Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2013 в 15:27, контрольная работа
Ақпарат қабылдау деген — сигналдардың тізбегін қабылдау. Сигналдар аналогтік (үздіксіз) жəне дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтік сигналдарға температураны, токты, тартылыс күшін алуға болады, бұлар уақыт мерзімі ішінде өзгеріп отырады. Дискретті сигналдарға ақпараттар сан қатары, алфавит əріптері, нота белгілері, түстің түрлері (палитралар) жəне басқа түрлер жатады. Дискретті сигналдарға кодталған ақпараттарда енеді. Кез – келген аналогтік ақпараттарды жуықтап дискретті түрге келтіруге болады. Мысалы, электр тоғының кернеуін (U) уақытқа (t) тəуелді үздіксіз етіп беруге де, дискретті түрге келтіруге де болады. Аналогті процесті дискретті процеске көшіргенде, сипатталатын процесс уақыты аралығын қанша ұзақ алған сайын, процесті көшіру дəлірек болады.
Ақпараттың сандық бағасы
Сигналдардың математикалық моделі
Үздіксіз сигналдарды дискреттіге түрлендіру
Хабар көзінің және байланыс арнасының ақпараттық сипаттамалары
Бөгелусіз дискретті байланыс арнасы бойынша жіберу кезіндегі ақпараттарды кодылау
Бөгеуілді дискретті байланыс арнасы бойынша жіберу кезіндегі ақпаратты кодылау
Сызықты кодтар
Топты екілік кодты құру
Табушы кодтар
Корректілік топтық кодтар
Айналмалы кодтар
Қателер пакеттерін табу және түзету үшін айнымалы кодтар
Айналмалы кодтарды кодылау және декодерлеудің техникалық құралдары
Орамды (рекуретті) кодтар
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық кұралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.
Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.
Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ уакыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.
Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттың интерфейс деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.
Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез – келген компьютерлік программаның негізгі аткаратын қызметі — аппараттық кұралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.
Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және колданбалы.
Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.
Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.
Қолданбалы программалық жасақтама. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады.
Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлар, броузерлер және т.б. жатады.
Ақпараттық жүйенің негізгі қасиеттері:
Қазіргі кездегі ақпараттық жүйе туралы түсінік компьютерлік техниканың көмегімен жүзеге асатын жүйе түсінігі ретінде қалыптасып келеді. Жалпы жағдайда ақпараттық жүйені компьютерлік нұсқада да түсінуге болады. Ақпараттық жүйенің жұмысын түсіну үшін алдымен оның шешетін мәселесінің мәнін содан кейін жүзеге асырылатын ұйымдастырылған үрдістерді түсіну қажет. Мысалы, шешім қабылдауды сүйемелдеу үшін компьютерлік ақпараттық жүйе мүмкіндіктерін анықтау барысында келесі қадамдарды ескеру керек.
Ақпараттық жүйенің жіктелуі
Ақпараттық жүйеде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтерден қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады. Әрбір ақпараттық жүйені ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпараттық жүйелерді келесі топтарға бөлеміз:
1) Ақпараттық-анықтамалық
жүйелер. Олар ақпаратты жинап
оны пайдаланушылардың
2) Ақпаратты – іздеу. Бұл қажетті ақпараттарды алу үшін желі арқылы ізденіс жүйесі. Мысалы: интернет жүйесі;
3) Ақпараттық – кеңес беретін жүйелер. Олар обьектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп нақты жағдай үшін қажетті пікірлерді ұсынады. Мысалы: эксперттік, интеллектуалдылық жүйелер;
4) Ақпараттық – басқару жүйелер. Мекеменің дамуын жоспарлау және жүзеге асыру жұмыстарын жеделдетіп тиімдеу жүйелері. Мысалы: дайын өнімдерін есептеп талдау, сату жұмыстарын автоматтандыру;
5) Ақпаратты
есептеуіш жүйелер.
Ақпараттық
жүйелерді құру барысында еңбек
шығынының негізгі үлесі қолдан
Ақпараттық жүйе құрылымын бағыныңқы жүйелер деп атайды. Бағыныңқы жүйе – бұл қандай да бір белгімен ерекшеленген жүйенің бір бөлігі. Бағыныңқы ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолданылу сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелер жиыны ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификациялау құрылымдық белгісі ретінде сипаттаймыз. Осылайша кез-келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз етуші бағыныңқы жүйелер жиыны ретінде ұсынуға болады.
Сурет 1 Қамтамасыз
ету бағыныңқы жүйелерінің
Ақпарат ұғымы
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Сонымен ақпарат — бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.
Мәліметтердің негізгі құрылымы
Мәліметтер – ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.
Мәліметтерге қолданылатын амалдар
Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардың жиынтығынан тұрады: мәліметтерді жинау;
• мәліметтерді қалыптастыру;
• мәліметтерді сүзгілеу;
• мәліметтерді сұрыптау;
• мәліметтерді топтастыру;
• мәліметтерді архивтеу;
• мәліметтерді қорғау;
• мәліметтерді тасымалдау;
• мәліметтерді түрлендіру.
Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес. Бүкіл әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді кұру, өңдеу, түрлендіру және тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы амалдар орындалып отырады. Барлық мүмкін болатын амалдардың толық тізімін құрастыру мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді, сондықтан оны автоматтандыру қажет деген қорытындыға келеміз.
Егер мәліметтер
реттелген, яғни қандай да бір берілген
құрылымға сәйкестендірілген
Мәліметтердің сызықтық құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бір мәнді анықталған реттелген құрылым. Сызықтық құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.
Кестелік құрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесі еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандарының нөмірімен анықталады.
Файлдық кұрылым
Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған.
Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінін біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы кажет, және арасына нүкте койылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі. Файлдың аты кез-келген шектелген ұзындықты әріптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кенейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы:
Мәтін.dос - Word редакторында жазылған мәтіндік файл;
Кесте.xls - Excel процессорында дайындалған файл;
Сурет.bmp—графиктік файл;
Мәліметтер.mbd — Ассеss мәліметтер базасында әзірленген файл.
Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштын (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталоггарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады.
Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері
Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.
Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.
Бізді қоршаған ортадағы сан алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге байланысты топтауға болады.
Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді:
Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады:
Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады.