Компьютерлік желілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 18:19, реферат

Описание

Компьютерлік желі дегеніміз – компьютерлердің арасында ақпарат алмасуға, анықталған компьютерлер тобының ортақ деректерді, бағдарламалық жабдықтарды, ортақ құрылғыларды пайдалануға бағытталған компьютерлердің құрылған тобы. Компьютер пайдаланушылары арасында компьютерлік желінің түрлі мүмкіндіктерін пайдалану тиімділігі бойынша компьютерлік желінің екі үлкен тобы қарастырылған:

Работа состоит из  1 файл

комп.сети-каз.doc

— 54.00 Кб (Скачать документ)

Оңтүстік Қазақстан  облыстық Білім басқармасы

 

№4 кәсіптік лицей

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: «Компьютерлік желілер»

 

 

 

 

Орындаған: Бердібек А.

                       109 топ оқушысы

Қабылдаған: Қуанышов Е.

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы

 

 

Компьютерлік  желілер

 

Компьютерлік желі дегеніміз – компьютерлердің арасында ақпарат алмасуға, анықталған компьютерлер тобының ортақ деректерді, бағдарламалық жабдықтарды, ортақ құрылғыларды пайдалануға бағытталған компьютерлердің құрылған тобы.  Компьютер пайдаланушылары арасында компьютерлік желінің түрлі мүмкіндіктерін пайдалану тиімділігі бойынша компьютерлік желінің екі үлкен тобы  қарастырылған:

  1. жергілікті желі;
  2. ауқымды /ғаламдық/ желі.

 

Егер бір бөлмеде, ғимаратта  неемсе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге,  мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті  бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады.

Бірнеше мысал келтірейік:

  • егер сіздің мекемеңіздің компьютерлері желіге қосылған болса, онда қызметкерлер арасындағы құжаттар алмасу, көшіру  немесе орын ауыстыру амалардары жеңілдетіледі;
  • компьютерлердің біріне басып шығарғыш (принтер) қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан әрі өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады.

Жергілікті желі –  бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабель (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара байланысқан бірнеше  компьютерлер тобы.

Операциялық жүйенің  жұмыс столында жергілікті желімен  жұмыс істеуге арналған Желілік  орта бумасының белгішесі көрініс  табады. Компьютерлерді желіге біріктіру  үшін  әрбір компьютерде  желілік  бейімдеуіш немесе желілік тақша  орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай модельдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады.

Содан кейін компьютерлерді кабельдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғылар – шоғырлауыш (концентратор), немесе хаб көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет.

Жергілікті желілерді  бір-бірімен олардың арасындағы қашықтық тым үлкен болса да байланыстыруға болады. Бірақ, бұл кезде арнаулы кабельдік байланысты қолдануға болмайды. Ал оның орнына қарапайым байланыс құралдары көмекке келеді: телефондық желілер, радиостанциялар, оптикалық сымдар, ғарыштық спутник байланысы, және т.б. Жергілікті  желілердің арасында  байланысу үшін байланыстың кез келген құралдарын қолдануға болады. Айырмашылығы – олардың сенімділік деңгейінде,  хабарларды жеткізу жылдамдығында және сымды пайдалану бағасында. Байланыс сымы жақсы болған сайын, оны пайдалану ақысы да жоғары болатынын әркім біледі. Және де ол сым бойынша бір уақыт бірлігінде жеткізуге болатын ақпарат көлемі де үлкенірек болады.

Жергілікті желілер  екі типті бола алады:

  1. біррангілі желілер;
  2. клиент-сервер жүйелі желілер.

Бір рангілі желілерде  компьютерлер теңқұқылы болып келеді, және олардың әрқайсысы кез келген көршісімен байланыс орнатып, ортақ бағдарламаларды, мәліметтерді немесе құрылғыларды пайдалана алады.

Клиент-сервер типті желілерді  қарапайым қатардағы компьютерлермен  қатар басты компьютер, яғни сервер болады. Осы сервер қалған компьютерлерге басшылық жасап отырады.

Жергілікті желілерді байланыстыру типі бойынша топологиясы анықталады. Негізгі топологиялар:

  • шиналы
  • сақиналы
  • жұлдызды

 

 

Екі немесе одан көп желіні бір-бірімен  байланыстырғанда, желіаралық байланыс пайда бола бастайды да, ауқымды, басқаша айтқанда ғаламдық компьютерлік желіні құрайды. Ғаламдық желі қалалар, елдер, құрлықтарды байланыстыра алады. Үлкен қашықтықта орналасқан географиялық аймақтарды біріктіргенімен, оның барлық тұрғындарын байланыстырмауы да мүмкін.

Бір немесе бірнеше мемлекеттің  аумағында орналасқан желілер  ғаламдық деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу  және түрлі амалдармен қатынас жасау  мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және танымал желі.

Internet сөзі тікелей мағынасында  халықаралық желі дегенді білдіреді. Internet – бұл дүниежүзіндегі  компьютерлер  мен серверлер жиынтығы, ал ол  жеткізуге болатын ақпарат көлемі  тіпті бағалаудың өзі қиынға  түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген  мүмкіндіктер ұсынады.

Желі қатысушыларының ортақ  пайдалануы үшін бөлінген компьютер  сервер деп аталады.

Провайдер – бұл ұйымдар мен  жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі  телефон компаниялары да істей алады. Әдетте провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызмет түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әртүрлі болады.

Өз қажетіңізге лайықты провайдерді  таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал:

  • Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы – уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының  техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.
  • Қосылу  түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу – бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, анимациялық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Енді бір түрі – кабельді модем, DSL, жер серігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылымның мұндай түрі жоғарғы жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режимінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді.

Веб-беттер бойынша саяхат жасап, кез келген тақырып немесе пайдаланушыны қызықтаратын саласы бойынша көлемді ақпарат табуға болатынын кез келген  адам біледі. Ал осы әрекеттің қалай орындалатынын  білу хатшы-референт қызметінде өте қажетті. Интернет желісінде ақпаратты тауып алып қана қоймай, әрбір мекеме немесе ұйым өзінің ақпаратын жариялап, жақсы жарнама жасай алады. Сол себепті де Интернет желісін – керекті ақпарат көзі мен жарнама құралы деп өте жиі айтады.

Интернет желісінде  ақпарат табу үшін оның жоғарыда айтылып  кеткен URL-мекен жайын білген дұрыс. Бірақ желіде жарияланған миллиондаған веб-сайттардың атын біліп, ондағы ақпарат  мазмұны туралы толық таныс болу  мүмкін емес. Сондықтан да мұндай кездерде көптеген веб-беттерге тән іздеу жүйелері көмектеседі. Іздеу жүйесімен қамтылған веб-сайттардың басты веб-беттерінде Іздеу (Поиск немесе Найти) деп аталатын қатары болады. Ізделінетін ақпаратты осы қатарға енгізіп, растау пернесін басса, іздеу бағдарламасы басқа сайттардың мазмұнынан қажетті ақпарат мәтінін іздей бастайды. Нәтижесінде  бұл сайттар тізімі шығарылады да, пайдаланушы өзіне керекті ақпарат көлемін таңдай береді.

Электрондық почта, немесе e-mail, пайдаланушыларға  мәтіндік хабарламадан  және түрлі форматтағы: мәтіндік, сызбалық және т.б. файлдардан тұратын электрондық хаттарды жөнелтіп, қабылдап алуға мүмкіндік беретін Интернет желісінің қосымша қызмет.

Электрондық почтаны  пайдалану кезінде компьютерде  әр түрлі арнауыл бағдарламалар  қолданады, және олардың қажеттілігіне қарай біріне-бірі ауысып отыруға болады. Мынандай бағдарламалар мынандай жұмыстар атқарады:

  • алынған хабарларды талдау және жаңа хабарлар дайындау;
  • байланыс торабымен жылдам хабар алмасу;

Бірінші бағдарламаның  жұмыс байланыс желісіндегі компьютердегі мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеген сияқты болады.

Бұл кезеңде белгілі бір редакторлық  бағдарлама көмегімен мәтін дайындап, оны артынан қарап шығуға тура келеді. Мәтінді оқу, толықтыру, талдау жұмыстары әдеттегі почтамен жұмыс  істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашанда жинақталған мәліметтер архиві болуға тиіс, соларға қарап отырып бұрыңғыларын қайтадан оқып шығып, керек еместерін «қоржынға» тастап, керектеріне жауап жазып, кейбірін қайта рхивке салып сақтап қоямыз. Ең соңында дайындалған хатты немесе келген хатқа жазылған жауапты «почта жәшігіне» салып, керекті адреске жөнелтеміз. Сонымен электрондық почтаның кәдімгі почтадан айырмасы «байланыс бөлімі» өз компьютерімізде орналасады және тек өзімізге ғана қызмет етеді.

Дайындалған корреспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы бағдарлама бойынша жүргізеді. Ол бағдарлама хаттарды дайындау мен хаттар сол компьютерді бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасау негізі болып саналатын тораптық компьютермен кез келген сәтте байланыс сеансын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде бағдарлама дайын хаттарды жөнелтіп, келген хаттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Компьютеріміздің ішіндегі өз  «почта жәшігіміздегі» бұрынғы салынған хаттар тораптық компьютерге жіберіліп, біздің адресімізге келіп түскен хат-хабарлар «жәшігімізде» жатады.

Дербес компьютерде жеке - өз адрестері  бар бірнеше адам жұмыс істейтін болса,  тораптық компьютермен байланысқан  кезде келіп түскен барлық хат-хабарлар бір жәшікке түспей адреске сәйкес олар осы компьютердегі өз иелерінің «почта жәшіктеріне» сұрыпталып салынады, олардың да жіберілуге тиіс хат-хабарлары керекті адрестеріне жөнелтіледі.

Осындай ортақ компьютерде істейтін бір адам почта администраторы болып  тағайындалады. Адрестері не аттары дұрыс көрсетілмеген, бірақ сол компьютерге бағытталған хаттар осы администраторға табыс етіледі. Сонымен бағдарламаның басқаруымен компьютерге түскен хаттар «талап етілгенше» келіп түскен почта жәшігінде жата береді. Мұның қолайлы жағы – компьютер өшіп тұрғанда келіп түскен хаттар бірден «жәшікке» сақталып тұрып қалады. Егербұлай болмаса, тораптық компьютердің жады алынбаған хаттарға толып кетеді. Соның өзінде  де көптеген иелері алмаған немесе қате теріп адресті дұрыс жазылмаған хаттар торапта біраз сақталған соң, оларға арнайы белгі қойылып, келген жеріне қайтарылады.

Кәдімгі почта тәрізді электрондық  почтада да бір абонентпен екінші абонент арасындағы хабар алмасу үшін қолданылады. Жіберетін хабарда  екі адрес көрсетілуі тиіс: хатты  жіберуші мен оны алушының мекен-жайы кәдімгі хаттар сияқты жазылады. Әрбір  адресте хат алушының атыжөні мен оның компьютерінің желідегі адресі көрсетіледі. Хат иесінің адресін компьютер автоматты түрде өзі толтырады. Бұған қоса электрондық почта адресінде мынадай информацияны жазуға болады:

  • хабар тақырыбының қысқаша сипаттамасы (алушы бірден хаттың не туралы екенін біледі);
  • хаттың көшірмесі тағы қандай адрестерге жіберілуі тиіс;

Электрондық почта жұмысы барысында  хаттың тақырыбына қоса оның жіберілген мерзімі, уақыты, т.с.с. керекті мәліметтер тіркеліп қалады. Көптеген желілер алғашқыда ерте ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын байланыстыратын жүйе ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікір-талас жүргізуге арналған желі мүмкіндігіне телеконференциялар деп аталып, ол белгілі бір салада негізделген еді, бірақ кейіннен желілер практикада кең  пайдаланып, оның алғашқы ғылыми семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте қала бастады.


Информация о работе Компьютерлік желілер