Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 17:36, курсовая работа

Описание

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен байланысты жоғары оқу орындары білім беруде адамның игерген білім, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік шеберлігін, т.б. қалыптастыруы қажет.

Содержание

I. Кіріспе бөлім
1. Кәсіби оқыту
1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі
1.2 Кәсіби оқытуды ұйымдастыру

ІI. Теориялық бөлім:
2. Есептеу және микропроцессор техника негіздері пәні
2.1 Есептеуіш техниканың даму тарихы
2.2 Ертедегі есептеу құрылғылары
2.3 Микропроцессор туралы мәлімет
2.4 Микропроцессордың түрлері
ІІI. Тәжірибелік бөлім:
3.1. Микропроцессорды орнату
3.2. Микропроцессор мен куллерді тазарту
3.3. Микропроцессордың құрылысын зерттеу ?????
IV. Қорытынды бөлім
VП. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі.doc

— 581.50 Кб (Скачать документ)

 Компьтердегі  ең  негізгі құрылғы болып жүйелік блок  саналады,  оның  ішінде  ДЭЕМ-нің басты құрылғылары орналасқан.  Жүйелік  блок құрамында  микропроцессор,   жедел   жад,  тұрақты есте сақтау  құрылғысы,  қоректену блогы мен  енгізу-шығару порттары  және  дискідегі  мәлімет жинақтауыш  болады.

Микропроцессор бір кристалда орналасқан біріктірілген  (үлкен)   интегралдық  схемалар  - БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-дер жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалау мүмкіндігі бар,  сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы бөлігі  ретінде  немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы рөлінде қолдануға болады.  Микропроцессорге жедел және тұрақты жад,  енгізу-шығару құрылғылары қосылады.   

ІВМ РС тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және де соларға сәйкес келетін басқа фирмалардың да микропроцессорлары қолданылады.    

Микропроцессорлар бір-бірінен  өзгешелігі олардың типтерінде  (моделдерінде)  және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші – мегагерц – МГц бірлігімен берілген тактылық   (қадамдық )  жиілігінде жатыр.  Кең тараған модельдерге Intel-8088 ( _ 5МГц), 80286 ( _ 20МГц), 80386SX ( _ 25МГц), 80386DX  ( _ 40МГц),  80486 ( 100Мгц-ке дейін ),  Pentuim ( 75МГц-тен жоғары )  және Pentuim-Pro ( _ 200МГц) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялық ерекшкліктеріне қарай бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді – жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі.   

Intel 8088, 80286, 80386 тәрізді  бұрын шыққан микропроцессорлардың  аралас сандармен амалдарды жылдам  орындайтын арнаулы командалары  жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін  арттыратын қосымша математикалық  сопроцессорлармен  ( Turbo  режимі ) жабдықталады.

Процессор, дәлірек айтсақ микропроцессор – дербес компьютердің басты микросхемасы. Компьютердегі барлық программалардың командаларын осы микропроцессор орындайды. Микропроцессорды компьютердің «миы» десе де болады. Микропроцессор аналық платаның орта тұсында орналасады. Жұмыс кезінде қатты қызатындықтан оны салқындату үшін бетіне кішкене желдеткіш орналастырылады. Қазіргі кездегі процессорларда кремнийдің өте кішкене кристалында ойып жасалған миллиондаған транзисторлар бар. Оның өлшемі қолдың үлкен саусағының тырнағындай-ақ.                                            Процессордың негізгі сипаттамасы – оның тактілік жиілігі.  Тактілік жиілік мегагерцпен және гигагерцпен өлшенеді. 1 мегагерц - процессор секундына 1 миллион операция орындайды деген сөз. Микропроцессордағы транзисторлардың саны неғұрлым көп болған сайын оның тактілік жиілігі, сәйкесінше оның жылдамдығы да соғұрлым жоғары болады. Мысалға, қазіргі ең танымал процессорлардың бірі Pentium 4 процессорында 42 миллион транзистор орналасады.     

   Компьютер жұмыс істеп тұрған кезде процессор оперативті жадпен бірігіп үздіксіз жұмыс істейді. Оперативті жадтың микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз  жұмысының  нәтижесін  қайтадан жадқа жібереді.                                                                                                                                                     Компьютерлердің көбінде процессор (ең кішкене бөліктерінің бірі) ең қымбат құрауыштарының бірі болып табылады. Қазіргі жүйелердегі процессордың құны ол өзі орнатылған аналық платаның құнынан екі, тіпті он есе де қымбат болуы мүмкін.  

 

1.6  Микропроцессордың  түрлері

процессор типі

шыққан жылы

жиілігі

деректер  шинасы

адрестік  шинасы

адрестік  кеңістігі

Intel 8086

1978

4-12

16

20

1 Мб

80286

1982

8-20

16

24

16 Мб

80386

1985

25-40

32

32

4 Гб

80486

1989

33-50

32

32

4 Гб

Pentium

1993

75-300

64

32

4 Гб

Pentium ІІ

1997

300-400

64

32

4 Гб

Pentium ІІІ

1999

450-500

64

32

4 Гб


 

 

Көр тараған процессорлың модельдері

Ең алғашқы процессордың моделін 1971 жылы Intel компаниясы жасап, оны Intel 4004 деп атаған. Оны компания инженерлері Федерико Фаггин, Тед  Хофф және Стэн Мэзор жасаған.

Оның тактілік жиілігі  – 108 кГц. Бұл процессор бағдарламалық  микрокалькуляторларды қолданылған. 1972 жылы Intel 8008 процессордың моделі шығарылған. Ол 200 кГц жиілікте жұмыс істеген, 3500 транзисторлардан құралып, деректер шинасы 8 разраядты, 16 кбайттық адрестік жад болған. Бұл процессор терминалдарда қолданылған. Келесі процессордың моделі Intel 8008 1974 жылы жасалып, 6000 транзистордан , 600 кбайттық адрестік жадтан құралған.

 

 

 

 

   

 

 

 

 

  

 

2.1 № 1 лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Микропроцессорды орналастыру

Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: аналық тақша, процессор

Компьютерді құрастыру кезінде көбінесе аналық тақшаға процессорды, кулерді және модульдік жадты орналастырудан бастаған жөн. Әрине, біріншіде аналық тақшаны сосын оған процессорды орналастыруға болады.

Сонымен, аналық тақшаны  үстел үстіне қойыңыз (1-суретте көрсетілген).

1-сурет. Аналық тақша

Процессор разъемында рычагты  көтеріңіз, сокет ашылады да процессор  орнатуға дайын болады. Рычаг тік  бағытта жоғары орналастырыңыз, бірақ  та жоғары нүктеге жеткізуге көп  күш түсірмеу қажет. Рычагты фиксатордан  шығару үшін сәл жоғары қарай көтеріп сокеттен бір жаққа қарай қисату керек. Рычаг жеңіл шығуы қажет.

2-сурет. Сокет

Енді процессорды сокетке  әр бұрышқа сәйкестендіріп орналастырыңыз. Процессордың аяқтарын сокеттің тесіктеріне  сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер барлығы дұрыс орындалса, онда процессор аяқтары  сокет тесіктеріне жеңіл құлауы керек. Бұл әрекет орныдалмаса, онда процессордың сокетке толығымен түскенін немесе сокет толығымен ашлығанын тексеріңіз. Процессордың сокетке толығымен орналасқаннан кейін сокеттің рычагын бұрынғы өз қалпына әкеліңіз (3-сурет).

Ешбір жағдайда компьютерді  процессорге кулерді орналастырмай  іске қоспаңыз!

 

4-сурет. Процессор сокетке  орналасқан.

 

2.2  Микропроцессор мен  куллерді  тазарту

Кулерді тазалау және майлау

Желдеткішті бұрап алып, оның разъемын ажыратып, корпустан алып шығарамыз.

Ең алдымен, корпус сыртын жиналған кір мен шаңнан тазартып алыңыз.

Онан әрі желдеткіш корпусындағы дөңгелек жапсырманы алып тастаңыз.

Оның астында резеңкелі тығынды  көреміз.

Ұқыпты оны шығарыңыз.

Тығын астында төлке (втулка) және желдеткіш осі орналасқан, осы бөліктерін біз майлаймыз.

Майлау ретінде машина майын  қолдануға болады.

Абайлап желдеткіш осіне майды  жағу керек, май оны түгелдей алуы қажет. Майлаған кезде жабыстырғыш  жабыстырлатын орынға жағылмауын бақылаңыз.

Майлау ұқыпты орындалуы үшін қарапайым  медициналық  шприцты қолдануға  болады.

Майлау аяқталғаннан кейін тесікті  резеңкелі тығынмен жауып, оны шаң-тозаңнан тазартамыз

және жабыстырғышты қайтадан орнына жабыстырамыз.

Егер жабыстырғыш пішінін немесе абысқыш қасиетін жоғалтса, онда оның орнына скотчты жабыстыруға болады.

Енді тазартқан желдеткішімізді  өз орнына орналастырып іске қосуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

27




Информация о работе Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі