Delphi программасының әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 18:04, реферат

Описание

Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнін оқытудың мақсаты Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» курсы оқытудың басты мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: білім берудің барлық баспалдақтарында информатиканы оқыту теориясына байланысты жаңа білімді үйрену, ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктерін меңгеру, арнайы әдістермен оқушылардың қабілеттерін толығырақ ашу және дамыту.

Работа состоит из  1 файл

1.docx

— 14.33 Кб (Скачать документ)

 

1. Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

 

 

Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнін оқытудың мақсаты   Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» курсы оқытудың басты мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: білім берудің барлық баспалдақтарында информатиканы оқыту теориясына байланысты жаңа білімді үйрену, ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктерін меңгеру, арнайы әдістермен оқушылардың қабілеттерін толығырақ ашу және дамыту.    «Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы» пәні ақпараттандыру құралдарын пайдалануға байланысты мәселелерді қарастырады,  адамның ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру тәжірибесін түсіндіруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, білім беру жүйесін ақпараттандыруда толық жетекші роль атқарады.

Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнін оқытудың міндеттері – информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің теориялық негіздерін меңгеру, болашақ информатика пәні мұғалімін «информатьика» курсын оқытуға қажетті білім, іскерлік пен дағдылармен қамтамасыз ету; сондай-ақ, студенттерді озық педагогикалық іс-әрекеттің жалпыланған тәжірибесі негізінде өз бетімен сабақты жоспарлауға, тақырыптық жоспар құруға, сабақ конспектісін жасауға, әдістемелік жұмыстар жасауға баулу; оқу процесінде пайдаланылатын нақты қолданбалы программалық қамтамасыз етуді пайдаланатын мамандарды дайындау.

 

Информатиканы оқыту  теориясы мен әдістемесі пәнін оқудың нәтижесінде студенттер:

  • Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқытудың барлық мақсаттарын – білім беру, тәрбилеу, дамыту – түсініп, білуі тиіс;
  • Жалпы білім берудегі Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялардың орны мен мәнін білуі тиіс; Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар курсының тұжырымдамалары мен мазмұнын тұтас білуі тиіс; Мазмұнды іріктеу принципін түсініп, оны пайдалана білуі тиіс;
  • Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар курсын оқыту құралдарын меңгеруі тиіс, оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін меңгеру, оқушылардың ақыл-ой әрекетін басқара білуі тиіс; Сабақтың әртүрлі ұйымдастыру формаларын меңгере білуі тиіс; Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар курсының басқа пәндермен пәнаралық байланысын жобалап, құра білу іскерлігі болуы тиіс;
  • Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқыту процесін талдауды үйреніп, оның программалық және техникалық қамтамасыз етілуін жасап, пайдалана білуі тиіс.

«Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» курсы «Педагогикалық информатика» «Информатика», «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Педагогика», «психология» және т.б. пәндерден алынған білімге  сүйенеді.


Информация о работе Delphi программасының әдістері