Ethernet және token ring технологиялалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 18:47, доклад

Описание

Компьютерлік желілер(Computer NetWork, net желі,work-жұмыс)–берілген ережелерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.

Работа состоит из  1 файл

Ethernet және Tokin Ring технологиялары.pptx

— 880.84 Кб (Скачать документ)

Ethernet және Token Ring технологиялары

   Компьютерлік желілер(Computer NetWork, net желі,work-жұмыс)–берілген ережелерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында   бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.

 

 

Компьютерлік желілер

  Желілік технология-компьютерлік желі құруға қажетті стандартты протоколдар мен солардың жұмысын жүзеге асыратын программалық-аппараттық құралдар жиыны.

 

    • Желілік технологиялардың кең тараған түрлері:
      • Arcnet;
      • Ethernet;
      • Token Ring
    • Arcnet–арзан,қарапайым сенімді жұмыс істей-тін технология.Мұнда “шина” және “жұлдыз” топологиялары қолданылады.Мұнда маркерлік шина (Token bus) арқылы басқару тәсілі қолда-нылады,яғни бір компьютер маркер жібереді. Сол маркер алынған соң,желідегі құрылғылар-дың тек біреуі ғана мәлімет жібере алады.Ол маркерге өз мәліметін және адрестерін қосып ары қарай жөнелтеді.

 

    Ethernet–жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі. Ethernet (ether «эфир»)–деректерді таратудың пакеттік технологиясы.Ethernet–тің арналық деңгейдегі моделі OSI. Ethernet 1990-жылдардың ортасында ең көп таратылған технология болып саналады.

Ethernet аппаратурасы

     Ethernet технологиясында шиналық топологияны қолданып,мәліметті бірден барлық желі компьютерлеріне (станцияларына) береді.Бірақ оны адресіне сәйкес тек біреуі ғана қабылдайды. Ethernet аппаратурасы көбіне кабельден,разъемдардан, Т-коннекторларынан, теминаторлардан жəне тораптық адаптерлерден тұрады. Кабель жұмыс станциялары арасында мəліметтерді тасымалдау үшін қолданады. Кабелді жалғау үшін разъемдар қолданылады. Бұл разъемдар Т-коннекторлар, жұмыс станциясының аналық платасындағы кеңейту слоттарына бекітілген арнайы платалар – тораб адаптерлеріне қосылады. Терминаторлар торабтың ашық соңына қосылады. Ethernet үшін түрлі кабелдер түрі қолдануы мүмкін:жіңішке коаксиалды кабель, қалың коаксиалды кабель жəне экрандалмаған витая пара. Мәлімет тасу жылдам-дығы 10 мегабит/c,бірақ жаңа мүмкіншіліктер пайда болуына байланысты (оптоталшық) жыл-дамдығын өсіруге болады.

 

    • Fast Ethernet желісінде ағымдағы арнаны бақылай отырып,көпарналы қатынасты жүзеге асыратын және қайшылықтарды (CSMA/CD Carrier Sense Multiple Acces  with Collision Detection) айқындай алатын  Ethernet технологиясы қолданылады.Fast Ethernet желісінде мәліметтер 100 Мбит/с жылдамдықпен тасымалданады,яғни Ethernet желісіне қарағанда он есе жылдам жүргізіледі.Қолданбалы программалар күрделенгенде және желідегі тұтынушылар саны артқан кезде мұндай жоғарғы өткеру мүмкіндігі қысылшаң кездерді болдырмайтын тәсілдің бірі болып табылады.   
    • Соңғы кездерде 10Мбит/с Ethernet және   100Мбит/с  Fast Ethernet шешімдерін қатарластыра  үйлестіретін қамтамасыз ететін жаңа шешім табылды.«Қос жылдамдықты» 10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet технологиясы-желілік тақша,концентратор,коммутатор сияқты құрылғыларға жоғарыдағы жылдамдықтардың (қай құрылғыларға байланысқанына байланысты) кез-келгенімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 

 

    • Gigabit Ethernet желілері  Ethernet және Fast Ethernet желілерінің инфрақұрылымымен үйлеседі,оның үстіне олар  Fast Ethernet желілеріне қарағанда 10 есе артық,яғни 1000Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей алады. Gigabit Ethernet желілері негізгі желілердің «қысылшаң» орындарын болдырмайтын мықты шешім болып саналады. «Қысылшаң» орындар тасымалдау арналарының өткеру  алабына сезімтал қолданбалы программаларға байланысты және интражелілер мен мультимедиалық программалардың трафиктері ағынының шамадан тыс ұлғаюына қарай туындайды. Gigabit Ethernet желісі  Ethernet және Fast Ethernet жұмыс топтарын біртіндеп жаңа технологияға көшіру тәсілі болып табылады.Мұндай тәсіл–олардың жұмыстарына өте аз әсер етіп,жоғары жұмыс өнімділігіне тез қол жеткізу мүмкіндігі.

 

G

I

G

A

B

I

T

E

T

H

E

R

N

E

T

 

 

    • Token Ring технологиясын IBM фирмасы ұсынған.Token Ring желілері Ethernet желілері сияқты,сақинаға әкеліп барлық желінің станцияларын қосатын, кабельдер үзінділерінен тұратын,мәліметтерді тасымалдау ортасы.Token Ring технологиясы 1984 жылы IBM компониясымен жасалынған. Token Ring желілері екі биттік жылдамдықтармен жұмыс істейді–4 және 16 бит/сек. Token Ring технологиясы кедергіге тұрақтылық қасиетіне ие.Token жылдамдықтарында жұмыс Token Ring желісінде,сақина тәрізді құрылымды кері байланысты қолданатын,желінің жұмыстық бақылау процедуралары анықталған.

 

 

 Ethernet және Token Ring технологияларының салыстырмалы сипаттамалары

Назар аударғандарынызға  рахмет!!!

 

1


Информация о работе Ethernet және token ring технологиялалары