Паскаль

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 06:41, реферат

Описание

Өзекілігі: Қазіргі кезде көптеген программалар қолданылады. Солардың ішінде Паскаль программалау тілдері.

Мәселе: Ақпарат қоғамға байланысты программалау тілдерін оқу
процесіне енгізу және мәселесі туындайды.

Содержание

Паскаль тілінің негізі.
1.1. Паскаль тілінің алфавиті. Деректер типтері
1.2. Стандарт функциялар. Өрнектер
1.3. Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы

Паскаль тілінің операторлары
2.1. Меншіктеу, мәліметтерді енгізу, шығару операторлары. Сызықтық программа
2.2. Шартты оператор
2.3. Таңдау операторы
2.4. Қайталау операторы (цикл
2.5. Goto операторы
2.6. Символдық (жолдық) айнымалылар. Оларға қолданылатын операторлар
2.7. Процедура және функция

Құрылымдық типтер.
3.1. Массив
3.2. Жиын. Жиынға қолданылатын операциялар
3.3. Жазулар. With операторы
3.4. Файл

Работа состоит из  1 файл

ПАСКАЛЬ.doc

— 30.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ 
 
Паскаль тілінің негізі. 
1.1. Паскаль тілінің алфавиті. Деректер типтері 
1.2. Стандарт функциялар. Өрнектер 
1.3. Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы 
 
Паскаль тілінің операторлары 
2.1. Меншіктеу, мәліметтерді енгізу, шығару операторлары. Сызықтық программа  
2.2. Шартты оператор 
2.3. Таңдау операторы 
2.4. Қайталау операторы (цикл 
2.5. Goto операторы 
2.6. Символдық (жолдық) айнымалылар. Оларға қолданылатын операторлар 
2.7. Процедура және функция 
 
Құрылымдық типтер. 
3.1. Массив 
3.2. Жиын. Жиынға қолданылатын операциялар 
3.3. Жазулар. With операторы 
3.4. Файл 
 
Кіріспе: 
 
Өзекілігі: Қазіргі кезде көптеген программалар қолданылады. Солардың ішінде Паскаль программалау тілдері.  
 
Мәселе: Ақпарат қоғамға байланысты программалау тілдерін оқу  
процесіне енгізу және мәселесі туындайды. 
 
Мақсаты:  
Программалау тілдерін оқу процесінде пайдалану. 
 
Міндеттері: 
1) Паскаль. Программалау тілін теориалық тұрғыдан зерттеу. 
2) Паскаль. Программалау тілінде программа құру үлгілерін көрсету. 
 
Зерттеу объектісі: Паскаль. Программалау тілі. 
 
Зерттеу пәні: Информатика. 
 
Болжам: Паскаль. Программалау тілінде программа құра білу  
адамдардың жоғарғы дәрежелерде ақпарат құзіреттілігін  
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.  
 
Ғылымға пайдасы: 
Паскаль. Программалау тілі есептерді тез шығаруға көмектеседі.  
Және де бұл программаларды боллашақта мамандарға пайдалануға ұсынылады. 
 
Құрылымы: Кіріспе, 4- бөлім, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген. 
 
 
Программалау тілдері 
 
Компьютерге түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған алгоритм – программа деп, ал программа құру процесі программалау деп аталады. 
Программалау тілі – ЭЕМ-де шешілетін әртүрлі есептердің программасын компьютерге түсінікті формада жазу тәсілі болып табылады. 
Программалау тілдері жоғарғы және төменгі деңгейлі тілдер болып бөлінеді. Қолданбалы мазмұнды есептерді шешуге бағытталған, командалардың мол жиынтығынан тұратын табиғи тілге ұқсас прогрммалау тілі – жоғарғы деңгейлі программалау тілі деп аталады. Қазіргі кезде олардың бірнеше түрі бар. Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі – Паскаль тілі. Оның алғашқы вариантын 1971 ж. Швейцария ғалымы Никлаус Вирт жарыққа шығарған болатын. Автор атақты француз математигі Блез Паскальдың (1623-1662 ж) құрметіне жаңа программалау тіліне оның атын берді. Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, алгоритм құрылымы сақталған, қолданушыға ыңғайлы тіл болып қана қойған жоқ, сонымен қатар көптеген күрделі есептерді шешу үшін қолданылатын қуатты программалау тілі болып табылады. 
Паскаль тілінің бірнеше баламалары бар. Қазіргі кезде кең қолданылатыны – Турбо Паскаль7.0 баламасы. Кез-келген Паскаль программа жеке атынан және .pas кеңейтілуінен тұратын текстік файл болып табылады. Паскаль тілінде құрылған программаны мәшинелік тілге аудару үшін компилятор қолданылады. Турбо Паскаль жүйесі ТР бумасында жазылады. Программаны жүктеу файлы: turbo.exe, ол әдетте BIN ішкі бумасында орналасады (мысал: C:TPBIN turbo.exe) 
Паскальдағы кез-келген деректер, яғни айнымалылар, тұрақтылар, функция мәндері және өрнектер, өздерінің типтері арқылы сипатталады. Тип аталған объектінің қабылдайтын мәндерінің жиынын және деректердің компьютер жадысында ішкі өрнектелу форматын анықтайды.  
Көптеген программалау тілдерінде, сонымен қатар Паскальда программада  
қолданылатын шамалар жөніндегі барлық ақпарат программаның сипаттау бөлімінде міндетті түрде көрсетілуі қажет. Сипаттау бөлімдері төмендегідей бөлімдерден тұрады: 
1. Таңбалар бөлімі 
2. Тұрақтылар бөлімі 
3. Типтер бөлімі 
4. Айнгымалылар бөлімі 
5. Процедура мен функциялар бөлімі 
 
 
Паскаль тілінің негізі. 
1.1. Паскаль тілінің алфавиті. Деректер типтері. 
Барлық программалау тілдерінің өз алфавиті болады. Алфавит – программада пайдаланылатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар, белгілер).  
Паскаль тілінің алфавиті: 
1. Латын алфавитінің бас (A-Z) және кіші (a-z) әріптері және _ астын сызу белгісі. 
2. Араб цифрлары: 0 – 9 
3. Арнайы символдар: а) арифметикалық операция белгілері: +, -, *, / 
б) қатынас операцияларының белгілері: =, <> (тең емес), >, >=, <, <= 
в) тыныс белгілері: ; : . , .. 
г) қосарлы символдар: {}, [], (), (* *), (. .) 
д) меншіктеу белгісі: : = 
е) символдар: @, $, #, ^ 
4. Қызметші сөздер: and, begin, if, then, else, end … 

Информация о работе Паскаль