Жергілікті желі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 15:53, реферат

Описание

Есептеу жуйесінің құрылымы
Ирархиялық құрылымды мәліметтер
Компьютер деген не?
Компьютерді жүйелеу
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
Мәліметтерді сақтау құрылғылары
Мәліметтермен алмасу құрылғысы

Работа состоит из  1 файл

реферат инфо.doc

— 104.50 Кб (Скачать документ)

·              Shift пернесі жоғарғы регистрдегі символдар мен бас әріптерді енгізу үшін, сонымен катар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданылады;

·              Ноmе — меңзерді жолдың басына алып келеді;

·              End—  меңзерді жолдың аяғына апарады;

·              Delete — мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран объектілерін жою үшін де қолданылады;

·              Раgе uр және Раgе Down— бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу;

·              Сарs lock пернесі бас әріптер режімін қосады немесе ағытады;

·              Num Lock пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады.

Тышқан

  Тышқан - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі козғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның он немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.

Монитор мен  тышқан бірігіп колданушы интерфейсінін жаңа түрі — графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.

2.4. Дербес компьютердің ішкі құрылғылары

Аналық  тақша

Аналық   тақша  дербес   компьютердің   негізгі   тақшасы   болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады:

•    процессор;

•    шина;

•    жедел  жад;

•   тұрақты  жад;

•   слоттар   (қосымша   құрылғыларды   қосуға   арналған   қосқыштарақшалары).

  Процессор

  Процессор — көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.

Процессор тікелей  компьютердің класын анықтайды. Егер екі  процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, оңда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.

Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық ІntelPentium процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16-разрядты Іntel- 8086 процессоры болып табылады. ІВМ РС компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордыңнегізінде құрастырылған. Кейінірек Іntel80286, Іntel80386, Іntel80486, ІntelPentium60,66,75,90,100,133; ІntelPentiumММХ, ІntelPentiumРrо, ІntelPentiumII, ІntelСеleron, ІntelPentiumIII процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Іntel фирмасы болса, кейінірек АВМ, Сугіх фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.

Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік — олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мега герцпен өлшенеді. Мысалы, ІntelPentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 120, 133, 150, 166, 200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді. 

Шина

Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жад пен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина.

Компъютердің  жады

  Компьютердін жады — оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.

Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің еңкіші бірлігін айтады. Сонымен 1 байт көлемдегі жадқа бір символ сақтауға болады. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан оны килобайт, мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша өрнектеген ыңғайлы:

•    1Гбайт=1024Мбайт

•    1Мбайт=1024Кбайт

•    1 Кбайт = 1024 байт.

Жедел жад (ОЗУ) немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез-келген бөлігіне лезде қатынауды камтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадынын көлемі 8 Мбайттан 256 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дың құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.

Тұрақты жад (ПЗУ) — стандартты программаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (ВІОS, таңбагенераторларының кестесін және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердін бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.

  Қатқыл диск

 Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сактауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінін көлемі 40 Гбайтқа жетгі және ол одан әрі ұлғайтылуда.

 Иілгіш дискілерге арналған дискжетек

 Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан.

Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 дюймдік дискеттер колданылады. Оған 1,44 байт көлеміндегі ақпарат жазылады.

 Жинақы-дискіге арналган дискжетек

 1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамына кіретін диаметрі 5,25дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып, оның орнына өлшемдері тура осындай болатын СО-RОМ тасуыштарын енгізді. СО-RОМ (Compact Disk Read-Memory) сөзінің қазақша аудармасы жинақы-дискіге негізделген тұрақты есте сақтау кұрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан СО-RОМ дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жаткызады. Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды.

  Бейнекарта

 Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін кұрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.

Қазіргі кезде  кең тараған бейнеадаптер SVGA. Ол 16,7 миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді. Экранның шешуі бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне сәйкес тиімді экран шешуі анықталған. Мысалы, өлшемі 14 дюйм болатын монитордың экран шешуі 640x480, ал 19 дюймдік экрандар ушін 1280x1024 шешу пайдаланылады. Мәтіндік кұжаттармен жұмыс істеу үшін 640x480 шешулі мониторлар жеткілікті. Көптеген қолданбалы программалармен жұмыс жасау үшін шешуі 1024x768 болатын мониторлар қажет болады.

 2.5. Дербес компьютердін сыртқы құрылғылары

 Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады. Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады:

•    мәліметтерді енгізу кұрылғылары;

•    мәліметгерді баспаға шығару құрылғылары;

•    мәліметтерді сақтау құрылғылары;

•    мәліметтермен  алмасу кұрылғылары.

  Енгізу қурылғылары

 Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.

  Графиктік мәліметтерді енгізуге арналган құрылғылар

 Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар колданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.

  Мәліметтерді баспаға  шығару құрылғылары

 Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледі.

  Мәліметтерді сақтау  құрылғылары

Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша  мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына  стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-тасуыштары жатады.

Стримерлер — мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған магниттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

ZІР - тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Lomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде.

Sony компаниясы жасап шығарған НіҒD құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген.

  Мәліметтермен алмасу  құрылғысы

 Модемдер (Модулятор + ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-жіберу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б. деп бөледі. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модуляциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон желісіне бағытталады.

Компьютерді қалай дұрыс қосу және өшіру қажет?

Компьютерді алғаш  қосар алдында желідегі кернеу компьютер талап ететін кернеуге сәйкес келетін-келмейтінін тексеріп алу қажет (көптеген компьютерлер кіретін кернеудің түрлі мәндері, мысалы 220 немесе 110 В болғанда да жұмыс істей береді). Қажет болған жағдайда компьютердегі кернеу айырып-қосқышын дұрыс қалыпқа келтіру керек.

 Электр қуаты тұрақсыз түрде берілген жағдайда компьютермен бірге электр қуатының жетіспеуінен қорғайтын құрылғылардың бірін: желілік сүзгі, тұрақтандырғыш немесе үздіксіз қорек көзі құрылғысын (UPS) қолданған орынды.

 Егер компьютер  үздіксіз қорек көзі құрылғысы  (UPS) арқылы қосылған болса, онда  оны компьютерге кернеу жеткізу  режіміне ауыстыру қажет. Ал  егер компьютер тұрақтандырғыш  арқылы қосылған болса, сол  тұрақтандырғышты қосу қажет. 

 Осыдан кейін

 · компьютердің мониторын;

 · өзіңіз  жұмыс істегіңіз келетін шеткері  құрылғыларды (басып шығарғыш, сыртқы  модем, мәтіналғы және т.б.);

 · жүйелік  қорапты қосу керек. 

 Осыдан кейін  компьютер бейне бетінде компьютердің  жабдықтарын тексеру және амалдық  жүйені бастапқы іске қосу бағдарламаларының жұмысы барысы жөніндегі хабарламалар пайда болады.

Windows XP амалдық  жүйесінде жұмыс істеген кезде  компьютерді өшіру үшін:

 · жұмыс  істеп тұрған бағдарламаларды  аяқтау;

 · Windows XP амалдық  жүйесінде Бастау батырмасын  басқан кезде шығатын мәзірден Өшіру немесе Компьютерді өшіру бұйрығын, ал пайда болған сұратудан – Өшіру батырмасын немесе Жұмысты аяқтау тармағын таңдау (компьютер қорек көзінен амалдық жүйе арқылы автоматты түрде ажыратылады, қоректендіру батыр-масын басу қажет емес);

Информация о работе Жергілікті желі