Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 09:21, реферат
Электрондық үкімет құру инфрақұрылымы электрондық демократия сөзімен тығыз байланысқан. Бұл анықтамалар жиі жағдайда синоним ретінде қолданылады. Бірақ, электрондық демократия деп халықтың шешім қабылдауда ақпараттық технологияны қолдануын айтамыз.
Электронды үкіметтің инфрақұрылымы.
Электрондық үкімет құру инфрақұрылымы электрондық демократия сөзімен тығыз байланысқан. Бұл анықтамалар жиі жағдайда синоним ретінде қолданылады. Бірақ, электрондық демократия деп халықтың шешім қабылдауда ақпараттық технологияны қолдануын айтамыз.
Бұл дегеніміз, мемлекеттік
органдардың қызметтерін
Қазақстанда "электрондық
үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк
органдардың азаматтар мен
"Электрондық үкiмет" құрудың
басты басымдықтары Интернет-байланысқа
қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар саласында бiлiм деңгейiн
көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару
жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады.
Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi
қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге
технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу
көзделетiн болғандықтан, "электрондық
үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк
басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға
мүмкiндiк бередi.
әлемдiк тәжірибенi талдауды ескере отырып,
Қазақстанда "электрондық үкімет"
құрудың ұзақ мерзiмдi болашағы бар және
ол үш кезеңде iске асырылатын болады.
Бiрiншi кезең "электрондық үкiметтiң"
инфрақұрылымын құру. Аталған кезең шеңберiнде
осы Бағдарламаны iске асыру "электрондық
үкiметтiң" шлюзi мен порталы, банк жүйесiмен
өзара iс-қимыл үшiн "төлем шлюзi",
ұлттық бiрегейлендiру жүйесi, мемлекеттік
органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасы,
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың
ведомствоаралық және үлгілiк жүйесiн
құру мен дамыту, сондай-ақ электрондық
қызмет көрсетулерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз
ету жөнiндегi іс-шаралар жүргiзу, ақпараттық
теңсiздiктi жою және ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар саласында бiлiм көтеру
жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру сияқты базалық
құрамдас бөлiктердi құруға бағытталатын
болады.
Осы кезеңде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде
ақпараттық және интерактивтiк қызмет
көрсетулер жоспарлануда.
Екінші кезең - "электрондық үкiметтің"
сервисiн дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы
мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің
барлық саласын қамтитын сан алуан сервистердi
дамытуға, сондай-ақ әкiмшiлiк процестерге
кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау
жүргізуге бағытталатын болады. Осы кезеңде
транзакционды қызмет көрсетулер iске
асырылатын болады.
Үшiншi кезең - ақпараттық қоғам құру e-медицина,
e-бiлiм, e-мәдениет, е-демократия және басқалары
сияқты жобаларды iске асыруды қоса алғанда
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың
қызмет көрсетулерiн трансформациялауды,
ақпараттық қоғам құруды көздейдi.
Осы Бағдарламаны iске асырудың
бiрiншi кезеңiнiң аяқталу қортындысы бойынша
Қазақстан Республикасы Үкiметi республикада
"электрондық үкiметтi" дамыту жөніндегі
бағдарламалық құжатты одан әрi әзiрлеу
туралы шешiм қабылдайтын болады.
"Электрондық үкiметтiң"
Iшкi контур "Үкiмет-Үкiмет" үлгiсiндегі
өзара қарым-қатынастарды қамтиды және
ведомствоаралық әкiмшiлiк рәсiмдерге қызмет
көрсететiн ақпараттық жүйелердi құрайды.
Cыртқы контур "Үкiмет-азаматтар"
және "Үкiмет-ұйымдар" үлгiсiндегi
өзара қарым-қатынастарды қамтиды және
мемлекеттiң азаматтармен және ұйымдармен
өзара іс қимылын қамтамасыз етедi.
Бағдарламада Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық
инфрақұрылымын қалыптастырудың және
дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының
негiзгi ережелерi ескерiледi және салааралық
сипатта болады.
Қазіргі уақытта ақпараттық
қоғам қалыптастырудағы ең
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық
инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
барысында Қазақстанда "Ақпараттандыру
туралы", "Электрондық құжат және
электрондық цифрлық қолтаңба туралы"
Қазақстан Республикасының заңдарынан,
басқа да заңға тәуелдi актiлер мен жүйеқұраушы
ақпарат жүйелерiнен, атап айтқанда:
"Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар",
"Атаулы тiркелiм", "Жылжымайтын
мүлiк тiркелiмi" дерек қорларынан;
электрондық құжаттар айналымының ақпараттық
жүйелерiнен, электрондық мұрағаттардан;
Үкiметтiң вeб-порталынан;
е-Үкiметтiң элементтері (
Iске асырылуы Қазақстан Республикасының
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру
мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында
тиiстi қаржыландыру көлемiмен 2005 жылы
көзделген iс-шаралар олардың негiзгi мақсаты
е-Үкiметтiң негiзiн құрайтын инфрақұрылымның
құрамдас бөлiктерiн құру болып табылатындықтан,
осы Бағдарламаның шеңберiнде жүзеге асырылатын
болады.
E-Үкiмет инфрақұрылымының
жұмыс iстеуi оның базалық құрамдас
бөлiктерiн құруға
Е-Үкiметтiң бiрыңғай сәулетiн құру мақсатында
e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас
бөлiгін қалыптастыру бойынша техникалық
тапсырма әзiрленетiн болады.
Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң
техникалық құралдары мен ведомстволық
ақпараттық жүйелердiң резервтiк орталықтарын
орналастыру үшін серверлiк орталық ғимаратын
салу аяқталады және оны технологиялық
жарақтандыру жүзеге асырылатын болады.
E-Үкiметтiң тиiмдi жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету мемлекеттiк
Аталған өзара iс-қимыл шеңберiндегi портал
e-қызмет көрсетулерiнiң жеткiзушілерi мен
тұтынушылары арасында ақпарат алмасудың
зияткерлiк байланыстырушы бөлiгi болып
табылады.
Порталдың интерфейстiк бөлiгiн құру "бiр
терезе" принципiне негiзделетiн болады,
ол e-қызмет көрсетулердi ұсынатын бiрыңғай
интерфейстi, ыңғайлы навигацияны және
барлық қолжетiмдi ақпараттық pecуpcтap бойынша
iздеу тетiктерiн қамтамасыз етедi.
Электрондық құжаттар түрiнде e-Үкiмет
жүйелерiнде айналымда болатын хабарламаларды
бiрегейлендiрудi қамтамасыз ету мақсатында
хабарламаларды ресiмдеу мен өңдеудiң
бiрыңғай ережелерi әзiрленетiн болады.
Осы хабарламалардың тұтастығы мен сақталуы
оларды орталықтандырылған мұрағаттандыру,
сондай-ақ резервтiк жабдықтарды пайдалану
есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
Мемлекеттiк органдардың жаңа әзiрленiп
жатқан және қолданыстағы интеграцияланатын
ақпараттық жүйелерiнiң коммуникативтiк
форматтағы хабарламалармен алмасудың
стандартты тетiктерi пайдаланылып құрылған
ықпалдардың интерфейстерi болуы керек
немесе солармен толықтырылуға тиiс.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйелерiнiң ықпалдасуы мен өзара iс-қимыл
қамтамасыз ететін "Үкiметтік шлюз"
ақпараттық-технологиялық жүйесiн iске
асыру жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық
ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң
мемлекеттiк тiркелiмiн дамыту шеңберiнде
Қазақстан Республикасындағы e-қызмет
көрсетулердiң бiрыңғай тiзілiмi жасалады,
сондай-ақ тиiстi бағдарламалық қамтамасыз
етудiң қажетті пысықтамалары жүргізiлетiн
болады. Жалпымемлекеттiк жiктеуiштер мен
анықтамалықтарды жүргiзу жүйесi құрылып,
одан әрi дамытылатын болады.
Мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерiнiң
дайын болуына қарай оларды e-Үкiметтiң
порталы арқылы жүйелi түрде iске қосу
жүзеге асырылады.
E-қызмет көрсетулердi
E-банкинг тетiгі арқылы электрондық төлемдердi
жүзеге асыру үшiн e-қызмет көрсетулердi
пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын,
неғұрлым тиiмдi төлем аспабы микропроцессорлық
технология негiзiндегi төлем карточкасы
болып табылады. Микропроцессорлық карточкалар
технологиясы екiншi деңгейдегi банктерде
карт-шоттарға салынған сомалар шегiнде
төлем транзакцияларын ашық желiлер арқылы
жүргiзудiң жеткiлiктi деңгейде сенiмдi әрi
қауiпсiз болуын қамтамасыз етедi.
Деректердi берудiң ашық желiлерiнен қорғалған
банктiк желiлерге түсетiн төлемдердi авторландыруға
сұраныстар берудi жүзеге асыратын "төлем
шлюзi" (маршрутизатор) Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкiнiң "Ұлттық процессингілiк
орталығы" АҚ техникалық базасында
iске асырылып, Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс
iстейтiн болады. Екiншi деңгейдегi банктердегi
өзара iс-қимыл ерiктi негiзде жүзеге асырылатын
болады.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып
Интернет арқылы мемлекеттiк органдардың
e-қызмет көрсетулерi бойынша электрондық
төлемдердi жүзеге асыру мiндетiн Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 шiлдедегi
N 713 қаулысымен бекiтiлген Микропроцессорлық
карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының
ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы
шеңберiнде iске асыру орынды.
Мемлекеттiк органдардың e-
Осы мақсатта базалық құрамдас бөлiктерге,
сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ақпараттық
жүйелерiне қойылатын техникалық талаптар
ескерiлетiн e-Үкiмет инфрақұрылымының
ақпараттық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы
әзiрленетiн болады. Тұжырымдамада құрылымды
жетiлдiру, мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйелер қауiпсiздiгін материалдық-техникалық
және кадрлық қамтамасыз ету мәселелерi
көрiнiс табатын болады.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпаратты
қорғау саласындағы ұлттық стандарттар
әзiрленедi және/немесе халықаралық стандарттар
қабылданатын болады, оларға сәйкес e-Үкiметтiң
ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру
мен дамыту кезiнде ақпараттық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар айқындалатын
болады. E-Үкiмет инфрақұрылымының құрамдас
бөлiктерiн қалыптастыру аяқталуына қарай
олардың әрқайсысы үшiн қауiпсiздiк саясатын
айқындайтын нормативтiк құжат әзiрленедi.
Ақпараттық ресурстар мен жүйелердi қорғау
жөнiндегi үлгiлiк жобалық шешiмдер әзiрленетiн
болады, олар e-қызмет көрсетулердi жобалау
сатысында ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз
етуге мүмкiндiк бередi.
"Open source" (бағдарламалық қамтамасыз
етудi түрлендiруге және еркiн пайдалануға
құқық берушi, компьютерлiк бағдарламаларды
лицензиялауды әзiрлеу әдiстемесi) технологиясы
базасында қорғалған ұлттық операциялық
жүйенi құру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу
жоспарланып отыр.
E-Үкiмет инфрақұрылымының сапалы әрi сенiмдi
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында
нормативтiк актiлерге, тұжырымдама талаптарына
және ақпараттық қауiпсiздiк саясатына
сәйкестiгiн сертификаттау жүйесi құрылатын
болады. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң
ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге
арналған техникалық тапсырмаларды келiсудiң
бiрыңғай тәртiбi айқындалатын болады.
Интернеттiң қазақстандық сегментiнiң
домен кеңiстiк мемлекеттiк реттеу домендердi
бөлудiң бiрыңғай тәртiбiн белгілеу және
kz доменiн басқару орталығын құру жөнiндегi
жұмыстарды жүргiзу арқылы қамтамасыз
етiлетiн болады.