Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:52, реферат
Қоғамдық- экономикалық негізгі жүйелердің типтері жəне шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің əртүрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Рыноктық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі неоконсерваторлық тұжырымдама. Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы.
Силлабус (пәннің оқу бағдарламасы) 4
Дәріс кешені 30-66
Семинарлық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер 67-72
Лабораториялық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер
СОӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 73-80
СӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 81-85 7
Пәннің оқу – әдістемелік картасы 86
а) республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
б) нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;
в) әлемдік тәжірибеде кеңінен қоланылып жүрген және тиімділігі дәл елденген экономикалық талдау,болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;
д) аумақтық экономикалық
саясаттың тиімділігін
Стратегиялық жоспарлау-көптеген мемлекеттер,ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім саласы.Ол басқаруда ертеден қолданып келеді,бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүние жүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес,сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі Агенттігі әзірлеген «Министрліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына» сәйкес стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:
Қоғам дамуын болжаудың негізгі бір бағыты болып экономикалық болжау танылады. Экономикалық болжау обьектісі – қоғамдық ұдайы өндіріс процесі, ал зерттеу заты- экономикалық обьектілердің даму заідылықтары, болашақ жай күйі және экономикалық болжамдар жасау, әзірлеу әдістері. Экономикалық болжау дегеніміз экономикалық прогностиканың барлық әдіс –тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.
Зерттеу процесін
жүргізу амалдарының
Болжам ықтималдық сипатта болады, ал жоспар - алдыға белгілі бір мақсат қойып,соған жетудің нақты жолдарын белгілеу.
Қазіргі кезде,ғалымдардың бағасы бойынша экономикалық болжам жасаудың 150-ге жуық әдісі бар.Іс жүзінде соның15-20 шақтысы ең негізгі әдістер ретінде көп қолданылады.
Сыртқы белгісіне сәйкес болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады:интуициялық әдістер(эксперттік баға әдістері) және математикалық әдістер.
Интуициялық
әдістер екі топқа бөлінеді:
Математикалық
әдістер де екі топқа бөлінеді:
Тақырып №5. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік əдістері
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастар жүйесі ретінде ерекшілігі бар. Бұл ерекшілік мынада: осы қатынастар мемлекет тікелей қатысатын бөлу процесінде пайда болады және орталықтандырылған ақшалй қаражат қорын қалыптастырып, оны пайдаланумен байланысты. Ұлттық экономиканы үздіксіз қаржыландыру, оның субьектілерінің қоғамдық тұтынуын қанағаттандыру үшін мемлекет қолына ақшалай қаражатты шоғырландырады. Мемлекетік бюджет республикалық бюджет туралы бекітілген заңға сәйкес көрсеткіштері мүлтіксіз орындалуға тиіс еліміздің қаржы жоспары ретінде оның табысы мен шығысын қалыптастыратын әрі пайдаланатын көздерді көрсетеді.
Бюджет жүйесі - бұл экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген бюджеттің барлық түрінің жиынтығы. Қазақстан Респуб -ликасының Бюджеттік кодексіне сәйкес бюджет жүйесі-бұл ҚР бюджеттері мен Ұлттық қорының , сондай-ақ бюджет процестері мен қатынастарының жиынтығы. Бюджет жүйесі елдің мемлекетік құрылымына сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық-мемлекеттік тұрпаты бойынша бірегейге жатады және оның бюджет жүйесі орталық бюджет және жергілікті бюджеттер деп аталатын құралады.
Қазақстан
Республикасының бюджет
Бюджет жүйесі ұйымдастыру тұрғысынан келесі қағидаларға негізделеді:
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің , нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Қаржы механизмі
мемлекет белгілеген қаржы шараларын
атаулы, нақты нәтижелерге – қоғамдық-
Қаржы механизмі-
экономикалық және әлеуметтік даму үшін
қолайлы жағдайлар жасау
Қоғамдық шаруашылықтың
жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне
қарай және қаржы қатынастарының
сфералары мен буындары бөлінуінің
негізінде қаржы механизмі
Қаржы механизмінің элементі- бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.
Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады. Бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.
Қаржы құқығы қаржы саясатын қалыптастыру мен жүргізудің тетігі болып табылады және экономикалық саясаттыққа әсер етеді.
Қаржы механизмдерін
қалыптастыра отырып, мемлекет сол
бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына
оның толығырақ сәйкестігін
Экономиканы реттеудің
басты мазмұны фискалдық
Міндеттері:
1. Салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету,
фискалдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік
шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу
және ұлттық қордың активтерін тиімді
басқаруды жүзеге асыру.
2.Экономикаға салық
жүктемесін оңтайландыруға, салықтық
рәсімдерді оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға
3. Бюджет қаражатының
мемлекеттік әлеуметтік-
Тақырып №6. Экономиканы ақша- несиелік реттеудің негізгі механизмдері
Ақша – несие
саясаты – мемлекеттің
Мемлекеттің ақша-несие саясатын Ұлттық банк жүргізеді. ҰБ эмиссиялық, резервтік, касалық орталық болып табылады. Ол елдің ақша-несие, валюта саясатын анықтайды. ҰБ тек қана ҚР Президентіне бағынышты. ҚР “ҰБ туралы” Заңына 1993 жылдың 13 сәуірінде қол қойылды. 1992 жылы ҚР-ң басшылығы өзінің валютасын шығару үшін “Харрисон және оның ұлдары” атты фирмамен келісім шартқа қойды.
Ақша – несие саясатына қатысты ғылыми ұстанымдар Д.Кейнс және М.Фридмен еңбектерінде бар. Инфляцияны келесідей көрсеткіштермен сипаттауға болады:
инфляция деңгейі – белгілі бір уақыт ішінде баға деңгейінің пайыздық өзгеруі (ай, жыл);
гиперинфляция – инфляцияның өте жоғары деңгейі (әдетте 200%);
жасырын инфляция – қатаң реттелетін бағамен экономикада инфляциялық процестердің пайда болуының арнайы түрі.
Ақша массасын реттеу. Айналыстағы ақша санына мемлекет бақылау жасайды. Айналыстағы ақша массасынбақылап отыру үшін әртүрлі ақша агрегаттары қолданылады. Мәселен, М0, М1, М2, М3, М4.
Ақша базасы М0 – айналыстағы қолма-қол ақша, кәсіпорындардың кассасындағы ақша.
М1 ақша - М0 + халықтың және кәсіпорындардың салымдары, жол чектері, яғни айналыстағы қаржы және ағымдағы төлем айналысына қызмет етуші ақша санының жиынтығы.
М2 ақша - М1 + халықтың және кәсіпорындардың жедел салымдары.
М3 ақша – ағымдағы айналысқа қызмет етуші ақшалар + жедел салымдар, өтімді бағалы қағаздар (облигациялар, сертификаттар, қазыналық міндеттемелер) және бюджет шотындағы, қоғамдық ұйымдардағы ақша және күрделі қаржыландыру қаржылар.
М4 ақша - М3 + банктерде сақталып тұрған ақшалай емес өтімді қаражаттар.
Ақша несие саясатын жүргізу үшін бірнеше тәсіл бар. Олардың ішінде екі бағытты айтуға болады:
Кейнстық доктрина (басшылыққа алынатын теориялық не саяси қағида) 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыстан кейін пайда болды. Ағылшындық экономист Кейнс тапшылықты қаржыландыру теориясын ұсынды. Экономикалық дағдарысты болдырмау мақсатында және халықты еңбекпен қамтуды қарастырды. Оның пікірінше, «арзан ақша» саясаты жүргізіліп, яғни төмен пайыздық ставка тиімді сұранысты (жеке тұтыну және инвестиция) қамтамасыз етуі керек болды. Кейнс ұлттық банктің эмиссиясын ұлғайту керек деген пікір айтты. 1970 жылдардан бастап Кейнс үлгісі қолданылған жоқ, оның орнынан М.Фридмен теориясы келді. Монетаристер ақшаның халық шаруашылығындағы маңызы зор екендігіне көз жеткізіп, ақша массасымен айла-шарғы жасау ең қауіпті деп түсінді.
Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға