Деректер қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 06:18, реферат

Описание

Деректер қоры(ДҚ)-құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. ДҚ – да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни діскілік файл – деректер қоры, оған енгізілетін кесте – ДҚ құрамында сақталушы обьекті.
Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар: иерархиялық, реляциялық және тораптық.

Работа состоит из  1 файл

Деректер қоры.doc

— 41.00 Кб (Скачать документ)

Деректер  қоры

   Деректер қоры(ДҚ)-құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. ДҚ – да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни діскілік файл – деректер қоры, оған енгізілетін кесте – ДҚ құрамында сақталушы обьекті.

   Деректерді және  олардың арасындағы байланыстарды  ұйымдастырудың түрлі типтері  бар: иерархиялық, реляциялық  және тораптық.

   Иерархиялық ДҚ  – ында жазба элементтері реттеліп  жазылады да,  бір элементі  негізі, қалғандары бағыныңқы элементтер  деп есептеледі.

   Реляциялық ДҚ  – кесте түрінде дайындалған  берілгендер. Ол ең көп таралған  берілгендер қоры, кестелер арасындағы  байланыстар – жиі пайдаланылатын  ең маңызды ұғым.

   Реляциялық деректер  қорын құру және онымен жұмыс  істеуді басқару үшін көптеген  арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access. Оларды Деректерді қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп аталады.

   Деректерді қорын  басқару жүйелері дегеніміз мәліметтер  базасын құруға, оны мәліметтермен  толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.

   Дүние жүзінде  мәліметтер базасын басқару жүйелерінің  түрлері өте көп. Олардың әрбіруінің  түрлі обьектілерімен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан бізге бір ғана мәліметтер базасын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті. Солардың ішінен Microsoft Office программасының құрамына енетін Microsoft Access 2003 мәліметтер базасын басқару жүйесін таңдап алдық.

   

Мәліметтер  базасы  өрістерінің қасиеттері.

Өрістер мәліметтер базасының  құрылымын ғана емес, сонымен қатар  мәліметтердің топтық қасиеттерін  де анықтайды.

  • Өріс атауы – мәліметтер базасына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу керектігін анықтайды.
  • Өріс типі – берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды
  • Өріс өлшемі – берілген өріске енгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды
  • Енгізу қалқасы – Енгізудің түрін анықтайды
  • Қолтаңба – берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды
  • Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән – ұяшықа автоматты түде енгізілетін мән.
  • Мәнге қойылатын шарт – мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу
  • Қате туралы хабар – Қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту
  • Міндетті өріс – Мәліметтер базасын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет
  • Бос жолдар – бос жолдан тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет
  • Индекстелген өріс – егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдар жылдамдылатылады. Индекстелген өрістер үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді ұйымдастыруға болады.

 

Мәліметтер  типі.

Мәліметтер базасының  кестесі көптеген мәліметтер типімен  жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:

  • Мәтіндік - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі
  • МЕМО өрісі – үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі.
  • Сандық – нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі.
  • Мерзімі\уақыты – күтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақтауға арналған мәліметтер типі.
  • Қаржылық – қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі.
  • Санауыш – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі.
  • Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған тип.
  • OLE обьектілер өрісі - әртүрлі обьектілерді сақтауға арналған мәліметтер типі.
  • Гиперсілтеме – Интернеттің Web-объектілерінің URL-адрестерін сақтауға арналған өріс.
  • Ауыстырулар шебері – бұл арнаулы емес мәліметтер типі.Бұл объектінің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды дайын тізімнен таңдап алатындай етіп ұйымдастыруға болады.

 

Мәліметтер  базасының объектілері

   Microsoft Access 2003 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі обьектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.

   Кестелер. Бұл кез келген мәліметтер базасының негізгі обьектісі болып табылады. Біріншіден кестелерде мәліметтер базасындағы барлық ақпарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалған өрістерді кілттік өрістер  деп атайды. Олардың кемінде бірнуінің кілттік өрісі бірегей, екіншісінің өрісі осы типті болуы тиіс. Басқа нұсқау берілмесе, Access автоматты түрде есептегіш өріс құрып, оны кілттік етіп қояды. Қолдан бірнеше өрістерді кілттік етіп қою да қиын емес.

Сұраныс.Бұл обьекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрынан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестеледе қарапайым есептеулер жүргізіледі.

   Жаңадан қолданушылар сұраныстың ролін аса терең түсінбейді, өткені сол операцияларды кестеменде жүргізуге болады деп ойлайды. Бірақ жай кестелермен жұмыс істегенде кез – келген уақытта ондағы мәліметтерді байқаусызда жоғалтып алуымыз мүмкін. Ал сұраныстың көмегімен ол кестелерге қатынау шектелінеді.

   Сұраныстың ерекшелігі  – олар негізгі кестелердегі  мәліметтердің негізінде уақытша  қорытынды кесте құрады. Негізгі  кесмен жұмыс істегенде біз  қатты дискімен жұмыс істейміз, оған кез – келген кезде  қатынау көп уақытты алады.  Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, ал оған қатынау тез уақытта жүзеге асырылады.

   Реттелген кестелік құрылымдардың ең басты кемшіліктері – оны жаңарту, яғни оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады. Бұл мәселе мәліметтер басқару жүйесінде өз шешімін тапқан.

   Қалыптар Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, алқалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.

    Қалыптардың  көмегімен мәліметтеді экранға  бейнелеп беруге борлады. Сұраныстың  көмегімен де экранға шығарылған  мәліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мәліметтерді енгізу арнаулы безендіру құралдарын қолдану қожет.

   Есептер.Өзінің қасиеттерімен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттанына арналған арнаулы безендіру элементтері бар.

   Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы обьектілері Microsoft Access 2003 – те ғана жүзеге асырылған Бұл – WEB – бетте орналастырыалатын және қолданушыға сол WEB – беттен берілетін, HTLM кодында жазылатын өте айрықша обьекті. Жеке өзін алсақ бұл обьект мәліметтер базасы болып есептелінбейді, бірақ ол сервердегі мәліметтер базсын жіберілген WEB – бетпен байланыстыратын компоненттерді қамтиды.Осы компоненттерді қолдана отырып WEB – тораптағы қолданушы мәліметтер базасындағы жазбаларды көре алады.

   Макрастар мен модульдер.Бұл категориядағы обьектілер осы мәліметтер базасые басқару жүйесімен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау аққылы жаңа функциялады құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі макростар МББЖ – нің ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады.Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.

 


Информация о работе Деректер қоры