Серверге, жұмыс станциясына, торапқа қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 09:31, контрольная работа

Описание

Сервер (server) – желіге қосылған және оның пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер – желі ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты серверлердің келесі типтерін анықтайды.

Работа состоит из  1 файл

Гос-экзамен.doc

— 50.00 Кб (Скачать документ)
  1. Серверге, жұмыс станциясына, торапқа қойылатын талаптар.

 

Сервер (server) – желіге қосылған және оның пайдаланушыларына  белгілі қызмет көрсетуді  қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен  туындайтын мәліметтерді сақтауды,  мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған  тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер – желі ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты серверлердің келесі типтерін анықтайды.

Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) – желіге қосылған дербес компьютер және ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады және желінің ресурстарына  қатынауды жүзеге асырады. Ол өзіндік  операциялық  жүйемен жабдықталған (MS DOS, Windows және т. б.) және пайдаланушыға қолданбалы есептерді шығаруда барлық қажет құралдармен қамтамассыз етілген. Жұмыс станцияларының үш типін ерекшелеуге болады, олар – жергілікті дискілі жұмыс станциясы, дискісіз жұмыс станциясы, қашықтағы жұмыс станциясы. Жергілікті дискілі жұмыс станциясында ОЖ осы дискіден, ал дискісіз жұмыс станциясында ОЖ файлдық серверден жүктеледі. Қашықтағы жұмыс станциясы – желіге телеқатынастық байланыс арнасы (мысалы, телефон желісі) арқылы қосылған станция.

Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:

- қайталауыш;

- коммутаторлар (көпірлер);

- маршруттауыштар;

- көмейлер (шлюздер).

Қазіргі уақыттағы есептеу желілеріне қойылатын негізгі  талаптар. желілері кез келген желі пайдаланушысы үшін желінің кез келген ресурсына қатынауды қамтамассыз ету мақсатында құрылады. Желінің өмір сүруінің аумақты мінездемесі ретінде ресурсқа қатынау сапасы желінің алдына қойылған міндеттерге байланысты әртүрлі көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Мұндай көрсеткіштердің негізгілері

- өнімділік

- сенімділік

- басқарылымдық;

- кеңейтілімдік;

- айқындық;

- жинақталымды

  1. Жадыны тарату және қорғау әдістері. Жадтың адресті кеңістігінде көрсетілген енгізу-шығару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ақпарат теориясындағы Котельников теоремасы

 

Ақпарат теориясы — математиканың ақпаратты сақтау, түрлендіру және тасымалдау әдістерін зерттейтін бөлімі, кибернетиканың маңызды саласы. Ақпарат теориясының негізгі ұғымы ақпарат (хабар) болып есептеледі. Ақпарат теориясында берілетін не сақталатын хабарлар көзі бар деп ұйғарылады. Бұл хабарлардың шығуы мен қабылдануы кездейсоқ сипатта болғанымен, оның шығу ықтималдығы белгілі деп қарастырылады. Мұндай хабарлардың “анықталмау” дәрежесін сипаттау үшін Ақпарат теориясына энтропия деп аталатын ұғым ендіріледі. Энтропия — қандай да бір тәжірибенің (сынақтың) әр түрлі нәтижемен аяқталатын анықталмағандық өлшемі. Ақпарат теориясы хабардың байланыс арнасы арқылы бөгеуілдермен берілу тәсілдерін зерттейді. Әр түрлі ақпаратты жинау, оны түрлендіру, жеткізу және сақтау — кез келген басқару жүйесінің қызметінде кездесетін жағдай. Жүйенің әр түрлі бөліктерінің арасында ақпарат алмасу әрқашан болып тұрады. Кез келген ақпаратты бір жерден екінші жерге жеткізу үшін оның кодталынуы (таңбалануы), яғни арнаулы белгілерге (символдарға) және сигналдарға түрленуі керек. Сондықтан да Ақпарат теориясының негізгі мәселесі аз ғана белгілер арқылы көп мәнді ақпарат беруді тиімді түрде кодтау (таңбалау) тәсілін зерттеу болып табылады. Бұл — байланыс арнасында бөгеуіл болған не болмаған жағдайда шешілетін мәселе. Байланыс арнасы арқылы қабылдаушы буынға келіп жеткен таңбаланған ақпаратты алғашқы түріне келтіруді декодтау (таңбадан мағынаға көшіру) деп атайды. Ақпарат теориясындағы күрделі мәселенің бірі — ақпарат көзінде үздіксіз өндірілген ақпаратты байланыс арнасы арқылы басқа орынға дер кезінде және бөгеуілсіз жіберіп тұру үшін байланыс арнасының өткізгіштік сыйымдылығын анықтау. Бұл мәселені шешу ақпарат мөлшерін бағалай білуді қажет етеді. Ақпарат мөлшерін бағалау ықтималдық теориясының заңдарына негізделген. Ақпарат теориясының негізін 1948 — 1949 ж. американ ғалымы К.Э.Шеннон қалаған. Оның теориясының дамуына Ресей ғалымдары А.Н.Колмогоров (1903 — 87), А.Я.Хинчин (1894 — 1959), ал іс жүзінде қолданылатын саласына В.А.Котельников т.б. үлкен үлес қосты

Котельников теоремасы (Теорема Котельникова).

  1. Егер үзіліссіз сигнал Дирхле шартын қанағаттандырса (барлық бөліктері үзіліссіз және экстремумы ең көп және ең аз шамалары шектелген сан болса) және оның жиіліктік спектрі белгілі бір шамадан аспаса, онда мұндай сигналды уақыт бойынша At қадаммен үзіп және оны осы үзілген шамаларымен бірге қайтадан бұрынғы (үзіліссіз) қалпына келтіруге болады. Котельниковтің бұл теоремасының аналогтік сигналды сандық сигналға айналдыру үшін дискреттегенде маңызы зор. Ӏс жүзінде сигналдың өту процесі шекті болатындықтан, оның жиілік диапазоны шексіз болу керек. Бірақ сигналдағы энергияның 90—95% шамасын қамтитын жиілік диапазонын шектелген деп алуға болады.
  2. Жиіліктік спектрі шектелген үзіліссіз сигналды 1/2 Ғ= Д/қадаммен үзе отырып, оны берілген дәлдікпен қайта қалпына келтіруге болады.

Мұндағы Ғ сигнал спектрінің ең жоғарғы мәні немесе спектр 0-ден басталса, жиілік диапазоны кең тұжырым оны 1938 жылы ұсынған ғалым Котельниковтің құрметіне "Котельников теоремасы" деп аталады.


Информация о работе Серверге, жұмыс станциясына, торапқа қойылатын талаптар