Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 06:40, реферат
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
<UL type=square>
<LIt> квадрат
</ul>
Web беттегі графика
Бұл бөлімде Web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенменде сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге <IMG> тегі src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискасының My img папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады:
<IMG src=c:/my img/rose.jpg>
width және heigth атрибуттармен суреттің көлемін өзгертуға болады, биіктігі және ені.
alt атрибутымен суретке қосымша мәтін түрде қосымша мәлімет шығаруға болады.
<IMG src=c:/my img/rose.jpg width=50% height=30% alt=менің суретім>
Web графика туралы айтқанда төмендегі атрибуттарды ұмытпау керек: background – бұл атрибут сайтқа суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді.
Сілтеме
HTML дің негізгі қасиеті ретінде оның басқа құжаттарға сілтемеу жасау мімкіндігі айтуға болады. HTML құжатынан алысқа орналасқан компьютерге, құжаттың ішіндегі белгілі бір орынға, HTML құжатына, басқа бір сайтқа сілтеме орнатуға болады. Сілтемені ұйымдастыру үшін <A href> тегі қолданылады.
Мысалы,
<A href=penjim.narod.ru>Пенжим сайтына сілтеме</a>
Бұл мысалда біз www.penjim.narod.ru сайтына сылтеме жасадық.
Сілтеме мәтін түрде және сурет (кнопка) түрде болуы мүмкін. Сурет түрде орнату үшін <A> </a> тегтерінің ортасына суретті <IMG> тегімен орнату керек.
HTML-де кесте жасау
Web-құжатының негiзгi бөлiктерiнiң бiрi - кесте. Ол тiктөртбұрыш бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрiнде қарастырылады. Жол мен бағанның қиылысы ұяшық деп аталады. Бiр ұяшықта мәтiн, сурет немесе басқа бiр шағын кесте орналаса алады. Кесте келесi бөлiктерден тұрады:
• кесте тақырыбы;
• бағаналар тақырыптары;
• ұяшықтар.
Кесте жолдар тiзбегi бойынша бiртiндеп толтырылады (солдан оңға қарай жол соңына дейiн, сонан соң келесi жолға көшу). Әрбiр ұяшыққа мәлiметтер енгiзiледi. Боя ұяшық жасау үшiн бос орын таңбалары енгiзiлуi тиiс.
Қарапайын 2*3 кестесін жасау үшін төменгі тегтер жиынын қолдануға болады:
<TABLE border=1>
<TR>
<TD> мәтін</td>
<TD> мәтін</td>
<TD> мәтін</td>
</tr>
<TR>
<TD> мәтін</td>
<TD> мәтін</td>
<TD> мәтін</td>
</tr>
</table>
Бұл жерде border кесте сызықтарының ені.
Кестенің ұяшықтарының енін пайз арқылы өзгерту үшін width атрибутн қолданса болады, мысалы:
<TABLE width=50%>
Программалық жабдықтау
HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кезкелген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді.
Практикады әдетте Web-сайт жасау HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі.
Бірінші үлкен топтың Web-сайт жасау программалары HTML-тілінің негізінде жұмыс істейді. Осындай программалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML-редакторлердің жұмысты жеңілділетін және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа төменгі программалар кіреді:
HTML генератор 1.3 ;
Magic HTML Studio 2.0;
Macromedia Dreamweaver;
Екінші үлкен топқа WYSIWYG (ағылшын тілінен “what you see is what you get” - не көрсең соны аласың) редакторлері кіреді. Бұл программаларды тағыда визуалды редакторлар деп айтады.
Осындай программалар графикалық интерфеске ие. Бұл прораммалардың бастапқы махсаты дизайнерді HTML тегтерінен босату болған. Кәзірге замандағы визуалді HTML-редакторлар дизайнерді көптеген әрекеттерде басатады. Осындай артықшылықтарына қарамастан кемшілігі бар – олар таза HTML кодын жасамайды, оған артық және «фирменный» тегтерді қосады. Көріп отырсыздар, WYSIWYG редакторларды қолданы HTML тегтерін қолмен жазуды құтқармайды, демек, Web-сайттарын жасау үшін HTML тілінің кем дегенде негізін білу керек.
WYSIWYG программаларыдың тізімі:
Microsoft Front Page.
Қосымша
10-11 сынып оқушыларына
информатика пәнінен кәсіби
«Интернет-технологиясы. WEB-дизайн негіздері»
Информатика кабинеті
«___» ________ 2005 жыл
Орындаған:
Математика және информатика мұғалімі Арзиев М. М.
Түсінік хат
Бұл бағдарлама
«Интернет технологиясы WEB-дизайн
негізі» тақырыбында 10-11 сынып
оқушыларына кәсіби білім
Бағдарлама жалпы информатика және осы пәнмен байланысты орта білім берудегі басқа пәндердің де элементтерінен құрылған. Бағдарлама (екі жылдық оқу жүйесінде) 136 сағатқа топталған.
Бағдарламаны құру кезінде «Қазақстан Республикасы Білім беру стандарты» және информатика пәні бойынша нұсқау оқулықтары басшылыққа алынған.
Оқушыларға алғашқы кәсіби білім беруді көздеген бұл бағдарлама төмендегідей құрылымнан тұрады:
· Информатика пәнінен жалпы мазмұнды білім беру.
· Microsoft Windows бағдарламасымен жұмыс жүргізуде негізгі әдіс- тәсілдерді меңгеру.
· «Microsoft Office» пакетімен жұмыс істеуді меңгеру.
Бағдарламаның мақсаты: Оқушыларға дүниежүзілік ақпараттану әлемі туралы тұтастай түсінік беру және ақпарат алу жүйесін өзіндік ақпараттар жасау қабілеттерін ұштау.
Бағдарламаның негізгі міндеті:
· Информатика пәнін жүйелеп оқыту әдістерін қарастыру.
· Оқушылардың ақпарат алу, өңдеу жаңа ақпараттар жасау және сақтау туралы бірізді жүйелі танымын қалыптастыру.
· Интернеттің бай мәліметтерін қолдану кезіндегі нақты тәсілдерді көрсету.
· Жалпы орта білім беру жүйесіндегі басқа пәндермен логикалық тығыз байланыс орнату.
Бүгінгі заман талабында
ақпараттар жүйесімен жұмыс істеу
өз алдына жеке бір кәсіп ретінде
талап етіліп отыр. «Интернет технологиясы.
Web-дизайн негізі» бағдарламасының
құрылымы жалпы информатика элементтерін
Бұл бағдарламамен танысу кезінде оқушылар жаңа кәсіптік бағдармен, нақты айтқанда, оптикалық диск, сканерлер, модем, «Блокнот» мәтіндік редакторы, HTML, FrontPage құжаттарымен және Photoshop, Paint, Macromedia Flash сияқты графикалық редакторларымен жұмыс істеуді меңгереді.
Болашақ мамандардың кәсіби білім алуының әр басқышында дүниежүзілік ақпараттану жүйесінде мақсатты жұмыс жүргізуі үшін осы бағдарламаны құру қажеттілігі туып отыр. Бұл бағдарламаны оқыту барысында мультимедиялық технология элементтерін қолдану көзделіп отыр.
Бағдарламаның бір бөлігі теориялық білім беруге негізделген Интернет мәліметтерін қолдану сабақтары online кестесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
Интернетке қосылу сақталмаған жағдайда online кестесінің алдын-ала дайындаған ақпараттық мәліметтерін қолдануға болады.
Оқушылардың жаңа материалды
меңгеру дағдыларын бақылау ауызша
немесе жазбаша сұрау және өздік
практикалық тапсырмалар
Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім мен білік дағдыларын жазбаша бақылау алу әдісімен тексеруге болады.
Бұл бағдарламаны толық оқып, меңгерген оқушылар Интернетке қосылу жүйесін толық білуі және өздері сабақта жоспарлап құрған WEB-саитты қолданулары тиіс.
Нақты білім алу және алған білімдерін практикада қолдану барысында оқушылардың назары еңбек қауіпсіздігіне, техника қауіпсіздігіне аударылуы тиіс және жеке бас гигиенасына көңіл бөлгені шарт.
Бағдарламаның мазмұны.
10-сынып. Аптасына 2 сағат жалпы 68 сағат.
№ Мазмұны
Сағат саны
1 Кіріспе. Информатика кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтау ережесі
1
2 Курсқа кіріспе. Интернет.WWW WEB-саит. WEB беттері.Интернет жүйесіне алғашқы танымдық саяхат
4
3 Microsoft Internet Explorer жүйесінің браузерлерімен жұмыс жүргізу негізі. Браузермен нақты жұмыс түрлері. Реттегіш. Таңдау, Бірнеше тереземен жұмыс істеу. Ақпарат сақтау және түрлендіру
4
4 Интернеттен ақпарат іздеу. Іздеу сервері дегеніміз не? Қазіргі уақытта ең негізгі роль атқаратын іздеу серверлерінің ерекшеліктері (Яндекс, Rambler. Coogle. Yahoo. Кирилл және Мефодидің мегаэнцыклопедиясы) Жай және күрделі тапсырыс құру. Тапсырыс түрлері: Қазақстан тарихы, музыка Т.Б.
4
5 Электронды байланыс және байланыс бағдарламаларымен жұмыс істеу.
Электронды байланыс бөлімі қалай жұмыс істейді? Байланыс мекен-жайын тегін алу. Хаттар мәтінін алу, түзу және салу. Хат мәтінін түзуде жақсы жазу ережесі. Outlook Express бағдарламасы. Жұмыс терезесі. Негізгі берілетін нышандар. Электронды байланыстың вирусымен күресу жолдары. Мекен-жайлық кітапша. Қара тізім. Топтар құру. Электронды қол қою. Байланыс сервисін жөндеу. Көркемсуретті хаттар түзу тәсілі. Хаттарға файл негіздеу. Интернетте қолданылатын әдебиеттер.
4
6 Интернетке қосылу. ПК аппараттық бөлімінің талаптары, Интернетке қосылу тәртібі. Ақпараттың алыну жылдамдығын және көлемін анықтау бірлігі. Ақпарат алудың және жіберудің техникалық мінездемесі. Ақпаратты қолданушының алу жылдамдығы.
2
7 WEB-беттерінің дизаины және сайт түрлері WEB-дизаинның технологиялық ерекшеліктері. Графикалық сызбалар Интернеттің кәсіптік бағдары. WEB-дизайнердің кәсібі. Интернет – нарықтың жаңа жүйесі.
2
8 HTML кіріспе. Менің алғашқы бетім. Сайттың бұрыштамасы. Құрылымы. Тегтер. Белгілер.
6
9 Мәтінді реттеу. Мәтінмен жұмыс. Бұрыштамалар. Мәтіннің түсі. Мәтіннің көлемі. Мәтіннің шрифті (P, H, FONT, B, I, ALIGN, COLOR, SIZE, BGCOLOR)
6
10 Сызбалар. Сызбалар сызу. Сызбалар толтыру. Сызбаларды реттеу. (TABLE, TD, TR)
6
11 Нысандар қою. Суреттер қою. Анимация қою. (IMG, SRC, ALT)
6
12 Гипермәтін. Гипермәтін туралы түсінік. Гипержіберу. (A, HREF)
6
13 Жазу-графика .Интернеттегі графикалық файлдарға арналған қағаздар .WEB-ке файл сақтау.
14 Фреймдер . Пішінмен жұмыс істеу түрлері.
15 HTML мен жұмыс істеу қорытындысы.
Бағдарламаның мазмұны.
11-сынып. Аптасына 2 сағат жалпы 68 сағат.
№ Мазмұны
Сағат саны
1 Кіріспе.Информатика кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтау ережесі.
1
2 Adobe Photoshop графикалық редакторы. Интерфейспен танысу. Қатпарлармен жұмыс істеу. Мәтінмен жұмыс. Фильтрлермен жұмыс.
16
3 Анимация. Gif анимациясын құру.
10
4 Flash-анимация. Анимация заңдылықтары. Macromedia flash редакторының интерфейсі. Сурет салу құралдары. Белгілер, қатпарлар. Мәтінмен жұмыс. Анимация құру. Жарнамалық банерлер құру.
10
5 Front Page. Интерфейспен танысу. Wed-жібін құру . Құжаттарды редакциялау және құру. Гипер салу. Графиканың қолданылуы. Сызбалар. Файлды серверге жіберу.
12
6 HTML құжаттарын серверге орналастыру. Мекен-жай тіркеу. Сайттың келісімдері мен ережелері. Беттерді тестілеу әдісі. WEB-сайтты іздеу машиналарына тіркеу . Баннерлік алмасу, жарнама, салу
6
7 Персоналды WEB-сайт құру WEB-сайттың құрылымын жасау және Front Рage редакторларын қолдану жүйесін құру. WEB-сайтты интернетке орналастыру. Бақылау жұмысы.
13
Практикалық жұмыс тізімі.
№ 1. Интернетке саяхат.