Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 09:31, реферат
Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде « 100-мегабаитті технологияны... Желілік технологиялар... Интернеттегі жанжал... интражелілер...» деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Кіріспе
Компьютерлік желілер
Негізгі бөлім
Компьютерлік желілердің түрлері
Интернет деген не?
Негізгі желілік топологиялар
Желілік техникалық құралдар
Модем
Желілік программалық құралдар
Желілік принтерлер
Қорытынды
Жұмыс станциялары
Пайдаланылған әдебиеттер
Соңғы кездерде 10Мбит/с ethernet және
100Мбит/с Fast Ethernet шешімдерін қатарластыра
үйлестіреді қамтамасыз ететін жаңа шешім
табылады.«Қос жылдамдықты» 10/100 Мбит/с
Ethernet/Fast Ethernet технологиясы - желілік тақша,концентратор,
коммутатор сияқты құрылғыларға жоғарыдағы
жылдамдықтардың (қай құрылғыларға байланысқанына
байланысты) кез-келгенімен жұмыс істеуге
мүмкіндік береді.10/100 Мбит/с
Ethernet/Fast Ethernet желілік тақшасы бар дербес
компьютерді 10 Мбит/с жылдамдықты концентратор
портымен байланыстырғанда ол 10Мбит/с
жылдамдықпен жұмыс істейді. Егер де оны
10/100 Мбит/с жылдамдықты концентратор (3
Com SuperStack II Dual Speed Hub 500 сияқты) портымен
байланыстырсақ, ол автоматты түрде 100
Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей бастайды.
Бұл тәсіл біртіндеп жоғары жұмыс өнімділігіне
көшу ісін жүзеге асыра алады. Оған қоса,
мұндай тәсіл серверлер мен клиенттердің
желілік жабдықтарын қарапайым күйде
сақтап,желілік құрылғыларын мен тасымалдау
арналарының өткеру алабын өте кең пайдаланатын
жаңа программаларды пайдалануға мүмкіндік
береді.
Gigabit Ethernet желілері
Ethernet және Fast Ethernet желілерінің ифрақұрылымымен
үйлеседі,оның үстіне олар Fast Ethernet желілеріне
қарағанда 10 есе артық, яғни 1000Мбит/с жылдамдықпен
жұмыс істей алады. Gigabit Ethernet желілері
негізгі желілердің «қысылшаң» орындарын
болдырмайтын мықты шешім болып саналады.
«Қысылшаң» орындар тасымалдау арналарының
өткеру алабына сезімтал қолданбалы программаларға
байланысты және интражелілер мен мультимедиалық
программалардың трафиктері ағынының
шамадан тыс ұлғаюына қарай туындайды.
Gigabit Ethernet желісі Ethernet және Fast Ethernet жұмыс
топтарын біртіндеп жаңа технологияға
көшіру тәсілі болып табылады. Мұндай
тәсіл – олардың жұмыстарына өте аз әсер
етіп,жоғары жұмыс өнімділігіне тез қол
жеткізу мүмкіндігі.
АТМ (Asynchronous
Transfer Mode) немесе асинхронды тасымалдау
режимі – бұл мәлімет алмасу үшін тұрақты
ұзындықты ұялар қолданылатын коммуникация
технологиясы. Үлкен жылдамдықпен жұмыс
істей алатын АТМ желілері біріктірілген
мәлімет жиындарын – сөзді, қозғалыстағы
бейнелер мен жай мәліметтерді бір арнамен
тасымалдау ісін жүзеге асыра отырып,жергілікті
және аймақтық тармақталған желі рөлдерін
атқара алады. Бұлардың жұмысы Интернет
қызметі түрлерінен айрықша құрылып, арнайы
инфрақұрылымның болуын талап ететіндіктен,
олар желі сегменттерін бір-бірімен біріктіріп
байланыстыратын магистральдық желі ретінде
қолданылады.
Сақиналық
архитектура технологиясы болып саналатын
және технологиялары маркерлік қатынас
құруға негізделген кумалы желі жасауды
пайдаланылады. Олар сақина бойымен бір
бағытта маркер деп аталатын арнайы биттер
тізбегінен тұратын мәліметтердің айналып
жүруі арқылы жасалған үздіксіз тұйық
желі түрін құрайды. Маркер сақина бойымен
желідегі әрбір жұмыс станциясын айналып
өтіп үздіксіз қозғалыста болады.Желідегі
мәлімет жөнелтетін жұмыс станциясы маркерге
бір кадр қосып қояды, ал қалған станциялар
тек маркерді ары қарай жылжытып отырады.
Token Ring желілері мәліметтерді 4 немесе
16 Мбит\с жылдамдықтармен тасымалдап,
көбінесе IBM компьютерлер3 ортасында қызмет
етеді.
FDDI технологиясы
да сақиналы негізде жасалып, оптоталшықты
кабельдермен жұмыс істеу үшін магистральды
желілерде пайдаланылады. Бұл да Token Ring
желілері тәрізді маркерді бір станциядан
екінші станцияға жіберіп отырады. Token
Ring технологиясынан айырмасы мұнда маркерлері
қарама-қарсы бағытта қозғалыста болатын
екі сақина болады.Бұл тәсіл бір сақинада
үзіліс болып қалған жағдайда желінің
ақаусыз қызметін ұйымдастыру мақсатында
(көбінесе оптоталшықты кабельде) жасалады.
FDDI желілері мәліметтерді 100Мбит\с жылдамдықпен
өте үлкен қашықтарға тасымалдау үшін
қызмет етеді. Мұндағы желі сақинасы ең
көп дегенде ұзындығы 100 км-ге дейінгі
тұйық қашықтықты қамтиды да, жұмыс станцияларының
арасы 2 км шамасында болады.
Осы көрсетілген
сақина түріндегі екі технология жаңа
желілерді ұйымдастыруда АТМ және Ethernet
технологияларының баламасы ретінде қолданылып
келеді.
Желілік принтерлер.
Кез келген қызмет бабында мәтіндік
құжаттарды қағазға жиі басуға тура келеді.
«Қағазсыз» технологияның күнбе-күн іске
асып жатқанына қарамастан, қағазға басылып
жатқан мәліметтер көбеймесе, әзірге азайған
жоқ. Егер мекемеңіздің абыройын биік
ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын құжаттар
сапалы лазерлік принтерде басылуы шарт.
Тек ішкі қарапайым құжаттар үшін ғана
бірнеше жүз доллар тұратын арзан принтерді
пайдалануға болады. Ал кей кезде түрлі
түсті принтер де қажет болып қалады. Егер
де баспагерлік қызметпен айналыспақ
болсаңыз, онда қуатты, әрі қымбат лазерлік
принтер алу керек,оның құны мың долларға
жетіп артылады.
Әрине, әрбір компьютерге
қосылған қымбат лазерлік принтерлер
ала беру қажет те емес шығар. Мұндай мүмкіндік
кез келген фирмада бола бермейді де, сондықтан
бір мекемеде әдетте бір, әрі кеткенде
екі принтер ғана болады. Ал, бір принтерді
бірнеше компьютерге бірден қалай жасауға
болады екен?
Мұның бірнеше тәсілі бар. Біріншіден, көп мүмкіндікті ауыстырып қосқыш тетік сатып алуға болады, ол бір жағынан принтерге , екінші жағынан бірнеше компьютерге бірдей жалғанады. (28.3-сурет). Ал, егер компьютерлер бірнеше бөлмелерде немесе бір мекеменің бірнеше қабаттарында орналасса, қымбат тұратын бір принтерді ортақтаса пайдалануда компьютерлік желінің артықшылығы артпаса да түсінікті шығар.Бірнеше принтер сатып алудың орнына бір-ақ принтер алып, оны желі арқылы жалғап, жұмыс өнімділігін төмендетпей пайдалану ыңғайлырақ емес пе?! Лазерлік принтердің санын азайтудағы қаржының үнемделуін әркім өзі-ақ есептеп алады.
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ
Enthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Канал ретінде коаксиалды кабель қолданылғанда, Enthernet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткізгіш қолданылған болса, Enthernet жұлдызша кескінделеді. ARCNET технологиясы Datapoint CoFpoFation фирмасында 1968 жылы жасалған. ARCNET технолоғиясының желісі де, Enthernet желісі сияқты, екі топология бойынша («жұлдызша» немесе «шина») құрыла алады. Токеп Ring «жүлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын IBM арнайы құрылысымен (Multi-staion Access Unit, MAU) орталық хабар ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша — қабылдайды. Төмендегі суретте Токін Ring-тің IBM желісіндегі деректер маршруты кәрсетілген.
Осылайша, Токіп Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты безендірілген.
Жергілікті желіде ақпарат жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді.
Жергілікті есептеу желілері бірыңғай және иерархиялық болып бөлінеді.
Бірыңғай желі — барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана — 10-15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз — ресурстары осы сәтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдарымен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгілейді.
Бірыңғай желілердегі
операциялық жүйелер ортақ
ОЖ Windows 95-те компьютерлік жүйенің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар:
MS Enthernet программасы — пошталық алмасу программасы, ол хабарлар мен файлдардың нақты пайдаланушыларға (жұмыс станцияларына) немесе топтың барлық пайдаланушыларына жіберілуін қамтамасыз етеді;
Shecdule+ программасы әркімнің өз жұмысының кестесін жобалау және кажет болған жағдайда ол жөнінен желідегі жұмыс тобынын басқа пайдаланушыларымен бір пікірге келу, келісу құралы (мысалы. ортақ жиналыстарды, бірлесіп істейтін жұмыстардың жай-жапсарын пысықтау үшін).
Иерархиялық желілер. Иерархиялык жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады. Ол төмендегі суретте көрсетілген.
Иерархиялық желілердегі сервер — бөлектенетін ресурстардың тұрақты сақтау қоймасы. Сервердің өзі тек иерархияның одан жоғары деңгейіңдегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылықты винчестерлерден, жоғары жылдамдықты желілік картадан (100 Мбит/с жөне одан да көп) тұрады.
Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау амалын арнайы адам — желінің басқарушысы белгілейді. Бірлесе пайдаланатын ақпараттың сақталуы үшін жауапкершілік те соның мойнында.
Жергілікті
иерархиялық желілерде
Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалык қамтамасыз ету екі бөліктен тұрады:
• серверде орнатылатын желілік операциялық жүйе;
• жұмыс станциясындағы программалық қамтамасыз ету, бұл жұмыс станциясында бар операциялық жүйенің басқаруында жұмыс істейтін программалар жиынтығынан тұрады. Әлбетте әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіге алуан түрлі операциялық жүйелер орнатылуы мүмкін.
Үлкен иерархиялық желілерде желілік операциялық жүйе ретінде UNIX пайдаланылады. Орта көлемдегі желілерде қазіргі уақытта Windows NT желілік операциялық жүйесі қойылады. Мұндайда серверде Windows NT деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмысшы станцияларында Windows NT Workstation клиенттік бөлігі орнатылады немесе клиенттің программасы ретінде Windows 95 пайдаланылуы мүмкін.
Серверді иерархиялық желілерде пайдалану жолдарына байланысты серверлердің мынадай тинтерін бөліп айтуға болады:
• файлдық сервер — бірлесіп өңдейтін файлдар, бірлесіп пайдаланатын программалар сақталатын және оларға пайдаланушы адамның қолы жетуін қамтамасыз етуші компьютер;
• деректер базаларының сервері — деректер базасы файлдарын сақтау, өңдеу, басқару жене жұмыс станциясынан келіп түскен сұраныс бойынша ақпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;
• басып шығару сервері — басып шығару құрылғысы, қолданушылардың қолы жетуге қолайлы желілер қосылған компьютер, ол басылым сұранысына қызмет етеді, олардың орындалу кезегін ұйымдастырады;
• пошта сервері — жергілікті желілер, бойынша да, ішкі модем бойынша да жіберілетін және алынатын ақпараттар сақтаулы компьютер. Оны пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы кез келген уақытта өз атына келіп түскен ақпаратын жібере алады.
Қорытынды
Сонымен қорытындылай келе алыс қашықтықтағы ЭЕМ интернет болып табылады. Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың
кез келген нүктесiндегi ауа райын,
ақпараттық агенттiктiң соңғы
Егер сіздердің тек бір ғана компьютеріңіз ғана болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік жиелінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын. “Қойы жоқтың қорамен ісі жоқ ” дегендей көптеген мүмкіндіктер қалтарыста қалады.
Бірақ сіздердің
бінеше компьютеріңіз болып, олардың
біріндегі мәлеметті
Пайдаланылған әдебиеттер: