Компьютерлік графика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 14:12, курсовая работа

Описание

ЭЕМ-ның құрылуынан кейін оған тиісті компьютерлік графика да пайда болды, ол қазір әлемдік технологиялардың бірден-бір бөлігі болып табылады.Бастапқыда ол векторлық графика болды – бұл қағазда не болмаса экранда нүктелердің орналасу ретін анықтайтын «вектор» деп аталып кеткен функциялар арқылы кескінді құрастыру болып келеді.Мысалға графигі шеңбер, түзу сызық және т.б. болып келетін функциялар.Осындай «векторлардың» қосылуынан векторлық суреттер пайда болады.
Компьютерлік техника мен технологиялардың дамуымен бірге графикалық объектлерді құрастырудың көптеген тәсілдері пайда болды.
Ақпараттың әртүрлі көлемін адам көру мүшелері арқылы жақсы анықтап-зерттейді.Былай қарағанда адамға кішкентай кезінде-ақ суреті бар кітаптар ұнаған.Ақпараттың үлкен көлемін басқадай зерттеу мүмкін емес.Мысалы мемлекет бюджеті туралы үлкен таблицаны алайық.Оны оқығанша диаграммасын қарай салған жөн деп санаймын,осы диаграмма арқылы ол адам есінде қалуы мүмкін.Сондықтан кез-келген мамандар арасында графикалық мәліметтер қолдану көлемі ұлғаюда.Бұл ізденіс жұмыста компьютердің графикалық құрылысы туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Өйткені қазіргі уақытта графикалық құрастыру өте қарқынды дамуда.Және қазіргі кезде программалық құралдар нарығы графикалық суреттер арқылы жұмыста автоматизациялауды қолданып белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Содержание

І.Векторлық, растрлық графика,программалары.
Векторлық және растрлық графика
1.2 Программалары.
ІІ. Corel Draw және басқалары
2.1 Corel Draw 2.2 Corel Draw
ІІІ. Векторлық графиканы қолдану,векторлық графика файл форматтары.
3.1.Векторлық графиканы қолдану
3.2 Компьютерлік файл форматтары
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Компьютерлік графика.doc

— 144.00 Кб (Скачать документ)

Web графикасы үшін қазір ең мықты құралдармен жабдықталған редакторлар ретінде Corel Xara болып табылады,ол Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer үшін браузердің ішінде болса да сурет масштабын 25000 %-ға үлкейтуге мүмкіндік береді.Ол бүкіл өзгерістерді тез арада экран бетіне көрсетіп отырады.Файлдың ыңғайлылығы мен жеделдігінің арқасында векторлық графика үшін Web-парақтарында жұмыс істеу мүмкіндіктері кеңейтілді.

Corel Xara пакетіне Web палитрасы да қосылған оның көмегімен ол анимациялық файлдар жасай алады.Анимациялық суретті Greate Bitmap Copy және Arrange құралдары арқылы бірнеше рет өзгертумен жасап шығаруға болады.GIF анимациялық файлдары сыртқы программалық модульдің болуын қажет етпейді ол автоматты түрде броузердің өзінде іске қосылады.

Corel Xara программасының мүмкіндігі шектелген болса да, басқа жағдайларды алып қарасақ бұл программа өзіне тең дәрежедегі программалар жоқтығына күмән келтірмеуге болады.Егерде қиын оригинал-макеттерін жасау қажет болса,не болмаса адам сурет салу пакеттерімен жұмыс жасауда жаңадан келсе онда бұл редактор өте жақсы толықтыру құралы ретінде роль атқара алады.

 

Canvas 5

 

Сурет салу мүмкіндіктері,растрлық суреттерді құрастыруды,бір программада бетті редактрлеуді біріктіргісі келіп Deneba Systems фирмасы Canvas 5 пакетін жасап шығарды,ол программа болса көптеген функцияларға ие болса да оны дұрыс қолдана алмайды.Canvas 5 пакетінің мүмкіндіктері көп десек те онымен жұмыс барысының басында сіз жасағыңыз келетін құжат типін таңдау тура келеді.Таңдаған типке байланысты – Presentation, Publication, Illustration-сізде әртүрлі мүмкіндіктер мен шектеулер болады,ал бұл пакет біреуінен екіншісіне ауысуға мүкіндік береді,бірақ бұл өте баяу іске асадыы. Illustration құжаты бір бет ішінде ғана орналаса алады,бірақ соған қарамастан бірнеше қабаттан болуы мүмкін, Publication құжаты болса бірнеше парақтардан тұрып бір ғана қабаттан тұрады.Және егер де сіз Publication жұмыс режимінен Illustration жұмыс барысына ауыссаңыз, онда тек Publication құжатының бірінші бетін ғана көре аласыз. Canvas 5 пакеті LOGO.EPS. файлын импорттай алмайды,ал басқа пакеттер болса оны импорттай алады.Бірақ онда сурет салу жеңіл және ыңғайлы.Ал егер программада қателер кетсе онда ол экран бетіне суретті бұзылған күйінде көрсетеді.Техникалық иллюстрациялар жасаған кезде оның құралдары өте ыңғайлы.Бұл пакет растрлық кескіндерді пикселдер деңгейінде ең бірінші болып салған болатын.Ол қазіргі кезде жаңадан мықты құрал-саймандармен толықтырылды.Енді бұл редакторда сурет фильтрлері бар,және де түс арнасын жөндейтін құралдары бар.Бірақ FreeHand-тен айырмашылығы мұнда Photoshop-тың сыртқы модульдері жоқ,бірақ та бұл пакет оның кей бөліктерін қолдана алады.Және де Corel Draw-дағы сияқты арнайы эффектлері болмайды.

Canvas-тың Web-браузерлері үшін сыртқы модульдері болмайды,бірақ ол GIF және JPEG файлдарын экспорттай алады.Ең соңғы айта кетер жәйт-егер де техникалық кескіндерді,сызбалар салу керек болса Canvas редакторын өте ыңғайлы пакет ретінде қолдануға болады,өйткені ол мұндай суреттерді безендіруде өте қолайлы болып табылып отыр.

 

 

2.2 Corel Draw 10

Corel Draw-дің соңғы бөлімдерінің ерекшелігі деп олардың жоғарғы интерактивтілігін айтуға болады. Интерфейсі болса жағдайға қарасты өзгеріп отырады ,сондықтан кез-келген операция істеу кезінде минимальді түрде қозғалыстар жасалынады.Осы редактордың әр жаңа бөлімдері өзіне векторлық графикамен жұмыс жасау үшін әртүрлі құралдар және материалдарды қосып отырады.Сонымен бірге оның интерфейсі де жақсартылған болып отырады.Барлық командаларды меню ішінде орналастырып немесе батырмалар панеліне еңгізіп қайта алып тастауға болады.Жәй фигуралардан басқа бұл пакеттің жаңа бөлімінде автофигуралар жасап шығаруға болады.Иллюстрацияға еңгізілген растрлық объектлермен пышақ және өшіргіштің жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.Көпсанды тілдер қолданылады,мәтінді форматтау мүмкіндігі де бар.Түспен жұмыс барысындағы қолданушы интерфейсі түбегейлі өзгерді.Енді алуан түсті суреттермен жұмыс одан әрі жеңіл болады,және де одан әрі сапалы суреттер алуға болады.Интернет үшін сурет салу мүмкіндіктері де жақсартылған.

 Векторлықорлық форматтағы кез-келген сурет көптеген құрамдас бөлшектерден тұрады,олар бір-бірінен тәуелсіз түрде редактрленеді.Осы суреттің басты бөлшектері объект деп аталады.Объект туралы түсінік Corel Draw-да негізгі түсінік болып табылдаы.Объектіге мысал ретінде:тік бұрыш, дөңгелек, түзу,қисық сызық,көпбұрыш және т.б.

 Кез-келген объект түзу немесе қисық сызытқармен қосылған(сегменттер)нүктелердің бірнеше санынан тұруы мүмкін.

-

 Осы пакеттің жұмысының көп бөлігі объектлермен жүргізіледі.Сондықтан үстінде атлған объектлер көп кездеседі.Осы объектледің құрамдарын өзгерту арқылы векторлық графикада керек суретті салуға ықпал етеді. Corel Draw-дің басты бір элементі ретінде кез-келген контур салуға көмектесетін қисықтар болып табылады.Бұл қисықтар Бизье қисығы деп аталады.Атақты математик Пьер Безье екі векторлар арқылы қисық сызуды салуға болатынын дәлелдеген.Оның осы тұжырымдамасы осы пакетте қисық салу негізіне жатьқызылады.Қисықтық мөлшері қисықтылығының манипуляторының ұзындығы арқылы анықталады. Осылайша манипуляторлар Безье қичығының түрінің негізі болып табылады.Егер де қисықтық манипуляторы сегменттің екі жағында 0-ге тең болса онда ол түзу боладжы.Ал егре оны ұзартса онда түзу сегмент қисыққа айналады.

 

Безье қисығының көп мөлшерінен кез-келген бір қисық салуға болады.Corel Draw 10-бөлімінде растрлық суреттерді қолдануға болады.Және де растрлық сурет жеке бір объект ретінде қарастырылады,сондықтан оны басқа объектлерге қарамай редактрлеуге болады. Corel Draw 10-бөлімі векторлық графикаға арналса да ондағы растрлық суреттер салуға арналған құралдары кейбір растрлық редакторлардан кем түспейді.

 

Иллюстрациямен жұмыс объектлерді құрудан,оны редактрлеуден және де орналасуынан негізін аладыЕң басында объектінің болжамы өлшемдерін салу керек, одан соң кескіні біріктіру арқылы анықталып,оны өшіру немесе толықтыру арқылы қалыптасады.Керек затты салғаннан соң оған түс беріледі және бояу объектісі таңдалынады.Редакторда стандартты фигуралар(тікбұрыштар,эллипстар,көпбұрыштар,автофигуралар,спиралдар,торлар.) мен қисық және түзу сызықтар салуға болады.Стандартты фигуралар арасында күрделі суреттер де кездеседі.Форматтаудың көп мүмкіндіктерінің болуы редактордың өзінде суреттермен безендірілген шағын мәтіндік құжаттар шығаруға мүмкіндік береді.Керемет эффектлерді пайдалану қарапайым объектлерден көркем сурет салуға жол ашады.Редакторда салынған әр сурет бір немесе бірнеше объектлерден тұрады,олар бір-бірін жауып тұра алады.Объектлер ретінде басқа редакторларда жасап шығарылған растрлық суреттерді пайдалануға болады.

Corel Draw 10-дакторының негізгі қасиеттеріне тоқтала кетсек:

 • Қарапайым геометриялық фигуралар мен қисықтардың салу мүмкіндігі.

 • Кез-келген объектлерді редактрлеу.түсін өзгерту,формасын өзгерту және т.б.

 • Құжатта иллюстрация салу,дайын суреттерді қою.

 • Әртүрлі  суреттік эффектлерді пайдалану.

 • Объектлердің  барлығын керек жерде орналастыру,олардың  ашылу ретігін анықтау.

 

Ескерту:Құрал-саймандар  панелінде барлық батырмалар көрінуі үшін,жасалынып жатқан сурет жақсы көрінуі үшін,және экранда қосымша басқару элементтеріне орын жетуі үшін экран өлшемін 1024 нүктеден асатындай етіп орнатқан жөн.

2002 жылдың тамызында  Сorel Draw редакторының 11-ші бөлімі  шығарылды,ол қазіргі заман техникасына сай болып келеді.Ол қазіргі әлемдегі векторлық графикадан алда келе жатқан Adobe Illustrator-дан кем түспейді,кей жақтарынан одан асып түседі де.Бұл программада жұмыс істеген мамандар бұл редакторды өзінің негізгі құралы ретінде қарастырады.Қазір бұл редактор өзіне көптеген адамдар көзқарасын тартуда.Ол өзімен 12-жылдық эволюция нәтижесін көрсетеді, оны дизайнда, жарнамада, публикациялауда, және де интернетте кеңінен қолданады.Оның интерфейсі одан әрі жетілдірілген,және егер де қолданушыға көптеген құралдар туралы ақпаррат керек емес болса ол оны пайдалнбай-ақ та жұмыс жасай алады.Редакторды нұсқаумен танып-білу негізінен қиынға соғады.

 

ІІІ. Векторлық  графиканы қолдану,графикалық файл форматтары.

 

3.1 Векторлық  графика қолданылуы

 

CAD/CAM жүйелерін инженерлік конструкторлыққ істің, микросхемлар сызбаларын құрастыруда және де тікұшақтар салудың өзінде қолданады.Қазіргі кезде дамыған инженерлік компаниялар Boeing сияқтылары осы қарапайым графиканы да өз тікұшақтарын цифрлік түрде көру үшін қолданады. CAD/CAM жүйелерін архитектурада да кеңінен пайдаланылады.McDonald’s сипяқты компаниялар 1987 жылдан бастап архитектуралық дизайн үшін,отыратын жерлерді реттеу үшін,бөлмелердің орналасуын жоспарлауға машина графикасын пайдалнды.Векторлық графиканы стадиондар салуға немесе спорт жабдықтарын дизайнын көрсетуге пайдаланған кездер де болды.Мысал ретінде Балтимордағы жаңа паркті келтіруге болады.(Baltimore Oriole’s Camden Yards Park).

 Медицина  да компьютерлік графиканың қолданыс  аймағы болып отыр,мысалы: инплантантарды автоматты түрде жоспарлау,анатомиялық векторлық модельдер,және де медициналық зерттеулермен хирургиялық тәжірбиеде қолданылады.

 «Классикалық»  векторлық графика қазіргі кездің  өзінде кәсіпкерліктің әртүрлі  бөлімдерінде олданысқа ие болып  отыр.Графика бизнес ортасында кеңінен жайылып келе жатыр-бүгінгі таңда графикалық элементсіз бірде-бір құжат жоқ.Әрине анимациялық графика әлемде көңіл көтеру ортасында кеңінен таралған.Стивен Спилбергтің фильмдері графикада фотореализмнің жаңа стандартын орнатты.Голлливуд графикалық суреттерді өзіне эффектттер ретінде кеңінен қолданып отыр.1994 жылдың ішінде ғана графикаға негізделген бірнеше фильмдер шығарылды:»The Lion King»,»The Mask»,»True Liness»,»Forest Gump» және т.б.

 Видеойынортасында  да графика,әрине, кең қолданысқа ие.Виртуальді галерея мен көңіл көтеру парктерінің саны қарқынды түрде өсуде.Былай қарағанда бір дамыған елді алсақ онда осы ойын арқылы жылына 144 млрд. Доллар табыс түскен,және де осы пайданың өсуіне күмән жоқ.Қазіргі кезде интернет парақтарын безендіру үшін графика кеңінен қолданылады.Бірақ бұл жолда кейбір мәселелер қарастырылуы керек,яғни Web-ке арналған графикалық технологиялар басқа технологиялардан артта қалып отыр,соның салдарынан бұндағы мүмкіндіктер шектеулі болып отыр.

 

Шыныменде GIF және JPEG сияқты әлемге белгілі форматтар қазіргі уақытта ескерген .Әрине оларды нашар деп айтуға болмайды,бұған дәлел ретінде оның шыққан мерзімін келтіруге болады (мысалы GIF89 форматы 1989 жылдан бастап қолданыста ).Бірақ та бұл форматтар қазіргі заманға сай емес деп те айту дұрыс емес.GIF форматы 256-биттік түсті қабылдайды,ал JPEG форматын үлкен көлемде қысатын болсақ онда оның сапасы төмендейді.1995 жылы GIF форматын шығарған Unisys компаниясы бұл форматтың қолданысын тоқтата жаздаған кездер де болған.Бұл кезде Interernet-тің тәуелсіз жұмысшылары басқа бір формат шығаруға қадам жасады,олардың ойы юойынша бұл файл бәрінен артық болып шығуы керек болды.Соның нәтижесінде PNG (Portable Network Graphics)атты жаңа формат жасап шығарылды.Ол 1996 жылы W3C консорциумы бойынша таратылуна жолын ашты.Бұл формат 48-биттік түрлі түсті және 16-биттік бір түсті суреттерді жүктей алады,ол сонымен бірге тез жүктеледі.Оның көптеген қосымша мүмкіндіктері бар,мысалы альфа-арналар олар әр пиксельдің мөлдірлік деңгейін қойып,гамма-коррекция жүргізеді.Бірақ та осыған қарамастан ол алдыңғы екі форматты ауыстыра алмады,оған кінәлі браузерлердің броузерлер жасап шығарушылардың қолдауының болмауы болды.Бірақ та қазіргі уақытта көптеген броузерлер бұл форматты таратып жатыр,және де ол болашақта кең таралады деген үміт бар.Келесі белгілі болып келетін формат FlsashPix форматы.Оның ең негңізгі тиімділігі файлды күрделі деңгейде өндеуі.Векторлық графика формаларды толтырып,түзулерді салуға негізделген.

 

3.2 Компьютерлік  графика файлдарының форматтары

 

Жоғарыда айтылғандай  графика екіге бөлінеді:растрлық және векторлық.

 Векторлық  графикалық объектлердің математикалық  түрде құрастырылуын көрсетеді.Қарапайым  сөзбен айтсақ- компьютер түзу  сызықты салуы үшін екі нүкте  координаттары керек және оларды қосу қажет.Осыған қарап векторлық графиканы геометриялық примитивтер жиыны деп те айтуға болады.Ратрлық формат болса жеңілдеу құрастырылған.Ол тікбұрышты матрица сияқты,ол матрица кішкентай бөліктер- пиксельдерге бөлшектелген.Пиксель көп болса оның көлемі де үлкен болады.Бұл барлық растрлық форматтарға сай келеді.Ал олар өз арасында түсі,архивациялану тәсілі бойынша,қосымша ақпарат арқыл және т.б. бөлімдер арқылы айырылады.Ал енді форматтарға толық тоқтала кетейік.

 ВМР(Windows Device Independent Bitmap) бұл формат Windows-тың негізгі форматы болып есептелінеді,ол өз қарамағындағы барлық графикалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Windows- арналған растрлық суреттерді сақтау үшін қолданылады,одан әрі ол ешнәрсеге жарамайды.Индекстік және RGB-түстерін сақтай алады.

WMF (Windows MetaFile) Windows-тың  тағы бір «туған» форматы.Векторларды  айырбас буфері арқылы тасымалдау  үшін қлданылады.Векторлық графикамен  байланысы бар Windows-тың барлық  программасына түсінікті болып  келеді.

PICT (Macintosh QuickDraw Picture Format) Macintosh айырбас буферіне арналған стандрт.Векторлы да растрлы да ақпаратты қбылдай алады.Мас’е-да барлық програаммалармен қабылданады. РС-да ріс. немесе РІСТ сияқты өлшемдері бап.Бірақ онымен жұмыс қиын да кұрделі болады.

TIFF (Tagged Image File Format) кең таралған сенімді тәуелсіз форматтардың бірі,графикамен байланысы бар программалардың бәрі оны қолдайды.Растрлық графиканы векторлық программаларға импорттаған кезде осы форматты тандағна жөн.Оған түстің барлық қасиеттері еңгізілген,монотондыдан бастап алуан түстерге дейін.Әртүрлі программмалық көмекшілер типін сақтай алады,және оған қоса көптеген басқа да қасиеттерге ие.Ол жадынамаларына байланысты болып келеді.

Scitex CT (PC set өлшемі) Өзінің атындағы фирмамен шығарылған  ТІҒҒ-тан айырмашылығы аз,тек кей аппараттарда бұл файлдар тез шығарылады.

PS (Adobe PostScript) Windows парақтадың бейнелеу тілі болып  табылады.

 Бұндай файлдар  өзінде құжат сақтай алады.Бұл  формат негізінен сол іске  арналған болып келеді.

 

EPS (Encapsulate PostScript) Eps-postscript-нің қарапайым жеңілдетілген түрі.Бір файлда бір парақтан артық өлшем сақтай алмайды,принтер үшін бірнеше орнатуларды сақтамайды.Оны кейбір программалар жұмыс файлы ретінде пайдаланады.Оны вектор мен растрды баспа жүйелеріне жіберу үшін қолданады,графикамен жұмыс істейтін көптеген программалар оны шыңарып отырады.Басып шығару үшін қажетті түстердің бәрімен қамьтамасыз етілген.Ол Macintosh-та қолданыса болғанда эскиздерді сақтаған жөн.Олар максимальді сапалы және минимальді өлшемді болады,веторда да, растрда да,бірақ ол жеңіл болуы үшін растрлық форматта ол шектеулі түс палитрасымен болады.Ең басында ол векторлық формат ретінде шығарылған еді,соңынан оның растрлық түрі де жарыққа шықты.

Информация о работе Компьютерлік графика