Автоматтандыру туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 17:50, реферат

Описание

Біздің мамандығымыз өндірісті автоматтандыру болғандықтан, көбінесе біз күнделікті автоматты басқару, автоматты реттеу жүйелері деген сөздерді жиі қолданамыз.
Жалпы, техникалық үрдістерді автоматтандыру дегеніміз берілген нысанға, оның сапалы, тиімді, жақсы жұмыс жасауы үшін мақсатты түрде адамдардың қатысуынсыз немесе маңызды ерекше жағдайларда ғана араласып, әсер ету әрекеті негізінде құрылған жүйе. Автоматтандыру нәтижесінде ТҮАБЖ құрылады, ТҮАБЖ автоматтандырудың ең жоғарғы сатысы болып есептеледі.

Работа состоит из  1 файл

АВТОМАТТАНДЫРУ.docx

— 23.26 Кб (Скачать документ)

         Кіріспе

         Біздің мамандығымыз өндірісті автоматтандыру болғандықтан, көбінесе біз күнделікті автоматты  басқару, автоматты реттеу жүйелері деген сөздерді жиі қолданамыз.

         Жалпы, техникалық үрдістерді автоматтандыру дегеніміз берілген нысанға, оның сапалы, тиімді, жақсы  жұмыс жасауы үшін мақсатты түрде адамдардың қатысуынсыз немесе маңызды ерекше жағдайларда ғана араласып, әсер ету әрекеті негізінде құрылған жүйе. Автоматтандыру нәтижесінде ТҮАБЖ құрылады, ТҮАБЖ автоматтандырудың ең жоғарғы сатысы болып есептеледі.

         Автоматтандыру жүйесінің  негізгі мақсаты:

      • Өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      • Өндіріс экономикасын көтеру;
      • Өндірістің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

         Автоматтандырудың тапсырмасы және оның шешімдері:

      • Реттеу сапасын жақсарту;
      • Құрылғылардың дайын болу коэффициентін жақсарту;
      • Технологиялық үрдістің және апатты жағдайларда ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету т.б.

         Технологиялық үрдістің автоматтандырылуының тапсырмаларын  шешу үшін:

      • Заман талабына сай автоматтандыру әдістерін енгізу;
      • Заман талабына сай автоматтандыру құрылғыларын енгізу.

         Автоматтандырудың әр түрлі қолдануына байланысты келесі технологиялық үрдіске бөлінеді:

      • Үздіксіз технологиялық үрдістерді автоматтандыру;
      • Дискретті технологиялық үрдістерді автоматтандыру;
      • Гибридті технологиялық үрдістерді автоматтандыру;

         Осы аталғандардың  ішіндегі біздің қарастыратынымыз, дискретті  технологиялық үрдістерді автоматтандыру...  

         2.1 Дискретті автоматтандырылған  өндіріс ұғымы

         Өндірісті дискретті  автоматтандыру бізге өндірістің өнімділігін  және кәсіпорындағы энергетикалық үрдістерді арттыратын техникалық шешімдерді мен құрылғыларды ұсынады, және де керекті техникалық қызметтерді де көрсетеді.

         Қозғалтқыштар, генераторлар, микро бақылаушылар, электроника  және роботтытехника автоматтандырудың  әр түрлі саласында, электр энергиясымен қамту үшін, қозғалысқа келтіру үшін, реттеу және бақылау үшін қолданылады.

         Дискретті өндіріс  саласы бірнеше технологиялық кезеңдерден  тұрады. Мәселен, бөлшектерді құрастыру,  соңғы сатылы өнімді құрастыру.

         Дискретті өндіріс  көптеген өндіріс орындарында тараған  сала, әсіресе машинажасау саласында  жақсы дамыған және көп қолданылады.

         Мұндай компанияларда  автоматтандыру, ақпараттық технология үрдісінде жобалау мен есеп беру мәселесінде маңызды орын алады.

         Өндірісті дискретті  автоматтандыру қызметі жобалау  сапасын жоғарылатуымен қатар, шикізаттың тапшылығын жоюды, және де ең бастысы  өндірістің шығынын азайтады.

         Өндірістік үрдісті  сапалы басқару үшін:

      • Бірыңғай ақпараттық база құру;
      • Өнімнің және материалдың сапасын арттыру;
      • Жаңа өнімдер мен технологияларды меңгеру.
 
 

         1-сурет. Автоматтандыру  сұлбасы.

Қорытынды

         Сонымен дискретті  өндірісті автоматтандыру – өндірістің өнімділігін және кәсіпорындағы энергетикалық үрдістерді арттыратын техникалық шешімдерді мен құрылғыларды ұсынатынын, және де керекті техникалық қызметтерді де көрсететінін айттық.

         Дискретті автоматтандыру өндіріс нақтылығы жөнінен, жылдамдық жағынан, сенімділігіне байланысты ең жоғарғы талаптарға жауап береді.

         Бұл өндіріс саласы жұмыстардың сапалы және уақытында  жылдам істелуімен ерекшеленеді. Осы  қасиеттері арқылы тұтынушы қауымының  көңілінен шығуда.

         Қорыта айтқанда, дискретті автоматтандырылған өндіріс – кешендік автоматтандыруда өндірістік үрдістерді қамтамасыз ететін тиімді жүйе болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    1. Автоматизированное управление технологическими процессами: Учеб.пособие / Н.С. Зотов, О.В. Назаров, Б.В. Петелин, В.Б. Яковлев.
    2. Лебедовский М.С., Федотов А.И. Автоматизация в промышленности: Справочная книга. Лениздат 1976. - 251с
    3. Автоматизация дискретного производства / Б.Е.Бонв, Г.И.Бохачев, И.К.Бояджиев и др.; Под общ.ред. Е.И. Семенова, Л.И. Волчкевича. М.: Машиностроение, 1987; София: Техника, 1987. 376 с.

Информация о работе Автоматтандыру туралы