Түсінік хат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 18:07, творческая работа

Описание

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Работа состоит из  1 файл

веб дизайн кал план.docx

— 20.34 Кб (Скачать документ)

Түсінік хат

Ақпараттық – коммуникациялық  технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазақстанның бәсекеге нақтылы  қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі , айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Демек, Қазақстанның болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нәтижелігі заман талабына сай жалпы орта білім бейінді оқытуға көшу .

Сондықтан да жаратылыстану пәндерінің бірі информатика бағытындағы «Web-дизайн» үйірмесінің бағдарламасы 10 сыныпқа арналады. Информатика пәнінен Frontpage бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін оқушыларға меңгерте отырып, теорияны практикамен ұштастыру мақсатында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оның ғылым мен техникадағы қолданыс аясын кеңейтуде маңызы зор.

Үйірме бағдарламасы 10 сыныпқа аптасына -1, жылына -34 сағатқа есептелініп жоспарланып жасалынған. ««Web-дизайн» үйірме  программаның құрылымы, негізгі түсініктері жан-жақты қарастырылады. Оқушылар теориялық білімдерін практикалық білімге қолдана біледі.

 

Үйірменің мақсаты:  Оқушылардың компьютерлік технологиялардың ерекшеліктерімен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету. Сонымен қатар қазіргі қоғам талабына сай, оқушыларға жұмыс істеу кезінде туындайтын нақты сұрақтарды шешу үшін ақпараттық технологиялар негіздерін үйрету.

 

Үйірменің мазмұнына қойлатын талаптар:

Ғылымилығы: FrontPage мүмкіндіктері жан-жақты танымдық, практикалық болуы

Түсініктілігі: теориялық білімді нақты үйрету

Көрнекілік ұстанымы: оқушының жан-жақты дамуы

 

Үйірменің міндеті: Оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге дағдыландыру, компьютермен еркін жұмыс жасай білуге баулу. Өз  беттерімен тапсырмалар орындауға бейімдеу. Оқушылардың ғылыми ойлау, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту

Үйірменің өзектілі:

Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық   прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі   қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Microsoft FrontPage 2000. Шаг за шагом», Самоучитель
  2. Э.Шафран. Создание WEB – страниц. Питер. 1999 г.
  3. Балапанов Е., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. -Алматы: «Джагамбек и С», 1999.
  4. Латышев В. П. Компьютерные технологии обучения. М., МАИ, 1992.

5. Microsoft FrontPage 2000. Шаг за шагом», М.: «Эком», 2002

М.Қ . Байжұманов., Л.Қ.Жапсарбаева . Информатика Астана 2004ж.-53б

6. М.М.Ерекешова, З.Р.Мурзабекова. WEB- парақтарды құру  технологиясы. Ақтөбе 2006ж.-79 б

7. Э.Шафран. Создание WEB – страниц. Питер. 1999 г.

8. С.В.Симоновича., Г,Евсеев., А.Алексеев. Специальная информатика: универсальный курс.-М.: АСТ-ПРЕСС;

  

10 сынып

Сабақтың  тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1-2

MS FrontPage программасына кіріспе. FrontPage-де бастапқы жұмыс.

2

5.09.12

12.09.12

3-4

MS FrontPage бағдарламасы. MS FrontPage бағдарламасымен танысу

2

19.09.12

26.09.12

5-6

Web-сайттың макетін құру

2

3.10.12

10.10.12

7-8

Мәтін, тізім және жүгіртпе жолдар құру

2

17.10.12

24.10.12

9-10

Web-бетті ашу, алдын  ала көру, сақтау, жою

3

31.10.12

14.11.12

21.11.12

11-12

Кесте құру

2

28.11.12

5.12.12

13-15

Видео және дыбыс кірістіру

3

12.12.12

19.12.12

26.12.12

15-17

Формаларды және басқа  да компоненттерді ұйымдастыру

2

9.01.13

16.01.13

18-21

Интернетте Web-бетті ақысыз жариялау жолдары

4

23.01.13

30.01.13

6.02.13

13.02.13

22

№1 тәжірибелік жұмыс

1

20.02.13

23

№2 тәжірибелік жұмыс

1

27.02.13

24

№3 тәжірибелік жұмыс

1

6.03.13

25

№4 тәжірибелік жұмыс

1

13.03.13

26

№5 тәжірибелік жұмыс

1

20.03.13

27

№6 тәжірибелік жұмыс

1

3.04.13

28

№7 тәжірибелік жұмыс

1

10.04.13

29

№8 тәжірибелік жұмыс

1

17.04.13

30

Тест

1

24.04.13

31

Интернет әлемімен жұмыс

1

8.05.13

32

Оқушылар шығармашылығы

1

15.05.13

33

Практикалық жұмыстар

1

18.05.13

34

Қорытынды қайталау

1

22.05.13



Информация о работе Түсінік хат