Информация латынның information деген сөзiнен шыққан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 19:45, доклад

Описание

Ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлген әлемнiң, заттың бейнесi болып саналады. Ақпарат алу дегенiмiз – бiздi қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бiр-бiрiне қатысуы жөнiнде нақты мағлұматтар мен мәлiметтер алу деген сөз.

Работа состоит из  1 файл

Акпарат угымы.docx

— 13.16 Кб (Скачать документ)

Информация  латынның information деген сөзiнен шыққан. Ол түсiндiру, баяндау, бiлу деген ұғымдарды  бiлдiредi. Ақпаратты ауызша немесе жазбаша  түрде, қимыл не қозғалыс түрiнде  бередi. Ақпарат әрқашан белгiлi бiр  түрде – әңгiме, сурет, мақала және т.б. түрiнде болуға тиiс.

      Ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрiнде  берiлген әлемнiң, заттың бейнесi болып  саналады. Ақпарат алу дегенiмiз  – бiздi қоршаған құбылыстар мен  нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бiр-бiрiне қатысуы  жөнiнде нақты мағлұматтар мен  мәлiметтер алу деген сөз.

Бiз барлығымыз бала кезiмiзден бастап ақпарат алмасу процесiне қатысамыз. Кiтап, газет, журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар  көргенде, мұғалiммен, ата-анамен, достармен  әңгiмелескенде ақпарат алады. 
 

Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзiнiң даму барысында жұмбақталған ақпаратты өсiмдiктер мен тiрi ағзалар арқылы берiп отырған.

Философиялық түсiнiк бойынша ақпарат дегенiмiз нақты әлемдi (өмiрдi, қоршаған ортаны) мәлiметтер мен хабарлардың көмегiмен көрсету.

Ақпаратты жазу мүмкiндiгi пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу тек ауызба ауыз айтумен немесе әртүрлi қимылдармен ғана емес, оқу –жазу арқылы да берiледi. Оқи бiлу және ойын жазып жеткiзе бiлу адамзаттың сауаттылығының белгiсi болды.

XV ғасырда мәлiметтi қағазға басып шығару станогының пайда болуы кiтап шығару iсiн жолға қойып, адам ойын тiкелей көпшiлiкке жеткiзуге мүмкiндiк жасады.

     XIX-XX ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы ақпаратты кез келген қашықтыққа жылдам жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Информация о работе Информация латынның information деген сөзiнен шыққан