Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 22:46, реферат
Қарапайым компьютерлер процессорлар, жады және енгізу-шығару құрылғыларынан құралады. Процессор мәліметтерді өңдеуге арналады. Енгізу құрылғылары ақпаратты тасушылардан мәліметтерді оқу және оларды жадыға немесе процессорларға тасымалдау үшін арналған. Шығару құрылғылары өңделген мәліметтерді қайтарумен тығыз байланысты болып келеді. Ал жады мәліметтер мен командалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта компьютерлік жүйелердің әр түрлі архитектурасы болады. Бірақ олардың бәрінің де құрылымында қарастырылған элементтері болу керек және олар міндетті түрде компьютерлік жүйелердің функцияларының негізгі қағидаттарын қолданады.