Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 13:08, автореферат
Ақпараттық жүйелер кез-келген аумақтан алынған есептің шешуін қабылдау процесінде қажетті болатын ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, іздестіру, шығаруды қамтамасыздандырады. Олар проблеманы талдауға және жаңа өнімдерді құрауға көмектеседі.
ПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ АППАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАР
т.ғ.к. Боранқулова Г.С., т.ғ.к. Құсмұхамбетов М. Е
магистр Төреханова Г.И.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
Ақпараттық жүйелер кез-келген аумақтан алынған есептің шешуін қабылдау процесінде қажетті болатын ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, іздестіру, шығаруды қамтамасыздандырады. Олар проблеманы талдауға және жаңа өнімдерді құрауға көмектеседі.
Ақпараттық жүйе дегеніміз техникалық, бағдарламалық және ұйымдастыруды қамтамасыздандырудың жиыны және де ол адамдарды қажетті ақпаратпен уақытылы қамтамасыздандыру үшін арналған персонал жиыны.
Жалпы ақпараттық жүйе деп АЖ компоненттерінің ішкі жиынтығын айтады. Олардың құрамына мәліметтер қоры, МҚБЖ және мамандырылған қолданбалы бағдарламалар кіреді.
Қазіргі ақпараттық жүйенің түсінігі бойынша ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы болып дербес компьютер табылады. Үлкен ұжымдарда дербес компьютермен қатар ақпараттық жүйенің техникалық базасына минифрэйм немесе супер ЭВМ кіреді.
Компьютерлер мамандандырылған бағдарламалық құралдармен жабдықталынған және ақпараттық жүйелердің техникалық барысы, құралы болып табылады. Ақпараттық жүйе компьютерлермен және телекоммуникациялармен байланысқан. Ақпараттық жүйені құру мақсаты-көрсетілген пайдаланушының қасиеті бар мәліметтерді өңдеу жүйесін берілген қысқа мерзімде құрастыру.
Қандай да бір критериге жауап беретін мәліметтерді сақтау қорында бір данадан артық құжат болса, онда ол құжатты іздеу әруақытта проблема. Бұл проблеманы шешу сақтау жүйесін құруда қолданылатын әдістерге байланысты. Негізгі екі әдісін көрсетуге болады.
-гирархиялық модельді қолдану.
-гипермәтіндік модельді қолдану.
Гирархиялық модельді қолдану ақпараттық қорлардың қөп деңгейлі рубрикациясын көрсетеді. Керекті құжатқа жолды таңдау үшін бұл жүйені қолдайтын қызмет құрған сипаттамалар қолданылады.
Гипермәтіндік модель тікелей мәтінде орналасқан құжаттар сілтемелерін байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл екі модельдің де келешегі бар. Себебі көп деңгейлі рубрикация жоғарғы біліктілікті мамандармен орындалады, ондай әдіспен өңделген құжат көлемі аса үлкен болмайды. Осы себептен құжат массивін сипаттау белсенділігі кемиді. Одан басқа құжаттар бір пәндік облыспен шектеледі, және қолданушыларында рубрикаторға қарағанда басқа көрсетілім болады. Қолданушыға қажет құжатты табу үшін көптеген құжатты қарау керек және пайдалы ақпаратқа тек сілтемелер жазылады. Үлкен көлемді ақпараттарда бұл мәселе күрделенеді, жаңару жылдамдығы артады және қолданушылар тұтынымының әртүрлілігі жоғары болады. Мұндай есептерді шешу үшін ақпараттық іздеу жүйелері (ИПС-инф.-пойсковая система) шақырылады. Мұндай жүйелер бір рет құрылып, автономды түрде жұмыс істейді. Олардың қолданушылармен өзара әсерінің принциптері сұрау бойынша құжаттар көрсеткішінің тізімін шығарады. Бұл тізім сұрауға сәйкестігі бойынша сұрыпталады. Сонымен ИПС құжатты тез табуға мүмкіндік береді-қолданушыдан тек сұрау талап етіледі.
Алғашқы ақпараттық-іздеу жүйелері ертерек құрылған. Олар 70-ші 80-ші жылдары ашылған. Қазіргі кезде интернеттің дамуына байланысты қолданушылар саны миллиондап саналады, ал болашақта миллиард болуы ғажап емес, сондай-ақ интернетте сақталатын құжаттар саны да өсуде, соған байланысты ИПС өңдеушілерінің есептері де күрделенуде.
Ақпараттық іздеудің негізгі принциптері өткен ғасырдың жартысында формулаланған. 1939 және 1945ж аралығында У.Е. Баттен патентті іздеу жүйесін өңдеді. Әрбір патент оған қатысты ұғымдарға сәйкес жіктеледі. Әрбір ұғым үшін 800-позициялық перфокарта жасалады. Жүйеге жаңа патентті тіркеу үшін картаға патент номері жазылды. Патентті табу үшін осы ұғымдарға сәйкес карталарды үйлестіріп, бір мезгілде бірнеше ұғым қарастырылды.
Қажет патент номері позицияның тетіктері арқылы анықталды. Ақпараттық іздеудің негізгі принциптері содан бері өзгерген жоқ. Осы ИПС мысалынан іздеу процесінің қалай жүретінін көруге болады. Біріншіден, ақпараттық қорларға көрсеткіш массивтер құрылуы тиіс. Көрсеткіште (index) құжаттың кейбір қасиеті және құжатқа сілтеме жазылады. Көрсеткіштер әр түрде болады. Мысалы, авторға көрсеткіш кеңінен тараған. Мұндай көрсеткішті өзіңізге қажет автор жұмыстарына сілтеме арқылы алуға болады. Мұндай көрсеткіштер құжаттың басқа атрибуттары үшін құрылады. Баттен жүйесінде пәндік көрсеткіштер қолданылады, яғни құжаттар (пәндер) ұғымы бойынша жіктеледі.
Құжаттарда көрсеткіштерді құру индекстеу деп аталады, ал индекстерге қолданылатын терминдер индекстеу терминдері деп аталады. Егер авторлық көрсеткіште индекстеу терминіне автор фамилиясы алынса, онда автор фамилиясы фондта сақталады. Қолданылатын индекстеу терминінің жиынтығы сөздік деп аталады. Ақпараттық қорларды индекстеген соң алынған көрсеткіш массиві индекс (index data base) деп аталады.
Индекс құрылған соң, оны сұрау арқылы шақыруға болады. Себебі іздеу процесі қолданушыда бар мәліметтермен сұрауды салыстырады, алынған сұрау индекстеу тіліне көшіріледі. Индексте сұрау құжаттарына сәйкес іздеу орындалады, қолданушыға сәйкес қорларға сілтемелер тізімі беріледі. Индекстеу мен сөздікті іздеу жылдамдығын арттыру үшін индекстеу жүйе бойынша реттелуі тиіс, ал осы пәндік облысында іздеу есебіне сай болуы қажет. Ақпараттық қорлар-жеке құжаттар мен жеке массив құжаттары және ақпараттық жүйедегі құжат массивтері (кітапхана, архив, қорлар, мәліметтер банкі, басқа АЖ), ақпараттық нарық қызметінің дамуы 60-шы жылдары басталды. Ол кездегі қызмет жабдықтаушылары: ақпараттық академиялық қызмет, кәсіптік және ғылыми-техникалық қоғам, мемлекеттік мекемелер, оқу орындары. Ал негізгі тұтынушылар-ғалымдар және ғылым мен техника облысындағы мамандар. Ақпараттық қызмет нарығымен қатар электрондық өңдеу мен ақпараттарды өткізу нарығы құрыла бастады. 60-жыл ортасында ақпараттық қызметтің негізгі түрі мәліметтер қоры, онда әртүрлі мүмкін тақрыптар бойынша массивтер сақталды. 70- ші жыл ортасында мәліметтерді өткізудің алғашқы әлемдік желісі пайда болды. Соған сәйкес ақпараттық қызметтің жаңа түрі дамыды. Алыстағы серверлер мен мәліметтер қорынан ақпаратты іздеу 80-ші жылы ақпараттық индустрия қоғамның экономикалық және әлеуметтік өміріне үлкен ықпал ете бастады.
Ақпараттық қорларды қолдану үшін оның қайда екенін және қалай табуға болатынын, бағасын, қаншалықты қолжетімді екенін білу қажет. Ол үшін ақпараттық өнім және қызмет нарығы құрылған. Мұндай нарықтар-олар экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық қатынастардың сауда сферасында интеллектуальды еңбек өнімдерін шығаруы.
Басқа нарықтар сияқты ақпараттық нарықтың да өз ерекшеліктері бар-олар өз механизмі бар ерекше тауар және сату шарты ерекше, мұнда тауар ретінде ақпараттық жүйелер, технологиялар, патенттер мен лицензиялар, ноу- хау, тауар белгілері, әртүрлі ақпараттар мен ақпараттық қорлар түрлері. Қазіргі заманғы мәліметтер қоры ақпараттық қызмет көрсетуге арналған ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Олар өздеріне ақпараттық қызмет жабдықтаушылары мен тұтынушыларын біріктіреді, және олардың байланысы мен қатынасын, сату реті мен шартын, сатып алуын реттейді.
Ақпараттық қорларды сату көлемінің жылдам артуы ақпараттық қызметке есептеу техникасы мен МҚ алыстан қолжетімділікті ұлттық және халықаралық байланыс каналдары мен ақпараттық желілерді кеңінен енгізуге жол ашты. Компьютерді енгізудің алғашқы жылдарында барлық өңдеулер есептеу орталықтарында жүргізіледі. Алыстағы аудандардағы қолданушылар ақпараттарды компьютерден оперативті түрде ала алған жоқ. Байланыс каналдарына терминалдарды компьютермен қосу, сондай-ақ дербес компьютерлердің кеңінен тарауы қолданушыларға жабдықтаушылардан ақпараттарды едәуір қашықтықтан алуына мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологиялардың дамуымен оның жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Олар алдымен:
1. алыстағы мәліметтер қорына қолжетімділік
2. ақпараттарды үлестірілген әдіспен өңдеу.
3. электронды пошта;
4. видео конференция.
Қазіргі кезде ақпараттық қызмет нарығы экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық қатынастарды сату мен сатып алу бойынша ұйымдастырады, жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасында байланыс орнатады. Ақпараттық өнім мен қызмет көрсету жабдықтаушылары келесілер болуы мүмкін:
-мәліметтер қоры құрылатын және сақталатын орталықтар;
-әр түрлі мәліметтер қоры негізінде ақпараттарды үлестіру орталықтары;
-телекоммуникация қызметі мен мәліметтерді өткізу;
-арнайы қызметткер, нақты қызмет сфера ақпараттары жинақталып талданып, жалпыланып болжанады, мысалы: консалтингті фирамалар, банктер, биржалар, коммерциялық фирмалар, ақпараттық брокерлер.
Ақпараттық-іздеу жүйелері бұлар структураланған ақпараттық үлкен массивтерін іздеу мен сүзгілеу, сұрыптау, сақтау және өңдеуге арналған қолданбалы копьютерлік орта. Әрбір ИПС белгілі класс есептерін шешуге арналған және оған өз обьект жиыны мен белгілері тән. ИПС екі түрлі болады.
1.Документографиялық. Мұндай ИПС-де барлық сақталған құжаттар арнайы шартпен индекстеледі, яғни әрбір құжатқа жеке код беріледі, сол бойынша ізделеді. Іздеу құжаттың өзі емес, іздеу шарты бойынша жүргізіледі. Үлкен кітапханаларда солай ізделеді. Алдымен, каталогтан карточка табылады, содан соң сонда көрсетілген номер бойынша кітаптың өзі ізделеді.
2.Фактографиялық. Фактографиялық ИПС-те құжат емес, қандай да бір пәндік облысқа жататын фактілер сақталады. Іздеу факт шарты бойынша жүзеге асады.
Әрбір ИПС екі бөліктен тұрады: мәліметтер қоры (МҚ) және мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ). Мәліметтер қоры-белгілі пәндік облысқа жататын ат берілген структураланған мәліметтер жиыны. Мәліметтер қорын басқару жүйелері-мәліметтер қорын құруға қажетті бағдарламалық және тіл құралдарының кешені, оны белсенді түрде қолдап және ондағы қажетті ақпараттарды ұйымдастыру қажет. Қазіргі кезде көптеген МҚБЖ жұмыс істейді. Олардың ішінде кең тарағандары: Dbase, Clipper, FoxPro, Paradox, MSAccess.
Сонымен ақпараттық технология ақпараттық қоғамда ақпараттарды түрлендірулердің қазіргі заманға сай бейнелейтін өте кең ұғым. Ақпараттық технологияны-басқару және компьютерлік-дұрыс қолдана білу ақпараттық жүйенің жұмысының табысты болуының кепілі.
Жоғарыда айтылғандарды жалпылай келіп, ақпараттық жүйе мен технологияны компьютерлік техника құралдарымен жүзеге асыруға болады.
Ақпараттық технология-ақпараттарды компьютерде өңдеу үшін персоналдардың мақсатқа бағытталған әрекеттерінің жиыны.
Әдебиет
1. Ә.Ү.Нұрымбетов, Е.М.Құсмұхамбетов. Информатика, ақпараттық технологиялар және телекоммуникация жүйесі. Алматы «Қазақ университеті», 2008.
2. В.Н. Петров. Информационные системы. СПб.:Питер, 2002.