Экономикалық ақпарат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:57, доклад

Описание

Экономикалық ақпарат - әлеуметтік – экономикалық процестер мен қызметкерлер жөніндегі мәліметтің осы процестер мен адамдардың ұжымын өдірістік және өндірістік емес салада басқаруға арналған жиынтығы. Экономикалық ақпарат қоғамдағы өндірістік қатынастарды сипаттайтын ақпаратты білдіреді. Экономикалық ақпаратқа экономикалық жүйеде таралған мәліметтер, өндіріс процестері, материалдық ресурстар, өндірісті басқару үдерістері, қаржы процестері жөніндегі мәлімет, сондай-ақ әр түрлі басқару жүйелері алмасатын экономикалық сипаттағы мәліметтер жатады.

Работа состоит из  1 файл

инфор.doc

— 34.00 Кб (Скачать документ)

                      Экономикалық ақпарат.

 

Экономикалық  ақпарат - әлеуметтік – экономикалық процестер мен қызметкерлер жөніндегі мәліметтің осы процестер мен адамдардың ұжымын өдірістік және өндірістік емес салада басқаруға арналған жиынтығы. Экономикалық ақпарат қоғамдағы өндірістік қатынастарды сипаттайтын ақпаратты білдіреді. Экономикалық ақпаратқа экономикалық жүйеде таралған мәліметтер, өндіріс процестері, материалдық ресурстар, өндірісті басқару үдерістері, қаржы процестері жөніндегі мәлімет, сондай-ақ әр түрлі басқару жүйелері алмасатын экономикалық сипаттағы мәліметтер жатады.

Экономикалық ақпараттың:

  • ауқымдылығы;
  • оны алу мен өңдеу циклдерінің белгіленген уақыт кезеңдерінде (ай, тоқсан, жыл және т.б.) көп рет қайталануы;
  • дереккөз бен тұтынушылардың көптігі;
  • оны өңдеуде кертартпа тәртіптемелердің өзіндік салмағының айтарлықтай болуы.

Ақпараттың  ерекшеліктері. Ақпарат жөнінде сөз қозғалғандаоның ерекшеліктері жөнінде айтылады. Егер ақпарат істің шынайы мәнісін бұрмаламаса, онда ол дұрыс деп саналады. Егер ақпарат оны түсіну және шешім қабылдау үшін жеткілікті болса, онда ол толық болады. Егер ақпарат өзі арналған адамның тілінде болса, онда ол айқын әрі түсінікті болып саналады.

Қазіргі замандағы индустриалдық  ақпараттық қоғамда ақпарат –  бұл басқару жүйесінің өте маңызды стратегиялық ресурсы..

Ақпараттық жүйе ақпаратты тұтынушылардың төмендегі ерекшеліктерін ескере отырып әзірленуі тиіс:

  • құндылығына;
  • барабарлығына;
  • толықтығына;
  • дәлдігіне;
  • нақтылығына;
  • өзектілігіне;
  • мерзімділігіне;
  • жеделдігіне.

Ақпараттың құндылығы, сапасы – қабылдаушы тарап хабарламаны қабылдап сәйкестендіргенде тезаурусты (ұғымдардың, яғни пайдаланушы немесе жүйенің қолында бар мәліметтің жиынтығы арасындағы мағынаның байланысы көрсетілген ұғымдардың жүйелі сөздігін) кеңейту, дамыту шарасы, экономика субъектісінің белгісіздік жағдайын төмендету дәрежесі, мақсатқа  қарай жылжыту дәрежесі.

Ақпараттың барабарлығы алынған  ақпараттың көмегімен құрылатын  бейненің нақты объектіге, процеске, құбылысқа және т.б. сәйкестігінің  белгіленген деңгейі. Ақпаратты материалдық жеткізгішке жазу оны хабарламаға айналдырудың бір тәсілі болып табылады. Осылай жазу тәсілі кодтау деп аталады.

Ақпараттың толықтығы басқарушылық функцияға қатысты анықталады. Ақпарат  құрамы да, мәліметтің мөлшері бойынша да толық емес болуы мүмкін. Кез келген жағдайда ақпараттың тапшылығы басқару функциясын қажет уақытта және көрсетілген жерде, тиісті түрде орындау мүмкін емес болуына әкеп соқтырады.

Ақпараттың дәлдігі – ақпаратты  көрсеткіштің шынайы мағынасына жақындату  үшін қажет дәреже. Басқару практикасында басқарудың,  жекелеген техникалық – экономикалық көрсеткіштердің әр түрлі деңгейлері мен функциялары, жекелеген техникалық – экономикалық көрсеткіштер үшін ақпараттың дәлдігінің қажетті деңгейлері анықталған. Ақпараттың дәлдәгә барлық тұтынушылардың оны бірдей түсінуін қамтамасыз етеді.

Нақтылық пайдаланылатын ақпараттың дәлдігінің (қажетсіздігінің ) ақпараттық технологияларға байланысты ықтимал бағасы болып табылады. Нақтылық түскен ақпаратты, сонымен бірге нәтижелік ақпаратты да жүйе жұмысының тиімділігіне сақтай отырып, бұрмалауға жол берілетін деңгейін анықтайды.

Ақпараттың өзектілігі – жүйенің нақты жағдайын және басқару объектісін көрсетудің сәйкестік  дәрежесі.

Ақпараттың мерзімділігі ақпаратқа  қажеттіліктің туындауы мен осы қажеттілікті іске асыру арасындағы уақыт аралығын сипаттайды.

Ақпараттың жеделдігі ақпаратты  алу «жылдамдығын» білдіреді, жағдай өзгергенде қажетті есеп жүргізіп, щещім қабылдау кезінде ақпараттың өзектілігін көрсетеді.

Өзектілік ақпаратты алудың кезеңділігімен байланысты, ақпараттың мерзімділігі ақпаратты өңдейтін құралдарды таңдауды, ал жеңілдік – ақпарат жинау мен тарату құралдарын таңдауды білдіреді.

Ақпарат істің шынайы жап – жапсарын білдірсе ол сенімді, ал ол шешім қабылдау үшін жеткілікті болса, онда ол толық деп саналады. Ақпараттың құндылығы оның көмегімен қандай міндеттерді шешуге болатынына байланысты болады. Өзектілік ұдайы өзгеретін жағдайда орындалатын жұмыста маңызды.

Экономикалық ақпараттың түрлері. Экономикалық ақпарат басқару функциясы мен шығу тегі деп аталадтын ерекшеліетер бойынша бөлінеді. Экономикалық ақпарат басқару функциясы бойынша жоспарлы, есептік, нормативтік-анықтамалық және есептік-статистикалық ақпаратқа бөліеді.

  • Жоспарлы (өкімдік) ақпаратқа бизнес жоспарлаудың келешектегі кейбір кезеңдерге (айға, тоқсанға, жылға және т.б.) арналған жоспарланатын және бақыланатын көрсеткіштердің өкімдік мағыналары кіреді. Мысалы, өнім  шығарудың табиғи және құндық түрдегі жоспарлы, өнімге жоспарланған сұраныс және оны сатудан алынатын пайда.
  • Есептік ақпарат межеленген уақыт кезеңіне жоспарланған көрсеткіштердің нақты мағыналарын білдіреді. Осы ақпараттың негізінде жоспарлы ақпарат нақтылауға, ұйымның қызметін талдауға, кәсіпорынды бұдан да тиімді басқару жөнінде шешім қабылдауға болады. Есептік ақпаратқа жедел, бухгалтерлік, қаржы есебінің ақпараты жатады. Мысалы, жұмысшы ауысым ішінде жасаған осы атаудағы бөлшектің саны (жедел есеп), жұмысшы бөлшек жасағаны үшін төленетін еңбекақы (бухгалтерлік есеп), жасалған өнімнің нақты өзіндік құны (бухгалтерлік және қаржы есебі).
  • Нормативтік – анықтамалық ақпаратта өндірістік қатынастармен және нормативтік материалдар болады. Нормативтік – анықтамалық ақпараттың мысалы ретінде бөлшек жасаудың технологиялық нормативтерін, құндық нормативтер (бағалама, тариф, баға), жеткізушілер мен өнімді тұтынушылар жөніндегі анықтамалық деректер және т.б. атауға болады.
  • Есептік – статистикалық ақпарат фирманың нақты қызметінің нәтижелері жоғарғы басқару органдары, мемлекеттік статистика огандары, салық инспекциясы және т.б. үшін көрсетіледі. Мысалы, жылдық бухгалтерлік баланс есептік – статистикалық ақпаратқа жатады.

Экономикалық ақпарат  басқару деңгейлері бойынша кіріс және шығыс ақпаратқа жіктеледі. Кіріс ақпарат – фирмаға сырттан түсетін және экономикалық және басқарушылық функцияларды, сондай-ақ басқару міндетін іске асыру үшін бастапқы ақпарат ретінде пайдаланылатын ақпарат. Сол бір ақпарат бір құрылымдық бөлімше үшін кіріс, ал екінші бөлімше үшін шығыс болуы мүмкін.

 

 


Информация о работе Экономикалық ақпарат