Дербес компьютер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 22:16, доклад

Описание

Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьтерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын(desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.

Работа состоит из  1 файл

ДК құрауыштары.doc

— 263.00 Кб (Скачать документ)

  Дыбыстық картаның қосқыштары жүйелік блоктың артқы жағында орналасады. Дыбысты есту үшін осы қосқыштарға дыбыс колонкаларын немесе құлаққаптарды жалғау керек. Осы қосқыштардың біріне дыбысты жазу үшін қолданылатын микрофонды жалғауға да болады.

 

Желілік карта

 Желілік карта (немесе жергілікті желіні байланыстыру картасы, желілік адаптер) - бір ғимаратта немесе бөлмеде орналасқан компьютерлерді өзара байланыстыру үшін қолданылады.

Желілік картаның негізгі параметрі – оның ақпаратты жеткізу жылдамдығы – мегабайт/секундпен өлшенеді.  Желілік картаның орташа жылдамдығы 10 мегабайттан 100 мегабайтқа дейін жетеді.

  Бір компьютерден екіншісіне ақпарат тасымалдау үшін дискеталар мен оптикалық дисклер (CD-ROM, DVD-ROM, BD-ROM) қолданылады.

Дискета мен дискжетек

   Иілгіш диск (дискета). Иілгіш магниттік дискіге (дискета) 1,44 Мбайт көлемінде ақпарат сыйғызуға болады. Кейбір ақпарат түрлерін сақтап, тасымалдау үшін бұның жеткіліксіз екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен бұл ақпарат тасымалдаушылар 1970,1980-жылдары және 1990-жылдардың басына дейін қолданылып келді. (Қазір оларды flash-тасымалдаушылар ауыстырды)

Иілгіш магниттік дискідегі ақпаратты арнайы дискжетек оқып жазады. Дискжетек дегеніміз – ақпаратты дискетаға жазуға мүмкіндік беретін құрылғы.   

  Дискетаның ақпарат тасымалдау сенімділігі төмен.  Егер дискетаға механикалық зақым тисе, электромагниттік өріс әсер етсе немесе т.б. факторлар әсер етсе дискетадағы мәліметтің жоғалып кетуі әбден мүмкін. Қарапайым мәтіндік құжаттарды, шағын программаларды сақтау үшін қазірдің өзінде дискеталар жиі қолданылады. Өйткені дискетаның бағасы flash-тасымалдаушыдан ондаған есе арзан. 

  

     Үлкен көлемде ақпарат тасымалдау үшін CD-ROM компакт-дискілерін қолданған тиімді. CD-ROM («Compact Disk Read Only Memory» - жады оқылатын компакт диск) ақпаратты сақтау үшін кең көлемде қолданылатын ақпарат тасымалдаушылардың бірі. Компакт дискінің ақпарат сыйымдылығы 650-700 МБайт шамасында.

CD-ROM дискжетегі

  Компакт-дискілерде барлық мәлімет  иілгіш дискілердегідей магнитті емес, оптикалық принциппен сақталады. Дискідегі барлық мәлімет лазерлік сәуленің көмегімен оқылады.

  Компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі – оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің (аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х – 52х.

Компакт-дискілердің CD-R (Compact Disk Recordable) және CD-RW (Compact Disk ReWritable) деген түрлері болады. CD-R дискілерге ақпаратты бір рет, ал CD-RW дискілерге бірнеше рет жазуға болады.

 Коммуникациялық порттар. Жүйелік блокты принтер, сканер, тышқан, пернетақта секілді сыртқы құрылғылармен байланыстыру үшін осындай порттар қолданылады. Порт дегеніміз – жай ғана сыртқы құрылғыны қосатын шұңғыл тесік емес, олардың кейбіреулерінде шағын микросхемалар орналасып, программалық басқарылады.       

 Порт түрлері

              COM (тізбекті порт)

        LTP (параллель порт)

        USB (жоғары жылдамдықты тізбекті порт)

        PS/2 (тышқан мен пернетақтаны жалғайтын әмбебеп порт)

 

                                       



Информация о работе Дербес компьютер