Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:27, реферат
Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдау үшін дискет қолданылады. Бұл әдіс өте тиімсіз /ыңғайсыз/. Егер ақпарат көлемі өте үлкен болған жағдайда ол ақпаратты дискетпен тасымалдау іс жүзінде мүмкін емес. Ең тиімдісі, бірнеше компьютерлерді кабель арқылы жалғап, бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беру.
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН ЖЕЛІЛЕРДІҢ НЕГІЗДЕРІ
Компьютерлік желілер. Интернет жөнінде негізгі түсініктер
Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдау үшін дискет қолданылады. Бұл әдіс өте тиімсіз /ыңғайсыз/. Егер ақпарат көлемі өте үлкен болған жағдайда ол ақпаратты дискетпен тасымалдау іс жүзінде мүмкін емес. Ең тиімдісі, бірнеше компьютерлерді кабель арқылы жалғап, бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Компьютерлерді бұлай жалғастыру компьютерлік желі деп аталады. Компьютерлік желі - бұл әртүрлі ресурстарды (программалар, құжаттар және принтерлер) бірге пайдалана алатын, бір-біріне жалғасқан компьютерлер тобы.
Компьютерлерді желіге ондағы ресурстар мен ақпарат алмасуды бірге пайдалану үшін жалғайды. Компьютер ресурстары: ақпараттық және техникалық болып екіге бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға - программалар мен мәліметтер, ал техникалық ресурстарға - принтерлер, модем, сканерлер жатады.
Компьютерлік желі
Компьютерлік желілерді пайдалану:
Һ ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
Һ желінің бір ДК-де сақталу есебінен бір ақпараттың /көшірмесі пайда болуының/ қосарлану мүмкіндігінің жойылуы;
Һ ақпарат сақталу сенімділігінің жоғарылауы;
Һ ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
Һ ұйымның бөлімшелер мен қызметкерлері арасындағы жедел жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Компьютерлік желілерді аппарттық-программалық қамтамасыз ету
Байланыс арналарының сипаттамасы. Әртүрлі физикалық ортадағы желі объектілерінің қарым-қатынас процесі байланыс арналары арқылы жүргізіледі.
Байланыс арналарының ең негізгі сипаттамасы:
-желіде 1 секунд ішінде жіберілген мәліметтерді жіберу жылдамдығы ақпараттың бит санымен анықталады,
- сенімділік (ақпарпатты еш нұқсансыз, жоғалтпай жеткізу мүмкіндігі);
- құны (бағасы);
- дамуы болып табылады.
Телефон желісіне қарағанда электр кабель байланысының жылдамдығы жоғары. Виттік жұп кабелі әрі арзан, әрі мәліметтерді тарату жылдамдығы жоғары, бірақ, кедергілерден қорғалмаған. Коаксиалды (экрандалған) кабель ең күшті кедергі сақтандырғыш болып табылады. Кәдімгі телефон арналарына қарағанда электр кабельдерін пайдалану қымбатыраққа түседі. Сол себепті өте алыс емес қашықтыққа (жергілікті желілерде) электр кабельдері қолданылады. Оптоталшықты волоконды кабель - бұл байланыстың ең жақсы тџрі, бірақ ол өте қымбат (оның құны өте жоғары).
Каоксиалды кабель.
Интернет желісіне қосылу
Іздеуді ұйымдастыру
Шексіз көптеген ақпарат беттеріндегі ақпараттар ағымынан керекті ақпаратты іздеу кез-келген Интернет желісінің пайдаланушылары үшін өте маңызды. Интернет желісі өте жылдам дамуда, сол себепті жүз миллиондаған Web-беттері мен файлдардың арасынан керекті ақпаратты табу қиындап барады. Керекті ақпаратты іздеу үшін арнайы іздеу серверлері пайдаланылады, олар Интернеттің он миллиондаған сервелерінде сақталынып тұрған Web-беттер мен файлдар туралы азды-көпті ақпараттардан тұрады.
WWW жүйесінде іздеуді келесі жолдармен ұйымдастыруға болады:
Һ гипербайланыс бойынша
Һ адрес бойынша іздеу;
Һ іздеу серверлерін пайдалану.
Гипербайланыс бойынша навигация - серверлер ішінде немесе басқа серверлерге керекті ақпаратқа гиперсілтеме бойынша көшудің есебінен кіруге мүмкіндік алатын Web-серверді дұрыс таңдаумен шектеледі.
Адрес бойынша іздеуде керекті ақпарат орналасқан ақпараттық беттің электрондық адресі енгізіледі. Гиперсілтемеге өту керек болмағандықтан, іздеудің бұл тџрі жылдамырақ жұмыс істейді.
World Wіde Web гипермәтіндік жүйеде ақпартты іздеу процесінде іздеу серверлері пайдаланылады, іздеу серверінің кілттік сөзі (ізделініп отырған ақпараттың негізгі сөзі) қатесіз енгізілуі керек. Нәтижесінде іздеу шартын қанағанттандыратын Web беті мен серверлер тізімі шығады. Тек керекті құжат немесе сервер таңдалғаннан кейін ғана керекті ақпаратқа өтуі мүмкін.
Ақпарат қорғау дегеніміз – ақпарттың машиналық тасымалдаушы да сақталатынын қамтамасыз ету және оған бекітілмеген рұқсатты болдырмайды.
1) Резервтеу
қажеттілігі әртүрлі
- компьютерлік вирустардың
- файлдармен дұрыс әрекет
- дискіні немесе қатты диск дисководының физикалық бұзылуы;
- кейбір адамдардың әдейі әрекет етуі;
Файлдарды резервтеу файлдарды бір компьютерден 2-ші компьютерге (егер олар желіге қосылмаса) ауыстыру кезінде пайдаланылады.
Файлдарды резервтеу деп ақпарат машиналық тасымалдаушыда олардың көшірмесін құруда және резервтелген файлдарда өзгеріс болған жағдайда оны жүйелі түрде жаңарту айтылады.
.Бұл әдісте резервтеу бір немес бірнеше файлдарды немес ыайлдық құрылымды қарапайым көшіру болып табылады. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі көшірмені қолданбалы программаларда ешқендай бейнелеусіз пайдалана беріледі.
MS-DOS қарапайым көшіру Copy, Xcopy,Dіsccopy командалар көмегімен орындалады.
Файл резервтеу деп жеке файлдар, файлдар топтамасы, файлдық құрылымның немес басқа ақпарат тасымалдаушы барлық дискінің резервтік көшірмесін жылдам алу түсіндіріледі. Қолданбалы программаларда резервтелген файладарды пайдалану үшін оларды алдын ала сақталған файлда ашып алу керек. Резерв файлдарын ашып алу прцесі файлдарды қалпына келтіру деп аталады.
Файлдарды резервтеу және қалпына келтіру үшін бір-біріне ұқсас 2 программалық өнім:
MS фирмасының MS Backup утилитасы және Symantee фирмасының NortonBackup утилитасы пайдаланылады.
MS Bascup утилитасын 2 вариантта пайдалануға болады:
MS Bascup утилитасы:
MS DOS –та утилита жұмысқа MS Bascup командасының көмегімен жүктеледі, ал MS BascupBackup for Wіndows утилитасы Bascup пиктограммасы немесе MW Bascup программасы жүктеледі.
Архивтелген файлдар көшірмесінің негізгі ерекшелігі ақпаратты машиналық тасымалдаушыда кішірейтілген архивтік көшірмесін алу мақсатында файлдарды сығу болып табылады. Осындай резервтеуде бір немес бірнеше сығылған файлдар жиынтығын білдіретінбір архивті файл құрылады. Сығылған файлдың өлшемі файл түп-нұсқадан 2 ден-10 есе аз болады. Оның сығылу дәрежесі 1-ден файлдың типімен, 2-ден архиватор программасына тәуелді. Көп сығылатын деректер қоры, текстік файлдар, ал аз сығылатын программалық файлдар (exe, com).
Файлдарды архивтік файлдарға жазу процесі- архивтеу (жинақтау), ал файлды архивтен шығару – разархивация (ашу) деп аталды, ал архивті файл архив болып табылады.
Файлдары архивтеуді архиватор- программалар және NC проргаммалық қабықшасының көмегімен орындауға болады. Архиватордың атқаратын функциялар:
MS-DOS ортасында жұмыс жасайтын архиватор-программалар ARJ, PKZІP/PKUNZІP және RAR Wіndows ортасында жұмыс жасау үшін WіnZіp, WіnRar архиваторларын пайдалануға болады.
Файлдарды қалпына келтіру
Дискіден қате өшірілген, файлдық құрылымда логикалық қателердің пайда болу салдарынан бұзылған (бүлінген), логикалық дискіде деффект пайда болудан бұзылған файлдардықалпына келтірудің бірнеше тәсілдері бар. Осы мақсаттар үшін MS-DOS, Norton Utіlіtes пакетініңжәне Wіndows 95 қызметші программаларның утилиттері пайдаланылады.
Файлдарды қалпына келтіру деп файлдардың бастапқы мазмұнын бастапқы формада қайта құру түсініледі.
Файлдарды қалпына келтірудің нақты жағдайы резервті көшірмелерден файлдарды шығару, архивтен шығару және «прогрң вируспен бүлінген файлдарды «емдеуң болып табылады.
Дискідегі файлдардың сақталғандығын қамтамасыз ету үшін және қалпына келтіру үшін жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүогізу керек, яғни:
Файлдарды және дискіні дефрагментациялау үшін MS-DOS –та DEFRA 6 командасын және SoeadDіsk Norton утилитасын пайдалануға болады.
Магниттік дискілерді тестілеуде физикалық және логикалық дефектілер шығады. Логикалық дефект файлдық құрылымның бұзылуын туғызады.
Магниттік дискілерді тестілеу үшін және ақпаратты қалпына келтіру үшін SCANDІSK клмандасы және Norton Dіsk Doktor утилитасы пайдаланылады.
Ақпаратқа рұқсатты шектеу
Ол программалық және техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі: пароль пайдалану, файлдарды шифрлеу, файл өшіргеннен соң оларды түбірімен жою, электорндық кілтті пайдалану, ЭЕМ-рын арнайы қорғау орындаушымен даярлау.
Ақпараттық рұқсатты шектеу дегенміз- оған санкционирленбеген рұқсат жоқтығын білдіреді.
Пароль пайдаланушының ЭЕМ-нің желісіне құқығын шектеу, бір компьютерде әр алуан логикалық дискімен, каталогпен және файлдармен жұмыс жасау үшін және пайдаланушылар рұқсатты шектеу үшін пайдаланылады.
Информация о работе Компьютерлік желілер. Интернет жөнінде негізгі түсініктер