Жүйелік бағдарламалу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 11:37, курсовая работа

Описание

Есептеу қажеттілігі адамзатта әлдеқашан болды. Ал, өркениет дамыған сайын есептеу қажеттілігі арта түсіп, есептеудің механикаландыру жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Қарапайым есепшоты немесе абактың арифметикалық машинаның ерекшелігі, белгілі бір осьтің немесе доңғалақтың сол осьте тұрған орны мен орналасуына тәуелді болды.
Осындай алғашқы машинаның бірін 1642 жылы француз ғалымы Блез Паскаль жасаған болатын. Арифметикалық операцияларды орындау үшін Паскаль бір - бірімен байланысқан дөңгелектердің айналуын пайдаланды. Дөңгелектерде 0 ден 9 - ға дейінгі сандар жазылды, әр дөңгелек толық айналғанда екінші дөңгелек 1 санға жылжитын болды. Машина қосып және шегере алды.

Работа состоит из  1 файл

курсовой по жуйелик багдарламалау.docx

— 227.74 Кб (Скачать документ)

TTimer класы  бағдарлама жұмысын таймермен  қамтамасыз ететін құралдарды  қамтиды(немесе инкапсуляциялайды).

Үшінші  принцип - полиморфизм.

Полиморфизм дегеніміз - әр түрлі иерархиядағы объектілердің  бірдей оқиғаны әртүрлі қабылдауы.

Полиморфизм - бұл мағынасы ұқсас мәселелерді  әр түрлі тәсілмен шешетін кластар  қасиеті. Object Pascal - дың шеңберінде кластардың қасиеті оған кіретін әдістердің жиынтығымен анықталады. Класс ұрпақтарындағы қандай да бір әдістің алгоритмін өзгерте отырып, бағдарламашы бұл  ұрпаққа ата - анасында жоқ ерекше қасиетті бере алады. Әдісті өзгерту  үшін оны сол ұрпақта жабу қажет, яғни ұрпақта бір атаулы әдісті хабарлап, оған қажетті әрекетті жүзеге асыру  қажет. Нәтижесінде объект ата - ана  мен объект -ұрпақта әр түрлі алгоритмдік  негізі бір атаулы әдіс жұмыс істейтін болады.

 

1.2.1 Delphi бағдарламасының құрылымы

 

Delphi - дегі  кез келген бағдарлама жоба  файлынан(файлдың кеңейтілуі .dpr) және  бір немесе бірнеше модульдерден (.pas) тұрады. Әрбір осындай файлдар  Оbject Pascal - дың бағдарламалық бірлігін  сипаттайды.

Жоба  файлы Оbject Pascal тілінде жазылған, компилятормен өңдеуге арналған бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарлама Delphi - де автоматты түрде құрылады, бірнеше жолдардан тұрады. Оны  көру үшін Delphi - ді шақырып, бас менюден Project/View Source  опциясын таңдау қажет.

Delphi Project1 мәтінінен тұратын код терезесін  шығарады:

Program Project1;

Uses

Forms,

Unit1 in ‘Unit1.pas’  {form1};

{$R* .res}

Begin

Application. Initialize;

Application. Create From(TForm1, Form1);

Application. Run;

End.

Бағдарлама  мәтіні Program сөзінен басталып, End сөзімен  аяқталып тұр.

End сөзінен  кейінгі нүкте бағдарламалық  бірліктің терминаторы деп аталады. 

{$R*. res} жолы  түсіндірме емес, ресурс файлдарын  бағдарламаға қосу қажеттілігі  жөнінде компиляторға нұсқау.

Program сөзінен  кейінгі жазылған атау мен  соңынан қойылған ; бағдарлама тақырыбын  құрайды. Тақырыптан кейін бейнелеу  бөлімі жазылады, мұнда бағдарламашы  бағдарламада пайдаланылатын идентификаторларды  сипаттайды. Идентификаторлар типтер, айнымалылар, процедуралар, функциялар.

Uses қызметші  сөзінен кейін, бағдарламаның  ажырамайтын құрамдас бөлігі  ретінде қарастырылатын, басқа файлдарда  орналасатын бағдарлама фрагменті(модульдер)  туралы компиляторға хабарланады.

Бағдарламадағы:

Forms,

Unit1 in ‘Unit1.pas’{Form1}; жолдары бағдарламада файл жобамен  қатар, Forms және Unit1  модульдері пайдаланылатындығын  көрсетеді. Forms модулі Delphi - де стандартты  модуль, ал Unit1 - әлі белгісіз, жаңа  модуль, Delphi мұндай жағдайда модульдің  мәтіні бар файлдың атын да  көрсетеді (‘Unit1 .pas’) және файл  модуліне байланысты форманың  сипаттамасы. 

Бағдарлама  денесі Оbject Pascal - дың бірнеше операторларынан  тұрады. Әрбір операторда қандай да бір әрекет жүзеге асырылады: айнымалы мәнін өзгерту, есептеу нәтижесін  талдау, қосалқы бағдарламаға оралу  және т.б.

Біздің  мысалда бағдарлама денесінде үш орындалатын оператор бар:

Application. Initialize;

Application. Create From (TForm1, Form1);

Application. Run;

Бұлардың  әрқайсысы Application объектілер әдісінің біріне оралады.

Application объектісінде Windows бағдарламаны толығымен басқаруға  қажетті мәліметтер мен қосалқы  бағдарламалар жинақталған. Delphi автоматты  түрде әрбір жаңа жоба үшін Application объект бағдарламасын құрады.

Application. Initialize;

- жолы Application объектісінің Initialize әдісіне оралатынын  көрсетеді. Осы жолды оқығаннан  кейін компилятор қандайда да  бір бағдарлама фрагментін орындауды  талап ететін кодты құрады. Осы  фрагментті орындағаннан кейін  процессор басқаруды бағдарламаның  келесі жолына береді, ол Create From әдісі  арқылы шақырылады.

Application объектісінің Create From әдісі экранда бос пішін(форма)  терезесін құрып көрсетеді, ал Run - Windows - тен түскен пайдаланушының  әрекеті жөніндегі хабарларды  үздіксіз алып, оны өңдеуді жүзеге  асырады.

Close батырмасын  тышқанмен белгілегенде Windows бағдарламаға  бағдарлама жұмысын тоқтатып, оған  бөлінген жүйелік ресурстарды  бастау жөнінде арнайы хабарлама  береді.

Қорыта  келгенде, жоба файлын толығымен Delphi өзі  құрады. Сол себепті файл - жобаның  кеңейтілуінің алатын орны ерекше, ол әдетте, код терезесінде көрінбейді.

Код терезесіндегі Unit1 қойымтасын тышқанмен белгілегенде, төмендегідей мәтінді көреміз:

Unit Unit1;

InterFace

Uses Windows, Message, SysUtils, Classes, Graphics, Controls,

Forms, Dialogs, StdCtrls, Buttons, Extctrls;

Type

TfmExample=class (T Form)

Panel1:Tpanel;

BbRun:Tbitbtn;

Edinput: Tedit;

Lboutput: TLabel;

MmOutput: Tmemo;

Private {Private declarations}

Public {public declarations}

End;

Var

FmExample: TfmExample;

Implementation

{$R*.DFM}

End.

Осы мәтіннің бәрі Delphi - де құрылған, бірақ файл жобадан  айырмашылығы бағдарламашы бағдарламаға қажетті басқару мүмкіндігін  бере отырып, оны өзгерте алады. Интерфейс  секциясында бір тип (Tfm Example класы) және бір объект (fmExample айнымалысы) сипатталған.

Delphi ортасы

Unit Unit1

және

Implementation

(жолдарының  арасына қажетті жолдарды қояды)  жолдарының аралығын өзгертіп  отырады, ал бағдарламаушының  жұмыс аумағы -             {$R* .DFM} және End жолдар аралығы.

Delphi - де  бағдарламалау екі үрдістің өзара  тығыз әрекеттесуінен тұрады: бағдарламаның  визуалдық көрінуін құру үрдісі  және бағдарлама кодын жазу  үрдісі. Бағдарлама кодын жазу  үшін код терезесі, ал бағдарлама  құру үшін қалған терезелер пайдаланылады, оның ішінде пішін(форма) терезесі. Delphi ортасындағы бағдарлама үш кезеңнен өтеді: компиляция - компоновка(біріктіруші)  - орындау. Компиляция кезеңінде код терезесінде дайындалған бағдарлама мәтіні Оbject Pascal тіліне ауысады. Компоновка кезеңінде қажетті қосалқы бағдарламалар қосылады; ал орындау кезеңінде дайын бағдарлама оперативті жадыға шақырылып, орындалуға жіберіледі.

Бағдарламаны  компиляциялау кезінде Delphi кеңейтілуі .pas, .dfm және .dcu болып келген файлдарды  құрады: .pas файлында бағдарлама кодының  терезесіндегі мәтін көшірмесі, .dfm файлында пішін терезесінің мазмұны, ал .dcu файлында алдыңғы екі файл мәтінінің авто көлік тіліндегі аудармалары орналасады. .

.dcu - файл  компилятор жұмысының нәтижесі, біріктіруші осы файлды өңдейді,  нәтижесінде орындалатын немесе  жүктелетін .ехе - файл құрылады.

 

      1. Деректер қоры. Деректер қоры кестесін, алиас құру

 

Деректер қоры - ақпараттардан тұратын  файлдар(кестелер)

жиынтығы. ДҚ жазулардан тұрады. Жазулар өрістерден тұрады.

ДҚ жергілікті(локальные) және алыстатылған(удаленные) болып бөлінеді.

Paradox, dBase, FoxFro, Access - жергілікті деректер қоры.

Database Desktop - бұл көп жағынан Рaradоx  - ке  ұқсас, әр түрлі форматтағы  жергілікті(локальды) деректер қорының  кестелерімен жұмыс істеуге арналған Delphi - мен бірге қойылатын утилит.

Database Desktop утилитін іске қосу үшін негізгі  менюден Tools/Database Desktop командасын  таңдау қажет. 

Кесте құру үшін ең алдымен өзіңнің алиасыңды(яғни, өзіңнің ДҚ - ның каталогының атын) анықтау қажет.

Жаңа  алиас құру үшін сұқбаттық терезеде Tools/Alias Manager - ді таңдаймыз:

New(жаңа  алиас құру) батырмасын басып,  Database Alias өрісінде  алиасыңның атын(мысалы, Gruppa) теру қажет. Жолды анықтау  үшін  Browse(жолды таңдап) батырмасын  басып, КeepNew және ОК батырмаларын  басып сақтау қажет.

Жаңа  кесте құру үшін менюден File/New/Table командаларын таңдаймыз, сонда кестенің типі(Paradoх 7)  көрсетілген сұқбаттық терезе пайда болады.

Кестенің  типін таңдаған соң,  Database Desktop әрбір  формат үшін, кестенің өрісін және олардың  типін анықтай алатын сұқбаттық  терезені ашады.

Өрістің аты таңдалғаннан кейінгі келесі қадам, өрістің типін беру. Типтердің  тізімін алу  үшін «Type» бағанасына өтіп, бос орын немесе тышқанның  оң жақ батырмасын басу қажет.

ДҚ - ның  барлық өрістерін енгізіп болған соң, кестені сақтау қажет. Ол үшін:

  1. Save as.. командасын орындау;
  2. ДҚ атын енгізу(File Name);
  3. Alias-та өзің құрған алиасты таңдау;
  4. Save батырмасын басу;

қажет.

Деректерді енгізу үшін File/Open/Table командаларын, өрістерді түзету үшін Ғ9 немесе Table/Edit datа командаларын орындау қажет. 5 жазбаны енгіземіз және терезені жабамыз. ДҚ дайын. Содан соң Database Desktop-ты жабамыз.

 

      1. Деректермен жұмыс жасауға арналған  визуалды

                    компоненттер

 

DBEdit(Data Controls) түзету терезесі - өрістердегі мәліметтерді  көрсетеді.

DBEdit компоненті  кәдімгі Edit түзету терезесіндегі  қасиеттерге ие, бірақ  деректермен  байланысты. Бұл байланыс Data Source қасиеті  арқылы орнатылады. Бұл қасиетте  автоматты түрде Data Source  1-ге  тең болғанын көруге  болады.

Әрбір компоненттің  Data Field қасиетінің мәні компонетте көрсетілген  өріс атымен сәйкес келеді.

Терезеде  ағымдағы жазбаның өрістері сәйкес келетін  мәндер көрінетін болады. Егер қосымшамен жұмыс кезінде терезедегі мәтінді  өзгертсек, онда сәйкес өзгеріс ДҚ - на апарылады.

DBEdit  компонентінің Edit компонентінен  бір айырмашылығы, DBEdit үшін Объектілер  Инспекторінде терезедегі мәтінді  білдіретін түзету терезесіндегі  Text негізгі қасиетін көре алмаймыз. Ол қасиет бар, бірақ Объектілер  Инспекторы терезесінде  Рublished сияқты көрінетін болып сипатталмаған.

DBMemo1(Data Controls) - пішімде өрістерді көрсету  үшін қолданылады.

Бұл түзету терезесіндегі көпжолдық  деректермен  байланысты.

DBImage1(Data Controls) - суреттері бар өрісті көрсетуге  арналған.

Database(BDE) - кестелер жиынтығы деректер  қорын бір бүтін етіп көрсетеді; Table(BDE) - ДҚ кестесімен байланыс;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АРНАЙЫ  БӨЛІМ

 

2.1 Есептің  жалпы қойылымы

 

Курстық жобаның негізгі мақсаты «Кітапхана кітаптарын тіркеуді автоматизациялаудың» ақпараттар қорын құру.    

Курстық жобадағы негізгі мақсат қажетті  әліметтерді бере отырып, төмендегідей жұмыс үрдістерін автоматизациялау:

   -    Негізгі ақпарат;

  -     Кітаптар ;

   -    Түзету

- Іздеу;

- ағылшын тіліне ауыстыру;

- орыс тіліне ауыстыруІ;

   -    Анықтама.

    «Кітапхана кітаптарын тіркеуді автоматизациялаудың» ақпараттар қорын құру талданып жатқан бағдарламалық өнім кассадан уақытша беру,   қолма-қол беру  жұмысын жүргізу процесін автоматтандыруға арналған.

 

2.1.1 Енгізілетін және шығарылатын  құжаттардың    

          сипаттамалары

 

«Деректер қорымен жұмыс» құжаты Unit1 файлында сақталған. Көлемі - 1,23 КБ (1 267 байт). Құжаттың қызметі – картотекалармен жұмыс   және оны депазитке беруге,  алушыларға  туралы толық ақпартты деректер қорына енгізіп, сақтау, өшіру, түзету және іздеу. Енгізілетін деректер – депаозитке берушінің аты, бағасы және коды енгізіледі. Сонымен қатар депозиттердің пайыздарын есептеуі туралы толық мәлімет ала аласыз.

 

Енгізілетін және шығарылатын құжаттардың сипаттамалары  А қосымшасында келтірілген.

 

2.2 Бағдарлама кешенінің сипаттамасы

 

Бағдарлама  кешені «Project1.exe» файлында сақталған. Көлемі 1,78 МБ (1 414 656 байт) .«Кітапхана кітаптарын тіркеуді автоматизациялаудың» ақпараттар қоры  бірнеше бөлімдерден тұрады:

Жоба  модульдерінің  тағайындалуы мен  сипаттамасы:

Unit1 –   Басты терезе;

Unit2 – Іздеу  терезесі;

Unit3 – Қосымша мәлімет терезесі;

 

2.3 Кешеннің жұмыс схемасы

 

Кешеннің  жұмыс схемасы Б қосымшасында келтірілген.

 

         2.4 Кешеннің идентификаторлар кестесі

 

Кешеннің  идентификаторлары 1 кестеде келтірілген.

Tdata

Source1

 

Tdata

Source

Визуалды компоненттерімен кестені байланыстыру

Қасиеттері

Name

Tdata Source1

Оқиғаға жауап беретін әдістер  мен процедуралар

Connection

DataSet

Table1

Table1

Tdata

Source1

BDE ДҚ кестесімен байланыс

Қасиеттері

Name

Table1

Оқиғаға жауап беретін әдістер  мен процедуралар

Tdata

Source2

Tdata

Source

Визуалды компоненттерімен кестені байланыстыру

Қасиеттері

Name

Tdata Source2

Оқиғаға жауап беретін әдістер  мен процедуралар

     

Connection

DataSet

Table2

Table2

Tdata

Source2

BDE ДҚ кестесімен байланыс

Қасиеттері

Name

Table2

Оқиғаға жауап беретін әдістер  мен процедуралар

Tdata

Source3

Tdata

Source

Визуалды компоненттерімен кестені байланыстыру

Қасиеттері

Name

Tdata Source3

Оқиғаға жауап беретін әдістер  мен процедуралар

Connection

DataSet

Table3

Table2

Tdata

Source2

BDE ДҚ кестесімен байланыс

Қасиеттері

Name

Table2

Оқиғаға жауап беретін әдістер  мен процедуралар

Информация о работе Жүйелік бағдарламалу