Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2011 в 16:01, реферат
Тарихта адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының ескі тәртіпті жоюды талап еткен түрліше революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық қозғалыстарының толқуыныңда қайта едәірлеп отырғаны тегін емес. Мұның жарқын мысалдары ретінде Адам мен азамат құқықтарының деклорациясын (Франция, 1789ж), Тәуелсіздік декларациясын (АҚШ,1776ж), «Құқықтар туралы билльді»(АҚШ,1791ж), Вирджиния штатының конституциясын(АҚШ,1776ж) алуға болады.
1. Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Азаматтық құқық туралы ұғым
2.2.Қылмыстық процестегі азаматтық талап
2.3.Адамның құқығы мен бостандықты қорғау
2.4.Азаматтық кодекстегі талап қою ұғымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Азаматтық құқық
Arman ноября 9, 2009 - 01:26
Жоспар
1. Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Азаматтық құқық туралы ұғым
2.2.Қылмыстық процестегі азаматтық талап
2.3.Адамның құқығы мен бостандықты қорғау
2.4.Азаматтық кодекстегі талап қою ұғымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І.Кіріспе
Тарихта адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының ескі тәртіпті жоюды талап еткен түрліше революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық қозғалыстарының толқуыныңда қайта едәірлеп отырғаны тегін емес. Мұның жарқын мысалдары ретінде Адам мен азамат құқықтарының деклорациясын (Франция, 1789ж), Тәуелсіздік декларациясын (АҚШ,1776ж), «Құқықтар туралы билльді»(АҚШ,1791ж), Вирджиния штатының конституциясын(АҚШ,1776ж) алуға болады. Адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасы көптеген қазіргі мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ,Франция,Италия,Испанияның конституцияларында көрініс тапты. Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып, оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын қорғайды.
Қазіргі
кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары
мен бостандықтарының
ажырамастығы туралы идеяның
озіне лайықты баламасы жоқ.
Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын
шектеуге, тоталитарлық режимдердің
орнауына алып кететінін дәлелдеді.
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары
доктринасының адамның
ең
жоғарғы құндылық екендігі туралы
идеяны бекітуде оң роль атқарғаны
даусыз.
Бұл
тұрғыдан
алғанда адамның
табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары
мен бостандықтары идеяларының ҚР
Конституциясында бекітіліп, онда адамның
мемлекеттік саясаты салыстыру үшін
бағдар қызметін атқаратынына
ерекше назар аударылуы өте орынды.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра факторлар әсер етті.
ҚР
Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана
емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің
де қағидалары дамытылады.Тұңғыш
рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды,
барлық құқықтар мен бостандықтарды
сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға
мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың
бірлестіктері араларында туындайтын
барлық дауларды сот
жолымен шешу қағидасы енгізілді.
1997 жылы қылмыстық
және қылмыстық
іс жүргізу заңдарының қабылдануына
орай 1995 жылғы Конституцияның
талаптарына сай адам мен азамат құқықтары
мен бостандықтарына берілетін
кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары
мен бостандық тары мен мүдделерін
басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі
келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы
болды.
Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнән, мазмұны мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.