасыз ету үшін ECC орнатыңыз. Егер сізде ECC RAM жоқ болса Non-ECC таңдаңыз.

Read-Around-Write (алмасу ретін ауыстыру арқылы оқу бұйрығын орындау)

Опциялары: Enabled, Disabled

Бұл күйге келтіру процессорға алмасу ретін ауыстыру арқылы оқу бұйрығын орындауға мүмкіндік береді. Осылайша егер оқу бұйрығы, соңғы жазылу кэш жадында сақталған, мекенге көрсетсе, оқу бұйрығы кэштегі мәліметтер арқылы қанағаттандырылады. Бұл ішкі жүйе жадының нәтижелілігін жақсартады. Сондықтан да бұл опцияны қосып қойған жөн.

Memory Hole At 15M-16M (15-16 мегабайт жады аралығы)

Опциялары: Enabled, Disabled

Кейбір ерекше ISA карталары орынды жұмыс жасау үшін осы жады аймағын талап етеді. Егер осы функция қосылған болса, ол осы секілді карточкалар қолдану үшін жады аймағын сақтап қояды. Бұл сонымен қатар жүйенің 16МВ-тан жоғары жадыға кіруден сақтайды. Бұл дегеніміз сіздің операциялық жүйеңіз, жүйеңізде қанша жады болса да, 15 МВ артық жады қолдана алмайды деген сөз. Сондықтанда бұл жүйені әрқашанда ажыратып қойыңыз.

Hardware Reset Protect (компьютерді кездейсоқ қайта жүктелуден қорғау)

Опциялары: Enable, Disable

Берілген функция, күніне 24 сағат бойы қосып қою үшін, серверлерге қолайлы. Берілген функция қосулы тұрса, копьютерді қайта жүктелу Reset батырмасы істен шығарылады. Бұл кездейсоқ қайта жүктелу мүмкіндігінің алдын алады. Бұл функция ажыратылғанда, яғыни Disabled шарты таңдалғанда, Reset батырмасы қарапайым тәртіпте жұмыс жасайды. Егер сервер қолданбасаңыз немесе Reset батырмасын кездейсоқ басатын балалар жоқ болса бұл функцияны ажыратып қою ұсынылады.

29

 



ҚОРЫТЫНДЫ

 

Көптеген BIOS функциялары туралы айта келе, қорытынды бөлімде BIOS-тың жаңа нұсқасын орнату туралы жазуды жөн көрдім.

BIOS-қа байланысты барлық операциялардың ішінде, жаңа нұсқа орнату, бұл ең сирек кездесетіні болар. Бірақ онсыз BIOS туралы айтылғандар толық болмас еді.

Ең алдымен «BIOS-тың жаңа нұсқасын орнату қажет пе?» деген сұрақтан бастау қажет. Егер сіздің  компьютеріңіз қалыпты жұмыс жасап, сіз оның жұмысынан ешқандай қолайсыздық сезінбесеңіз, BIOS-ты жаңартудың қажеті жоқ деген сөз.

BIOS-тың жаңа нұсқасы сізге қажет: егер сіз тұрақсыздықты сезінсеңіз, егер сізге жаңа құрылғыны орнатуыңыз керек болса, мысалы, процессор (егер BIOS-тың соңғы нұсқасы қолайсыздықтарды шеше алса ғана) немесе жаңа шыққан нұсқасында сіздің құрылғыңызда кездесетін барлық қателіктер жойылған болса.

Жаңарту үшін нұсқаның утилиті және BIOS сақталған файл қажет. Ол үшін, аналық платамен бірге келетін утилитті қолданған жөн. Алайда, BIOS құрастырушылары шығыратын әмбебап утилитті де қолдануға болады. AWARD BIOS үшін оның аты awdflash.exe, awdXXX.exe немесе awdflXXX.exe (ХХХ-утилит нұсқасының нөмері). AMIBIOS үшін – amiflash.exe, amiXXX.exe немесе amifXXX.exe (ХХХ-утилит нұсқасының нөмері)

Информация о работе BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі