Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 17:28, реферат

Описание

. Физика-математика пәндерін оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі, мектептерде пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Осы тұрғыда негізгі мектепте оқытуды ұйымдастыру мәселесіне, оқу-тәрбие жұмысының деңгейін көтеруге және оның беделін жоғарылатуға көңіл бөлу қарастырылған. Қазіргі кезде оқытудың тиімді әдістерін зерттеп, оны іс жүзінде қолдануға ұсыну күрделі мәселелердің біріне айналды. Оқушыларды қоршаған орта заттарымен, құбылыстарымен таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көз-қарастарын қалыптастыруда негізгі мектепте оқытылтын математика - физика пәндерінің мәні зор.

Работа состоит из  1 файл

Matem_salt.doc

— 95.50 Кб (Скачать документ)

                                                                    (Конус)

       15. Айқасқан  екі таяқ, тұрады жоқты сұрап. 

                                                                            (х) 

Санға қатысты жұмбақтар:

1. Бір, үш, бес, он,

Жиырма, елу,

Жүз, екі жүз, мың бар.

Әрқайсысының құны бар.

                                              (Теңгелер)

2. 100 мүйізі бар

Үстінде киізі бар.

                               (Киіз үй)

3. Қос құлақты 100 тісті,

Жүзінен бірақ іс түсті.

                                       (Ара)

4. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдыраған 8 жерден таңбасы  бар.

Бұлбұлды жолға салып  айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы  бар.

                                                          (Домбыра)

5. 64 бөлмеде

32 тұрғын бар.

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысын.

                                                 (Шахмат)

6. 1 ағаштың 12 бұтағы  бар

Әр бұтағында 30-дан  жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара кәнеки ойлан тап?

                                                        (жыл, ай, тәулік, күн мен түн)

 

 

7. Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.

                                                                        (Инелік)

8. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

                                            (Сиыр)

9. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

                                          (Қалам)

10. Екі ағайынды екеуі  де бір үйде,

 Бірін-бірі көрмейді.

                                                 (Көз)

11. Таңертең 4 аяқты,

 Түсте 2 аяқты,

  Кешке 3 аяқты.

                                         (Адамның қартаю кезеңі)

12. Бес ін, бес іннің  аузы бір ін.

                                                     (қолғап)

13. Екі желім – күйдің көрігі, әннің көлігі

                                                                     (домбыра)

14. Тоғыз белбеу, қос  жібек,

 Екі мұрын бір  шүмек.

                                                (домбыра)

15. Қарнында бір көлдің  балығы бар,

 Немесе жандының алыбы бар.

                                                      (Кит)

16. Жүз төрт түйме,  он бір ине.

                                                              (Есепшот)

17. Торы тай, табанында төрт ай.

                                                             (Таға)

18. Басында таяғы бар, 

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар.

                                      (Ешкі)

19. Ақ шапан үсінен,

     Алты ай  бойы шешпейді,

Қара шапан үстінен,

Алты ай бойы түспейді.

                                           (Қыс пен жаз)

20.

Математикалық сыныптан тыс жұмыстарды біріншіден оқушылардың  сабақ үлгерімін көтерсе, екіншіден  олардың шығармашылық қабілетін  дамытып, ой-өрісін кеңейтеді.

Жаңылтпаштар:

1. Айқыш бұрыш, айқыш  бұрыш

Тең-тең бұрыш, тұтас  бұрыш

Тұтас бұрыш, тұтас бұрыш

Сәйкес бұрыш құрған бұрыш

Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.

2. Бес түп алма, «бестік»  алғандікі

Төрт түп алма «төрттік»  алғандікі

«Төрттік» алған бес  түп алма алмайды,

«Бестік» алған төрт түп алма алмайды.

Санамақ:

1. Бір-бірімен жарысқа

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір  түлкі

Бәрі нешеу кім білді?

                                     (8)

2. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап  қой.

                                     (6)

3. Дүкеннен мен сабын  алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

                                      (6)

4. Мынау да бір санамақ

Өздерің көр саралап:

Төбеден төрт бөктердегі,

Андытып қос бөктергі,

Шаңқылдаса көп қарға,

Үн қоспапты көп қарға,

Сәкем ап бір дауыстан,

Безектеп бес сауысқан.

Алты белден асыпты

Тым-тырақай қашыпты.

Үш үкі үркіп ұшыпты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ 

Отырғанда қаталап

Топ – топ тоғыз  тоқылдақ

Қарғып кеткен топырлап

Сөйтіп қызық іс болды

Бәрі қанша құс болды

                                        (31)

 

5. Бақшаға                                    Сегіз саулық,

Жақсы аға                                    Тоғыз тауық,

Көп-көп                                        Он торпақ.

Ойыншық                                     Болма есепке сен шорқақ!

Келді алып:                                  Ауызша,

Бір балық,                                     Жазбаша

Екі есек,                                        Қосып шық.

Үш үйрек,                                     Бақшаға

Төрт түлкі,                                    Жақсы аға

Бес бүркіт,                                    Қаншама

Алты арғымақ,                             Әкелді

Жеті жарқанат,                             Ойыншық?

                                                                           (Жауабы: 55 ойыншық)

 

Қайталау-пысықтау сабақтарында мақал-мәтелдерді пайдаланудың да орны ерекше. Мақал-мәтел адам баласының тұрмыс-тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек әрекетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым-қатынасын дөп басып шынайы көрсетіп отырған. Сондықтан да олардың тәрбиелік мәні бар. 

8-сыныпта, «Кебу және конденсация» тақырыбын өткенде мынадай мақал-мәтелдерді мысал келтіріп, талдатуға болады.

1. «Аузы күйген үрлеп  ішеді» мақалының тәрбиелік мәнін  аштық: Жіберген қатенді екінші  рет болдырмау керектігін, ал  қатеңнен тиесілі қорытынды жасай  білуге меңзейтінін, физикалық тұрғыдан – ыстық нәрсені үрлесек содан кебу үрдісі тездетіліп, нәтижесінде оның температурасының төмендейтінін ұсынуға болады. Бұл физикада оқып үйренілген кебу құбылысына әбден үйлесіп жатады.

2. «Дән себілмей астық  өнбейді, дария буланбай шық түспейді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: өмірдегі барлық құбылыстар өзара себеп-салдарлы байланыста болатындығынан болса, физикалық тұрғыдан – астында да, жер бетіндегі судың температурасының артуынан ол буланып (кебу) ал температура төмендегенде су тамшыларының суынып – конденсациялануынан ішкі энергия кемуінен шық пайда болатындығын түсіндіреміз.

3. «Күн шыққан соң  суарған суды күн жұтады. Күн  батқан соң суарған суды жер  жұтады» мақалының тәрбиелік  мәнін ашамыз: егістіктің таңертең  күн шықпай, не күн бата суару керектігі айтылады. Ал физикалық тұрғыдан күн шығып тұрғанда егістікті суарса температураның жоғарылағанынан кебу үрдісі жақсы жүреді. Жер тез кеуіп қалады, ал кеш бата суарғанда температура төмендегендіктен кебу үрдісі баяу жүреді де су толығымен жерге сіңіп үлгереді.

Мақал-мәтелдерді физика сабағында пайдаланудың түрі көп. Оны  тандауды, оқытылатын сыныптың ерекшелігіне қарай отырып, пән мұғалімінің  өзі шешкені дұрыс болады.

1. «Отты үрлеген жағады, Шындықты іздеген табады». Отты  үрлеген кезде, отқа жаңа таза ауа келеді, от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек. Әр уақытта шыншыл, әділ болу керек, әр уақытта шындық жеңеді, шындықты қажымай іздеу керек.

2. «Теректің жануында  мін жоқ, Бірақ жылуында мән  жоқ». Терек жақсы жанады, оның  меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де, жылуды аз береді.

3. «Азықсыз адам алысқа  бармайды». Адам әр уақытта  энергияны астан алады, егер  тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты  да болмайды, сондықтан күнделікті  дұрыс тамақтану қажет.

4. «Тонның жылуы терісінен  емес - жүнінен». Тонды әдетте қойдың, түйенің терісінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамнң жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.

5. «Нан піскенше күлше  күйеді». Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нан салғанда нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек.

6. «Түндіксіз үйден  түтін түзу шықпайды». Ертеде  біздің ата-бабаларымыз көшіп-қонып  жүргенде, киіз үйлерде тұрған, киіз үйдің төбесінде уығы болған, оны киізбен жапқан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын, таза ауа кіргізгенде, оны түндік деп атаған.

8-сыныпта «Жылу құбылыстары»  тақырыбында төмендегі мақал-мәтелдерді пайдалануға болады:

1. Тонның жылуы терісінен емес жүнінен.

2. Көсеу ұзын болса,  қол күймейді. (Жылу өткізгіштік)

3. Қол жұмылмай, жылынбайды. (Жылу берілу)

4. Нан піскенше күлше  күйеді. (Меншікті жылу сыйымдылығы)

Физика пәнінің 7-сыныпта «Табиғат құбылыстары» тақырыбында жұмбақтар қолдануға болады.

    1. Таңертең бар кешке жоқ

Мен әдемі моншақпын

Ірі емеспін, ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас

Мендей мөлдір таба алмас.

                                             (шық)

    1. Етек-жеңі жиналмай

Дауыл тұрса дым қалмай

Түйдектеліп көшеді

Тоз-тоз болып өшеді.

                                            (бұлт)

    1. Түсі бар көрінбейтін

Бір тұтас білінбейтін

Тынысы бар тіршіліктен

Ешқашан жүрмейтін.

                                            (ауа)

    1. Мүлгіп тұрған бақ тыныш

Ораныпты ақ күміс.

                                             (қырау) 

 

 

       Жылу құбылыстары тарауы бойынша оқушылардың білімін Шығайбай ертегісін, осы ертегіге байланысты суреттерді пайдалана отырып толықтыруға болады. Алдаркөсе қандай айла-тәсілмен байдың тонын алып қалды? – деген сұрақты қоя отырып, оның физикалық тұрғыдан түсіндіре кету керек. Алдаркөсенің ішкі энергия есебінен терлеп-тепшіп тұрғандығын, неліктен байдың тонын киіп алды? – деген сұрақ қою арқылы әр түрлі заттардың жылу өткізгішьігі бойынша, түлкі ішік, түлкі тымақ жүндерінің арасында ауа болатындығын, ал ауаның жылуды нашар өткізетіндігі айтылады.

Халық педагогикасының  тағылымдарын математика сабақтарында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік  мақсаттарын жүзеге асырумен қатар  халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.

 

Физика сабағында қазақ мақал-мәтелдерін орынды қолдану пәнді дұрыс түсінуге мүмкіндік берумен қатар, саналы тәрбиелеудің бір жолы болып табылар  еді.

                                                                 

 

 

 

 


Информация о работе Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту