Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 11:35, курс лекций
Машиналық командаларды орындайтын және басқа да құрылғылардың қызметін координациялайтын процессорлық құрылғыларды, әдетте командалар жүйесінің процессоры (Instruction Set Processor, ISP) немесе жәй процессор деп атайды. Біз процессордың ішкі құрылымын талдаймыз және ол таңдауды, дешифрацияны орындауды және программа командаларын өңдеуді қалай орындайтындығына тоқталамыз. Компьютердің процессорлық құрылғысын әдетте орталық процессор деп атайды (Central Processing Unit, CPU). «Орталық» термині бұрын қолданылған компбютерлерге байланысты айтылған, өйткені ол кездегі компьютерлерде бір ғана команда процессоры қолданылған, ал қазіргі компьютерлік жүйелерде бірнеше процессорлар қолданылады, демек ол термин ескірген деп айтуымызға да болады.