Тест по "Информатике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 06:33, тест

Описание

Работа содержит тест из 25 вопросов по дисциплине "Информатика" и ответы на них

Работа состоит из  1 файл

срз микро.doc

— 32.00 Кб (Скачать документ)

Тест

                   

1. Логикалық элемент  дегеніміз не?

Кірістік сигналға байланысты шығыстық сигналды қалыптастыратын схема

2. Инвертор деген  не?

Кірістік сигналды кері сигналға айналдыратын логикалық  элемент

3. Импульс деген  не?

Өзінің бастапқы қалпына келетін сигнал

4. Екі тұрақты жағдайдабола  алатын құрылғы

Триггер: қосулы немесе өшірулі

5. Дешифратор деген  не?

n кірістері бар және m шығыстары бар екілік кодты унитарлы кодқа айналдыратын схема

6. Есептегіш дегеніміз  не?

Кірісіне келіп  түскен импульстерді санауға арналған құрылғы

7. Логикалық функцияның  қызметі?

Кодтау, жылжыту, салыстыру

8. Резистор деп нені  айтамыз?

Тізбектегі тоқ  күшін азайтқыш компонент

9. Реверсивті есептегіш  деп нені айтады?

Импульстер санын  арттырып та, кемітіп те отыратын есептегіштің түрі

10. Процессордың қызметі?

Сандық жүйенің  бүкіл логикасының қызметін атқарады

11.  Сандық жүйеде  неше позициялық  есептеу жүйесі  қолданылады?

Үшеу: екілік, ондық, он алтылық

12. Параллелді регистр  деген не?

Регистрде барлық кодтық сандар енгізіліп- шығарылуы бір уақытта болады

13. Конденсатор дегеніміз  не?

Сыйымдылық қасиеті  бар электрондық компонент

14. Транзистордың жабық  режим дегеніміз  не?

Екі pn ауысуы да жабық болады, сонда да транзистор арқылы шамалы тоқ өтіп тұрады

15. Диодтың тағайындалуына және қасиетіне байланысты қандай түрлері болады?

Стабилитрондар, түзеткіш диодтар, жоғарғы жиілікті диодтар, импульсті диодтар, варикаптар, Шоткий диодтары, фото диодтар, жарық  диодтары, диодты оптрондар

16. Варикаптардың сыйымдылығының  неше түрі болады?

2 (барьерлік және диффузиондық)

17. Диодтың кірісі  мен шғысы недеп  аталады?

Кірісі –  анод, шығысы – катод

18. Түзеткіш диодтардың  төменгі қуаты  неше ватпен жұмыс  жасайды?

0,3 Вт дейін

19. заряд тасымалдаушыларды  қабылдайтын қабат?

Коллектр

20. Электрондар қандай зарядты?

Теріс зарядты

21. Келесі команданың  жылжу адресін  сақтайтын регистр?

IP регистрі

22. Диод дегеніміз  не?

Бір ауысуы бар, тоқты бір- ақ бағытта өткізетін  жартылай өткізгішті құрылғы

23. Сумматор дегеніміз  не?

Сандық  кодтың екілік санын қосу  арифметикалықоперациясын орындайтын түйін

24. Регистр деген  не?

Ақпаратты қабылдауға, сақтауға, жіберуге арналған функционалды түйін

25. Тунельдық диодтар  деген не?

p – n ауысуы жоқ, ганна эффектісін пайдаланылатын жартылай өткізгішті құрал.  
 
 
 
 
 

Информация о работе Тест по "Информатике"