Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 06:27, доклад
Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Оқытудың инновациялық
технологияларын пайдалану
Информатика пәнінің оқытушысы
Жұмашев Жансеит Қарасайұлы
Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сол ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған.
Қазақстанда ең алғаш
«Инновация» ұғымына қазақ
Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Мен өзім оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген мынадай жаңа педагогикалық технологияларды атап кетейін:
-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков) ;
-оза отырып оқыту (С.Лысенкова);
-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);
-тірек- схема
және тірек конспектілері
-саралап оқыту;
-деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;
-модульдік оқыту (М. Жанпеисованың);
Жаңа технологиялардың
педагогикалық негізгі
-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
-баланың танымдық
күшін қалыптастыру және
-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
-оқу үрдісін оқушының сезінуі .
Менің негізгі жұмысым сабақ беру. Ал сабақтың тартымды болып, оқушы үшін тиянақты болуы пән мұғалімінің шеберлігі мен интеллектуалдық деңгейіне байланысты.
Қолданбалы информатика пәнінен өткізген сабағымды ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ нің даму тарихы. ЭЕМ құрамы. Операциялық жүйе. Файл. Word, Excel, CorelDraw редакторларымен жұмыс жасау ережесі.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға қолданбалы информатика нені оқытатынын білдіру. Информатика пәнінен өткен білімдерін естеріне түсіру;
ә) Оқушылардың дүние танымдығын қалыптастыру. Теориялық білімдерін өмірде, практикада қолдана білуге тәрбиелеу;
б) Сөздік қорларын толықтыру.
Бұрынан алған теориялық
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі: бенджамин блум таксономиясы, СТО технологиясының стратегиялары
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, оқушыларды тексеру. Аудитория тазалығын бақылау. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
Мақсат қою.
Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай меңгерту. Өздігінен білім алуға дағдыландыру. Ізденуге, шығармашыл болуға, теориялық білімдерін өмірде, практикада қолдана алуға тәрбиелеу.
Материалды түсіндіру. бенджамин блум таксономиясы бойынша
Студенттердің қолдарына жаңа тақырып бойынша қысқаша түсінік берілген мәтін таратылады. Оқушыларға 5-7 минут уақыт мәтінді оқып шығуға беріледі.
Келесі әдіс бойынша, Қадамдарға бөлінген тапсырмалар беріледі.
1 қадам
5 минутта жеке келесі сұрақтарға жауап беріңіз. Қандай 5-10 ғылыми ашылған жаңалық немесе техникалық өнертабыс соңғы 100 жылда сіздің ойыңызша адамзат қоғамына және тарихына көптеген әсер етті ме? Олардың әрқайсысы қашан жасалды?
2-қадам.
Тьютор пікірталаста жетекші роль атқарады.
Өз тізіміңізден бір жаңалықты немесе өнертабысты таңдаңыз. 10 минут көлемінде келесі сұраққа жауап беріңіз. Бұл жаңалықтың немесе өнертабыстың қоғамға қандай үш түрлі пайдасы мен үш түрлі зияны бар?
3-қадам.
3 минут ішінде жоғарыдағы
мысалдардан мына сұрақтарға
жауап беру: Егерде бұл жаңалық
жасалмағанда біздің
4-қадам
1-3 қадамдардағы жауаптарды
тыңдап болғаннан кейін шағын
топтарда жұмыс жасап және
сұрақты талқылау: Сіздің ойыңызша
қандай да бір жасауы қажет
емес ғылыми жаңалық пен
5 қадам
Бір сұрақтан екіншісіне жылжу үшін ойлау процесі жүрді. Алғашқы 3 сұрақ соңғы 2 сұрақты талдауға көмектесті ме?
Бұл сабақтың әдісі Бенджмин Блум тасаномиясы деп аталады. Бұл таксаномия бес қадамнан тұрады: Білу және түсәну, Қолдану, Талдау, Жинақтау, Бағалау.
«Блум тақсономиясы бойынша сабақ жоспарлаудың мұғалім құзырлылығын арттырудағы ролі.» Т.Нақыповтың сөзін басшылыққа ала отырып сабағыма дайындаламын.
Осылай өткізілген сабақтардан кейін оқушылар өздерінің ізденушілк қабілетіне сеніммен қарайды. Сонымен қатар төмендегі қасиеттерге ие болады:
Информация о работе Оқытудың инновациялық технологияларының ерекшеліктері