Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 22:03, реферат
Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер Windows, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі OS, т.б.) интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сіздіғ қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төмелмей таза болуы да ықтимал. Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы бейнесі экранда жүзеге асырылып отыр.
Windows ортасында жұымс столының рөлін дисплей экраны атқарады. Онды жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер (немесе шартбелгілер) түрінде орналасқан ( - сурет).
Кіріспе .................................................................................................... 3
1 WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ
....................................................................................................................
5
1.1 Windows туралы жалпы мағлұматтар ..................................... 5
1.2 WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары ........................ 5
1.3 Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері ..... 5
2. WINDOWS ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ .................... 7
2.1 Терезе ............................................................................................. 7
2.2 Жұмыс столы ................................................................................. 8
2.3 Белгішелер, жарлықтар, бумалар............................................... 8
2.4 «Тышқан» тәрізді графикалық сілтеме ................................. 9
2.5 Мәлімет алмастыру буфері ........................................................ 10
2.6 Windows-ті іске қосу..................................................................... 13
2.7 Windows жүйесімен жұмысты аяқтау ....................................... 14
Windows жүйесінде «Drag-and-Drop» әдісімен келесі операцияларды орындау жиі жүргізіледі:
Қазіргі жүйелерде «Drag-and-Drop» әдісін программалаушылар да жиі пайдаланылады, олар әртүрлі объектілер жиынынан өздерінің программаларын балалар кубиктерінен сурет бейнелер жинаған тәрізді құрастырады.
WYSIWYG принципі (не көрсеңіз, соны аласыз). Экранда мәтіндік құжатты баспаға дайындау кезіндегі символдары бейнесі басылып шыққан қағаз бетіндегі символдармен бірдей болады. Бірақ мұнда көңіл аударарлық сәттер де жоқ емес. Windows жүйесі символдарды экранда бейнелегенде олардың шеттерін нықтап анық етіп көрсетеді, ал қағазда таңбалар бейнесі дәл экрандағыдай болмай қалуы да мүмкін. Бұларды бірдей етіп көрсету үшін арнаулы операциялар қолданылады, олар туралы мәтін редакторларын оқу кезінде айтылады.
OLE технологиясы - объектілерді байланыстыра отырып кірістіру (Object Linking and Embedding - OLE). Бұл программаларды кірістірудегі (интеграциялаудағы) ең басты құрал болып табылады. Ол бір программада өңделген объектіні (мысалға, Paint графикалық редакторында) басқа программалардың құжаттары арасына (мысалы, Word редакторына) енгізіп, оны негізгі, яғни бастапқы программа құралдарымен редакциялауға мүмкіндік береді.
DDE технологиясы - объектілерді динамикалық түрде байланыстыру. Объектілерді басқа құжат не программалық қолданбаға енгізе отырып, негізімен байланыстырудың ең қуатты түрі, мұнда объектіні бастапқы программада түзетсек, ол түзету онымен DDE технологиясы арқылы байланысқан екінші программада да автоматты түрде жүзеге асады.
2.6. Windows-ті іске қосу
Windows 98 операциялық жүйесі компьютер ток көзіне қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Ал, Windows 3.х жүйесі MS DOS үстіндегі жапсырма жүйе болғандықтан әдеттегі қарапайым программа тәрізді жүктеледі, яғни оны іске қосу командалық қатарда win командасын теріп, енгізу пернесін басқанда ғана жүзеге асады, мысалы: С: > win командасын тергеннен кейін экранға Windows жүйесі жіктелу кезіндегі стандартты бейне шығады. Оның толық жүктелу уақыты 1-2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бейне экранға тұра берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болғаны, мұндайда мамандар көмегі қажет болады.
Windows жүктелгеннен кейін экранға «жұмыс столы» шығуы тиіс, Windows 3.х жүйесінде (шығады да, Windows 98-те - жарлықтары мен белгішелері бар қалыптағы көрініс пайда болады (1- сурет).
1 - сурет Windows экранның жалпы көрінісі
2.7. Windows жүйесімен жұмысты аяқтау
MS (PC) DOS жүйесінде
немесе сол тәрізді басқа
операциялық орталарда
Бұл мезетте кейбір программалар жұмыс істеп жатса да, бұлай ағыту ешқандай келеңсіз жағдай тудырмайды.
Ал Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет:
Тек осыдан кейін компьютер өшіріледі. Неге бұлай?
Windows жүйесі компьютер құрылғыларын толық пайдаланып, оларды толық басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows уақытша пайдаланылатын файлдарды (типті. ТМР болып келетін файлдар) жасап алады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса, ол файлдар өз-өзінен жойылады. Егер жұмыс дұрыс аяқталмаса, ол файлдар дискіде қалып, біраз орын алып тұрады.
Сондықтан Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мынадай әрекеттер орыдалуы тиіс:
Windows 3.х жүйесінде
1. Тышқады курсорды Программа диспетчерінің жүйелік батырмасына алып барып, оны екі рет шерту керек немесе бір шерту арқылы Жүйелік менюді бейнелеп, оның операцияларының (мүмкіндіктерінің) ішінен «Жабу» командасын таңдау қажет.
2. «ОК» басқару батырмасын таңдап тышқанды шерту керек.
Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен қоршалып белгіленіп тұрады, бұл оның үнсіз келісім бойынша таңдалып тұрғанының белгісі. Енді Enter пернесін бассақ, компьютер сол батырмаға сәйкес команданы орындайды.
Windows 98 жүйесінде
1. Тышқан курсорын Іске қосу (Пуск немесе Start) батырмасына алып барып, оны бір рет шерту керек те, меню командаларының ішінен «Windows-бен жұмысты аяқтау» (Завершение работы с Windows) командасын таңдау қажет. Мұнан кейін «Windows-бен жұмысты аяқтау» атты сұқбат терезесі экранға шығады. Бұл терезені Alt+F4 пернелері арқылы да шығаруға болады. Alt+F4 пернелері кез келген терезені (программаны) жабу ісін атқарады.
2. Экрандағы сұқбат терезесінде көрініп тұрған ауыстыру тобындағы «компьютерді өшіру» («Выключить компьютер») жолын таңдап алып, «Иә» («Да») басқару батырмасын басу керек (2- сурет).
Ауыстыру тобындағы бір әрекетті таңдау үшін – тышқан курсорын сол әрекетке сәйкес дөңгелекке не мәтінге алып барып, тышқады бір рет шертсе болғаны.
3. Windows жұмысын аяқтап, терезені жапқанша күте тұрып, соңынан компьютерді сөндіру қажет.
Егер істеп тұрған бір программаның жұмысын аяқтамай кетсеңіз, Windows жүйесі аяқталмаған программа бар екендігін айтып хабар береді де, сол программаны жабуды ұсынады.
2 - сурет. «Windows-пен жұмысты аяқтау» сұқбат терезесі.