Еңбек қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 21:22, доклад

Описание

Еңбек кодексіне сәйкес, өндірістегі қайғылы оқиға дегеніміз – нәтижесінде жарақат, соққы алып, денсаулығына күрт өзгеріс әкелген, еңбекке жарамдылығын азайтқан, немесе кәсіби ауруы мен өлімге әкелген, еңбектегі қызметтік міндеттерін орындаудағы өндірістік қауіп пен зиянның жұмысшыға әсер етуі.
Қайғылы оқиға туралы акт еңбек қауіпсіздігі мен қорғау қызметінің, ұйым бөлімшелері басшысымен, сонымен қатар ұйым жұмысшылары өкілдерімен толтырылып, қол қойылады, және ұйым мөрімен рәсімделеді.

Работа состоит из  1 файл

ОТ лекция 2.docx

— 19.77 Кб (Скачать документ)

Еңбекті қорғау

 

Қайғылы жағдайларды тексеру  және есепке алу.

 

 Еңбек кодексіне  сәйкес, өндірістегі қайғылы оқиға дегеніміз – нәтижесінде жарақат, соққы алып, денсаулығына күрт өзгеріс әкелген, еңбекке жарамдылығын азайтқан, немесе кәсіби ауруы мен өлімге әкелген, еңбектегі қызметтік міндеттерін орындаудағы өндірістік қауіп пен зиянның жұмысшыға әсер етуі.

Қайғылы оқиға туралы акт еңбек қауіпсіздігі мен қорғау қызметінің, ұйым бөлімшелері басшысымен, сонымен қатар ұйым жұмысшылары өкілдерімен толтырылып, қол қойылады, және ұйым мөрімен рәсімделеді.

Уланған жағдайда қайғылы оқиға туралы актке халықтың санитарлы-эпидемиологиялық жағдайы саласындағы мемлекеттік орган өкілдерінің қолы қойылады.

Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, онда қайғылы оқиға туралы акт жұмыс беруші арқылы толтырылып, қол қойылады және нотариуспен рәсімделеді.

Акт зерттеу материалдарына сәйкес рәсімделуі тиіс.

Егер өндірістегі қайғылы оқиғаны зерттеу кезінде комиссия өрескел абайсыздықтың салдарынан қауіптің болып, ұлғайғаны анықталса, комиссияекі жақтың да жауап бергенін талап етіп, жұмысшы мен жұмыс берушінің кінәсін пайызбен анықтайды.

Егер комиссия мүшелерінің бірі қайғылы оқиғаны зерттеу кезінде комиссия (көпшілік) шешімімен келіспесе, жазбаша түрде өзінің дәлелді пікірін зерттеу материалына қосады. Арнайы зерттеу актісіне «айрықша пікірді қара» дейтін сөз тіркесін жазады.

Уланған жағдайда акт көшірмесі халықтың санитарлы-эпидемиологиялық жағдайы саласындағы мемлекеттік органға беріледі.

Зерттеу, қайғылы оқиғаны рәсімдеу және тіркеу мәселесі бойынша жұмысшы, жұмыс беруші мен мемлекеттік еңбек инспекциясы арасындағы, немесе қауіпті өндіріс нысандарында болған төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі мемлекеттік инспекторының келіспеушіліктері жоғарыда тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторынан төменгі бағынушылық ретімен және (немесе) сот тәртібімен қарастырылады.

Қайғылы оқиғаны арнайы зерттеудің акт материалдары көшірмесі мемлекеттік бақылау органындағы жұмыс берушіге беріледі. Сонымен бірге, қайғылы оқиғаны зерттеу аяқталған соң, арнайы зерттеу актісінің материалының көшірмесін мемлекеттік еңбек инспекторы жеті күн мерзімге ішкі істердің жергілікті органына жіберіледі. Бұл орган сәйкес шешім қабылдап, жиырма күн ішінде қабылданған шешім туралы хабарлайды.

Әрбір рәсімделген акт бойынша қайғылы оқиға және денсаулықтың бұзылуы қайғылы оқиғаларды тіркеу журналына енгізіледі және өндіріске уақытша жарамсыздығы мен соққы алғаны туралы статистикалық есепке қосылады. Бұл құжатқа жұмыс беруші қол қойып, бекітілген тәртіппен статистика органына ұсынылады. Журналды жүргізу еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның бекіткен формасында жүзеге асырылады.

Өндірістегі қайғылы оқиғаны зерттеу материалы зерттеу актісімен қатар мына мазмұнда болуы тиіс:

1. зардап шегушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты оқығаны туралы, сонымен қатар алдын ала, мерзімді медициналық қараудан өткені туралы мәлімет;

2. еңбек жөніндегі мемлекеттік органмен бекітілген форма бойынша сауалнама хаттамасы, және оқға куәгерлерінің, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарын сақтауға жауапты қызметтік тұлғалардың түсініктемелері;

3. жоспарлар, сызбалар мен қиға орнында түсірілген суреттер;

4.еңбек  қауіпсіздігі мен қорғау талаптарын реттейтін нұсқамалар, ережелер, бұйрықтар мен басқа да актілер, өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге қызметтік тұлғалардың міндеттері мен жауапкершіліктері және т.б.;

5. зардап шегуші денсаулығының сипаты туралы және ауырлығы туралы медициналық қорытынды (өлім себебі);

6. зертханалық және басқа да зерттеулер, эксперименттер, экспертизалар, сараптаулар нәтижелері және т.б.;

7. бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер болса);

8. жұмыс берушімен келген материалдық шығын туралы мәлімет;

9. зардап шегушінің (отбасы мүшелеріне) денсаулығына келген шығынды өтеу мен оқиғаның болуына жол берген кінәлі қызметтік тұлғаларды жауапқа тарту туралы жұмыс берушінің бұйрығы;

10. қосымша ұсынылатын құжаттар тізімі.

Заманауи, дұрыс зерттеу мен қайғылы оқиғаны есепке алуды, сонымен қатар сол жағдайдың болу себебін жою бойынша шаралардың орындалуын бақылауды тексеру, қарау, зерттеу, шағымдарды қарау, азаматтардың өтініштері мен ұйым зерттеу сияқты міндеттерді атқаруқұзыретінен тыс, мемлекеттік еңбек инспекторы жүзеге асырады.

Өндірістегі қайғылы оқиғаны зерттеу аясында мемлекеттік еңбек инспекторымен өтетін тексерулер, сонымен қатар сол жағдайдың болуы себебін жою бойынша шаралардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистикасы мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алуға жатпайды.


Информация о работе Еңбек қорғау