Тезистік лекция конспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 08:38, доклад

Описание

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау, микроэкономикалық талдау, бағдарламалық талдау, қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік–экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т.б.

Работа состоит из  1 файл

Тезистік лекция конспектілері.docx

— 131.51 Кб (Скачать документ)

      Ғылыми  зерттеудің құралдардың жаңартылуы, талдау жұмысының тиімділігінің  және  жарқындылығының негізі болып  табылады. Неғұрлым адам зерттейтін құбылыстың мәнін терең түсінсе, соғұрлым оған нақты зерттеу әдістері қажет болады. Бұл барлық ғылымдар, салалар үшін қажет. Барлық ғылымдар салаларында  соңғы жылдар ішінде зерттеу әдістемелері нақтылана түсті. Экономикалық ғылымның аса маңызды құндылығы болып, экономикалық зерттеулерге математикалық әдістерді қолдану болып табылады. Ол талдауды одан ары терең әрі дәлді етеді.

      Салыстыру – тәсілдердің бір түрі, оның көмегімен адам қоршаған ортаны тани білді. Қазіргі заманда біз бұл  амалды атоматты түрде кейде байқамай күнделікті қолданамыз. Ерекше маңыздылығына  көңіл аударсақ «Бәрін салыстырғанда  түсінесін» деген мәтелге сілтеуге болады. Ол экономикалық құбылыстарды зерттеуде де кеңінен тарады. Бақылау  мен болжауды  бағалағанда қолданатын  әр көрсеткіш пен әр санның салыстырмалы түрде ғана мәні болады.

      Бұл әдістің мәні келесі түрде ашылуы мүмкін. Салыстыру –  бұл танымның  ғылыми әдісі, мұнда белгісіз құбылыстар, заттар  бұрын зерттелген белгілі  құбылыспен салыстырылады, бұл олардың  арасындағы айырмашылықтарды айқындау мақсатымен жасалады. Салыстырудың көмегімен  экономикалық құбылыстардың жалпы  және спецификалық, зерттеліп жатқан объектілердің өзгерісі, даму тенденциялары  мен заңдылықтары анықталады.

      Экономикалық  талдауда салыстыру барлық есептерді  шешуде негізгі немесе көмекші әдіс ретінде қолданады. Салыстыруды  қолдана отырып жетістікке жететін  қарапайым жағдайлар мен мақсаттарды  айта кетейік.

   1. Жоспардың орындалу дәрежесін  бағалау үшін жоспарлы және  нақты көрсеткіштерді салыстыру.

   2. Нақты көрсеткіштер мен нормативтік  көрсеткіштерді салыстыру  шығындарды  бақылауға және ресурсты сақтаушы  технологиясын енгізуге  мүмкіндік  береді.

   3. Нақты көрсеткітерді өткен жылдар  көрсеткіштерімен салыстырып  экономика  процесстерінің даму тенденциясын  анықтау.

   4. Кәсіпорынның талдамалы көрсеткіштерін  ғылыми жетістіктермен және басқа  кәсіпорындар немесе бөлімшелер  жұмысының алдыңғы қатарлы тәжірибесімен  салыстыру қорларды іздеуге қажет.

   5. Талдамалы шаруашылық көрсеткіштерді  жеткен нәтижелерді бағалау және  қолданылмаған қорды анықтау  үшін  аудан, аймақ, облыс бойынша  орташа көрсеткішітерімен салыстыру.

   6. Зерттеліп жатқан көрсеткіштердің  өзара байланысын  анықтау үшін  параллельді және динамикалық  қатарларды салыстыру. Мысалы, бірмезгілде  жалпы өнімнің өндірістік колемінің  өзгеріс динамикасын, негізгі  өндірістік қор және қайтарым  қорын талдағанда бұл көрсеткіштердің  өзара байланысын дәлелдеуге  болады.

   7. Басқарушылық шешімдердің әртүрлі  нұсқаларын салыстыру мақсатымен  ең қолайласын таңдау.

   8.  қызмет нәтижесін кез келген  фактордың өзгерісіне дейін және  кейін салыстыру, факторлар әсерін  есептеген кезінде және қорларды  есептегенде қолданылады.

      Салыстырудың  әр түрін толығырақ қарастырайық.

      Бұрынырақ белгілеп кеткендей, шаруашылық қызметін талдау міндеттерінің бірі, бақылау жүйесінің құрылымы және кәсіпорын қызметінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жан жақты талдау. Нақты мәліметтерді жоспарлымен салыстыру міндетті шарт болып табылады. Бұндай салыстыру жоспарды орындау дәрежесінің ай, тоқсан немесе жыл бойынша анықталуына мүмкіндік береді. Жоспарлы көрсеткіштердің дәлілденгенін тексеру үшін де нақты мәліметтерді жоспарлымен салыстыруы мүмкін. Ол үшін нақты орташа үш-бес өткен жылдар мәліметтері ағымдағы жылдың жоспарлы мәліметтерімен салыстырылады. Көрсеткіштердің нақты деңгейін жоспарлымен салыстыру өндірістік резервтерді айқындау үшін керек. Осы мақсатпен келтірілген шаралардың көлемі туралы нақты мәліметтер жоспарлымен салыстырылыды. Егер жоспар белгілі бір шаралармен орындалмаса, онда өнім өндірісінің ұлғаюын қолданылмаған резерв түрінде қарастыруға болады.

      ШҚТ-да болашақ жоспардың мәліметтерімен осы немесе басқа көрсеткіштер бойынша  жеткен деңгейді салыстыру маңыздылығы  аз емес. Бұндай салыстыру болашақ  жоспар мен алдыңғы кезең тапсырмалардың орындалу жолын көруге мүмкіндік  береді. Аналитикалық жұмыстардың тәжірибесінде  бекітілген нормаларды салыстыру да қолданылады (мысалы: шикізат, материал, энергия су және т.б. шығындар). Бұндай салыстыру өнім өндірісіне қорларды артық шығындау немесе үнемдеу үшін,оларды өндіріс процесінде тиімді қолдануын бағалау және өзіндік құнын төмендету мен өнім шығарылысы ұлғаюының жоғалған мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет.

      ШҚТ-да алынған нақты нәтижелерді өткен  жылғымен салыстыру жиі қолданылады. Бүгінгі күнгі нәтижелерді кешегімен, ағымдағы ай, тоқсан, жылды бұрынғымен салыстырады. Бұл экономикалық процестердің даму заңдылықтары мен тенденцияларын анықтау және алынған көрсеткіштердің  өзгеру қарқынын бағалау мүмкіндіктерін береді.

      Келесі  түрі – ең жақсы нәтижелермен салыстыру, яғни алдыңғы қатарлы тәжірибе, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері және ең артық еңбек үлгісімен салыстыру. Бұндай салыстырулар зерттелетін кәсіпорын шегінде және одан тыс жерлерде жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорын ішінде жалпы коллективпен алынған көрсеткіштердің орташа деңгейі алдыңғы қатарлы учаскелер, жұмысшылар мен бригадалар көрсеткіштерімен салыстырылады. Ол өндірістің жаңа мүмкіндері мен алдыңғы тәжірибені көрсетуге мүмкіндік береді.

        Шаруашылықаралық салыстырмалы талдау – талдамалы кәсіпорынның көрсеткіштерін шаруашылықтың бірдей жағдайындағы ең жақсы нәтижелерге ие басқа кәсіпорын көрсеткіштерімен салыстыруда жоғары мәнге ие.  Мұндай талдау алдыңғы тәжірибені үйрену мен өндірістің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге және кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыруының қорларын анықтауда маңызды тәсіл болып табылады.

      Талдауда  өте жиі зерттеліп отырған  кәсіпорын көрсеткіштері ортасаладағы мәліметтермен немесе министрлік, топтасу, концерн бойынша мәліметтермен салыстырылады. Мұндай салыстыру талдалмалы кәсіпорынның қызметін толық әрі объективті бағалау үшін және оның шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтайтын жалпы және ерекше факторларды үйрену үшін қажет.

      Сонымен қатар шаруашылық қызметті талдау –  да өндіріс мүмкіндіктерін тиімдірек  таңдаумен оны толығырақ пайдалануға  мүмкіндік беретін экономикалық тапсырмаларды шешудің әртүрлі нұсқаларын салыстыру қолданылады. Әсіресе ол алдыңғы талдауда басқару шешімдері мен жоспарларды негіздеу кезінде кеңінен қолданылады.

      Параллельді және динамикалық  қатарларды талдау әртүрлі көрсеткіштер арасындағы байланыс бағыттары мен формаларын анықтау мен негіздеу үшін қолданады. Осы мақсатта көрсеткіштердің бірін сипаттайтын сандарды ұлғаймалы немесе кемімелі ретте орналастыруы керек және осыған байланысты басқа зерттелетін көрсеткіштердің өзгеруін қарастырады: ұлғая ма, кеми ме және қандай деңгейде.

      Экономикалық  талдауды салыстырмалы талдаудың келесі түрлері ажыратылады: көлденең, тігінен, трендтік, сонымен қатар бір шамалы және көп шамалы. Көлденең салыстырмалы  талдау зерттелетін көрсеткіштердің нақты деңгейдегі абсолютті және қатысты ауытқуларды базалықтан (жоспарлы, өтке кезеңдегі, орташа шамалы, ғылыми жетістіктер және алдыңғы тәжірибелі) анықтау. Тігінен салыстырмалы талдау көмегімен экономикалық процесстер мен құбылыстардың құрылымы жеке бөліктердің үлес салмағын, бір бүтіннің  бөліктері арасындағы өзара қатынасын (Мысалы: меншікті және қарыздық капитал, негізгі және айналым капиталы) есептеу жолымен анықталады. Сонымен қатар сәйкес фактордың өзгерісіне дейінгі және  кейінгі олардың шамаларын салыстыру жолымен нәтижелік көрсеткіштердің деңгейіне факторлар әсерін зерттейді.

      Трендтік талдау динамикалық қатарларды зерттеу барысында, яғни базистік жыл деңгейіне қатысты бірқатар жылдарға қатысты өсім және өсу қарқынын зерттеуде қолданылады. Бірөлшемді салыстырмалы талдауда бір объектіні бір немесе бірнеше көрсеткіштері бойынша немесе бірнеше объектілерді бір көрсеткіш бойынша салыстыру орындалады.  Көпөлшемді салыстырмалы талдау көмегімен көрсеткіштердің үлкен спектрі бойынша бірнеше кәсіпорындардың (бөлімшелердің) қызметінің нәтижелерін салыстыру жүргізіледі.

      Өндірістік  бөлімшелердің, кәсіпорындардың және т.б. шаруашылық нәтижелерін комплекстік  бағалау үшін қолданылатын талдауға керекті көпөлшемді салыстырулар өзгеше назарды қажет етеді. Бұндай міндет бірнеше кәсіпорындардың шаруашылығына  жинақтаушы салыстырмалы баға беру кезінде  әрдайым тұрады. Бұны жасайтын жоғарғы  басқару органдары, сонымен қатар  қаржылық тәуекелділік дәрежесін бағалау  үшін инвесторлар.

      Шаруашылық  қызметінің комплекстік бағасы, өндіріс  нәтижелері туралы жалпылама мәліметтері  бар және экономикалық процесстерін анықтайтын жиынтық көрсеткіштерді зерттеу нәтижесінде алынған, кәсіпорын  қызметіннің мінездемесі болып  табылады. Бәріне мәлім, комплекстік бағалау үшін неғұрлым көбірек көрсеткіштер пайдаланылса, соғұрлым талдау қорытындысы дұрыстырақ болады. Бірақ бұл мақсатқа байқам ұмтылу қажет, себебі көрсеткіштер санының өсуі комплекстік бағалаудағы есептеу жұмысын қиындатады және нәтижелігін түсіреді.

      Қазіргі кезде комплекстік бағалау міндеті  территориялық жоспарда екі бағытта  шешіледі. Бірінші – бұл жалпылама (синтетикалық) немесе интегралды көрсеткішті өңдеу. Ол шаруашылық қызметтің салмақтырақ жақтарын іске асыратын еді. Бұл мақсатқа жету, нәтижесінде бірыңғай көрсеткішті алуды күтілетінімен қызықтырады. Бұл шаруашылық нәтижелерін бағалау міндетін автоматты түрде шешеді: бірінші орында ең артық нмесе ең кем көлемді көрсеткіштері бар кәсіпорын, екінші орында екінші нәтижесі бар кәсіпорын, т.с.с.  Бұндай интегралды көрсеткіш әлі табылмаған, ал көп сандық зерттеулер оны өңдеудің қиындығын көрсетеді.

      Шаруашылық  қызметтің қиындығы проблеманы басқа  әдіспен де шешуге мүмкіндік бермейді – жалпылама нәтижелі көрсеткіштер ішінен қандай да бір көрсеткішті  интегралды ретінде таңдап алу. Мысалы, кәсіпорын өнімді өндіру көлемінің  кемуінде конъюктуралық факторлардың көмегімен алынған табыс сомасы бойынша жоғары нәтиже ала алады. Басқа жағдайды қарастырайық: кәсіпорын  өнімді өндіру жоспарынан артық өндірді, бірақ өнімнің өзіндік құны ұлғайды  да, пайда сомасы кеміді.

      Бұл себептен кәсіпорын қызметі нәтижесінің  жалпылама бағасы көрсеткіштердің  толық комплексі бойынша жүргізіледі. Осымен байланысты әдетте міндет күрделене  түседі, себебі кәсіпорындар арақатынасы  әртүрлі көрсеткіштер бойынша әртүрлі  болады. Мысалы, өндіріс көлемі бойынша  кәсіпорын бірінші орында, өзіндік  құны бойынша – үшінші, ал рентабельділік деңгейі бойынша – бесінші  орында және т.с.с. болды.

      Комплекстік бағалаудың басқа  бағыты – шаруашылық қызметінің нәтижелерін бір мағыналы бағалауын комплексті көрсеткіштер негізінде қамтамасыз ететін есеп процедураларының алгоритмдерін өңдеу.

      Бұл міндетті шешу үшін «суммы мест», геометриялық орта және т.б. әдістерге негізделген  алгоритмдер кең қолдануда.  Бірақ  бұл әдістерде маңызды кешіліктері  бар, себебі оларда кейбір көрсеткіштердің  салмақтылығына көңіл қойылмаған. Ең перспективті әдісі, әр кәсіпорын көрсеткіштерінің абсолютті шамасын ғана емес, сонымен  қатар кәсіпорын-эталон көрсеткіштеріне  дейін олардың жақындық (алшақтық) дәрежесін де есепке алуға мүмкіндік  беретін, аралық әдісіне негізделген, көп өлшемді салыстырмалы талдау әдісін қолдану әдісі болып табылады. Осымен байланысты салыстырылып отырған  кәсіпорындар координаталарын бірлік ретінде алынған,  кәсіпорын-эталонның  сәкес координаталарының үлесінде көрсету қажет.

      Талдау  жасаған кезінде бі маңызды шартты орындау қажет – көрсеткіштердің  салыстырмалылығын қамтамасыз ету  қаеттілігін, себебі салыстыруға тек  сапалы біртекті шамаларды болады. Сонымен қатар келесі талаптар орындалу керек:

  • көлемді, құнды, сапалы, құрылымдық факторлардың біртұтастығы;
  • салыстырылып отырған көрсеткіштердің есептелу мерзім кезеңдерінің немесе аралықтарының біртұтастығы;
  • өндірістің берліген талаптарының салыстырмалылығы;
  • көрсеткіштер мен олардың құрамын есептеу әдістемесінің біртұтастығы.

      Талаптардың көбісі бәріне мәлім. Оларды орындау  қиыншылықтарды туғызбайды. Бірақ салыстыруға  болиайтындар көзге бірден түсе қоймайды, ал оған жету нақты күш салуды қажет  етеді.

      Салыстыру үшін алынған көрсеткіштер әртүрлі уақыт аралығын алатын болса, онда бұл сәйкессіздікті түзету жолымен оңай жеңуге болады. Егер олар әртүрлі уақыт кезеңдеріне алынса, онда салыстыруды тек бір көрсеткішті ауыстыру жолымен ғана ала аламыз.

Информация о работе Тезистік лекция конспектілері