Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2011 в 17:48, практическая работа

Описание

•Шымкент қаласында экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
•Шымкент қаласы бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

Работа состоит из  1 файл

Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі.docx

— 26.01 Кб (Скачать документ)

Шымкент қаласының экономика  және қаржы бөлімі

Кері қарай              

  Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Шымкент қаласында экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 
  • Шымкент қаласы бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 
  • Шымкент қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есептерін дайындау және құрастыру;
  • Заң актілері негізінде өкілеттілік шегінде қалалық коммуналдық меншік бойынша мониторинг жүргізуді жүзеге асыру, оны қорғау туралы  шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • Қазақстан Республикасының заңдылық-тарымен жүктелген басқа да міндеттер;
 

      Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес мына функцияларды жүзеге асырады: 

  • мемлекеттің бірыңғай әлеуметтік-экономикалық даму саясатын жузеге асыру; 
  • қаланың аумақтық экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру; 
  • қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарды орындау бойынша мониторинг жүргізу және әзірлеу; 
  • кезекті жоспарлы жылға қаланың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары негізінде, жергілікті бюджеттің басымды инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізімін әзірлеу, инвестициялық ұсыныстарды бағалау, оларға басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тиісті жоспарлы жылға тізіміне қосу үшін іріктеу арқылы тізімді келісу; 
  • экономикалық дәйектеме негізінде және қаланың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес тиісті жылға бюджетке түсімдерді болжамдау, жергілікті бюджеттің жобасын және орта мерзімді кезеңге жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштерін жоспарлау;
  • барлық тұлғалы меншіктегі ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық сауықтыру бойынша іс-шаралар әзірлеу;  
  • қала бюджетінің атқарылуы жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру; 
  • қала бюджетінің түсімдер және төлемдер бойынша жалпы қаржыландыру жоспарларын, міндеттемелер бойынша жалпы қаржыландыру жоспарын құрастыру және бекіту; 
  • болжамды түсім көлемі негізінде төлемдер мен міндеттелемелер бойынша қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларына талдау жасау; 
  • бюджет қаражаттарын басқаруды жүзеге асыру, алдағы мерзімде бюджетке түсетін түсімнің көлемін анықтау; 
  • шеттен қаражаттар алу процесін ұйымдастыру;
  • түсімдердің бюджетке түсуіне және бюджет қаражаттарының игерілуіне талдау жасау арқылы мониторинг жүргізуді жүзеге асыру және жылдық соманың айларға бөлінуіне баға беру, қаржыландыру жоспарларына енгізілетін өзгерістер негіздемелерін қарау, түсімдер және қаржыландыру жоспарларының орындалмау себебін анықтау, қала бюджетінің атқарылуы туралы есебін құрастыру;     
  • Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарының сәйкес, айлық есептерді құрастыру және ұсыну, қала бюджетінің жылдық есебін, сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдарына басқа да есептерді ұсыну;
  • қалалық жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану жөнінде мәліметтерді жинақтау;
  • Қазақстан Республикасы заң актілері негізінде қала, облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігің, Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің және басқаларының тапсырмаларын орындау;   
  • бюджет заңдылықтары негізінде қала бюджетінің айлық, тоқсандық және жылдық есептеріне талдау жасау және бақылау жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарымен белгіленген дебиторлық және кредиторлық қарыздар туралы есептерді құрастырып оны тиісті органдарға ұсыну; 
  • қала бюджетінің атқарылуы туралы жедел мәліметтерді жинау, құрастыру және тиісті органдарға ұсыну; 
  • даму, инвестициялық жобалар  бюджетінің игерілуі барысына  мониторинг жүргізу;
  • қала бюджетінің атқарылуы жөнінде әдістемелік қолдану;
  • қалалық мемлекеттік мекемелердің бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебіне және есеп беруіне бақылау жасау; 
  • бухгалтерлік есеп және есеп беру жөнінде мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тәжірибелік көмек көрсету;
  • қала бюджетінің түсімдер және қаржыландырудың жалпы жоспарларын әзірлеу, бекіту және өзгерістер енгізу;
  • жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген несиелерге қызмет көрсетуді жүзеге асыру, есебін жүргізу, мониторинг жүргізу;
  • қала бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу;
  • қала бюджетінің атқарылуы жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы жөнінде жалпы қорытындылар дайындау;
  • белгіленген уәкілеттілік шегінде қалалық коммуналдық меншіктерді тиімді пайдалану және оны қорғау жөнінде шаралар қолдану;
  • қолданыстағы заңдылықтар шегінде қалалық коммуналдық  (қазыналық) кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің жылжымайтын нысандарын баланстан балансқа беруді жүзеге асыру;
  • қалалық коммуналдық меншіктегі мүлікті тиімді және ұтымды пайдалану жөніндегі мәселелер бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • қалалық коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
  • коммуналдық меншікті және мүлікті жалға алу жөніндегі келісім шарттарды ресімдеу (қалалық коммуналдық мүлікті), жалға берілген мүліктер бойынша төлем ақысын есептер көлемінің есебін құрастыру;
  • иесіз нысандарды анықтау жұмыстарын ұйымдастыру және оларды коммуналдық мешікке қабылдау үшін есепке алу;
  • қалалық коммуналдық меншікті сақтау және пайдалану жөніндегі мәселелер бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заң  актілерімен белгіленген тәртіппен, коммуналдық меншікке түскен (меншікке айналған)  мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және әрі қарай пайдалану бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық (қазыналық)  кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекттік үлесі бар шаруашылық серіктестіктер тізбесін жүргізу;
  • мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың коммуналдық меншіктегі нысандарын түгендеу  және есепке алу бойынша балансұстағыштармен жұмыстарды үйлестіру;
  • нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік мүлікті бір мемлекеттік (коммуналдық) меншік түрінен басқа да меншік түріне өткізу;
  • мемлекеттің қатысумен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің қорытындысы бойынша талдау жүргізу;
  • мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқаушы кеңесіне және директорлар кеңесіне қатысу; 
  • мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына өтуіне талдау жасау және мониторинг жүргізу;
  • мемлекеттік үлесі бар жұмыс істемейтін мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды заңды тұлғаларды мемлекеттік тізілімінен алу бойынша мемлекеттік басқару органдармен (қатысушылармен) бірлесе жұмыс жүргізу;
  • мемлекеттік сатып алу бойынша жиынтық есеп пен есептер  ұсыну; 
  • Бөлімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
  • осы ережемен қатар заңдылықтармен және облыстық жергілікті атқарушы органдармен белгіленген өзге де міндеттер.
 

 

Қызметкерлер

Қызметкердің  аты-жөні Лауазымы  
Кұрманбекова  Гүлжан Мамытқызы бөлім бастығы  
Чупахина Ирина Викторовна бөлім бастығының орынбасары  
Жанбосынов Кенжебек Керімбекұлы бөлім бастығының орынбасары  
Төреханова Ақтоқты Әбдіқадырқызы бөлім бастығының орынбасары  
Ысқақов Қуаныш Ғалымжанұлы нәтижелерді бюджеттік талдау және бағалау секторының меңгерушісі  
Мейірова Әлия Қуанышқызы экономика салаларын қаржыландыру секторының меңгерушісі  
Сақтағанова Гүлдана Сақтағанқызы бюджетке түсетін түсімдер секторының меңгерушісі  
Аширов Нұрлан Уалиханұлы ұйымдастыру және кадрлық жұмысы секторының меңгерушісі  
Сүлейменова Гүлнар Бостанқызы бухгалтерлік есеп және есеп беру секторының меңгерушісі  
Бақтыбаев Руслан Бақытбекұлы әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және инвестициялық саясат секторының меңгерушісі  

Байланыс ақпараты

     
Мекен-жай : Шымкент қаласы, Қазыбек би,33
Телефон : +7 (7252) 54-07-34, 54-08-44
Факс : + 7 (7252) 53-47-57
E-Mail : gorfin@gorfin.shim.kz
Қабылдау  сағаты : Әр сәрсенбі күні сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін

Информация о работе Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі