Негізгі түсініктер және анықтамалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2011 в 16:14, лекция

Описание

Мәліметтер базасы дегеніміз – ол арнайы орталықтандырылған программалық басқару астындағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты, бір – бірімен байланысқан және белгілі бір құрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

Лекция 1.doc

— 34.00 Кб (Скачать документ)

    Лекция 1. НЕГІЗГІ  ТҮСІНІКТЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР.

      Мәліметтер  базасы және МББЖ.

      Мәліметтер  базалары түсінігінің көптеген анықтамаларының  ішінде ең нақты және түсінікті анықтамасын  ұсынамыз.

Анықтама: Мәліметтер базасы дегеніміз – ол арнайы орталықтандырылған программалық басқару астындағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты, бір – бірімен байланысқан және белгілі бір құрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы.

     Мәліметтер базасының бір ерекшелігі, ол – базада мәліметтердің өздерінің сипаттамаларымен бірге орналасуында. Бұл өте тиімді, себебі алғашқыда мәліметтердің сипаттамалары қолданбалы программаларда ғана белгіленетін, сондықтан бір өзгеріс енгізу үшін құрылған программада да өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайтын.

     Тағы бір айта кететін ерекшелік – мәліметтер базасынан ақпаратты іріктеуде. Жай бір файлда ақпаратты іздеу оның нақты мәнін және файлдағы физикалық форматты анықтайтын терминдерді талдау арқылы ғана жүзеге асырылады. Мысалы, жай бір сұрау мынадай түрде болады: бесінші жолдағы 20-дан төмен мәнге ие болатын нөмірлерді қай жазулар қамтиды?

     Бұндай сұраулардан мәліметтер базаларына сұрау жіберілгендегі айырмашылығы базаның құрылымы арқылы анықталатын түсініктер пайдаланады. Мысалы, сұрау мынадай түрде болуы мүмкін: ²Реалстар фирмасы өндірген мәшинелерге Нью–Йорк қаласынан келген клиенттердің қандай тапсырыстары өнімді екінші кварталда жіберу керектігін білдіреді?² Сұраудың бұндай жағдайында біз компьютер жадысының ұйымдасуының көрінбейтін бір детальдарын назарымызға алмаймыз. Өзіміздің сұрауларымызды бізді қоршайтын нақты өмірден алынатын қарапайым түсініктер арқылы жібереміз.

     Мәліметтер базаларын қолданған кезде, мәліметтер сипаттамалары өз бетінше орналастырылған объект ретінде және пайдаланушылар программаларына тәуелсіз түрде пайдаланады. Сипаттамалар – метамәліметтер деп аталады. Метамәліметтердің орталықтандырылған жиынтығы – мәліметтер сөздігі. Метаақпарат құрамына мәліметтер сипаттамаларымен қоса көбінесе қолдану саласы, мәліметтер базасын пайдаланушылар, жобалық шешімдер, мәліметтерге сұрау жасау статистикасы туралы ақпарат кіреді. Жалпы бұндай ақпарат жүйені жобалауда үлкен көмегін тигізеді.

       ²Мәліметтер сөздігі² терминінен басқа да ²сөздік –анықтама беруші², ²энциклопедия², ²репозиторий² терминдері қолданылады. Сөздіктердің атқаратын қызметі ақпарат жүйелерін автоматты түрде жобалау жабдықтарын пайдалануда өте зор. Олардың көбі үшін репозиторий жүйенің ядросы болып саналады.

     Мәліметтер базаларын бір уақыт кезеңінде параллельді түрде бірнеше пайдаланушылар жаңартып, қолдана алады. Пайдаланушылардың мәліметтер базаларына кіру мүмкіндігін мәліметтер базаларының арнайы программалық жабдығы – мәліметтер базаларын басқару жүйелері береді.

Анықтама: Мәліметтер базаларын басқару жүйесі (МББЖ)  - ол көптеген қосымшаларға арналған жалпыланған мәліметтер базасын құру, оны әр кезде жұмыс жағдайында ұстау және пайдаланушылардың оларға берілген өкілеттіктер шеңберінен аспайтын ену мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін арнайы тұрғызылған программалық жүйе.

      Программалық жабдықтарды саралау өрнегі бойынша МББЖ мәліметтер базаларын өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалар пакеті болып саналады. МББЖ мәліметтер базаларына кіру шараларын ұйымдастыруда құралдық жабдық болып саналады, бірақ ол ешқандай қолданбалы есептерді шешпейді. Бұндай мәселелер қолданбалы программаларға жүктеледі.

     МББЖ-ң негізгі құрамдық бөлігі болып ядросы саналады. Ядро – бұл мәліметтер базаларына сұраулар жасау процесстерін автоматтандыру үшін арналған басқарушы программа. Ең маңызды қызметі – ол мәліметтер базаларына параллельді сұрауларды ұйымдастыру.

        Ядродан басқа МББЖ құрамында  өңдеуші программалар жиынтығы  болады: мәліметтерге сипаттама  беру тілдері, сұраулар тілдері  және программа құру тілдері  трансляторлары, сонымен қатар редакторлар.

        Жалпы МББЖ құрамына программалардың  үш типі кіреді: басқарушы, аударушы (транслятор) және қызметші. МББЖ іске қосылған кезде компьютердің негізгі жадысына басқару программалары қосылады. Басқа модульдер қажет болған кезде шақырылады.

        МББЖ бір модельді және мультимодельді  деп бөлінеді.

        МББЖ бағалау үшін сандық және  сапалық параметрлер жиынтығы  пайдаланады. Сапалық параметрлер  ішінде, мысалы, жүйе қай класқа  жататындығы, операциялық жүйемен  өзара әрекеттері, ерекшеліктері, интерфейс түрі, МББЖ конфигурациясын генерациялау мүмкіндігін айтуға болады.

       МББЖ жалпы сипаттамалары, олар: меңгеру күрделілігі, ендіру және пайдаланудағы мүмкіндіктері, мәліметтер базасын жобалау қарапайымдылығы, техникалық құжаттарының сапалылығы және жүйенің қызметін бақылау деңгейі.

        Программалық өнім ретінде МББЖ-н  сипаттайтын параметрлер: құны, қызметтер  жиынтығы, командаларының көлемі  және саны, жады көлемі, жеделдігі,  техникалық жабдықтарының минималды  конфигурациясы.

        МББЖ паспортында келесі бөлімдер көрсетілуі керек:

1.    Мәліметтер моделінің сипаттамасы.

1.1. Модельдер  құрылымы класы. 

1.2. Мәліметтерді  манипуляциялау операциялары класы.

1.3. Мәліметтер  бүтіндігінің шектеулері класы.

2.    Мәліметтер базаларының администраторының жабдықтары.

2.1. Мәліметтердің  сөздігін жүргізу.

2.2. Сақтау  ортасында мәліметтер базаларын  басқару.

2.3. Мәліметтер базаларының қызмет көрсету статистикасын жиып, талдау.

2.4. Мәліметтер базасын қайта ұйымдастыру (қайта форматтау, қайта құру).

2.5. Бүтіндігін бақылау және мәліметтер базасын бастапқы түрге келтіру.

2.6. Мәліметтерді және қолданбалы программаларды конвертациялау.

3.   Қосымшаларды жасау жабдықтары.

3.1. Мәліметтер базасын жобалау құралдары.

3.2. Программа құру тілдерімен интерфейсі.

3.3. Генерациялау жабдықтары (программалық кодтың, енгізу -шығару формаларының, пайдаланушылар интерфейсі генераторы).

3.4.  Есеп берулер генерациясы.

4.  Ақырғы пайдаланушы жабдықтары (сұраулар тілдері, меню типі, интерфейсі).

5. Қызметші жүйе бөліктерімен интерфейсі.

6. Басқа МББЖ–мен интерфейсі.

7. Компьютерлік желіде жұмыс істеу және таратылған мәліметтер базаларын құру жабдықтары.

     МББЖ таңдау – көп қадамнан тұратын үрдіс, сондықтан келесі таңдау тізбегі ұсынылады:

·  болашақ автоматтандырылатын ақпарат жүйесінің жалпы идеологиясы анықталады;

· жүйенің техникалық базасы таңдалып алынады;

· операциялық орта таңдалынады;

· МББЖ таңдалынады.

Информация о работе Негізгі түсініктер және анықтамалар