Технологияларды қолдану тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 08:31, доклад

Описание

Сонымен оқытудың электрондық жүйесі– мұғалімнің оқушымен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология.
Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Работа состоит из  1 файл

баяндама-Айнур.doc

— 38.50 Кб (Скачать документ)


 

 

 

 

 

Б А Я Н Д А М А

 

Оқу –тәрбие үрдісінде ақпараттық және интерактивтік

технологияларды қолдану тиімділігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу –тәрбие үрдісінде ақпараттық және интерактивтік

технологияларды қолдану тиімділігі

 

              Біз өмір сүретін ХХІ ғасыр-

компьютер мен техникалық

жаңалықтар ғасыры.

Информатика-ғасыр ғылымы,

өйткені оған бүкіл әлем тәуелді.

Қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін қолдану болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүниежүзілік қауымдастығы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады. Ақпараттық технологияны игеру дәрежесі, қазіргі заманғы жаңа технология негізінде ақпаратпен жұмыс жасай білу деңгейі адамның ақпараттық мәдениетін білдіреді. Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы  оқушылардың білімділігін және білім сапасын көтеру керек.               Олай болса, барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

              Жаратылыстану – математика пәндерін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.

              Мұғалім сабақта ақпараттық және интерактивтік технологияларды қолдану арқылы білімнің тереңіне бойлай алады, әрі оқытудың бүкіл мазмұнының өзгеруіне мүмкіндік береді. Білім берудің кез-келген саласында қол жеткен табыстар Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50елдің қатарына енуге мүмкіндік туғызатыны анық. Осы мақсатта оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беру арқылы ұстаздар қауымының белсенділігін арттыру.

              Ақпараттық және интерактивтік оқыту технологияларын меңгермегенше, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Ақпараттық және интерактивтік технологияны меңгеру мұғалімнің зейіндік-зерделік, кәсіптік, рухани, азаматтың және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұны аз да болса жинаған тәжірибемізден, атқарған істерімізден көргендейміз.

Ақпараттық және интерактивтік технологияларды қолдану өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу үрдісін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады. Компьютерлік модельдердің интерактивтілігі (екі жақтылығы) оқыту процесінде бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктер береді (интерактивтілік – модель параметрлерін өзгерту арқылы не болатынын көрсету)

              Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады.

Елбасымыз «Қазіргі таңда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп атап көрсеткеніндей жас ұрпаққа білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемді қолдану маңызды. Осыған сай ақпараттық технологиямен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді және бұл әрбір оң білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.

Сонымен оқытудың электрондық жүйесі– мұғалімнің оқушымен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология.

Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.       Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

2.       Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2001-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. (Жоба)

3.       Қазақстан және ТМД елдеріндегі   білім беруді ақпараттандырудың  IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы   (18-19 бет.  38-39 бет. 118-119 бет.   460-461 бет).

4.       Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» - Егемен Қазақстан газеті. 19/І-2006. №16

5.       «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Егемен Қазақстан газеті. 16/І-2004 .№5

 



Информация о работе Технологияларды қолдану тиімділігі