Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:50, реферат
Ішкі бағдарлама - көлемі жағынан орташа болып келетін бағдарламаларды (бірнеше мың жолды код) құрастырғанда құрылымды бағдарламалау қолданылады. Бағдарламаның құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсету керек, сонда бағдарлама мәтінінен есепті шығару алгоритмі түсінікті болады. Ол үшін қарапайым операторлар жеткіліксіз, алгоритмнің нақты құрылымын дәлірек көрсететін құралдар қажет. Сондықтан бағдарламалауға жаңа ұғым – ішкі бағдарламалар енгізілді.
Сайып келгенде, IDE дегеніміз – бұл бағдарлама жасауға қатысатын құралдар үстелі мен жұмыс ортасы. Бағдарламалауды іске қосқан кезде ең қажет деген элементтер экранға шығады. Оларға қоса ондаған көмекші және жасырын терезелер бар, олар тек пайдаланушыға керек кезде ғана шақырылуы мүмкін.
Си++
Бұл бағдарламалау тілі 1980 жылы пайда болды. Оны құрастырған Бьяр Страуструп. Оның атауын ойлап тапқан Рик Масситти деген адам. Бұл Си атты бағдарламалау тілінің Си++ тіліне эволюциялық түрде көшуін білдіреді. Си++ - бұл Си тілінің объектігі бағытталған кеңейтілген түрі.
Си++ үшін базалық тіл ретінде Си-дің таңдалды, себебі ол:көпмақсатты, ықшамды және біршама төмен деңгейлі;
жүйелік бағдарламалаудың мақсаттарының көбісіне жауап береді;
UNIX бағдарламалау ортасында жарамды болып табылады.
Қорытынды
Бағдарламалау тілдері төменгі деңгейден жылдар өте келе жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдеріне дейін дамыған. Осы даму барысында не жаңадан тілдер ойланып табылып немесе бұрын болған тілдерді жетілдіру арқылы жаңа бағдарламалау тілдерін жасаған. Осы бағдарламалау тілдері арқылы біз машинамен, яғни компьютермен қарым-қатынас жасауға, аз да болса бір-бірімізде түсінуге септігін тигізеді. Егер бағдарламалау саласындағы жаңаша технологиялардың даму қарқынын қарайтын болсақ, онда келешекте аса жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері пайда болатыны күмән туғызбайды.
Бағдарламалау тідерімен бірге бағдарламалау жүйесі де дамып келеді. Жүйелік бағдарламалау, оқиғалы-бейімделуші бағдарламалау, объектіге бағытталған бағдарламалау – олар алуан түрлі. Болашақта бағдарламалаудың жаңа, одан әрі жетілдірілген түрлері пайда болады деуге әбден болады.