Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 22:11, реферат
Delphi – дербес компьютерлер мен серверлерге қосымша құру және қолдау үшін қолданылатын әзірлеме ортасы. Delphi кез-келген Windows типті 32 разрядты амалдық жүйеде жұмыс жасайды.
Delphi-де визуалды, яғни көзбен көріп отырып бағадарламалау технологиясы қолданылады. Тұтынушы өзінің болашақ бағдарламасын безендіріп, өзінің жұмысының нәтижесін бағдарлама іске қосылғанға дейін көре алады.
1 бӨЛІМ.
Нысанды-бағытталған және визуалды бағдарламалау.
Delphi интерфейсінің элементтері. Негізгі терезелері.
Саймандар тақтасы. Компоненттер палитрасы.
Мақсаты: Delphi-дің интеграцияланған өңдеу ортасымен таныстыру. Жүктеу. Терезе элементтерімен, компоненттермен таныстыру. Атқаратын қызметтеріне тоқталу. Жаңа қосымша ашуды, сақтауды үйрету.
Сөздік
Нысан |
Объект |
Object |
Бағдарламалау |
Программирование |
|
Оқиға |
Событие |
Events |
Құрастырушы |
Коструктор |
|
Түсініктеме |
Комментарий |
|
Батырма |
Кнопка |
Button |
Белгі |
Метка |
Label |
Қасиет |
Свойство |
Properties |
Delphi – дербес компьютерлер мен серверлерге қосымша құру және қолдау үшін қолданылатын әзірлеме ортасы. Delphi кез-келген Windows типті 32 разрядты амалдық жүйеде жұмыс жасайды.
Delphi-де визуалды, яғни көзбен көріп отырып бағадарламалау технологиясы қолданылады. Тұтынушы өзінің болашақ бағдарламасын безендіріп, өзінің жұмысының нәтижесін бағдарлама іске қосылғанға дейін көре алады.
Қосымшаны жазу үрдісі екі бөліктен тұрады:
1 – тұтынушы өзінің бағдарламасының терезесіне қажетті элементтерді көрсетіп, олардың өлшемін орнатады, қасиеттерін өзгертеді;
2 – қосымша
жұмыс істеп тұрған кездегі
бағдарламаның кодын,
БАСТЫ ТЕРЕЗЕ
Мұнда мәзір қатары, саймандар тақтасы, түстер палитрасы орналасады. Түстер палитрасында болашақ бағдарламаның көрінетін және көрінбейтін компоненттері, көптеген тақырыптық беттер бар. Көрінбейтін компоненттер тек қосымшаға жоба жасап, оны іске қосқанда ғана көрінеді. Басты терезе интеграцияланған орта жұмыс істеп тұрған кездің барлығында ашық болады. Оны жапқанда Delphi жабылып, ондағы барлық терезелер жабылады.
Басты терезедегі
мәзір әмірлері мен саймандар
тақтасы арқылы Delphi бағдарлама өңдеу
барысын басқарады. Мұнда пайдалану
мақсатына қарай топталған
НЫСАНДАР ИНСПЕКТОРЫ
Дизайнер терезесінің сол жағында Нысан Инспекторы терезесі орналасқан, ол екі ішкі беттен тұрады. Бірінші ішкі бет - қасиеттер беті нысандар қасиетін өңдеуге қолданылады. Онда үнемі таңдап алынған компоненттің орындауға болатын қасиеттері көрініп тұрады. Сол бағанында тізім, оң бағанында – үнсіз келісім бойынша ағымдағы мәндері көрсетіледі. Екініші беті оқиғаларға түсініктеме беруге арналған, онда таңдап алынған компоненттің мүмкін болатын өңдеушілері. Сол бағанында – аты, оң жағында – сәйкес процедура немесе қасиеттер.
Қасиет деген не? Delphi-дегі әрбір нысан, тіпті жұмыс жасап тұрған қосымшаның өзінің белгілі бір қасиеті болады. Бұл қасиеттерді әлі бағдарлама орындалуға жіберілмей тұрғанның өзінде өзгертуге болады. Өзгертілген қасиетке байланысты нәтижені бірден көруге болады.
ПІШІН ТЕРЕЗЕСІ
Жаңа жоба ашқаннан кейін экранның ортасында пішін кострукторы/құрастырушысы/ орналасады. Пішін – қосымша терезесі. Коструктор терезесінде болашақ бағдарламаның сыртқы түрі жасалады. Алғашқыда ол код терезесін жауып экранның алдыңғы бетіне шығып тұрады.
Пішін – Delphi ортасында кездескен бірінші нысан. Басты терезеде орналасқан компоненттер де нысандар. Олардың бір-бірімен байланысы арқылы Delphi бағдарламасы құрылады. Ондай бағдарлама нысанға бағытталған бағдарламалау деп аталады. Егер компонент жолынан бір нысанды шертсек, ол белгіленеді. Пішін бетінде шертсек, сол нысан пішінде пайда болады. Пайда болған нысанның орнын, өлшемін, түсін тағы басқа да параметрлерін өзгертуге болады. Ол үшін қасиеттер терезін немесе көрсеткішті қолдануға болады.
Әрбір Windows-қосымша өз терезесінде орындалады. Мұндай терезенің ең аз саны – 1. Delphi жүктелгенде автоматты түрде тұтынушыға Form1 деп аталатын бос терезе аша отырып, жаңа жобаны ұсынады және оны басты терезе етіп тағайындайды.
кодты өңдеу терезесі
Бұл терезенің тақырыбы терезе жүктелгенде Unit1 болады. Кодты өңдеу терезесінде бірден бірнеше файл ашық бола алады. Әрбір ашылған файл жеке бетте орналасады да, оның аты жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Егер Сіздің бағдарламаңызда үш терезе болса, онда олар жұмыс барысында үш модульмен (Unit) әрекеттеседі. Осы үш модульдің үшеуі де кодты өңдеу терезесінде пайда болады. Код терезесінде тұтынушы бағдарламаның мәтінін тікелей жазады. Мәтін бөлігі бірнеше бөліктерге бөлінеді. Олар процедуралар мен бағдарламалар деп аталады және бір-бірінен бөлек жұмыс жасайды. Тұтынушы жұмыстың негізгі бөлігін осы бөлімде атқарады. Мұнда //, { }, * * - кейін жазылған сөздер комментарий деп аталады. Комментарий орындалмайды, ол түсініктеме жазу үшін қолданылады. Паскаль тілінен ерекшелігі мұнда класс типін пайдалану керек.
unit Unit1; {модульдің басы мен аты}
interface {интерфейс бөлімі басталады}
uses {қосымша қолданған модульдер аты}
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs, StdCtrls;
Type {форма класын жариялау}
TForm1 = class(TForm)
Button1: TButton;
procedure Button1Click(Sender: TObject);
private {кластың ішкі бөлігі}
{ Private declarations } Мұнда осы форма класына кіретін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады, олар басқа модульдерден көрінбейді.
Public // кластың ашық бөлігі
{ Public declarations } Мұнда басқа модульдерден көрінетін осы форма класына кіретін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады
end;
var {айнымалыларды жариялап, сипаттау бөлігі}
Form1: TForm1; {осы форма класына кірмейтін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады}
implementation
{модульдің орындалатын бөлігі}
{$R *.dfm}
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
орындалатын іс-әрекеттің – бағдарлама денесі
end;
end.
Түстер палитрасынан оған элементтерді орналастырғанда ол терезе алдын ала көркемделеді. Жобада тек бір ғана басты терезе болуы керек. Ал, басқа терезелер оған қосымша болады.
Бағдарламаны орындау. Енді қосымшаны орындауға кірісейік. Бұл әрекетті саймандар тақтасынан батырмасын, мәзір қатарындағы Выполнить әмірін немесе F9 басу арқылы жүзеге асыруға болады. Алдымен компиляция жүреді, яғни процессор бастапқы бағдарламаны машина тіліне аударады. Сонан соң бағдарлама орындалуға кіріседі. /Егер бағдарламаның жазылуында синтаксистік қате болса, онда қате туралы хабар шығады/. Нәтижесінде ЕХЕ файл жасалады. Ары қарай, қатесіз болған жағдайда бұл файл орындалуға жіберіледі. Бағдарлама орындалуы кезінде Delphi-дегі барлық терезелердің орнында тек бір терезе – кодты өңдеу терезесі қалады.
ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ
Бұл терезеде жобаның жалпы құрылымы көрсетіледі. Маус көрсеткішімен «+» таңбасына басып, тізімді ашуға болады. Мұнда жоба туралы жалпы ақпарат, жобаның барлық файлдары мен сыртқы модульдері жайлы ақпарат болады. Project.exe1 бөлімін ерекшелеп, жанама мәзірді шақырады. Онда жобаны сақтауға, атын өзгертуге, бастапқы файлды қарауға, жоба элементін жоюға немесе қосуға болады.
Нысандар БҰТАҒЫ ТЕРЕЗЕСІ
Мұнда пішін бетіне түсірілген әрбір әлементтің шар белгісі орналасады. Суреттегі нысандар бұтағы терезесінде Форма1-дің ішіндегі нысандар: 1батырма, 2батырма, белгі1, радиобатырма1 көрсетілген. Егер бағдарлама орындау барысында осы онысандардың қасиеттерін өзгерту керек болса, осы белгілерді шерту арқылы орындауға болады.
ПАЛИТРА КОМПОНЕНТІ
Палитра компоненті Delphi-де жиі қолданылатын саймандардың бірі. Палитра компоненттер орналасқан үлкен топтардан тұрады. Компонент – тұтынушы интерфейсінің пішінге түсіруге болатын элементі. Ол батырма, мәтін, түрлі мәліметтер енгізуге болатын өріс, төмен түсетін тізімдер – жалпы Windows ОЖ-де терезеде көретін нәрселердің бәрі. Терезелерді сыртқы қалыптастыратын компонеттері визуалды (көрінетін) деп аталады. Онан басқа компоненттер палитрасында көрінбейтін, яғни, бағдарлама орындалу барысында көрінбейтін компоненттер де болады, олар көрінбейтін деп аталады, бірақ түрлі фондық қызмет атқарады. Мысалы, «Таймер» берілген уақыт аралығында белгілі бір оқиғаны реттеп отырады. Барлық компоненттер атқаратын қызметіне қарай топтарға бөлінеді. Жобаны құрғаннан кейін үнсіз келісім бойынша Windows Forms компоненттер тобының тізімін көруге болады. Ол үшін топ атауының сол жағындағы «+» таңбасын шерту керек.
Информация о работе Delphi интерфейсінің элементтері. Негізгі терезелері