Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 16:08, реферат
Орта мектепте математикалық білімдер жүйесін оқытуда теңдеулер мен теңдеулер жүйелерінің орны ерекше.
Теңдеулер мен теңдеулер жүйелерін терең түсініп меңгеру математикалық білімдерді одан әрі дамытуға, қоршаған ортадағы сан алуан құбылыстарға, терең мағыналы модельдер жасауға үйретеді.
Олай болса, теңдеулер мен теңдеулер системаларының теориялық және практикалық маңызы зор.
Алгебралық кеңінен баяндалатын сандар жұйелері мен функциялар, теңсіздіктер сол сияқты көптеген геометриялық тұжырымдарға байланысты мәселелер, проблемалар логикалық жағынан теңдеулер мен теңдеулер жүйелері мен тығыз байланысты болады. Олай болса, теңдеулер мен теңдеулер жүйелерін аталған маңызды мәселелерден мүлде оқшау жалаң қарастыруға болмайды.
Теңдеулер мен теңдеулер жүйелері орта мектеп математикасының бағдарламасының негізгі бөлімі. Бұл теңдеу мен теңдеулер системаларының орта мектеп математикасының әр түрлі саласында қолданбалы есептерді шешуге кең түрде қолданылатындығымен түсіндіріледі. Теңдеу тарихы ерте замандағы математикамен тығыз байланысты.
Мысалы, координат әдісінің және аналитикалық геометрияның пайда болуымен дамуы теңдеулерді тек алгебрада сандар жүйесінде ғана қолданып қоймай әр түрлі геометриялық фигуралар жөніндегі есепке де қолдана бастады. Бұл бағыт алгебраның дамуына өз әсерін тигізді. Теңдеу алгебралық ұғым ретінде өзінің пайда балуы жөнінен негізгі үш бөлікке бөлінеді;
1. теңдеу мазмұнды есептер шешу құралы;