Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 18:34, реферат
График түрінде компьютердің мониторындағы ақпараттардың берілуін тұңғыш рет 50-жылдардың ортасында үлкен ЭЕМ-дер үшін ғылыми және әскери зерттеулерде қолданған. Содан бері, ақпараттар бейнесінің график түріндегі әдісі компьютерлік жүйлердің ажырамас бөлігі болды, әсіресе дербес компьютерлер үшін.
Компьютерлік графика - бұл бағдарламалы-аппаратты есептеуіш кешендер көмегімен информатиканың арнайы үйрететін әдістер және суреттерді өңдеу аймағы. Ол түрлер мен суреттер ұсынысының барлық формаларын қамтиды: адамдардың қабылдауы үшін түсінікті немесе монитор экранында, сыртқы сақтаушылар түрінде (қағаз, кинопленка және т.б). Бүгінгі күні компьютер графикасы қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды.
Графикалық редакторлар
График түрінде компьютердің мониторындағы ақпараттардың берілуін тұңғыш рет 50-жылдардың ортасында үлкен ЭЕМ-дер үшін ғылыми және әскери зерттеулерде қолданған. Содан бері, ақпараттар бейнесінің график түріндегі әдісі компьютерлік жүйлердің ажырамас бөлігі болды, әсіресе дербес компьютерлер үшін.
Компьютерлік графика - бұл
бағдарламалы-аппаратты
Қолданылатын компьютердегі суреттерді өңдеу үшін арнайы графикалық редакторлар қолданылады. Графикалық редактор - графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, әрі оларды түзетуге, толықтыруга арналған бағдарлама, яғни графикалық кескіндерді, көріністерді, суреттерді, сол сияқты мультипликацияны құруға арналған құралдармен қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен болып табылады. Графикалық редакторлардың бірнешеуін қарап шығатын болсақ:
Графикалық редакторлардағы кескіндер әр түрлі сақталады.
Растрлық графика
- экран бетінде немесе қағазда
жеке нүктелердің жиынтығы ретінде
көрсетуге негізделген. Растрлық гафиканың
негізгі түсінігі-пиксель
Векторлық графика – бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және т.б геометриялық примитивті пайдаланып, компьютерлік графикада кескінді өрнектеу. Векторлық графикада барлық компаненттер математикалық түрде суреттеледі, демек абсалютті тура. Құндылығы: сапаны жоғалтпайды, шексіз үлкейтуге болады және кіші көлемді файлдарда сақталынады. Растрлық графикада кескіндердің базалық элементі - нүкте болса, ал векторлық графикада - сызық болып табылады.
Графикалық редакторлар кескіндері жасап қана қоймай, алынған кескінді сақтай алады. Ол үшін векторлық және растрлық графикаларға тән файлдар бар.
Растрлық графикадағы кескіндерді сақтауға арналған файлдардың қалыбы. Ереже бойынша растрлық графикадағы кескіндерді сақтау екі логикалық бөліктен тұрады: басы және берілгендер аймағы. Басында файлдардың қалыбы көрсетіледі: кескіндер тігінен және көлденең, түстер саны, палитра және тағы басқалар. Берілген аймағында пиксельдердің түстері қосылады. Қазіргі кезде төмендегі файлдардың қалыбы кең тараған:
1. Bmp (bit map) – бит картасы.Бұл қалып Windows (Paint)-та кең тарлаған. Қалыптағы файл екі бөліктен құралған:
1) Басы, онда пиксель түсін кодтайтын кескіннің және бит санының мүмкіндігі көрсетілген;
2) Берілгендер аймағы кескіндердегі пиксельдердің түсі тізбектелген бит түрінде сақталады.
2. pcx. – қалыбы. Ол файлдардан жадыға жедел қайта жазуын және кері жазуын орындауға мүмкіндік беретін, кескіндерді сығудың қарапайым әдісі. Берілген қалып көптеген графикалық редакторлада қолданылады, көп жағдайда Paint-та. тif қалыбымен бірге pcx. қалыбы сканерлерде қолданылатын кең тараған қалыптадың бірі болып табылады. Бұл қалыптағы файлдың басында pcx қалыбы жөніндегі ақпараттардың нұсқасы көрсетіледі. Мысалы: ақпараттарды сығу үшін қолданып, қолданылмағаны, кескіндердің түсі, өлшемі, скане мен дисплейдің мүмкіндігі. pcx қалыбында орналасқан файлдағы кескіндерді сығу үшін байтты екі байтқа алмастыратын топтық кодтау әдісі қолданылады: қайталауыш байт және қайталанатын байт.
3. GIF қалыбы файлдардың барынша қарапайым құрылымында және атрибуттар саны кескіндерді pcx алгоритміне қарағанда біршама тиімдірек қолданады. Бұл қалып қазіргі уақытта Internet-те гипермәтіндік құжаттарға графикалық ақпараттарды енгізу үшін пайдаланады.
4. TIF (Tag Image Fail Format) қалыбы. Осы қалыптың негізгі қолдану аймағы үстел баспа қызметі және оған қатысты қосымшалары болып табылады. Бұл қалып кескіндердің қосылуын дәл сипаттауға мүмкіндік беретін атрибуттар жиынын алады. Сканермен көшіріп алынған суреттерді сақтау үшін осы қалып жиі қолданылады. Негізінен GIF және TIF қалыптары lzw сығуларында пайдаланады. Бұл алгоритмн оны құрастырушылар Lampel, Ziv және Welch атымен аталған.
5. jpg. қалыбы кескіндерді қажетті көлемге дейін сығу үшін қолданатын арнайы сығу алгоритмі. Мұндай жағдайда кескіндердің сапасы жоғалады. Әдетте оны Internet-тегі гипермәтінді графикалық ақпараттарды енгізуде кең тараған.
Векторлық кескіндерді сақтай үшін графикалық редакторлар өзінің қалыптарын қолданады.
Графикалық редакторлардың ортасы. Көптеген графикалық редакторлардың қолданбалы интерфейсі келесідей болып ұйымдастырылады. Экранның сол жағында кескіндерді редакциялау прцесінде қолданатын құралдардың суреті бар пиктограммалардың жиыны орналасады. Экранның төменгі жағында қолданушы қалаған түсін таңдау үшін – палитра, ал экранның қалған бөлігі жұмыс өрісі болып табылады. Жұмыс өрісінде графикалық редакторлардың жұмыс тәртібін өзгертіп тұратын мәзір орналасқан. Палитраның сол жағына фонның түсіне боялған шаршы шығады. Оған қоса екі шаршы қосылады: жоғарғысы бірінші жұмы түсімен, төменгісі екінші жұмыс түсімен боялған. Экранның сол жақ төменгі бұрышында жұмыс құралдарының енін орнатуға мүмкіндік беретін калибрлеу шкаласы көрсетіледі.
Графикалық редакторлардың аспаптар тақтасы. Графикалық редакторларда қарапайым, түзу сызық, қисық, эллипс, көпбұрыш және тағы басқа графикалық объктілерді құру үшін аспаптар топтамасы болады. Аспаптар тақтасында объектіні таңдағаннан кейін редактор терезесінің кез-келген жерінде салуға болады.
Графикалық редакторлардың аспаптары. Графикалық редакторларда кескіндердің элементтерінде әр түрлі әрекеттер орындауға болады: көшіру, көлемін өзгерту, жою, бұру және тағы басқалар. Қандай да бір әректті орындау үшін алдымен объктіні ерекшеу қажет.
Растрлық графикада объектіні ерекшелеуде әдетте екі құрал болады: тік төртбұрышты аумақты ерекшелеу және кез-келген аумақты ерекшелеу. Ерекшелеу әдісі сурет салу әдісіне ұқсас болады.
Векторлық графикада объектіні белгілеу объектіні ерекшелеу (аспаптар тақтасында меңзер түрінде көрсетілген) аспабы арқылы жүргізіледі. Объектіні ерекшелеу үшін аспапты таңдап кескіндегі кез-келген объектіде шертсе жеткілікті.
Ерекшеленген бөлікпен жүргізілетін әрекеттер. Бөліктермен және буфермен жүргізілетін жұмыс кескіндердің бөлігін басқа жерге орналастыру, бірнеше көшірмесін алу немесе келесі қосымшаға жіберу сияқтыларды орындайды. Ерекшеленген аумақты басқа орынға апару үшін меңзердің солжағын басып тұрып қажетті жерге апарады. Сол сияқты, бөліктерді файлдарға орналастыруға болады. Кескіндердің бөліктерімен көлемін өзгерту, созу, бұру еңкейту, шағылыстыру сияқты басқада әрекеттер орындалады.
Кескіндерді редакторлеу аспаптары суреттерге өзгеріс жасауға арналған: бөлшектерін өшіру, түсін өзгерту және тағы басқалар. Кескіндерді өшіру растрлық графикалық редакторларда «Өшіргіш» құралы арқылы іске асады және өшіргіштің көлемін өзгерте отырып кескіннің бөліктерін алып тастайды.
Векторлық редакторда кескіндерді өңдеу тек тұтастай кескінге кіретін объектілерді жою арқылы іске асады. Ол үшін алдымен қажетті объектіні ерекшелеп «Қию» әрекетін орындау керек.
Түстерді өзгерту әрекетін сурет салуда пайдаланған түстер топтамасы Палитра менюі жүзеге асырады.
Мәтіндік аспаптар суретке мәтін қосып және оны форматтауға мүмкіндік береді.
Суреттегі мәтіннің қаріптерін өзгерту. Мәтінді тергенде әр түрлі қаріптерді пайдалануға болады. Қаріп –әріптер, сан, символ және тыныс белгісі таңбаларының сырт пішінінің жиыны. Қаріптің негізі – атау, өлшем және пішін болып табылады.
Растрлық редакторлардағы «
Векторлық редакторларда да мәтінді форматтауға және мәтіндік аумаққа енгізіледі. б Сонымен қатар, суреттердің әр түрлі формаларын шығаруға болады.
Графикалық редакторлардың жұмыс істеу тәртібі. Графикалық редакторларда мүмкін болатын әрекеттерді,нұсқауларды жұмыс істеу тәртібін қолданушы таңдайды.
Сканерден шыққан графикалық ақпараттарды өңдеу үшін Photoshop, PhotoWoks, PhotoPlus редакторлары өңдей алады. Олар графикалық jpg, gif. қалыбындағы ақпараттарды өзгерте алады. Photoshop графикалық редакторын қолданып графикалық кескіндерді сканерден өткізер алдында, сканерді қосып және оған қажетті суретті, тағы басқаларды қойып Файл мәзірінен «TWAIN-32 Алу» пунктісін таңдап, Photoshopты іске қосуды таңдағанда сканер жұмысын бастайды. Preview тәртібінде сканерді төменгі мүмкіндікпен және сканерлеудегі аумақтың шетін құру арқылы орындалады, содан кейін Scan тәртібінде сканерлеу таңдалған аумақта жоғары мүмкіндікпен жүргізіледі. Сканерді басқаруды жапқанннан соң, Photoshop бағдарламасы кескіндерді оқиды, яғни әрі қарай көрсетілген кескінді өңдеуді осы бағдарлама арқылы іске асыруға болады. Оны аз көлем және орын алу үшін файлдың кеңейтілуі jpg етіп дискіде сақтайды. Мәтіндік ақпараттарды тану және өзгерту үшін Fine Reader бағдарламасы қолданылады. Бағдарламадан алынған мәтінді алмасу буферіне көшіріп, Word редакторында сақтайды.
1) Суретті жасалуы
а) қолмен сурет салу тәртібі:
ә) аспаптар тақтасын пайдалану
2) Суретті басқару
а) суреттің бөлігін ерекшелеу;
ә) суреттің ұсақ бөлшектерін өңдеу;
б) суреттің бөлігін эранның жаңа орынына көшіру, қию, жою тағы басқа;
в) суреттің жеке бөлшектерін тегіс жікпен немесе өрнекпен бояу;
г) суреттерді масштабтау;
ғ) суреттердің орынын ауыстыру;
д) суреттерді бұру.
3) Мәтінді суретке енгізу
а) қаріп таңдау;
б) символдарды таңдау
4) Түстермен жұмыс
а) өзіндік түстер палитрасын құру;
б) бояу үшін өзіндік өрнектер құру
5) Сыртқы құрылғылармен жұмыс
а) суреттерді файл ретінде стандартты қалыптарды (pcx, bmp, tif, gif, jpg, pngжәне тағы басқалар) дискіге жазу;
ә) дискіден файлдарды оқу;
б) суреттерді баспадан шығару;
в) суретті сканерлеу.
Көпжағдайда «Кисттің» орнына тышқанды, клавиатураны басқарғанда курсорды пайдаланады. Аспаптар тақтасы қисық және түзу сызықтарды, шеңберді, төртбұрыш және тіктөртбұрыштарды салғанда қолданылады.