Жаңа ақпараттық технология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 15:29, реферат

Описание

Елбасымыз «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы үш құрамдас бөлiктен тұруға тиiс деп оны талдап бердi. Оның бiрiншiсi - бiлiм беру жүйесiн инновациялық даму жолына түсудi қарастырады. Дәстүрлi бiлiм беру әдiсi шәкiрттердi ақпарат және бiлiммен мейiлiнше мол ауқымды қамтамасыз етудi басты орынға қою керек. Қазiргi кезде әрбiр сағат сайын жаңарып жатқан ақпарат пен бiлiмнiң тасқынынан өзiмiзге керектiсiн iрiктеп алу- оны ыңғайына қарай қолданысқа және мамандыққа еңгiзу мәселесi күн тәртiбiнен түспеуi керек. Сондай-ақ жаңаша ойлауды да ұмытпауды еске сала келiп, бұл үшiн жаңа әдiстемелер, оқыту формалары қажеттiгiн айтты.

Содержание

Аннотация.....................................................................................................2
I. Кіріспе........................................................................................................3
1.1. Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану......................5
II. Негізгі бөлімі...........................................................................................8
2.1. Электрондық оқулықтың құрылымы..................................................8
2.2. HTML тіліндегі электрондық оқулық саласы....................................15
Қорытынды...................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................20

Работа состоит из  1 файл

Жаңа ақпараттық технология.doc

— 1.09 Мб (Скачать документ)

      - өзiндiк бақылау жүйесi;

      - оқулықтың элементтерiн басқару  бойынша анықтамалық жүйе.

      Әрбiр  құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:

      Сыртқы  бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет.

      Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi туралы ақпараттар жазылады.

      Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.

      Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай  мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады? электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т.б. 

      2.2. HTML тіліндегі электрондық  оқулық саласы 

      Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан менің ұсынып отырған HTML тіліндегі электрондық оқулықтың ерекшелігі – оқушының тұлғалық, интелектуалдық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.

      

      Сызба 2 

      Электрондық оқулыққа қойылатын  талаптар:

      1. Жан-жақтылығы. 

      2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.

      3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу  материалы барлық орындаушылар  үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ  оқу материалы әр түрлi формада  берiлуi мүмкiн.

      4. Модульдiк. Кез келген электрондық  оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.

      5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған  оқулыққа сұраныс көп болуы  қажет және сәйкес түсетiн пайданы  да қарастыру қажет.

      6. Тұтынушыға бағдарлау. 

      Электрондық оқулықтың құрамы:

      - пән туралы қысқаша ақпарат;

      - жұмыс бағдарламалары;

      - электрондық оқулықпен және оның  бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы  әдiстемелiк нұсқаулар;

      - ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

      -теориялық  материалдар (лекция конспектiлерi);

      -теориялық  материалдарға негiзделген оқу  құралы;

      -практикалық  жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;

      - практикалық жұмыс пен бақылау  жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

      - бақылау тапсырмалары;

      - лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;

      - бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын  тапсырмалар;

      - бақылау тестiлерiнiң жинағы;

      - телекоммуникациялық құрылғыларды  қолдану арқылы консультация  түрлерi мен графигi;

      - үйренушiнiң жұмыс папкасы.

      Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың  құрылымы тұрғызылады.

      

      Қорытынды 

      Уақыт алға жылжыған сайын адамзаттың қажеттілігі тек материалдық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да үнемі өсіп, өркендеуді талап етері сөзсіз. Отандық ғылым беру саласы аталған талап тілекті жүзеге асыратын негізгі күш. Сана неғұрлым дамудың жоғары сатыларына көтерілген сайын қажеттілігін қанағаттандыратын тетіктердің де неғұрлым жоғары сапалы болуын қажет етеді. Дүние жүзін жайлаған ең күрделі жаһандану процессі тұсында бізде рухани ұлттық құндылықтарымызды жандандырып, жаңарта түсуіміз керек. Егер жаңа заман адамын қалыптастырамын дейтін болсақ, ең әуелі бірден-бір адамтану ғылымының негізі болып табылатын әдебиеттану ғылымының да көкжиегін кеңейту кезек күттірмейтін мәселе. Әлеуметтік өзгерістердің казіргі қоғамда жаңа қозғалыстың өркендеу процессі , білім мен тәрбие саласында жаңа ізденістерді қажет етуде. Осындай қажеттіліктердің бел ортасында тұрған мәселенің бірі - білім берудің жаңа да тиімді әдістемесінің ғылыми теориялық негізін дамыту.

            Қазақ халқына жолдаған үндеуінде президент Н.Ә.Назарбаев  ендігі жерде өсіп-өну, әлемдік өркениетке жетудің бірден-бір жолы білім мен ғылым саласында екендігінде баса назар аударды. Қазіргі кезде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде озық үлгідегі дүние жүзілік технологиялық жаңалықтарды қолдануға мол мүмкіндік бар. Болашақ мамандық иесі, қоғамның мүшесі- жоғары оқу орнының студентіне жан-жақты өскелең білім беру үшін бұрынғы уақыттағы әдіснамалардың қажетісін қолданып, ескіргенін алыптастап, неғұрлым жаңа технологиялық әдістерді жүзеге асырудың тиімді жақтары анық байқалуда. Мәселен,жоғары оқу орнының студентіне оқытушы (мейлі ол профессор болсын), бір сарынды лекция оқумен шектелетін болса, онда болашақ маманға терең білім беру және оны меңгерту күрделі мәселеге айналмақ. Сол себепті де студентіне бүгінгі күнде көп ізденіп, шығармашылықпен айналысып, әлемдік, ұлттық озық үлгідегі әдістемелік технологияларды меңгеруге, оларды пәннің өзіндік ерекшеліктеріне, мақсат, міндеттеріне сай қолдануы кезек күттірмейтін мәселе.

      Бiлiм  беру жүйесiн ақпараттандырудың  мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

      Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк  ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

      Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

      Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

      Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Информация о работе Жаңа ақпараттық технология