Дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:35, реферат

Описание

Бұл ДК-нің орталық блогы, ол машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және ақпаратпен арифметикалық және логикалық операциялар орындауға арналған.
Микропроцессор немесе әдетте, оны процессор деп атайды, компьютердің миы болып табылады, процессордың негізгі бөліктері – арифметикалық-логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері.

Работа состоит из  1 файл

Дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеуі.doc

— 498.00 Кб (Скачать документ)

Дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеуі.

13-06-2012, 08:14 5533 BiOSkz      

 

 
Микропроцессор. 
Бұл ДК-нің орталық блогы, ол машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және ақпаратпен арифметикалық және логикалық операциялар орындауға арналған. 
Микропроцессор немесе әдетте, оны процессор деп атайды, компьютердің миы болып табылады, процессордың негізгі бөліктері – арифметикалық-логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері. 
Арифметикалық-логикалық құрылғыда сандық және символдық ақпараттармен арифметикалық және логикалық операциялар орындалады. 
 
Басқару құрылғысы компьютердің барлық құрауыштарының жұмысын үйлестіреді, яғни белгілі бір басқару сигналдарын қалыптастырып, қажетті уақыт кезеңдерінде оларды жіберіп тұрады, операцияларды орындау үшін жад ұяшықтарының адрестерін пішімдейді де, бұл адрестерді ЭЕМ-нің сәйкес блоктарына жібереді. 
Процессордың сипаттамасын тактілігі жиілігі мен разрядтылығы айқындайды. 
Жұмыс барысында процессор нақты бөлінген уақыт бірлігінде, яғни бір уақыт аралығында – тактте белгілі операцияларды орындайды. Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі жоғары болса, ақпаратты өңдеу соғұрлым жылдам болатыны анық. 
Процессордың тактілік жиілігі мегагерцпен өлшенеді. 1МГц тактілік жиілік процессордың секундіна бір миллион қарапайым операция орындауына парапа (эквивалентті). Pentium процессорларының тактілік жиілігі қазір 600 МГц дейінге жетеді.  
Процессордың өңдеу кезінде оған келіп түскен деректерді сақтауға арналған өзінің ішкі жад ұяшықтары болады. Олар жад регистрлері деп аталады. Процессордың жад регистрлерінде бір байтты, екі байттық немесе сегіз байттық деректер орналасуы мүмкін. Бұл бір байттық регистрі бар процессор немесе оны тағы сегізразрядты процессор деп атайды, бір тактіде бір байттық деректі өңдей алатынын білдіреді. Процессордың разряды неғұрлым үлкен болса, компьютер бір тактіде соғұрлым көп ақпарат өңдей алады. Регистрлер машинаның жоғары шапшаңдығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. 
 
Ішкі жад. 
Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қаматамсыз етіп, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды. 
Ішкі жадта еске сақтайтын (жадтайтын) құрылғының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы (ТЖҚ) және жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ). 
ТЖҚ тұрақты программалық және анықтамалық ақпаратты сақтау үшін қолданылады.  
ЖЖҚ ақпаратты (программалар мен деректерді) уақытша жазуға, сақтауға және есебін алуға арналған. Компьютерді өшіргенде жедел жадтағының ішіндегісі де өшеді. 
Компьютердің ішкі жады реттелген электрондық элменттердің жиынтығынан тұрады. Әрбір элемент екі тұрақты қалыптың бірінде ғана бола алады. Яғни, ол екілік разряд болып табылады немесе басқаша айтқанда бір бит ақпарат сақтай алады. 
Компьютердің ішкі жадының әр байтының өз нөмірі болады.  
Байттар жағдайларға байланысты екіден, төрттен, сегізден бірігіп, ұяшықтар деп аталатын жад участкелерін құруы мүмкін. Мұнда кіргізілген байттардың біріншісінің нөмірі ұяшықтың да нөмірі болады. Мысалы, егер ұяшық 3, 4, 5 нөмірлі байттардан құрылған болса, онда ұяшықтың нөмірі 3 болады. Ұяшықтың нөмірі ұяшықтың адресі деп аталады. 
 
 
Сыртқы жад. 
Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады және қашан болса да, қандай болса да міндеттерді шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады. 
Сыртқы жад есте сақтайтын құрылғылардың әр алуан түрлерінен тұрады, бірақ неғұрлым кең тараған, негізінде кез келген компьютерде болатын түрлері – қатқыл (ҚМДЖ немесе НДД) және иілгіш (ИМДЖ) магниттік дискілерде, магниттік таспаларда (стримерлер), оптикалық дискілерде (CD-ROM – Compact Disc Read Onli Memory – тек оқитын ғана жады бар компакт-диск) және магнитті-оптикалық дискілерді жинақтауыштар болып табылады. 
Бұл жинақтауыштардың қызметі – ақпараттың үлкен көлемін сақтау, сақтаулы ақпаратты сұрау бойынша жедел жадтайтын құрылғыға жазу және басып шығарып беру.  
Ішкі жадта деректер мен программалар байттар менесе байттар тобы түрінде ұяшықтарда орналасады.  
Сыртқы жад құрылғысында сақталатын ақпарат көлемі үлкен болғандықтан, байттық әдіс қолайсыз. Біріншіден, көлемі тым үлкен. Екіншіден, пайдаланушылар үшін қиындық тудыратындығында. Процессормен жұмыс істейтін ішкі жадтан айырмашылығы – адамның сыртқы жад құрылғысымен тікелей жұмыс істеуіне тура келеді.  
Бұл проблемаларды шешу үшін сақтау құрылғыларының түріне, тасушының типіне, оның көлеміне, жазу және есепке алу жылдамдығына қатыссыз ақпарат сақтаудың арнайы пішіні ойлап табылды. Ақпарат тасушыға аты бар белгілі үлестер түрінде жазылады. Мұндай құрылым файлдық, ал үлестер файлдар деп аталады. 
Файлдарды орналастырудың үш варианты мүмкін: бірдеңгейлік, көпдеңгейлік және кестелік. 
Бірдеңгейлік схема жағдайында файлдар бірінен кейін бірі сызықты орналасады. Файлдарды іздеу, аты бойынша барлық файлдарды ретімен қарап шығу арқылы жүргізіледі. 
Кестелік сақтау жағдайында жолдар мен бағндар нөмірлері олардың қиылысқан жеріндегі файлдың координаттары болып табылады. 
Көпдеңгейлік жүйеде файлды іздеу «толық аты» деп аталатын файлдардың аты бойынша жүргізіледі. 
Жүйелік шина. 
Процессор мен жадты ақпараттық кеңарна немесе ішінде басқа шиналар: деректер беру кеңарнасы мен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады. Олардың әрқайсысы сегіз, он алты немесе отых екі сымнан тұратын жинақ болып табылады. Бұған байланысты оларды: сегіз, он алты немесе отыз екі разрядты шина деп атайды. 
 
Деректер шинасы мен адрестер шинасынан басқа жүйелік шинаға машинаның барлық блоктарына нұсқаулар беруге арналған командалар шинасы мен электрқоректену жүйесіне ДК блоктарын қосуға арналған қоректендіру шинасы кіреді. 
Жүйелік шина ақпарат берудің үш бағытын қамтамасыз етеді: 
1) микропроцессор мен негізгі жад арасында; 
2) микропроцессор мен сыртқы құрылғылардың енгізу-шығару портттары арасында; 
3) негізгі жад пен сыртқы құрылғылардың енгізу-шығару порттары арасында. 
Барлық блоктар, олардың енгізу-шығару порттары шинаға ағытпалар арқылы тікелей немесе контроллер (адаптерлер) арқылы қосылады. Микропроцессор жүйелік шинаны не тікелей, не жиі кездесетін қосымша микросхема – басқарудың негізгі сигналдарын қалыптастыратын шина контроллері арқылы басқарады. 
Сыртқы құрылғылар. 
ДК-нің сыртқы құрылғылары машинаның қоршаған ортамен пайдаланушыларымен, басқару объектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Сыртқы құрылғылар әр алуан, олар бір қатар белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. 
Мысал, міндеті бойынша сыртқы құрылғылардың келесі түрлерін ерекшелеуге болады: 
§ сыртқы жадтайтын (есте сақтаушы) құрылғылар немесе ДК-нің сыртқы жады; 
§ пайдаланушының диалогтік құралдары; 
§ ақпарат енгізу құрылғылары; 
§ ақпарат шығару құрылғылары; 
§ байланыс және телекоммуникация құралдары. 
Пайдаланушының диалогтік құралдарының құрамына бейнемониторлар (дисрлей) – ДК-ге енгізілетін және одан шығарылатын ақпаратты бейнелеу құрылғысы, сирегірек пульттік басу машиналары (пернетақтасы бар принтерлер) және сөздік ақпарат енгізу-шығару құрылғылары кіреді. 
Сөздік енгізу-шығару құрылғылары жылдам дамушы мультимедиа құралдарына жатады. 
Сөздік енгізу құрылғылары, бұл – мысалы, адам айтатын әріптер мен сөздерді тануға және оларды кодтауға мүмкіндік еберетін күрделі программалық жасауы бар түрлі микрофондық акустикалық жүйелер, «дыбыстық маустар». 
Сөздік шығару құрылғылары – бұл компьютерге қосылған дауыс зорайтқыштар (динамиктер) немесе дыбыстық колонкалар арқылы ойнатылатын, цифрлық кодтарды әріптер мен сөздерге айналдыруды орындайтын түрлі дыбыс синтезаторлары. 
Ақпарат енгізу құрылғыларына төмендегілер жатады: 
§ пернетақта – сандық, мәтіндік және басқарушы ақпараттарды ДК-ге қолмен енгізуге арналған құрылғы; 
§ графикалық – планшеттер – графикалық ақпаратты, кескіндерді арнайы нұсқағышты планшет бетімен жылжытып қолмен енгізуге құрылғы; 
§ сканерлер (оқитын автоматтар) – қағаз тасушыларындағы ақпаратты шығарып оқуға және машина терген мәтіндерді, графиктерді, суреттерді, сызбаларды ДК-ге енгізуге арналған құрылғы; 
§ манипуляторлар (нұсқау құрылғылары): джойстик (терте), маус, трекбол (жиекқұрсаудағы шар), сәулелік (жарықтанған), қаламұш және т.б. – графикалық ақпаратты дисплей экранына меңзердің экран бетімен қозғалуын басқару, кейіннен оның координаталын кодтау және оларды ДК-ге енгізуге арналған құрылғы; 
§ сенсорлық экрандар – дисплейдің полиэкранынан ДК-ге кескіннің жекелеген элементтерін, программаларды немесе командаларды енгізуге арналған құрылғы. 
Ақпарат шығару құрылғыларына төмендегілер жатады: 
§ принтерлер – ақпаратты қағаз тасушыларға шығаруға арналған басу құрылғысы; 
§ графиксалғыштар (плоттерлер) – ДК-ден қағаз тасушыларға графикалық ақпараттарды шығаруға арналған; 
Байланыс және телекоммуникация құрылғылары. ДК-ні байланыс арналарына, басқа ЭЕМ-дерге және есептеу желілеріне қосуға арналған. 
Мультимедиа құралдары, бұл адамға әр түрлі, өзі үшін табиға орталарды: дыбысты, бейнені, графиканы, мәтінді, анимацияны және т.б. қолдана отырып, компьютермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін программалық және аппараттық құралдар кешені.  
Қосымша құрылғылар. 
Жүйелік шинаға және ДК-нің микропроцессорына микропроцессордың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және жақсартатын, интегралдық микросхемалары бар қосымша тақшалар: контроллері, енгізу-шығару сопроцессоры және т.б. қосылуы мүмкін. 
Математикалық сопроцессор жылжымалы үтірлі екілік сандармен, екілік кодталған ондық сандармен операцияларды жылдамдата орындау үшін, тригонометриялық функцияларды есептеу үшін қолданылады. 
Жадқа тікелей қатынау контроллері микропроцессорды магниттік дискілердегі жинақтауыштарды тікелей басқарудан босатады, бұл ДК-нің тиімді шапшаңдығын айтарлықтай арттырады. Бұл контроллер болмаса, сыртқы және жедел жад арасында дерек алмасу МП-нің регистрі арқылы жүреді, ал ол бар болған жағдайда, деректер МП-ның қатысуынсыз тікелей беріледі. 
Енгізу-шығару сопроцессоры микропроцессормен қатар жұмыс істегендіктен, бірнеше сыртқы құрылғылара (дисплей, принтер, НДД, ИМДЖ және басқалары) қызмет ету кезінде енгізу-шығару процедураларын орындауды едәуір жылдамдатады. 
Өңдеу принциптері. 
Компьютердің жұмыс істеу принципін жалпы түрде алғашқы рет 1946 жылы американдық ғалым Джон Фон Нейман сипаттап жазған. 
Программалық басқару принципі деп аталатын жұмыс істеудің бұл принципі мыналардан тұрады: 
Ø енгізу құрылғыларының көмегімен компьютердің ішкі жадына программа жазылады; 
Ø процессор программаның бастапқы нұсқаулары бар ішкі жадтың ұяшықтарындағыны шығарып оқиды; 
Ø ол нұсқауларды орындайды, олар: 
§ деректермен операциялар (арифметикалық немесе логикалық); 
§ жадтан деректерді оқу (арифметикалық немесе логикалық операцияларды орындау үшін); 
§ деректерді жадқа жазу (арифметкилық немесе логикалық операцияларды орындау нәтижесі); 
§ жадқа енгізу құрылғысы арқылы дерек енгізу; 
§ шығару құрылғыларына жадтан дерек шығару болуы мүмкін. 
Ø Егер алдыңғы ұяшықта жазылғанды орындау нәтижесінде өту болса, онда тура алдыңғы ұяшықтан кейін орналасқан немесе басқа ұяшықтағына шығарып оқуға ауысу. 
Осылайшы процессор нұсқаулар мен программаларды автоматты түрде орындайды – бұл программалық басқару принципі.

 

Оперативті  жады - (Оперативная память(ОЗУ)) немесе (ағылшынша Random Access Memory(RAM)) мәліметтерді қысқа уақытқа ғана сақтауға арналған құрылғы. Бір уақытта бірнеше бағдарламаның дұрыс жасауына  
септігін тигізеді. Оперативті жады аса қатты жылдамдықпен жұмыс жасайды. Сондықтанда оның аты Оперативка :). Әрине оперативті жадыдағы мәліметтер уақытша болғаннан кейін, компьютер сөнгенде жадыдан барлық мәліметтер жоқ болып кетеді.  
Егер компьютердің ішін ашып көрмеген болсаңыз, Оперативты жады төмендегі суреттегідей:

 
    Оперативті жадының сақтау жадысы үлкен болған сайын, оперативті жадыныңда  жылдамдығы ұлғая түспек. Мысалы оперативті жады 512 мб делік. Ондай оперативкі бір уақытта бірнеше бағдарламаны (ойын ойнап отырып, 
өлең қосамыз және агент ашып қоямыз) қамтуға күші жетпейді . Ал егер оперативті жады 1024 мб яғни 1Гб немесе оданда жоғары болатын болса, әрине ондай оперативті жады бірнеше бағдарламаны (өлеңді, ойын, агенті қоссаңда)бір мезетте қамти алады.  
Тағы мысалға: Егер компьютерге орнатылған жадыдан үлкен жадыны талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер қатып қалуы мүмкін. Оперативті жадының аумағының түрлері:  
1гб, 2б, 3 гб немесе 4гб. Өз компьютеріңізде қандай оперативті жады тұрғанын былай білесіз. Мой компьютер, тышқанның он жағы, сосын свойства төмендегі суретке қараңыз:

 

 

 
    Оперативті жады тек аумағына қарай емес тағыда басқа  түрлерге бөлінеді: - DDR, DDR2, DDR3. Әрине бұл жерде барлығы түсінікті DDR ең бірінші шыққаны,  
соған сәйкес ең нашары, ал DDR3 соңғы шыққаны, соған сәйкес ең жақсысы. Оперативті жадының түріне байланысты аналық тақшаға қосылатын жеріде өзгеше болады. Мысалға: Ескі аналық тақшаға жаңадан шыққан DDR3 оперативті жадыны қосу мүмкін емес.  
Себебі аналық тақшаның қосылар жері сәйкес келмейді. 
 
Бұлар процессерге жылдам мәлімет берумен өзгешеленеді: DDR: 200-400 МГц, DDR2: 533-1200 МГц, DDR3: 800-2400 МГц

 

Орталық процессор  немесе микропроцессор CPU (central processing unit - центральное процессорное устройство) - компьютердегі басты құрылғыларрдың бірі. Процессор басты қызмет атқарады. Мәліметтер өңдейтін құрылғы болып табылады. 
Қарапайым тілмен айтқанда компьютердің "миы". Бүкіл қимыл, Экранның алдында көріп тұрған көріністердің барлығы процессердің өңделуінен өтеді. Сондықтан процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. 
 
    Процессор микросхема ретінде ұсынылған және аналық тақшада орналасқан. Процессор температурасы тым тез жоғарлайтын болғандықтан үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылған. Процессор мен радиатордың арасына термапаста жағылады. 
 
    Процессордың жылдамдығы секундына неше такт өндеуінде. Бастапқы дербес компьютерлер бірнеше мегагерцпен(МГц) ғана шектелген, уақыт өте, дами келе, процессор жылдадығы гигагерцпен(ГГц) өлшенетін болған. Соған байланысты Ггц көп болған сайын жылдамдықта соған сәйкес тез болмақ. 
 
    Бірақ процессордың жылдамдығын одан әрі үлкейте беру температураның тым жоғарлауына алып келеді. Ондай жоғарғы температураны салқындататын құрылғы да төмен түсіре алмайды. Сондықтан қазіргі процессорлардың жылдамдығын үлкейту үшін ішкі жадының аумағын үлкейту арқылы және бір емес бірнеше ядро пайдалану арқылы жылдамдығын арттырады. Бір корпустың ішінде бірнеше ядро параллельно жұмыс жасайды. Сол себепті қазіргі процессорлар екі ядролық, төрт ядролық деп кете бермек. 
 
    Қаперіңізге: Дербес компьютерлің жылдамдығы тек процессордың жылдамдығына қарамайды. Дербес компьютердің ортақ жылдамдығы оперативті жады, бейне тақта және тағы басқа құрылғыларғада байланысты.

 

Қорек қорабының  басты міндеті - Сырттан келген өзгермелі  тоқты, Дербес компьютердің жұмыс жасауына жарамды етіп өзгерту.  
Қорек қорабы сырттан келген 120в немес 220в өзгермелі кернеуді +5в немесе +12в тұрақты кернеуге өзгертеді, кейбір жүйеде +3,3в. Калыпты жағдайда компьютердің құрылғыларына +5 немесе +3,3в кернеу қолданылады. Тек қоғалтқыштарға (мысалы вентиляторларға) +12в кернеу қолданылады. 
 
     Жоғарыда айтылған кернеу күші (+5в немесе +12в) шектеуден асып кетпесе, Дербес компьютер қалыпты дұрыс жұмыс жасайды. 
 
     Қорек қорабы тоқтың кернеу күшін өзгертіп ғана қоймай, кернеу күші шектен тыс көп болса, кернеу қалыпты жағдайға келмейінше дербес компьютердің қосылуына жол бермейді. 
 
Қорек қорабы қосылар алдында өз ішіндегі кернеудің күшін тексерістен өткізеді. Содан кейін Аналық тақшаға белгі беріледі Power_Good(қосуға жарамды). Егер ондай белгі Аналық тақшага келмесе, Дербес компьютер қосылмайды.  
Сырттан келген тоқтың кернеуі тым жоғары немесе тым төмен болуы мүмкін, сол кезде қорек қорабының қалыпты жұмысы бұзылып, ысып кетуі ғажап емес. Сондай жағдайда Power_Good белгісі жоғалып Дербес компьютер сөніп қосылады немесе мүлдем сөніп қалады. Егер сіздің Дербес компьютеріңіз қосылғанда тірі екеніне белгі бермесе, бірақ Кулер(вентилятор) айналып тұрса. Онда Аналық тақшаға Power_Good белгісі келмей жатқаны. 
 
    Уақыт өте қорек қорабыда азды көпті өзгерістерге ұшыраған соның ен бастысы құрылғыларға қосылатын тоқ беретін шнурларының өзгерісі. 
 
1. Ескі қорек қорабының құрылғыларға қосатын шнуры 
2. Жаңадан шыққан қорек қорабының құрылғыларға қосатын шнуры. 
 
    Қорек қорабында болатын проблемалар  
 
1. Қосыларда кез келген қателер мен компьютердің жай қосылуы 
 
2. Ойламаған уақытта компьютердің сөніп қосылуы немесе жұмыс барысында қатып қалуы  
 
3. Бір мезетте Қатқыл дискі мен вентилятордың тоқтап қалуы (тоқтың кернеуі +12в жетпеуі)  
 
4. Вентилятордың жасамауынан компьютердің ысуы. 
 
5. Компьютердің сөніп қосыла беруі 
 
6. Жүйелік қораптың сыртын ыстағанда тоқпен ұруы 
 
    Жоғарыда айтылған белгілер немесе проблемалар тек қана қорек қорабынан емес, басқада құрылғылардың кесіріненде болуы ғажап емес. Ондай жағдайларда құрылғыларды кезекпен тексеру арқылы білуге болады. Әрине бас кезінде қиындау болар. Бірақ уақыт өте барлығы түсінікті әрі оңдауға жеңіл болары сөзсіз. Сол себепті үйренейік және оқиық. 
 
    Ал егер компьютер қосылмай, қорек қорап жақтан түтіннің исі шығып жатса. Маған сеніңіз қорек қорабы істен шыққан. :)

 

Қатқыл диск - (Жесткий диск немесе Ағылшынша Hard Disk Drive(HDD)) - бұл компьютердегі мәліметтерді сақтайтын негізгі тұрақты қойма. Барлық ақпарат екі жағы магнитпен қапталған металды дискиде сақталады. Дискіні тез жылдамдықпен айналдыратын қозғалтқыш болады және ақпаратты оқып жазатын головка бар. Қатқыл дисктің сыйымдылығы 80-500 гб немесе оданда үлкен болады.

 

Қатқыл  дисктің кішкентай басының(головка) аумағы таң қаларлық.  
Ұзындығы жүзден төмен нанометр, ал қалыңдығы 10 нанометр. Кішкентай бас - металды дискінің үстінде минутына 15 000 айналым жасайды. Ал металды дискімен кішкентай бастың арасы 40 атомға тең. Металды диск айналмай тұрғанда кіншкентай бас қауыпсіз зонада болады. Соның арқасында металды дискіге тимейді. 

 

Қатқыл  диск аналық тақша мен қорек қорабына екі түрлі болып қосылады. 
1. IDE connectors - ескі түрі. 
2.Sata connectors - IDE connectors кейін шыққан.  
Суретте көріп тұрғаныңыздай сол қапталындағы шнур Аналық тақшаға қосылады, ал оң қапталдағы шнур қорек қорабының шнуры. 
 
Соңында айтарым -  
әрине компьютердің барлық құрылғылары маңызды, бірақ процессор немесе бейне тақта бұзылып қалар болса, жаңасын сатып алуға болады. Ал егер қатқыл диск істен жығар болса, әрине жаңасын сатып алуға болады. Бірақ сізге ешкім қатқыл дисктің ішіндегі ақпараттар мен құжаттарыңызды және суреттіңізді қайтарып бере алмайды. Сондықтан маңыза бар құжаттарыңыздың көшірмесін түсіріп жүріңіз.

Диск желегі

28-05-2012, 12:17 389 admin     

 

 
Диск желегі - CD-DVD диск жетектері  мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндін береді. 
 
Диск желегінің түрлері: 
 
1.CD-ROM;  
 
2.CD-RW; 
 
3.DVD-ROM; 
 
4.DVD/CD-RW; 
 
5.DVD RW; 
 
6.DVD RW DL; 
 
7.HD DVD-ROM;  
 
8.HD DVD/DVD RW 
 
 
1.CD-ROM - диск желегінің қарапайым түрі тек CD дискилерді оқиды. 
 
2.CD-RW - CD-ROM ұқсас. Өзгешелігі дискиге ақпарат жаза алады. 
 
3.DVD-ROM - CD/DVD дисклерді тек оқи алады. 
 
4.DVD/CD-RW - DVD-ROM сияқты тек СD дискіге ақпарат жаза алады. 
 
5.DVD RW - CD(RW) және DVD (RW) оқып ғана қоймай, дискілерге ақпарат жаза алады  
 
6.DVD RW DL - DVD RW өзгешелігі екі жақты дискілерге ауқымды ақпарат жаза алады 
 
7.HD DVD-ROM - HD DVD форматтағы дискіні оқи алады 
 
HD DVD - жаңадан шыққан дискілердің бір түрі.DVD дискіге қарағанда Жоғарғы сападағы киноларды, үш есе үлкен ақпараттарды жазуға мүмкіндік береді. Бір жақты HD DVD дискіге 15Гб, ал екі жақты дискіге 30гб жазуға болады. 
 
8.HD DVD/DVD RW - HD DVD-ROM қарғанда DVD-R, DVD+R, DVD-RW, DVD+RW, CD-R, CD-RW форматтағы дискілерге ақпарат жаза алады.

Бейне тақта

28-05-2012, 10:59 390 admin     

 

    Бейне тақта - аса бір керек құрылғылардың бірі. Басты міндеті компьюетрдің жадында жатқан ақпараттарды суретке өзгертіп, мониторға бейне сигнал ретінде жіберу. 
Бұл күнге дейін бейне тақта шығаратын ең мықты екі мекеме бар Nvidia және AMD (ATi).  
 
    Бейне тақтаның өзінің меншікті оперативті жадысы бар. Басты міндеті өткен суреттерді және өзгермелі суреттерді жадыда сақтау. Бейне жады одан басқа экранда көрінбейтін элементермен басқада ақпараттарды сақтайды. Бейне жады жылдамдығына карай бірнеше түрге бөлінеді: 
 
DDR, DDR2, GDDR3, GDDR4 и GDDR5. 
 
Бейне тақта алар кезде басты назарды бейне жадыға аударған дұрыс. Ойын үшін 1024мб немесе оданда жоғары, ал жұмыс үшін 512мб жарап қалады. 
 
    Аса көп тараған порттар: 
 
1. HDMI - жоғарғы сападағы мультимедиялық бейнелерді өндеуге арналған порт. 
 
2. VGA - бастап ең бірінші шыққан портардың бірі.Электронды сәулелі трубкалы (электронно-лучевых трубках (ЭЛТ)) мониторға арналған порт. 
 
3. DVI - VGA-дан кейін шыққан, сұйықкристалды мониторлар мен проекторларды қосуға арналған порт.

 

 

  Аналық тақша - Бүкіл жүйенің басты құрылғысы. Қарапайым тілмен айтқанда компьютердің фундаменті.  
Қалған барлық құрылғылар осы аналық тақшаға қосылады. Аналық тақша медный сымды сетьпен қапталған.  
Сым арқылы қосылған басқа құрылғыларға тоқ беріледі. Басында айтқандай аналық тақша компьютердің фундаменті болғандықтан, компьютердің жалпы мінездемесі аналық тақшаға байланысты. 
 
    Төмендегі суретте аналық тақшаның жоғарыдан қарағандағы көрінісі көрініп тұр. Сонымен аналық тақшамен жақынырақ танысайық: 
 
    1. Процессорге арналған ұяшық; 2. Солтүстік көпір; 3. Онтүстік көпір; 4 және 5. Жедел жадыға арналған ұяшық; 6. Флоппи-дисководты қосуға арналған ұяшық; 
7. ATA100/ATA133 құрылғыларды (Мысалға: Қатқыл диск, диск желегі т.б) қосуға арналған ұяшық; 8. Serial ATA құрылғыларды (Мысалға: Қатқыл диск, диск желегі т.б) қосуға арналған ұяшық; 
9. PCI ұяшықтары; 10. PCI-Express x16 ұяшықтары; 11. PCI-Express x1 ұяшықтары; 12. Қореқ қорабы қосылатын ұяшық; 13. Қореқ қорабы қосылатын қосалқы ұяшық; 14. Бейне тақтаға тоқ бертін ұяшық;  
15. Кернеуді қалыптандырғыш; 16. IEEE 1384 (FireWire); контроллері; 17. Дыбыс контоллері; 18. сетьтің контроллері; 19. BIOS ROM (CMOS); 20. BIOS-қа арналған қуат көзі;

 

 

 
     
 
Қәперіңізге: 
 
Кез келген аналық тақшаға, кез келген құрылғылар келе бермейді. Мысалға: Кейбір Бейне тақталар, Жедел жадылар аналық тақшаға сәйкес келмейді. Сондықтан компьютерге құрылғы алатын кезде, Аналық тақшамен сәйкес келе ма, жоқ па білмесеңіз, сатушыдан сұрап алыңыз. Аналық тақшамен басқа құрылғылардың сәйкестігін, бұйырса алдағы уақытта жазатын боламын. 

Информация о работе Дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеуі