МАЗМҰНЫ
Кріспе 3
1 Delphi программалау ортасы 6
1.1 Delphi программалау жүйесі 6
1.2 Delphi–дің артықшылықтары 7
1.3 Өнімнің негізгі сипаттамалары. 7
1.4 Ұйымдастырушының ортасын икемдеу .
13
1.5 Компоненттер 16
1.6 Delphi программалау ортасының графикалық
мүмкіндіктері 17
1.7 Мәтінді шығару 19
1.8 Canvas объектінің қасиеттері 21
2. Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін
сипаттайтын программа 21
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдеиеттер көзі 26
Қосымша 27
КІРІСПЕ
Әлемдегі миллиондаған программистер
Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі
Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға
арналған программалар құрады. Күнбе-күн
коммерциялық және жеке мәліметтерді
санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар,
есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен
жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар
бар: дыбыс файлдары, видео көріністер,
WEB –парақшалары және т.б. Осындай көп
ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді
алу үшін, оларды өңдейтін программалар
қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның
бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып
үйрену , түсіну және логикалыңқ ойлауға
өте қарапайым , әрі жеңіл. Delphi программалаудың
структуралық тәртібін және программалаудың
басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы
дамыған.Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері
, сонымен қатар қызықты есептер шығару
мүмкіндіктері бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру
ортасы деп атайды.Себебі ол өзіне компилятормен
қоса редактор және көптеген дайын программалар
жиынтығын қамтиды.Delphi – де шамамен 200
– ге жуық дайын компоненттер бар.
Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған
компьютерді қажет етеді.
DELPHI – бұл Borland International-дың қосымшаларды
тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі.
Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер
“ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен
қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік
“ архитектурасында жұмыс істейді.
DELPHI тілі объектілі – бағытталған Object
Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді
SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді
компоненттің және информациялық жүйені
немесе Windows ортасының қарапайым программаларын
кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну
үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық
жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді.
Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6-да құрылған
программалар негізінен өндіріс және
бизнес есептерін шешуге бағытталған.
Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру
жұмыстары басты шешілу керек есептер
болып табылады.
Программалардың сәйкестендірілуі үлкен
роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамассыздандырумен
байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда
- Мобильді компьютерлерді тарату кең
ауқым алуымен байланысты.
Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен
берілген информацияларды беру және оқыту,
алу үшін арналған техникалық жабдықтардың
әрі қарай дамуы.
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және
өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан
қолданушылар Delphi 6-дан өздерінің есептерін
шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi
6-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі
бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар
өз программа интерфейсінің стандарты
ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі
визуалды құрылатын болғандықтан Delphi
ортасында программалауды тез программа
құру ортасы делінеді.
Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі
ол- көмекші жүйесінінің күштілігі.
Delphi 6-да басқа да қазіргі программалау
ортасы сияқты, объектілі бағытталған
программаларға негізделген. Программа
құру барысында дайын компоненттерді,
олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала
анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы
аз ғана программа кодымен айналып өтуге
болады. Программа құрушыға бұл өзінің
программасының қолданушы интерфейсін
құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.
Delphi 6 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа
құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның
құрал-саймандары өте көп және керек кезінде
актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы
көмек алуға болады.
1 DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1 Delphi программалау жүйесі
Delphi 6 ортасын жүктегеннен кейін экранда
интегралданған программаланған ортасының
терезесі пайда болады: негізгі терезе,
проектілеу ортасы код редакторы және
объектілер инспекторы.
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе
орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы
(Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер
палитрасы орналасады. Негізгі терезе
Delphi 6 ортасы жабылмайынша ашық тұрады.
Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 6 -ны
жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің
аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу
режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу
режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып
жазылады.
Мәзір жолағы программаны басқарудағы,
тестілеуге және құруға керекті командалардан
тұрады.
Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер
мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес
келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын
таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар
тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір
нәтижеге әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы
пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка)
жабдықталған.Егер тышқан курсорын перне
қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме
шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының
орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын
Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша
өзгерте алады және оларды тышқан курсоры
арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі
құрал-саймандар тақтасының үлгісінен
тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы
шақырылады.
Компоненттер палитрасындағы компоненттер
арқылы программа құрылады. Компоненттер
Delphi программасының негізгі элементтері
болып табылады. Олар арқылы қолданбалы
программаның қолданушы интерфейсін құруға
көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде
Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы
өз қалауынша , компонеттер палитрасының
орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің
барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге
асырылады. Бұл терезені 2 жолмен шақыруға
болады.
Палитраның кез-келген жерінен тышқанның
оң жақ пернесін басып Properties мәзірін таңдау.
1.2 DELPHI–дің артықшылықтары
Ø қосымшаны өндеу жылдамдығы;
Ø Жасалған қосымшаның өнімділігінің
жоғарылығы;
Ø Жасалған қосымшаның компьютер
ресурстарына төмен қажеттіліктерін талап
етуі;
Ø Delphi ортасына жаңа компоненттер
мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның
жұмысын арттыру;
Ø Delphi-дің жеке құралдарымен
жаңа компонент пен инструмент құрудың
мүмкіншілігі;
1.3 Өнімнің негізгі сипаттамалары.
Delphi – бұл бірнеше маңызды технологиялардың
комбинациясы:
Ø машина кодына аударатын жоғары
өнімді компилятор;
Ø объекті-бағытталған модель
компонент;
Ø программалық прототиптерден
визуальді ( сонымен қатар жылдам ) қосымшаларды
құру;
Ø мәліметтер қорын құру үшін
арналған масштабталатын құралдар;
Delphi ортасы көп терезелі жүйе тәрізді
.Оны жүктеу үшін:
Пуск/программы/Borland delphi/Delphi.
командасын қолданамыз .Жүктелгеннен
кейін экранда 4 терезе пайда болады.
Бұл Delphi ортасының негізгі терезесі болып
бірінші жолда мәзір орналасқан болып
және саймандар тақтасы бар: Стандарт,
Вид, Откладка, Палитра пользователя, панель
компонентов, рабочая область
1.Негізгі терезе(Project1)
2.Обьектілер инспекторының терезесі .
(Object inspector)
3.Форма конструкторының терезесі(form1)
4.Кодтар редакторының терезесі(Unit1.pas)
Бұл терезе объекттер ағаша.
Бұл терезеде формадағы барлық компоненттердін
дізімі тұрады. + немесе - белгісі бул
компоненттін ішкі класында екінші компоненттің
бар екендігін білдіреді. Егерде
компоненттін аты ерекшеленген болса
онда бұл компонент формада екпінді
болғанын анықтайды.
Терезесі форма конструкторының терезесі
болып бұл терезеге негізгі конпоненттер
орналасады.
Бұл терезе объекттер инспекторы болып,
мұнда объекттің негізгі параметрлері
енгізіледі. Уақиғалар тізімі жазылады.
Мұны View/obgect inspector немесе F1клавиші арқылы
экранға шығамыз . Obgect inspector терезесі екі
жапсырмада тұрады.
1. Propertits ( қасиет )
2. Events (жағдай)
Терезесі кодтар редакторының терезесі
болып табылады. Бұл терезеде формаға
қойылған компоненттердің тізімі, компоненттердің
уақиғалар тізімі және сол уақиға сәйкес
командалар жазылады.
Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай
экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін.
Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден
басқа терезелерді алып тастауға, орын
ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен
Delphi-де тек қана бір уақытта жасауға болады.
Delphi-де құрылғының қосымша проекті түрінде
жиналған бірнеше элементтерден тұрады.
Олар
1. Проект коды (DPR кеңейтілген мен берген
формада сақталады)
2. Форма сипаттамасы (DFM)
3. Форма модулі (PAS)
4. Модулдер (PAS)
5. Объектілер параметрі (ОРТ)
6. Ресурстар сипаттамасы
Копилтильда таңбасымен өзгеріс енгізеді.
Ең қарапайым проектінің өзі көп формадан
тұрады. Сондықтан кез-келген проект құру
барысында оның барлық элементін сақтайтын
каталог ашқан дұрыс.
Негізгі программа төмендегідей құрылымда
болады:
Program project1;
Uses Forms,
Unit1 in ‘Unit1. pas’{Form1},
Unit2 in ‘Unit2 . pas’{Form2};
{$R*.RES}
begin
Application. Initialize;
Application. Create Form(TForm1,Form1);
Application.CreateForm(TForm2,Form2);
Application.Run;
End.
Проекті аты проекті файлының атымен сәйкес
келеді және дискіге сақталу барысында
да ресурстар файлымен проектілер параметрлері
файлы да осы атпен аталады. Проект файлының
атын өзгерткенде автоматты түрде осы
файл аттары өзгереді. Проектіні құру
проект файлын компиляциялау барысында
орындалады және қосымшаның ехе файл проект
атымен аталады.
Проект файлын қарауға және өңдеуге болады.
Ол ұшін Progect/view Sourec (проект) (просмотр источника)
командасы арқылы ашылады. Формаларды
қарау үшін view\Forms…shift+F12. формалар сипаты
сақталған файлда форманың өзі мен оның
сипаттамасы беріледі. Форма модулінің
файлында форма класының сипаты беріледі.
Ол форманы қолданғанда автоматты түрде
ашады. Қажетті модульді ашу үшін view-Units…
немесе ctrl+F12 модульдер файлында кез келген
формамен байланыспаған модульдер сақталады.
Олар объект pascal тілінде жазылады. Оларды
қолдану үшін Uses бөлігінде атты көрсету
қажет. Ресурстар файлының проект аты
беріледі. Проектіні сақтағанда автоматты
түрде құрылады. Delphi-тен ресурстар файлымен
жұмыс жасауға арналған графиктік редактор
қарастырылған. Бұл Tools\image Editor3.0 командасы
арқылы алынады. Ресурстарға
• Компаненттер пиктограммасы (.DCR)
• Расторлық бейнелер (.BMP)
• Қосымшалар пиктограммалары (.ICD)
• Курсорлар (.CUR)
Проект параметрлер файлында параметрлер
мен олардың мәндері текстік редактордың
әр түрлі жолында орналастырылады.
Проектіні компиляциялау және орындау.
Проектіні компиляциялау барысында орындалуға
дайын файл немесе динамикалық кітапхана
(Д44) құрылады. Компиляциялау процесі Progect\complie<проект
аты> ctrlF9 командалары арқылы орындалады
және мынандай жағдайлар атқарылады. Соңғы
рет компиляцияланғаннан кейін мәні өзгерген
модульдердің файлдары компиляцияланады.
Нәтижесінде әрқайсысы үшін DCU кеңеймесімен
анықталған модулге өзгеріс енгізілген
болса, онда осы модулге пайдаланылатын
модулге қайта компеляцияланады. Барлық
модульдер компиляцияланғаннан кейін
проект файлы компиляцияанады да қосымша
орындалуға дайын файл құрылады. Проектіні
Delphi немесе Windows жүйесінде жүктейді. Delphi
ортасында проектіні жүктеу үшін Run/ Run
немесе F9 тетігі басылады. Егер қосымша
жұмыс жасамай қалса, Delphi ортасында Run/
Program Reset немесе Crtl+F12 командалары арқылы
тоқтатылады.
1.4 Ұйымдастырушының ортасын икемдеу .
Delphi – ді қосқан соң жоғарғы терезеде
компанент палитрасының иконкалары орналасады.
Егер курсор бір иконкаға тоқтап қалса,
оның астында сары төрт бұрышта көмекші
пайда боладлы.
Бұл компонент палитрасынан қосымшаларды
құрайтын копоненттерді таңдайды. Компонент
құрамы визуальды және логикалық компоненттерден
тұрады. Тетік редакциялау жазықтығы сияқты
заттар визуальді компоненттер, ол кестелер
логикалық болады.
Delphi-де программа визуальді түрде жазылатындықтан,
барлық осы компоненттер форма жазықтығында
өзінің графикалық көрінісіне ие болады,
олармен тиісті түрде операциялану үшін
қажет. Бірақ жұмыс істеп тұрған программаға
көрініп тұрған тек визуальді копонент
болып қалады. Копонент қызметі бойынша
палитра беттерінде топталған. Мысалы,
Windows “common-dialogs” көрсететін компоненттердің
барлығы “Dialogs” деп аталатын палитра
бетінде орналасқан.
Delphi ұйымдастырушыға ортаны максимальді
ыңғайлылық үшін икемдейді. Компонент
палитрасын, құралдар сызғышын оңай өзгертуге
және синтаксисті белгілеп, қоюларды түспен
икемдеуге болады.
Delphi –де компоненттің өз тобын анықтауға
болады, және оны палитра бетіне орналастыру
мүмкіндігі бар, сондай-ақ компоненттерді
топтау мен пайдаланбайтындарды жойып
тастау мүмкіндігі де бар.
Интеллектуальді редактор. Программалар
редакциялауды макростарды орындау мен
жазуды мәтіндік блокнотпен жұмыс істеуді,
икемделетін тетікті комбинацияны және
жолдың түсті айырмасын пайдалану арқылы
жүзеге асыруға болады.
Графикалық дұрыстағыш. Delphi –де қуатты
редакторға енгізілген кодтағы қателерді
тауып, оларды жоятын графикалық дұрыстағыш
бар. Тоқтау нүктелерін анықтауға, үзілістерді
тексеріп, өзгертуге адымдап басу арқылы
программаны әрекетін дәл түсінуге болады.
Ал егер өте жіңішке дұрыстағыш қажет
болса, ассемблердегі нұсқауларды және
процессор регисторын тексеріп, бөлек
енгізу мүмкіндігі бар Turbo Debugger пайдалануға
болады.
Объектілер инспекторы. Бұл құрал бөлек
терезе бейнесінде көрінеді, онда сіз
программаны жобалау кезінде объектінің
жағдайлар мен қасиеттер мағынасын белгілей
аласыз (Properties and Events) .
Жоба менеджері. Ұйымдастырушыға тиісті
жобада барлық модульдерді қарауға мүмкіндік
береді және жобаны басқаратын ыңғайлы
механизм мен жабдықтайды. Жоба менеджері
файл аттарын, таңдалған форма уақытты
және т.б көрсетеді. Мәтін мен формаға
тиісті атау үстіне тышқанмен сырт еткізу
арқылы тез арада жетуге болады.
Объект навигаторы. Қол жетерлік объектінің
кітапханасын көрсетеді және қосымшалар
бойынша навигацияны жүзеге асырады. Объект
иерархиясын, кітапханадағы компиляцияланған
модульдерді және сіздің кодыңыздың глобальді
атаулар тізімін қарауға болады.
Меню дизайнері. Менюді жасауға, шаблондар
түріндегілерді сақтауға және кейін оларды
кез-келген қосымшада пайдалануға болады.
Сарапшылар. Бұл сізге қосымшаларды оңай
жобалау мен икемделуін қамтамасыз ететін
құрал программасының тобы. Ұйымдастырылған
сарапшыларды өз бетінше қосуға мүмкіндік
бар. Потенциалды түрде бұл арнайы программаға
жазылған Case – құралдарымен Delphi-ді кеңейте
алатын үшінші фирмалардың мүмкіндігі.
Оның құрамы мынадай:
Ø Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін
форма сарапшысы.
Ø Қосымшалардың ұстаным мен
шаблондар сарапшысы.
Ø Форма шаблонын сарапшысы.
RAD Pack құрамына Delphi фирмасындағы Borland Pascal
7.0 жасалған ресурстарды қайта құратын
сарапшы енеді. Қазіргі уақытта DLL құрылысын
жеңілдететін және тіпті өзінің сарапшыларын
жасайтын сарапшыларда болды.
Интерфейсті оқу жүйесі. Delphi-ді кеңірек
игеруге мүмкіндік береді. Ол тек көмекші
жүйе ғана емес, сондай-ақ ол Delphi-дің мүмкіндіктерін
ұйымдастырушының өз ортасында көрсетеді.
1.5 Компоненттер
Query компоненті алыстатылған SQL – серверлерге
болмаса жергілікті мәліметтер қорына
SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.
DBGrid компоненті мәліметтерді жол немесе
баған ретінде көрсететін, белгіленген
мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады.
Компонент визуальды.
DataSource компоненті - бұл компонент Table немесе
Query компоненттері секілді мәліметтер
қорымен байланыстыру үшін пайдаланылады.
MainMenu компоненті - бұл компонент формаға
негізгі меню құру үшін қолданылады. Басты
қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер
жазылады. Я болмаса MainMenu компоненттінің
үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады.
ShortCut қасиеті клавиатурадан басқаруға
мүмкіндік береді.
Panel компоненті - бұл компонент кең ауқымда
қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен
байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп,
бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі
жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге
болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle,BorderWidth
қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін
көркемдеуге болады.
Button компоненті - бұл компонент ең көп
қолданылатын компоненттер қатарына жатады.
Caption басты қасиеті болып табылады. Басты
оқиғасы болып OnClick болып табылады. Осы
оқиғаға батырманы басқан кездегі орындалатын
операторлар жазылады.
ComboBox компоненті-ListBox және Edit компоненттерінің
функциясын біріктіреді. Пайдаланушы
текстті енгізуге және тізімнен таңдап
алуына болады.
Edit компоненті бір жолды текст енгізу
үшін немесе көрсету үшін қолданылады.
Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text.
BorderStyle қасиеті арқылы компоненттің түрін
көркейтуге болады.AutoSelect қасиеті барлық
текст автоматты түрде боялатынын анықтайды.
SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған
тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті
енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын
анықтайды.
Label компоненті формада әртүрлі жазуларды
немесе белгілерді көру үшін компоненті
қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен
пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай
алады. Басты қасиеті Items.
ExcelApplication компоненті - бұл компонент Microsoft
Excel программасын шақыру үшін қолданылады.
WebBrowser компоненті -бұл компонент htm кеңеймесінде
сақталған құжаттарды көрсету үшін арналған.
1.6 Delphi программалау ортасының графикалық
мүмкіндіктері
Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі
иллюстрацияларды экранға шығаратын программаларды
неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік
береді.
Графикалық элементтер объекттің үстіңгі
жағында шығарылады (формалар немесе Image
компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес
келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді
(түзу сызық, шеңбер және т.б) шығару үшін
осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін
пайдаланымыз.
Мысалы:
form1. Canvas. Restangle (10,10,100,100);
Бет (Холст);
Қарапайым графиктерді шығару әдісінде
сурет салуға болатын абстрактты бет (холст)
ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады.
Бұл бет (холст) жеке нүктелерден-пикселдерден
тұрады, олардың әр қайсысы көлденең (Х)
және тік (Y) координаталар арқылы анықталады.
Қарандаш және қылқалам
Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне
салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін,
қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты
түзулер мен контурларды сызуға қолданады,
ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен
бояуға қолданады.
Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын
арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш)
Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді,
бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді.
Осы объектілердің қасиеттерінің мәні
шыарылатын графикалық элементтердің
түрін анықтайды.
TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:
Color – түзудің түсі(контуры)
Width - түзудің қалыңдығы (пиксель бойынша)
Style - түзудің түрі
Pen.Color – қасиетінің мәні ретінде мынадай
атаулы тұрақтыларды қолдануға болады
(TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy clSilver,
clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.
Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
psSolid – біркелкі түзу;
psDash – пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;
psDot - пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;
psClear – түзу көрінбейді.
Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен
болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі
түзулер болып шығады.
Қылқалам (Canvas.Brush) тұйық аймақтарды сызатын
және сол облыстарды бояуды қамтамасыз
ететін әдіс ретінде қолданылады.Қылқалам
объект сыяқты екі қасиетке ие:
Color- тұйық облысты бояйтын түс;
Style - аймақты толықтыру стилі (типі).
Brush.color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда
айтылып өткен Tcolor типті атаулы тұрақтыларды
қолдануға болады.
Brush.Style қәсиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
bsSolid - біркелкі бояу;
bsClear – облыс болмайды;
bsHorizontal – көлденең штрих;
bsVertical – тік штрих;
bsFDiogonal – ілгері қарай көлбеген диоганалдық
штрих.
1.7 Мәтінді шығару
Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару
үшін TextOut әдісі қолданылады. Осы әдістің
шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай
түрде болады:
Объект. Canvas. TextOut(x , y , Текст);
Мұндағы x , y – шығатын мәтіннің координат
нүктелері;
Текст – айнымалы немесе символдық типті
тұрақты (шығарылатын мәтін).
TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының
оң жақ шекара координаттарын,
PenPos қәсиетін пайдаланып алуға болады,
мысалы: TextOut(PenPos.x , PenPos.y , ‘Руб’);
1.8 Қарапайым графиктерді сызу әдістері
LineTo әдісі түзуді қарандаштың ағымдағы
орынан координатасы көрсетілген нүктеге
дейін сызады.
Объект. Canvas. LineTo(x , y);
MoveTo әдісі қарандашты белгіленген нүктеге
апарады.
Объект. Canvas. MoveTo(x , y);
Ellipse әдісі эллипс сызады (жеке жағдайда,
шеңбер – параметр мәніне тәуелді болады):
Объект. Canvas.Ellipse(x1 , y1,x2,y2);
Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – ішіне эллипс сызылатын
тікбұрыш координаттары.
Arc әдісі доға сызады:
Объект. Canvas.Arc(x1 , y1,x2, y2, x3, y3, x4, y4);
Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – эллипс параметрі,
эллипс белгілі, яғни сызылатын доға болады.
Rectangle әдісі тіктөртбұрыш сызады:
Объект. Canvas. Rectangle (x1 , y1, x2 , y2);
Мұндағы: x1, y1 және x2, y2 – сол жақ үстінгі
және оң жақ астыңғы тіктөртбұрыш бұрыштарының
координаттары.
FillRect әдісі Brush.Color қасиеті арқылы берілген
түсімен тіктөртбұрышты бояйды. Бұл әдістің
бір ғана параметрі бар, бұл структураның
Trect типі.
Мысалы:
Var
R:Rect(20,20,150,150);
With Canvas do
begin
Brush.Color:=clRed;
FillRect®;
End;
End;
1.8 Canvas объектінің қасиеттері
Жоғарыда айтып кеткендей, программа орындайтын
графиктерді бетке шығару үшін Canvas қасиеті
келеді. Canvas объектісінің Pixels қасиетін
пайдалана отырып, графикалық беттің кез
келген нүктесін қажетті түске бояуға
болады. Мысалы (нұсқауы):
Form1.Canvas. Pixels [10,10]:=clRed;
Форманың бетіндегі нүктені қызыл түске
бояйды.
2. DELPHI ОРТАСЫННЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ
МҮМКІНДІКТЕРІН СИПАТТАЙТЫН ПРОГРАММА
Курстық жұмысымда Дельфидің графикалық
мүмкіндіктерін айқын көрсететін программа
жазып шықтым. Ол программаның қызметі
суретті слайд-шоу түрінде көрсететін
мүмкіндігі бар программа. Программа іске
қосқанда төмендегідей терезе пайда болады:
Егер 1-ші кнопкаға шертсеңіз
программадан шығу әрекеті орындалады.
Екінші кнопка алдыңғы суретке көшіреді,
ал соңғы кнопка келесі суретке көшіреді.
Егер осы кнопкалардың астындағы суреті
бар кнопкаға басаңыз, онда сәйкес суретке
көшіріледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл курстық жұмыстың мақсаты Delphi ортасының
графикалық мүмкіндіктерін көрсететін
программа және теориялық материал дайындау
болды. Ізденістерімнің нәтижесінде мен
көптеген қызықты жайттарға тап болыдым.
Және де көп материалды игеріп қана қоймай,
графикалық мүмкіндіреін үйрендім. Жалпы
курстық жұмыс мен үшін өте пайдалы болды.
Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның
жетістіктері, идеялары қолданбайтын
саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының
есептері программалау тілдерінің көмегімен
шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу
мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге
көтерілді. Программалау технологияларының
негізгі бағыттарының бірі – объекті
бағытталған программалау тілі. Delphi интегралды
ортасы объекті программалау принципіне
негізделген. Бұл ортада күрделі қосымшалар,
анықтамалық және тестілеу жүйелерін,
электрондық оқулықтар, мәліметтер қорын
құруға болады.
Қазақстан Республикасында ақпараттандыру
процессі басталған кезден бастап-ақ оны
қолданудың тиімді жолдары іздестіріле
басталды. Басында текст теру, электронды
кестемен жұмыс жасау сияқты дайын программалардың
көмегіне жүгінсе, қазіргі уақытта әр-түрлі
салада өзіне әмбебап бағдарламалар дайындауға
көшті.
Оған дәлел қай жұмыс орнына қабылдаған
кезде компьютерлік біліміңізді сұрайды,
тексереді. Міне, осыдан бастап-ақ бағдарламашылардың
жұмысының өрісі кеңейюде деп айқын айтуға
болады. Батыс Қазақстанда дәл осы жұмыспен
айналысатын фирма жоқ, дегенмен де бағдарламашылар
тобы осы жұмысты алысқа шаптырмай-ақ
тындырып бағуда.
Қазіргі жоғарғы оқу орнындағы ақпаратты
жүйелер немесе информатика мамандығы
бойынша оқып жатырған студенттердің
дипломдық жобасының өзі бір саланы автоматтандыруға
немесе бір пән бойынша ақпараттандырылған
жұмыс орны және тағы да сол сияқты үлкен
жобаларды орындауды талап етеді. Бұл
орайда менің де дипломдық жұмысымды айта
кеткен жөн деп есептеймін.
Ақпараттық технологияларды жұмыс орнында
пайдалану өте тиімді екенін сезінген
адамдар оны қолданысқа енгізуге үлкен
құлшыныс білдіріп отыр. Апталап жасайтын
жұмысты компьютер көмегімен жылдам жүзеге
асыруға болады. Сол себепті де ақпараттық
технологияларды пайдалану өте тиімді.
Электронды мәлмет алмасу көптеген жолға
кететін қаражатты үнемдейді. Оған қоса
ақпараттың толық және жылдам жетуіне
сенімді болуға болады. Есеп беру жүйесінің
сол бойда берілуі ақпараттық технологияларға
көшуге басқа мүмкіндік қалдырмай отыр.
Себебін айтып жатудың өзі артық фирмалардың
ашылу сәтінен бастап-ақ ақпараттық технологиялар
бөлменің қайсі бір түпкірінде және көптеген
отырып жұмыс жасайтын қызметкердің алдында
болады.
Тіпті мектептерде ақпараттық технологиялардың
барлық түрі, атап айтар болсақ: компьютер,
сканер, принтер, факс және басқа да технологиялармен
қамтылған. Бір кездері бір мектепте бір
ғана басу машинкасымен көптеген жұмыс
орындалағна. Қазір ол заман кетті.
"Қазақстан — 2030" стратегиялық бағдарламасы
приоритеттерінің бірі ұлттық білім моделін
қалыптастыру тенденциясымен және Казақстан
білім жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне
кіріктірумен сипатгалатын білім беру
саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде
индустриялдық қоғамнан интерактивті
қатынас жасауға және оны жүзеге асыратын
техникалық мүмкіндіктерді тұрақты түрде
дамытып отыра алатын информациялық қоғамға,
яғни негізгі рөлді информацияны алу,
өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және
пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға
көшу процесі жүріп жатыр. Информациялык.
қоғамға ауысу информациялық және коммуникациялық
технологияларды дамьггу мен күнделікті
тұрмыста пайдалану (конвергенциялау)
жолымен, яғни қоғамды ақпараттандыру
(информация) істерін дамыту арқылы іске
асырылады.
Информациялық қоғамға көшу процесінде
информация құндылығы өзгеріп, біздің
уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары
туралы да түсінігіміз кеңейіп, осылардың
барлығы жаңа мәдениетті - информациялық
мәдениеттің тууына себепші болды. Информациялық
мәдениетті информациялық процестерді
ұйымдастырудағы адамдардың информациялық
қарым-қатынасын қанағаттандыру, қабылданған
шешімдердің тигізетін әсерін болжап,
әлемді біртұтас күйде көрсете алатын
информацияны жасау, сақтау, өндеу, тасымалдау,
бейнелеу және пайдалану істерін тиімді
ұйымдастыру жолындағы жеткен деңгей
түрінде қарастыру керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕИЕТТЕР КӨЗІ
1. Компьютерная технология обучения:словарь-справочник/Под
редакцией В. Ю. Гриценко, А. М. Довгялло,
А. Я. Савельева-К.: «Накова думка», 1992
2. Нұрғалиева Г. Қ. Электрондық оқулықтар
– мұғалім мен оқушы арасындағы әрекетттестікті
гуманизациялау құралы// «Информатика
негіздері» республикалық журналы, №2,
2002.- 2-3 б.
3. Тажигулова А. И. Конструирование электронных
учебников//Научно-практический журнал
«Информационные технологии в Казахстане»,
№1, 2000.- С. 42-43.
4. Виштынецский Е. И., Кривошеев А. О. Вопросы
применения информационных технологий
в сфере образования и обучения//Информационныетехнологии,
1998, №2 – с. 32-36.
5. Сливина Н. А., Фомин С. С. Компьютерное
учебное пособие «Высшая математика для
инженерных специальностей»//КомпьютерПресс.-
1997.- №8.- с.72-77 |