Электрондық үкіметтің веб порталы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 04:51, реферат

Описание

ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті.

Работа состоит из  1 файл

Электрондық үкіметтің веб порталы 10 бет.doc

— 82.50 Кб (Скачать документ)

     - реформалардың жүзеге асырылуы ғылыми-зерттеушілік, кеңесшілік, оқытушы және өзге де қолдау көрсетуші құрылымдардың кең ауқымды желісінің құрылуымен сүйемелденеді;

     - реформаларды жүргізу алдыңғы  қатарлы ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды кеңінен қолдануға сүйенеді;

     - мемлекеттік қызмет көрсетуді  жетілдіру процесі іс жүзінде  сол аталған қызметті тұтынушылармен  “кері байланыс” орнату тәжірибесін қолданумен тығыз байланысты.

     Жалпы, шетелдердегі электрондық үкімет жобаларын жүзеге асырудың стратегиясының негізіне мынадай принциптер алынады:

     - жалпыұлттық стандарттарды әзірлеу  мен ендіру;

     - мемлекеттік қызмет көрсетуді  тікелей жүзеге асыратын атқарушы  билік органдарына қажетті өкілеттіктерді  беру;

     - тұтынушылардың ерекшеліктері мен  мұқтаждықтарын ескеріп отыратын мемлекеттік қызмет көрсетудегі икемділікке қол жеткізу;

     - тұтынушының мемлекеттік қызметке  деген сұранысын таңдаған жері мен уақыты, әрбір қызмет жеткізушіден  алу мүмкіндігіне қол жеткізу, бұл қызмет сапасының артуына, уақыт пен қаржы-қаражатты үнемдеуге алып келеді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету саласына модернизация жүргізу кезінде тұрақты нәтижелерге  қол жеткізу үшін осы салаға қолдау көрсетуші инфрақұрылымның тиісті элементтерін бір мезгілде дамыту қажет.

    Сонымен, диссертациялық зерттеуде электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамыту саясатына қатысты мынадай маңызды мәселелер айқындалады:

    1. Ақпараттық технологияларды көз жұмып қолданысқа енгізе салу басты мақсат емес. Басты назарға алатын нәрсе – ақпараттарды барынша толық есепке ала отырып, азаматтарды тұтынушы клиент ретінде қабылдайтын, саналы, сапалы, бірізді қызмет көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін құру. Мемлекеттік чиновниктер көрсетілетін қызмет пен берілетін ақпараттың қол жетімділігіне алаңдауы тиіс, бюрократиялық процедураларды “электрондық формаға” көшіру шынайы электрондық үкіметті тежейді.

     2. Электрондық үкіметті құру үшін саяси ерік-жігер аса қажет.

     3. Кейде электрондық үкіметті дамытуға шенеуніктердің өздері қарсы шығып, астыртын аяқтан шалу жұмыстарын жүргізетін жәйттер де кездеседі.

     4. Электрондық үкімет құруда мемлекет пен жеке сектор арасында қарым-қатынастар жаңа арнаға түседі.

     5. Электрондық үкіметті жүзеге асыруда азаматтардың қатысуы маңызды, бұл демократия жағдайындағы саяси қатысудың маңызымен бірдей.

     6. Электрондық үкімет мемлекеттік басқаруды ақпараттық технологиялар арқылы жетілдіреді, қызмет нәтижелілігі артады, инновациялық ғылыми-зерттеулер мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына серпін береді.

     7. Қазақстанда электрондық үкіметті құру мен дамытуда шетелдік тәжірибені қазақстандық шынайылықтарға бейімдеп түрлі формаларда қолданысқа енгізуімізге болады.

     Сонымен қатар, шетелдік тәжірибеге сүйенуде мемлекеттік басқару органдарының жалпы жүйесіне байланысты факторларды да ескергеніміз жөн. Басқару органдары бірнеше деңгейлі болған сайын орталықтандырылған электрондық үкімет порталының қызметі қиындайды, жұмыс тиімділігі азаяды. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдардың түрлі деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесуді жүзеге асырудың өзіне едәуір қаржы-қаражат пен күш-жігер жұмсалады. Қазақстан сияқты жер ауқымы кең, аймақтық басқару органдары шалғай, оған қоса күрделі мемлекеттік басқару деңгейлерінен тұратын ел үшін бір сатылы электрондық үкіметтен гөрі, өзара ықпалдастырылған екі немесе бірнеше деңгейлі электрондық порталдар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету анағұрлым тиімді болмақ. Маңызды ескеретін жағдай – өркениет жетістіктерін, электрондық үкімет құру бағытындағы озық тәжірибелерін басшылыққа алуды ойластырып, ақыл таразысына салып, ұлттық ерекшеліктеріміз бен саяси дәстүрлерімізге бейімдеп қолданғанымыз жөн. Даму жолында ұлттық рухани құндылықтарымызды, ұлттық бірегейлігімізді құрбандыққа шалып жіберсек, онда бұл келер ұрпақтың алдындағы кешірімсіз қылмыс болады.

     Жалпы, елiмiздегi  электрондық  үкiметті қалыптастыру мен дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат кезең-кезеңімен сәтті жүзеге асырылып келеді.  Қазақстан  әлемдегі бәсекеге  қабiлеттi 50 елдiң қатарына  кiруі үшiн ақпараттық  технологиялар    саласын  да  дамытуымыз  шарт.  Электрондық үкімет құру -  елiмiздiң  өркениетті  болашағы, демократияны дамытуға бағытталып  отырған саяси маңызы зор қадам. Қазақстанның  өсiп-өркендеуi  үшiн тек қана  елiмiздiң жер байлығы мен ғана  емес,  барлық  саладан бәсекеге  төтеп беретiн күшті мемлекет  болуы керек.   

     ҚРның Орталық мемлекеттік органдардың интернет-сайттары

     Қазақстан Республикасының Үкіметі          www.e-gov.kz

     Ішкі  істер министрлігі       www.mvd.kz

     Қорғаныс  министрлігі      www.mod.kz

     Қоршаған  ортаны қорғау министрлігі         www.nature.kz

     Білім және ғылым министрлігі       www.edu.gov.kz

     Сыртқы  істер министрлігі               www.mfa.kz

     Денсаулық сақтау министрлігі      www.darі.kz

     Көлік және коммуникация министрлігі      www.mtk.gov.kz

     Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі                www.enbek.kz

     Қаржы министрлігі           www.mf.mіnfіn.kz

     Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі               www.mіnplan.kz

     Әділет  министрлігі             www.mіnjust.kz

     Төтенше жағдайлар министрлігі   www.emer.kz

     Мәдениет  және ақпарат министрлігі            www.sana.gov.kz

     Энергетика  және минералдық ресурстар министрлігі            www.memr.gov.kz

     Ауыл  шаруашылығы министрлігі                www.mіnagrі.kz

     Индустрия және сауда министрлігі              www.mіt.kz

     Туризм  және спорт министрлігі    www.mts.gov.kz

     Жер ресурстарын басқару агенттігі              www.auzr.kz

     Байланыс  және ақпараттандыру агенттігі ww.alc.gov.kz

     Статистика  агенттігі                            www.stat.kz

     Көші-қон  және демография агенттігі                           www.demomіgratіon.kz 
 
 

 

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

    
  1. Назарбаев Н. Стратегия становления постиндустриального  общества и партнерство цивилизаций. –Москва: Экономика, 2008. -398 с.
  2. Назарбаев Н. Лайықты болашаққа сенімді болайық // Ақиқат. 2009. № 10. -Б. 12.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. -Алматы: Білім, 1998. -256 б.
  4. Назарбаев Н. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс // Егемен Қазақстан. 14 қазан 2009 жыл. 1-2 б.
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары” // Ана тілі. 2010 жылғы 12-19 ақпан. –Б. 4-7.
  6. Есім Ғ. “Бесінші жол” – елдік рух философиясы // Егемен Қазақстан. 21 қазан 2009 жыл. -3 б.
  7. Электрондық дерек көзі: http://www.russianlaw.net/law/acts/28htm.
  8. БҰҰ e-дайындық туралы 2008 жылғы есебі // www.un.e-ready report.com
  9. Оболонский А.В. Бюрократия для ХХI века? Модели государственной службы: Россия, США, Англия, Австралия. — М.: Дело, 2002. -168 c.

Информация о работе Электрондық үкіметтің веб порталы