Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 00:28, реферат
Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасатудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің немесе системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледі.
- IO.SYS файлы сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) имформация алмасудың барлық түрін атқарады;
- MSDOS.SYS файлы жалпы файлдар ашу үшін және де ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі болады;
- COMMAND.COM командалық процессоры бар әрбір адамға қажет түрлі іс-әрекеттерді орындайды, ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап ОС-тың барлық резидентті немесе ішкі командаларын орындау ісін жүргізеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалық файлды тауып, оны оқып бірден орындауға кіріседі. Команданы атқарып болған соң, оны жадтан өшіріп, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін, шақыру мәліметін (DOS шақыру) шығарады;
- DOS-тың сыртқы немесе кірме (транзитті) командалары – операциялық жүйемен бірге бөлек-бөлек файлдар түрінде берілетін программалар, кейде утилеттер деп те айтыла береді. Олар транзитті командалар ретінде әртүрлі қызмет атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т.с.с.
- Құрылғылар драйвері - DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге оқылады да, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы файлда жазылып тұрады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG.SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадта орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND.COM файлы оқылып, ол іске кіріседі. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC.BAT файлын іске қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.
Операциялық жүйенің негізгі командалары
ОС жұмыс істегенде оның негізгі жұмыс құралы – команда. Ол компьютерге белгілі бір әрекетті орындататын арнаулы программаларды шақыру үшін қолданылады.
Команда формат деп аталатын, арнаулы құрылымнан (структурадан) тұрады. Формат команданың атынан және параметрінен құралады.
Командалардың жіктелуі
MSDOS барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қызмет ететін COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар – тез орындалатын жиі қолданылатын қарапайым командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.
Транзитті (сыртқы, шақырылып іске қосылатын) кірме командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т.б.