Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 09:58, реферат
Дербес компьютерде MS-DOS операциялық жүйесімен жұмыс істегенде әрбір команда пернелерде теріліп, <Enter> пернесін басқан кезде ғана орындалады, ол команда орындалып болған соң экранға тиісті мәлімет шығады.Мұндай тәртіппен жұмыс істеудің қолайсыздығы:
• Компьютер пернесін жылдам басуға дағдыланбағандар әр команданы теруге біраз уақыт жұмсайды;
• Орындалып жатқан команданың нәтижесін тек экранға жауап мәлімет шыққан кезде білуге болады;
1.Norton Commander Программасымен жұмыс істеу. 2
2.NC Программасын іске қосу. 3
3.NC Программасынан шығу 3
4. Көмек алу 3
5.Экран көріністері 4
6.Каталогтарды не файлдарды таңдау 4
7.Функционалдық пернелер қызметі 4
8.Файлдарды топтап белгілеу. 5
9.Басқа каталогқа жылдам көшу. 6
10.Басқа дискіге көшу. 6
11.DOS командаларын және программаларды орындау. 6
12.Файлды жылдам іздеп табу. 7
13.NC менюлері. 7
14. NC терезелерiн басқару 10
15. Дискiлердi таңдау 10
16. Ақпараттық терезе 10
17. Каталогтармен және бағынышты каталогтармен жұмыс iстеу. 10
18. Каталогтармен бағынышты каталогтарды жасау және жою бойынша практикалық сабақ. 11
19. Файлдармен жұмыс iстеу 12
19.1. Файлдар тобын таңдау 12
19.2. Файлдарды қарап шығу (F3 пернесi) 12
19.3. Жаңа файл жасау (Shift + F4 пернесi) 12
19.4. Файлдар мен каталогтарды көшiрiп басу (F5 пернесi) 13
19.5. Файлдар мен каталогтардың атауын өзгерту және бiр-бiрiне жiберу (F6 пернесi) 13
Меню жүйесінің ең жоғарғы деңгейіндегі ( <F9> пернесін басқан сәтте) ”Left”, “Files”, “Commands”, “Options”, “Right” сияқты әр түрлі мәліметтер алу мүмкіндігін беретін алғашқы командалар тобы бар. Осы бөліктерден тұратын командалардың бірі көмескі түрмен боялып белгіленіп тұрады. Белгіленген команданы өзгерту үшін, яғни кестелік курсорды оңға не солға жылжыту үшін бағыттауыш пернелердің бірін басу қажет.Өзімізге керекті команданы таңдап алған соң, <Enter> пернесін басқан шақта, сол сөздің төменгі жағына бағана тәріздес орындалатын төмеңгі деңгейдегі командалар тізімі шығады. Командалардың бірін жоғары не төмен жылжытатын бағыттауыштар арқылы таңдап алып, <Enter> пернесін басқан кезде сол команда орындалады. Егер команданы орындағымыз келмесе немесе меню жүйесінің жұмысын тоқтату үшін <Esc> пернесін басу жеткілікті.
NC меню жүйесінің командалар тізімін және олардың жұмысын қарастырып өтейік.
“Left”(сол), ”Right”(оң) командалары сол жақтағы немесе оң жақтағы терезедегі мәліметтерді өзгерту жұмысын атқарады. Командалардың автоматты түрде орындалатын қатарларының алдына арнайы белгі қойылған. Белгі қойылмаған басқа команданы орындау үшін бағыттауышпен керектісін таңдап алып, <Enter> пернесін басу қажет.Сонымен “Left” жәнет “Right” меню командалары төменгі деңгейдегі мына командаларды орындата алады:
Brief - файлдар туралы қысқаша мәлімет алу;
Full - файлдар туралы толық мәлімет алу;
Info – көрші терезеге осы диск және ағымдағы каталог жөнінде қысқаша мәлімет шығару;
On/Off – осы терезені көрсету немесе алып тастау;
Name – терезеде файл аттарын алфавит бойынша бейнелеу;
Extension - файл аттарының затын алфавит бойынша бейнелеу;
Time – терезеге файл аттарын жасалған уақыты бойынша шығару;
Size – терезеге файлдарды көлемінің кішіреюіне қарай шығару;
Unsorted - терезеге файлдарды сұраптамай каталогта жазылған күйінде шығару;
Re-read – каталог мазмұнын қайталап оқу;
Drive – басқа дискқозғағышқа көшу;
Меню жүйесінің “Files” командасы функционалдық пернелердің атқаратын жұмысын көрсетеді.
Ал, “Commands” командасы төмендегі әрекеттер тізімін орындау мүмкіндігін береді.
NCD tree – экранғабасқа каталогқа жылдам көшу мүмкіндігін беретін бұтақ тәрізді каталогтар құрылымын шығару.
(<Alt+F10> Пернелерін басу арқылы да орындалады);
Find file – дискідегі файлды іздеу;
History – енгізу қатарында теріліп орындалған DOS командаларының тізімін бейнелеу.Курсорды жылжыту арқылы бұрын орындалған командалардың бірін таңдап алып,<Enter> пернесін басу арқылы оны қайта орындауға болады;
EGA lines – экранға 43 қатар шығаратын мүмкіндікке көшу немесе одан қайтадан 25 қатар шығаратын қалыпты жағдайға көшу;
Swap panels – терезелердің орнын ауыстыру;
Panels on/off – экраннан терезелерді алып тастау немесе қайтадан оларды қалпына келтіру;
Compare directories – екі терезедегі каталогтарды бір-бірімен салыстыру. Сәйкес келмейтін файлдар басқа түске боялып белгіленіп шығады;
Menu file edit – F2 пернесін басқан кезде экранға шығатын меню жүйесін немесе ағымдағы каталогтағы менюді өзгерту;
Extension file edit – белгілі бір файлды таңдап алып, <Enter> пернесін басқанда файлдың затына байланысты орындалатын командалар тізбегін анықтайтын NC.EXT файлын өзгерту;
{Ctrl} + {0} - экраннан екi терезенi алып тастау\қайтару;
{Ctrl} + {P} - жұмыс iстемей тұрған қосалқы терезенi алып тастау\қайтару. Егер курсор белгiлi бiр терезеде тұрса, ол терезе жұмыс iстеп тұрғаны деген сөз.
{Ctrl} + {U} - терезелердiң орындарын ауыстыру;
{Ctrl} + {F1} - сол жақ терезенi алып тастау\қайтару;
{Ctrl} + {F2} - оң жає терезенi алып тастау\қайтару;
{Ctrl} + {B} - NC төменгi менюдi алып тастау\қайтару;
{Ctrl} + {L} - ақпараттық терезенi енгiздiру;
{Ctrl} + {Q} - бiрнеше файлдардың мазмұнын тез қарап шығу;
{Ctrl} + {E} - алдыңғы команданы командалық қатарға шығару;
{Ctrl} + {Enter} - файл атауын командалық қатарға ауыстыру;
{Alt} + {F10} - каталогтар бұтағын экранға шығару;
{Alt} + {F7} - атауы бойынша файлды тез iздестiру.
Бiр дискiден екiншi дискiге ауысу үшiн келесi пернелердi басу керек:
{Alt} + {F1} - сол жақ терезеде дискiлер тiзiмiн шығару;
{Alt} + {F2} - оң жақ терезеде дискiлер тiзiмiн шығару;
Дискiлер тiзiмiн шығарған соң курсорды керектi дискетаға қойып Enter пернесiн басу керек.
{Ctrl} + {L} пернелерiн басқанда көршi терезеде диск туралы толық мәлiмет шығарады.
Каталогты жасау. Каталогты жасау үшiн F7 функционалдық пернесiн басу керек, пайда болған жиекте каталог атын жазып, Enter пернесiн басу керек.
Каталогқа кiру. Кiргiмiз келген каталог атауына курсорды қойып Enter пернесiн басу керек:
Каталогтан шығу (подкаталогтан) ј-Home басып (курсор бiрiншi қатарға қойылады), Enter пернесiн басу керек.
Бағынышты каталогты (подкаталог) жасау. Бұл үшiн негiзгi каталогқа кiру керек, содан F7 пернесiн басып бағынышты каталог атауын жазамыз да Enter пернесiн басамыз.
Каталогты жою. Жойылатын каталог атына курсорды қойып F8 пернесiн басып курсорды All сөзiне ауыстыру керек (каталогты барлық бағынышты каталогтармен бiрге жою) және Enter пернесiн басады.
1) NC панелiнде де A: дискiсiн таңдау (Alt-F1, Alt-F2 пернелерiн басу)
2) Келесi үлгi бойынша каталогтар мен бағынышты каталогтарды жасау:
Каталогтар мен бағынышты каталогтарды жасаған соң экранға каталогтар бұтағын шығарамыз (Alt-F10 пернесiн басу).
3) F8 функционалдық пернелердi пайдаланып каталогтарды жою.
Norton Commander файлдар мен каталогтардың тобын таңдауға мүмкiндiк бередi, оның үстiнен кейбiр әрекеттер iстеуге болады: көшiруге, басқа каталогқа немесе басқа дискке көшуге, жоюға және т.б. Таңдап алынған файлдар мен каталогтар әдетте сары түспен белгiленедi. Бөлектенген соң терезелердiң астында бөлiнген файлдардың ортағ мүлшерi және олардың өлшемi жөнiнде мөлiмет шығады.
Файлды таңдау. Керек файлды таңдау үшiн оның атауына курсор қойып және Insert пернесiн басу керек, осы кезде файл атауы басқа түспен бөлектенедi. Файл атауының бөлектенуiн кетiру үшiн Insert пернесiн қайта басу керек.
Файлдар тобын таңдау. Каталогта немесе бағынышты каталогта бар барлық файлдарды таңдау үшiн сандық блоктағы (оң жақта) + пернесiн басу керек. Содан, экранда ** шаблоны пайда болады, ал осы кездегi каталогтың барлық файлдарынан таңдауға мүмкiндiк бередi. Егер шаблонды *.txt етiп ауыстырып Enter бассақ, онда .txt кеңейтуi бар барлық файлдар шықады.
Файлдардың бөлiнуiн тоқтату үшiн сандық (блоктағы) клавиатурадағы - пернесiн басады және файл атауының шаблонын көрсетедi және Enter пернесiн басады.
Текстiк және графикалық файлдарды қарап шығуға болады. Оны төмендегiдей iске асырамыз:
1) қарағымыз келген файлға курсор қояды;
2) F3 пернесiн басу керек;
3) қаралатын файл бойынша жылжу үшiн курсорды басқару пернелерi қолданылады;
4) қарап шыққан соң Esc пернесiн басу керек.
1) Жаңа файл туатын каталогқа (бағынышты каталогқа кiру керек);
2) Shift пернесiн ұстап тұрып F4 пернесiн басу керек;
3) Пайда болңан терезеде файл атауын жазып Enter пернесiн басу керек;
4) Экранда мәтiндiк редактордың жұмыстықалаңы пайда болады, онда текстi теруге болады;
5) Текстi терген соң F2 пернесiн басу керек – мәтiндi сақтау;
6) Esc пернесiн басу керек - редактордан шығу.
Файлдарды көшiрiп басу үшiн керектi файлдар тобын бөлiп алып, екiншi панелге кiрiп каталогқа (бағынышты каталогқа) кiру керек, онда файлдар көшiрiлiп жазылады, содан кейiн F5 клавишi басылады, F5 басылған соң экран ортасында сұрау пайда болады. Көшiрiп басу кезiнде файл атауы өзгермесе, онда Enter пернесiн басу керек. Егер файлды жаңа атаумен көшiрiп басу керек болса, онда пайда болған сұрау жиегiнде файлдың жаңа атауын жазып Enter пернесiн басу керек. Каталогтарды көшiрiп басу. Егер F5 пернесiн басқанда таңдап алынған файлдар тобында қандай-да бiр каталог болса, онда NC осы каталогты және барлық соның iшiндегi файлдарды көшiрiп басады.
Файлдар мен каталогтардың атауын өзгерту.
1) Курсорды файлге немесе каталогға қою керек;
2) F6 пернесiн басу керек;
3) Пайда болған сұрауда жаңа атауды жазып Enter пернесiн басамыз.
Файлды басқа каталогқа апару (файлдар тобын немесе бағынышты каталогты).
1) Бiрiншi терезедегi каталогқа (бағынышты каталогқа) кiру керек, осыған файлдар апарылады.
2) Екiншi терезеде басқаға апарылатын файлдар (бағынышты каталогтар) F6 пернесiмен бөлiнедi, содан соң Enter пернесiн басу керек.