Компьютерләі вирустар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 13:59, реферат

Описание

Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

Компьютерлік вирустар.doc

— 61.00 Кб (Скачать документ)

Компьютерлік вирустар

Компьютерлік  вирустар – бұл компьютердің қалыпты  жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар  өз бетімен көбейеді де, амалдық  жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. Өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейілеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ, олар желідегі компьютерлер арасында және Internet арқылы тарап, компьютерлердің жұмысын тежеп, басқа да ақауларды тудырады. Компьютер вирус зақымдаған бағдарламамен жұмыс істеген кезде оны «жұқтырып» алуы мүмкін.  
Адамға жұғатын вирустардың әрекетіне ұқсас (кәдімгі тұмаудан Эбола вирусына дейінгі), компьютерлік вирустардың әрекеті де әр түрлі болады: тітіркендіруден бүлдіруге дейін. Оның үстіне, үнемі вирустардың жаңа, алдыңғысына ұқсамайтын түрлері пайда болып отырады. Бақытымызға орай, вирустарды жұқтыру мүмкіндігін және олардың бүлдірушілік әсерін бірқатар білімдерді меңгере отырып төмендетуге болады.  
Зақымданған бағдарлама не қосымшаны ашып, іске қосқан кезде, жұмыс барысында қиындықтар туындаған сәтке дейін Сіз вирустың бар-жоғынан хабарсыз болуыңыз мүмкін.  
Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:  
- компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді; 
- компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді;  
- жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді; 
- компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды;  
- қосымшалар қателермен жұмыс істейді;  
- дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады; 
- басып шығару қателермен жүреді; 
- қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды;  
- мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.  
Бұлардың бәрі вирус жұққандығының типтік белгілері. Алайда олар бағдарламалық жасақтаманың немесе құрал-жабдықтардың вирустарға еш қатысы жоқ ақауларынан хабар беруі де мүмкін. Сондықтан да, компьютерде вирусқа қарсы қазіргі заманғы сапалы бағдарламалар орнатылмаса, компьютердің вирустармен зақымданғанын дәл анықтау оңай емес.  
Вирустармен күресу үшін антивирустар деп аталатын арнайы бағдарламалар бар.  
Вирусқа қарсы бағдарлама (антивирус) — компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай-ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарлама. 
Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr.Web, Касперский Антивирусы, Eset NOD32, McAfee, AVG, Panda Software, Norton Antivirus және т.б. 
Касперский Антивирусы (AVP) – ең танымал вирусқа қарсы бағдарламалардың бірі. Компьютерге орнату кезінде Касперский Антивирусы тұрғылықты дискіде орналасқан нысандардың мәтінмәндік мәзіріне құрамдасып, өз тобын Бастау Бас мәзіріне үстейді. Жұмыс істеу барысында амалдық жүйенің жүйелік үстелінде вирусқа қарсы бағдарламаның белгішесі пайда болады.Касперский Антивирусының көмегімен жергілікті, иілгіш, ықшам дискілерде вирустардың бар-жоғын тексеруге болады.  
Касперский Антивирусы орнатылған болса, компьютерді вирус жұқтырған-жұқтырмағанына толық тексеру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:  
1. Касперский Антивирусы вирусқа қарсы бағдарламасын ашу.  
2. Қорғаныс қосымшасын таңдау. 
3. Менің компьютерімді тексеру дегенді басу.  
4. Тексеру нәтижелері жою немесе емдеу қажет болатын вирустардың бар-жоғын көрсетеді.  
5. Содан кейін Касперский Антивирусы бағдарламасы терезесін жабу керек.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Өмірдегі  сияқты компьютер әлемінде де көптеген кедергілер кездеседі. Программалардың  ашпай қалуы, компьютердің дұрыс  жұмыс істемеуі және т.б сияқты. Бұның  барлығы вирустардың әсерінен болады. Вирустар дегеніміз бұл арнайы жазылған шағын көлемді программа. Олар басқа программмалардың алдына, не соңына қосымша жазылады да ол программаны бүлдіруге кіріседі. Бұл вирус жұққан программалар «зақымдалған» немесе «бүлінген» деп аталады. 

Вирустың  пайда болу белгілері: 

· Программа  дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады. 

· Экранда  бөгде символдар , хабарламалар шығады.

· Компьютер  баяу жұмыс істейді. 

· Кейбір файлдардың бұзылуы.

· Компьютер  жұмысындағы жиі тұрып қалулар  және жаңылысулар. 

Вирустар 3 типке бөлінеді. 

1. Мекендеу  ортасына қарай. 

2. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай.

3. Мақсатына  қарай. 

Мекендеу  ортасына қарай вирустар: файлдық, жүктейтін, макровирустар.

Файлдық вирустар-қолданбалы программалардың  ішіне енгізілген программалық кодалық  блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде  орындалады. 

Жүктейтін вирустар- негізгі жүктейтін жазбаға  және жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Яғни операциялық жүйе жүктелгенде  жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.  

Макровирустар- Word құжатына және Excel электрондық кестесі  құжатына вирус жұқтырады. Құжат  файлын ашқанда жұғу орындалады. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай вирустар- троян аттары, логикалық бомбалар, ұстауыш вирустар, құрттар деп аталады. Бұл вирустар қолданбалы программаларға еніп соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындайды. Бұлар программалардың қателіктері мен сәйкессіздіктерін пайдаланатын вирустар.  

Мақсатына қарай – насихаттаушы, мағынасыз, шантаж жасаушы,бейсауат деген вирустар бар. Вирустардан қорғану үшін қазіргі  кезде антивирус программалары  бар. Олар осы вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программалар. Антивирустар тек вирустарды тауып қана қоймай, оларды жояды. Антивирустардың бірнеше түрі бар.

Детектор  программалар- бұлар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, ал кейінгі вирус түрлеріне  дәрменсіз болып келеді.

Доктор  программалар- бұлар вирус жұққан программалар мен дискілерден вирус  әсерін алып тастау арқылы емдеп, бастапқы қалпына келтіреді. 

Ревизор программалар- бұлар ең алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, оны әлсін-әлсін кейінгісімен салыстырып отырады да сәйкессіздікті анықтаса дереу программа иесіне хабарлайды

Доктор-ревизорлар- бұл доктор программалар мен ревизор  программалардың арасынан шыққан гибрид. Бұлар файлдағы өзгерістерді анықтап  қана қоймай, оны автоматты түрде емдеп, бастапқы қалпына келтіреді. Полифагтар немесе фагтар, бұлардың қызметі вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы программадан жою.Өте қуатты полиграф-сканерге Данилов құрған Dr.Web программасы жатады. Бұл программа вирустарды жақсы айырып таниды. Касперский зертханасы құрған Kasperski антивирусы да сенімді антивирустардың бірі ретінде әлемге аян. Сүзгі программалар- бұлар компьютердің оперативті жадына тұрақты түрде орналасып вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап, оны программа иесіне хабарлайды. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мұрағаттар деген не және олар не үшін қажет?

Кей кездері, тұрғылықты дискіде немесе ауыстырылатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда, немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір мұрағаттық файлда орналастыру мақсатымен мұрағаттау қолданылады.  
Мұрағаттаудың қажеттілігі құнды ақпарат пен бағдарламалық жасақтаманы зақымданудан және жойылудан (кездейсоқ не қастықпен, компьютерлік вирустар әсерінен) сақтап қалу мақсатымен ақпаратты дискілер мен дискеттерге сақтық көшірумен де байланысты.  
Мұрағат – қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы. Бір мұрағатта (қысылған файлда) бірнеше файл немесе тіпті бірнеше қалта сақтала алады. Бұл дискіде немесе дискетте көбірек ақпаратты орналастыруға мүмкіндік береді.  
Мұрағаттаушылар – мұрағаттық файлдармен жұмыс істеуге, яғни мұрағаттық файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар. Мұрағаттаушылар компьютер жадысындағы ақпаратты арнайы математикалық әдістер көмегімен сығуға мүмкіндік береді. Бұндайда файлдың өлшемі кішірек көшірмесі жасалады.  
Недәуір кең тараған мұрағаттаушы бағдарламалардың мүмкіндіктері бірдей деуге болады және барлық параметрлері жағынан бір бірінен артықтығы жоқ: бір бағдарламалар жылдамырақ жұмыс істесе, екінші біреуінде файлдарды қысу деңгейі жоғарырақ. Тіпті бағдарламаларды тек қысу деңгейі бойынша ғана салыстырсақ та, олардың ішінде нақты көшбасшысы жоқ: түрлі файлдар түрлі бағдарламаларда жақсы қысылады. Ең кең тарағандары ішінен WinZip, WinRar, ARJ бағдарламаларын ерекше атап көрсетуге болады. 
Мұрағаттаушы бағдарламаға қарай мұрағаттық файлдардың нақты белгіленген түрі (кеңейтімі болады). Недәуір жиі кездесетін мұрағаттар типтері zip, rar, arj болады. Олардан басқа, компьютерлерде cab, lzh, tar, gz, uue, bz2, iso және т.б. мұрағаттар қолданылады. 
 
 

Мұрағатты әзірлеу

Мұрағаттық файлды бірнеше тәсілмен жасауға болады. Біз Сізге ең оңайын көрсетейік:  
1. Жетектегішті ашып, мұрағатталуы тиіс файлды табыңыз.  
2. Оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Мұрағатқа үстеу әмірін таңдаңыз.  
3. Мұрағаттаушы бағдарламаның Мұрағаттың аты және параметрлері (4.3-сурет) деген сұхбат терезесі ашылады, онда Жарайды батырмасын басу керек.  
4. Жасалған мұрағаттық файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады.  
Қажет болса, мұрағаттаушы бағдарлама терезесінде мұрағаттық файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады.  
Мұрағаттау барысы Мұрағат жасау терезесінде көрініп тұрады (4.4-сурет). Жоғарғы айғақтауыш жолағы кезекті файлды қысу процесін көрсетеді. Одан төменірек процесс басталғаннан бері өткен уақыт және мұрағатты түгел әзірлеуге жұмсалады деп мөлшерленген уақыт көрсетіледі. Төменгі айғақтауыш жолағы мұрағат жасалуы барысын түгел көрсетіп тұрады. Болдырмау батырмасының көмегімен мұрағат әзірлеу процесін кез келген уақытта тоқтатуға болады. Әрине, бұндай жағдайда мұрағаттың жасалып қойған бөлігі қолдануға жарамай қалады да, оны жою керек болады.

4.4. Мұрағат жасаудың кеңейтілген мүмкіндіктері

Егер Сізге  мұрағатты мұрағаттық файл көлемінен  аз сыйымдылығы бар ауыстырылатын  тасымалдаушыға, мысалы, 3,5 А дискіне немесе CD дискіге орналастыру қажет болса, мұрағаттық файл немесе қалтаны томдарға бөлуді қолдануға болады.  
Мұрағаттық файл не қалтаны томдарға бөлу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:  
1. Мұрағаттағыңыз келетін файлдар бар қалтаны ашыңыз.  
2. Өзіңіз таңдаған файлдарды ашыңыз. 
3. Файл мәзіріндегі немесе мәтінмәндік мәзірдегі Мұрағатқа үстеу әмірінің көмегімен мұрағаттаушы бағдарлама терезесін ашыңыз.  
4. Томдарға бөлу мәзірінің Мұрағаттың аты және параметрлері терезесінде мұрағаттың көлемін (мысалы, CD диск үшін 650m -СD-650М, дискет үшін 1 457 664 – 3,5) көрсетіп, Жарайды батырмасын шертіңіз.  
Бұл жағдайда CD-дискілерге не дискеттерге көшіруге болатын бірнеше томды бөлінбейтін мұрағат жасалады. Бұл недәуір қаттырақ қысуға алып келеді, бірақ бөліп алу кезінде томдардың барлығын бірге жинау керек, өйткені мұрағаттың тек бір томын ғана ашу мүмкін емес.

4.5. Мұрағаттан бөліп алу

Қысылған файлды жұмыс үшін пайдаланбастан бұрын, оны  ашу қажет.  
Файлдарды мұрағаттан бөліп алудың ең оңай тәсілі мынау:  
1. Жетектегішті ашып, мұрағаттық файлды тауып алыңыз (түрі – zip, rar және т.б.).  
2. Файлды тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Ағымдағы қалтаға бөліп алу әмірін таңдаңыз.  
3. Ағымдағы қалта файлдары тізімінің соңында мұрағаттан бөліп алынған файлдар пайды болады.  
Файлдарды мұрағаттан таңдап бөліп алу үшін мұрағаттық файлдың мазмұнын қарап шығу қажет. Бұл үшін мұрағат атауын екі рет шертсеңіз, WinRar бағдарламасының сұхбат терезесі ашылады (4.5-сурет).  
Мұрағаттан бөліп алғыңыз келетін файлдарды бөлектеп, құралдар үстеліндегі Бөлектеп алу батырмасын шерту қажет. Ашылған сұхбат терезесінде файлды орналастыратын орынды көрсетіп, Жарайды батырмасын басу керек.

Информация о работе Компьютерләі вирустар