Ежелгі заман логикасы
Жоспар:
- 1. Жалпы логика ұғымы
- 2. Аристотель логика ілімінің қалаушысы
- 3. Логика тарихының негізгі кезеңі
- 4. Гераклит
- 5. Демокрит
- 6. Әбу Насыр Әл-Фараби
- Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
- Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет.
- Логика дегеніміз не?Біз логика деген ұғымға сананы дамытушы құрал немесе жақсы дамыған ақыл ой деген анықтама берер едік.Бірақ ғылыми тұрғыда қарағанда логика сөзінің тарихы тереңде жатыр.Логика дегеніміз тек жақсы әрі тез деген ұғымдармен шектелмейді.Оның әлі де зерттелмеген дүниесі көп.Енді жалпы логика ұғымының анықтамасын қарастырайық. Логика- объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас.
Аристотель
- Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.Логиканың философиямен қандай байланысы болуы мүмкін?Философия ол өмірдің қатпарлы шешуі жоқ мәселелерін зерттеу,қиындықта жол таба білу.Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған.
Аристотель
- Ол дедуктивтік ой қорытулар теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы жіктелімін жасап берді және Логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады. Дәстүр бойынша Аристотельдің Логикасы — аподейктика — анық, ақиқат білім туралы ілім, ол Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған.Аристотель дедуктивтік-силлогист. ілімді дамытса, Эпикур мен оның ізбасарлары индуктивтік Логиканың бастауын ашып, индуктивтік жалпылаудың бірқатар ережелерін тұжырымдаған. Аристотельдің Логикалық идеяларының сақталуына, олардың мән-маңызының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушдтың сіңірген еңбегі зор.
Аристотель
- Аристотельдің дәлелденбейтін пікір, индукция туралы ілімін әл-Фараби жүйелі түрде дамытты. Ол предикат түрінде “өмір сүретін” құбылыстың бары жайында мүлде жаңа мәселе қойып, шартты силлогизм теориясын егжей-тегжейлі талдады, сөйтіп, Логикадағы диалектикалық мәселелерді түсінуге елеулі үлес қосты.Логика ғылымын заманында төрткүл дүние үлкен қызуғышылықпен зерттеді.Шығыстың зеттеушілерімен қатар Батыстың ғалымдары логика мәселесімен айналысты.Соның бірі неміс философы Кант Аристотельге қарсы философияның зерттейтін формаларының деректік мәні жоқ, олар әншейінгі бос форма болып табылады, сондықтан, олардың мазмұн мен ақиқатқа қатысы жоқ деген пікір айтты.
- Кант пікірі бойынша, жалпы Логика ғылымның формасын ғана емес, оның мазмұны мен генезисін де зерттейді. Жалпы Логиканың ең жоғарғы принципі — қайшылық принципі (немесе қайшылыққа жол бермеу принципі), ал трансцендентальді Логиканікі — әр түрлі пікірді біріктіріп, қисындастыру синтезі. Гегель “рухтың” тарихы, яғни мәдениет тарихы Логикада синтезделуге тиіс, Логика бұрынғы философияның, ең алдымен, онтологияның орнын басады, сонда болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі пікірдің дамуын, оның өз бетімен дамуының ішкі ырғағына сәйкес имманентті, диалекттка түрде болатынын дәлелдейді.
Ерте дәуір ойшылдарының салып кеткен сара жолын қазақ әдебиетінің ірі өкілі,хан Абылайдың кеңесшісі дана адам Бұқар жырау жалғастырды.Дара туған хандарға ақыл айтып екі елдің арасында бітім жасап отырған мұндай адамдар қазақ топырағында сирек болған.Болашаққа көз жүгірте отырып,алда күтіп тұрған оқиғаларды ақыл-оймен айта білген Бұқар жырау нағыз дана адам болған.Логика қалтарыста жол табу формасы екенін Бұқар жырау дәлелдеді.
Жалпы алып қарағанда логика ол-өмір сүру формасы,логика ол-стратегия.
Логика тарихының негізгі кезеңі
- Жалпы логика тарихын 2 негізгі кезеңге бөлуге болады:
- 1. 2 мың жылдан астам уақытқа созылған, бұл уақыт аралығында логика өте баяу дамыған.
- 2. 19 ғасырдың екінші жартысында логикада ғылыми революциялар болды және де бұл логикаға математикалық әдістердің енуінен басталды.
- Логиканың материалистік негіздерін зерттеуде 17- ғасырдағы озат ойшыл, ірі ғалымдардың бірі Ф.Бэконның (1561-1626) еңбектері маңызды рөл атқарылды. Ф.Бэкон өзінің Жаңа Органон атты шығармасында индукциялық логиканың негіздерін зерттеп берді. Декарт керісінше дедуктивтік әдіс пен дедуктивтік Логиканы жоғары бағалап, ақиқатты дәлелдеудің басты жолы деп есептеді. Бұл кезеңде индуктивтік Логикамен дедуктивтік-математика Логика дамыды. Дж.Буль, О де Морган және неміс математиктері Э.Шредер,П.С. Поре, т.б. математика әдістерді Логикаға қолданудың нәтижесінде осы заманғы Логика алгебрасы қалыптасты.
- Логикалық сөйлемдерді геометрия фигуралар арқылы түсіндіру әдісі И.Г. Ламберг және Б.Больцано еңбектерінде кездеседі. Сөйтіп, Логикалық мәселелерді шешуде математика әдістерді қолдану кеңінен таралды.
- Аристотель дедуктивтік-силлогист. ілімді дамытса, Эпикур мен оның ізбасарлары индуктивтік Логиканың бастауын ашып, индуктивтік жалпылаудың бірқатар ережелерін тұжырымдаған. Аристотельдің Логикалық идеяларының сақталуына, олардың мән-маңызының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушдтың сіңірген еңбегі зор. Аристотельдің дәлелденбейтін пікір, индукция туралы ілімін әл-Фараби жүйелі түрде дамытты.
Неміс философы Кант Аристотельге қарсы философияның зерттейтін
формаларының деректік мәні жоқ, олар
әншейінгі бос форма болып табылады, сондықтан,
олардың мазмұн мен ақиқатқа қатысы жоқ
деген пікір айтты. Кант пікірі бойынша,
жалпы Логика ғылымның формасын ғана емес,
оның мазмұны мен генезисін де зерттейді.
Жалпы Логиканың ең жоғарғы принципі —
қайшылық принципі (немесе қайшылыққа
жол бермеу принципі), ал трансцендентальді
Логиканікі — әр түрлі пікірді біріктіріп,
қисындастыру синтезі. Гегель “рухтың” тарихы, яғни мәдениет тарихы
Логикада синтезделуге тиіс, Логика бұрынғы
философияның, ең алдымен, онтологияның
орнын басады, сонда болмыс пен ойлаудың
тепе-теңдігі пікірдің дамуын, оның өз
бетімен дамуының ішкі ырғағына сәйкес
имманентті, диалекттка түрде болатынын
дәлелдейді.
Кант
Кант
- Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның негізін материалдықтан іздеді.
Гераклит
- Эфестік Гераклит (шамамен б.д.д.540ж.). Оның есімі философия тарихында өшпес із қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша атпен белгілі. Мұндай теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай айтылады. Гераклиттің ойлары өте қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы терең ой жүйесін ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады.
Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.
Гераклит
Ойлау қабілеті – ең
ұлы үстемділік, және даналықтың
мәнісі шындық айтуда һәм табиғатқа
құлақ түріп, соған сәйкес әрекет
етуде.
Гераклит.
Гераклит
- Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі таным процесін, әсіресе, диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап көрсетті. Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т.б, жігін ашып, мәнін негіздеуге тырысты.
Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда болған сол кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол мектептердің өкілдері – Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі келелі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады. Элей мектебінің негізін қалаған Парменид деген ойшыл. Оның ұстазы атақты ақын, ойшыл Ксенофан.
Міне, Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - кесіп айтты.
Демокрит
- Демокрит (гр. Δημόκριτος; Абдеры, 460 б.э.д. — 370 б.э.д. ) - алғаш рет адамның, адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуын әлемдік даму процесінің бір бөлігі ретінде қарастырды. Осы даму процесінің кезінде адамдар қажеттілік әсерінен табиғат пен аңдарға қарап және өздерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамдық өмірге қажетті білімдерін ала алады.
- Сонымен, адамзат қоғамы - табиғи жағдайдың бірте-бірте даму нәтижесі. Бұл мағынада қоғам, полис, заңдар жасанды, табиғаттан берілмеген. Бірақ олардың пайда болуы - табиғи қажетті, кездейсоқ жағдай емес. Жасанды мен табиғилық арасындағы байланыс сипаты дұрыс қабылдануы қажет. Осы тұрғыдан ол табиғаа қайшы келгеннің барлығын әділетсіз деп есептейді.тқ Демокрит бойынша, мемлекет мүддесі бәрінен де жоғары, азаматтар оның құрылымын және басқаруын жақсартуға ұмтылуы керек. Мемлекет бірлігін сақтау үшін Демокрит азаматтардың бірігуін, олардың бір-біріне көмектесуін, қорғауын талап етеді. Азамат соғысы жауласқан жақтар үшін жоқшылық ретінде бағаланды. Басқару формаларының ішінде демократияны, аристократияны қолдады.
- Демокрит бойынша "ең жақсылар" байлар немесе текті жерден шыққандар емес, ақылды және мәдениетті адамдар. Мемлекетті басқару өнерін - өнердің ең жақсысы, ал ақымақ азаматтар құрметті қызметтерді істеуге тиіс емес деп есептеген.
Демокрит
Әбу Насыр Әл-Фараби
- Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі.
Әл- Фараби
Әбу Насыр Әл-Фараби
- Әбу Наср Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған).
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Антикалық философия 2 том, “Жазушы”, Алматы, 2005ж
- Ежелгі заман философиясы, “Мәдени мұра”, Алматы, 2007ж
- http://refik.ucoz.kz/load/aza_sha_referattar/ezhelgi_grek_filosofijasy/1-1-0-5465
- http://stud24.ru/logic/logika-zhne-ony-trler/104515-309093-page1.html