Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:51, реферат
Вирустар зақым келтіру масштабына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Зиянсыз – компьютер жұмыс жасауына әсер етпейді, бірақ өз-өзін көбейту арқылы компьютер жадындағы бос орындарды кемейтуі мүмкін.
Қауіпсіз – диск жадын графикалық, дауыстық, ішкі эффекттер арқылы азайтады.
Қауіпті – компьютер жұмысының қатып қалуына алып келеді.
AVP Script Checker. Бұл – өзін
почта қызметі бойынша
Stop! – «троян » программаларын, VBS – вирустарын,
BAT- вирустарын анықтауға арналған антивирустік
программа. Мұнда жаңа командалық вирустарды
табу үшін әмбебап алгоритмдер қолданылады.
Негізнен бұл программа 400 жуық «троян»
программаларын, 200 жуық VBS – вирустарын,
BAT- вирустарын анықтайды.
Stop! – ты баптау үшін эвристика деңгейін
орнатып, лог – файл жазу керек, бүлінген
файлдарды өшіру керек. Ол қосылысымен
логикалық қатты дискті тестілей бастайды.
Жұмыс соңында өз қызметінің қорытындысын
шығарады.
DSAV(Dialogue Science Anti – Virus kit ) – «Диалог науки»
– дің антивирустік комплектісі. Бұл 25000
вирусты тауып, жоя алады. DSAV – ң белгілі
емес вирустарды анықтай алады және жүктемелік
вирустарды 100%, файлдық вирустарды 80% жоюға
мүмкіндігі бар. DSAV MSDOS, MSWindows және Windows
95\98\Me\ NT\ XP жүйелерінде жұмыс істейтін
компьютерлерде қолданылады. DSAV мынадай
программалардан тұрады:
• Aidstest
• Doctor Web
• ADinf
• ADinf Cure Module
• DSAV mail
• Sheriff
Бұл программалар бір – бірімен тығыз
байланыста жұмыс істейді.
Aidstest – полифаг – антивирустік программа.
1988 ж Д.Н. Лозинский шығарған антивирустік
программа 1700 вирусты тауып, жоя алады.
Doctor Web – қуатты полифаг – антивирус тобына
жататын, 1994 ж И.А. Данилов ойлап тапқан
программа. Ол қазіргі кезде 25000 вирусты,
оның ішнде полиморфты вирустарды тауып,
жоя алады.
ADinf – 1991 ж Д.Ю. Мостовой жасаған, дисклердегі
өзгерулерді бақылайтын антивирустік
программа. Бұл программаны тек вирустарды
табуға ғана емес, компьютердегі ақпараттарды
қылмыскерлерден қорғауға қолданылады.
Сонымен қатар бұл программа компьютерлерді
жүктемелік вирустардан 100 % тазарта алынады.
1999 ж бастап Windows- қа арналған Adinf –тің
түрлері таралуда.
ADinf Cure Module – 1993 жылы В.С. Лодыгин, Д.Г.Зуев,
Д.Н. Мостовой жасаған емдегіш антивирустік
программа. Бұл программа вирус құрлымы
жайлы білмесе де, оларды жоя алады және
бүлінген программаларды қалпына келтіре
алады.
DSAVmail – компьютерге келіп түскен электрондық
почталарды автоматты түрде тексеретін
антивирустік программа. Программа Exchange
не Outlook электрондық почта жүйесінде орналасып,
хат келген сайын тексеріп отырады.
Sheriff – 1992 ж Ю.Н. Фомин жасаған, дискідегі
құнды мәліметтерді өзгертуге әрекеттенген
вирустардан қорғайтын программалық –
аппараттық комплекс. Бұл комплекс – «троян»
программаларынан, қолданушының қате
әрекеттерінен, қылмыскерлердің талпыныстарынан
қорғайтын бірден – бір құрал.
Қорытындылай келгенде, вирустардың жаңа
түрлері күнбе – күн пайда болып жатыр,
сондықтан тексеру – емдеу қабілеті жоғары
антивирустік программалар көптеп жасалуы
керек. Бұл ақпараттардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
Информация о работе Информатиканы оқытуды ақпараттың қауіпсіздігі