Front page редакторы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:29, доклад

Описание

HTML (Hypertext Markup Language - “гипермәтіндік белгілеу тілі”) — ғаламторда гипермәтін мен басқа ақпараттан тұратын web-беттерді жасауға арналған белгілеу тілі.
Неғұрлым маңызды HTML редакторы деп Microsoft Front-Page – ні атауға болады.
FrontPage программасы Office құрамына кіретін басқа да программалармен үйлесімді, демек қажетті жағдайда басқа программалармен деректерді ауыстыру жеңіл орындалады. Microsoft Word-қа өте ұқсас келеді. Front Page – кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді.

Работа состоит из  1 файл

Front page редакторы.pptx

— 1,007.96 Кб (Скачать документ)

Front page редакторы

Жалпы мәліметтер

 

    •  HTML (Hypertext Markup Language - “гипермәтіндік белгілеу тілі”) — ғаламторда гипермәтін мен басқа ақпараттан тұратын web-беттерді жасауға арналған белгілеу тілі.

 

    • Неғұрлым маңызды HTML редакторы деп Microsoft Front-Page – ні атауға болады.

 

    • FrontPage  программасы Office құрамына кіретін басқа да программалармен үйлесімді, демек қажетті жағдайда басқа программалармен деректерді ауыстыру жеңіл орындалады. Microsoft Word-қа өте ұқсас келеді. Front Page – кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді.

 

Редакторды  іске қосу үшін мынандай әрекеттер  орындалады:  
Іске қосу (Пуск)→ Программалар → Microsoft Office →MS FrontPage   

Конструктор бетшесінде веб-бет дайындалады, яғни негізгі мәтін, графикалық суреттер, кесте, тізімдер орнатылады, мәтінді  форматтау жүргізіледі, олардың  қасиеттері мен әрекеттерін беруге болады. Немесе бетті фреймдерге, макеттік кестелерге бөлу де осы бетшеде жүргізіледі.

 

Бөліп көрсету  бетшесінде Конструктор және Код  бетшелері  қатар бір терезеге ашылады, Конструктор бетшесіндегі бет мазмұны төменгі бөлікке, ал Код бетшесіндегі HTML коды жоғарғы  бөлікке көрінеді. Бұл бет арқылы әрбір объектінің HTML тегін  қарап  алуға, өзгертуге, атрибуттар қосуға болады.

 

Код бетшесі  арқылы беттің HTML тілінде жазылған программасын көруге болады. Бұл беттен кодты өзгерту арқылы бет мазмұнын түзетуге болады.

 

Алдын ала қарау бетшесі – веб-бетті интернетке орнатқанда қалай көрінетін болса, солай көрсетеді.

Web-парақтар  редакторы

 

MS FrontPage программасында бетке мәтін орнату Конструктор бетшесінде жүргізіледі. Конструктор бетшесі MS Word программасына өте ұқсас. Word программасында мәтінді қалай енгізіп, өңдесек, MS FrontPage программасында да солай орындалады. Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Шрифт қасиеттерін аспаптар тақтасының көмегімен немесе Формат→Шрифт командасы арқылы береміз.  Формат→Шрифт командасын орындағанда шрифт сызылымын, өлшемін, түсін, түрөзгерісін таңдауға болатын келесі сұхбат терезе ашылады.

Кесте орнату үшін  келесі команда орындалады, сол кезде Кесте қою сұхбат терезесі ашылады. осы терезе кестенің жолдары мен бағандарының санын, ұяшық мәтіндерін туралау жолдарын, жол биіктігі мен баған енін, кесте шекараларының қалыңдығын, фон түсін қоюға мүмкіндік береді.

Веб-бетке тізім орнату үшін Формат→Тізім  командасын орындап, Тізім сұхбат терезесін ашамыз. Кәдімгі маркерлер бетшесінен маркер түрін таңдаймыз, Нөмірлеу бетшесінен нөмірлену түрін таңдаймыз. Қойылған маркердің немесе нөмірдің тұсына тізімнің бірінші мәтіні енгізіп, Enter пернесін басамыз, сол кезде келесі маркер немесе нөмір автоматты түрде  қойылады да, тұсына мәтін жазылады. Осылай тізім толтырылады, соңғы мәтін енгізілгеннен кейін Enter пернесі екі рет басылады.

Гиперсілтеме құру: ашылатын құжат адресін беру, олардың түстерін анықтау, беттердің ашылу анимациясын беру. Сілтемелер панелін құру.

 

MS FrontPage    программасында гиперсілтеме құру үшін алдымен гиперсілтеме болатын мәтінді белгілеп алып, Қою (Вставка) → Гиперсілтеме  командасын орындаймыз. Сол кезде Гиперсілтеме орнату сұхбат терезесі ашылады. Байқап отырсақ, жоғарыда белгіленген мәтін терезенің Мәтін бөлігіне жазылады. Бұл сілтемені басқан кезде ашылу қажет бетті төмендегі ағымдағы бума бөлігінен іздейміз.

 

 

 

Ал гиперсілтемені басқан кезде басқа құжат ашылу қажет болса, оны Бума бөліне басып ашылатын құжатты белгілейміз. ОК батырмасына басамыз. Гиперсілтеменің жұмыс жасап тұрғандығын тексеру үшін бетті сақтап алып, F12 батырмасына басамыз. Тексеріп болғаннан кейін       жабу батырмасына басып, FrontPage программасына қайтып келеміз.

   
Бетті фреймдерге бөлу, фреймдерге әртүрлі құжаттарды жүктеу.  

 

FrontPage программасында бетті фреймдерге бөлу үшін алдымен Құру (Создание) есептер аймағындағы Беттің басқа шаблондары (Другие шаблоны страниц) сілтемесіне басамыз.

 

Сол кезде Беттер шаблондары сұхбат терезесі ашылады, оның Рамалар беті бетшесін ашып алып, қажет фреймдерді таңдаймыз. Төменгі Үлгі (Образец) бөлігінде беттің бөліктерге қалай бөлінетіні көрсетіледі. Қажет фреймдерді таңдағаннан кейін ОК батырмасына басамыз.

Бет фреймдерге бөлінгеннен кейін оларға Бастапқы бетті беру (Задать начальную страницу) дайын беттерді жүктеуге болады немесе Бетті құру (Создать страницу) батырмасын басу арқылы жаңа бет ашып, мазмұнын толықтырады.

MS FrontPage программасында  форма құру,  
форма элементтерін жасақтау.

 

MS FrontPage программасында  форма құру үшін Қою (Вставка)  → Форма→ Форма командасын  орындаймыз да, төртбұрышты аймақ  сызып аламыз. Ішіне қажетті форма  элементтерін толтырамыз. Мәтіндік  өріс, айырғыштар, батырма, төменге  ашылатын меню, сияқты тағы басқа  форма элементтері де Қою (Вставка)  → Форма командасы арқылы қойылады.

 

 

1


Информация о работе Front page редакторы